Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі

Жоспары

Дарынды бала дегеніміз кім?
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Балаларға педагогикалық қолдау көрсетудегі мұғалімнің рөлі

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты
көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте
қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық
құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы
қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру,
ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін
дарын иесін тәрбиелеу керек.Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі
жас кезінен байқалады. Дарындылық термині дарын сөзінен шыққан, адамның
ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру,
тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру
кезінде ғана дамиды.
Адамдардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді
армандауы қалыпты жағдай. Алдына қойған мақсатына қол жеткізу барысында
адамдар өзінің бойындағы туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттерін
пайдаланады. Адамдардың бойындағы ерекше қабілеті, оны басқаларға қарағанда
оқшауландырып тұрады. Бұл қабілет сырын ашу әлі күнге дейін жұмбақ секілді.
Мұнымыз не — сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік
шындық па? Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек
және олармен қалай жұмыс жасау керек? — деген сияқты сұрақтар қазіргі
ұстаздар ұжымын қатты толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Осы
сұрақтарға жауап табу мақсатында педагогикалық энциклопедияға жүгінсек,
онда мынадай анықтама берілген: Дарындылық — іс — әрекеттің белгілі бір
саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті
дамуының жоғарғы дәрежесі.
Дарынды балалар қандай? — деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, олар
әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес,
көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен,
қабілеттілігімен бірден көзге түседі.Дарынды баланы қалай тануға болады?

Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу
кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды
да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша —
оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды,
сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады.
Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге
деген талпынысы төмендемейді. Дарынды баланы өсіру де, ары қарата дамытуда
оңай емес нәрсе.
Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет
балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың
ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды
анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты
қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен
оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта
баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі туралы
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Қиын бала кім
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz