Желіннің қан және лимфа тамырларымен қамтамасыз етілуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Желін (uber) -- ұрғашы сүтқоректілердің сүт безі. Сиыр желіні төрт бөліктен, ал жылқы, түйе, қой мен ешкі желіні екі бөліктен тұрады. Әр бөлікте бір емшектен болады. желін оң және сол жарты бөлікке, олардың әрқайсысы алдыңғы және артқы болып бөлінеді. Емшекте ерекше сезімтал жүйке ұшы -- рецепторлар орналасқан. желіннің бездік не секреторлық тіні көптеген көпіршіктер (альвеол) мен шығарғыш түтікшелерден тұрады. Түтікшелердің қабырғасы жиырылғыш клетка қабатынан, сондай-ақ, ішкі қабаты сүт түзілетін бездік эпителийден тұрады. Шығарғыш түтікшелер қосыла келе сүт астауына ашылатын сүт түтіктерін құрайды. Сүт астауының емшек бөлігі емшек түтігімен аяқталады, ал ол дөңгелекше бұлшық ет -- сфинктермен қапталған. Сауын қиындығы осы сфинктердің тонусына тікелей байланысты. Сиыр желінінің сыйымдылығы 15 л және одан да көп болады. Сүттің 40%-і сүт астауында және түтікте, қалғаны көпіршіктерде жиналады. Желінді пішініне, сыйымдылығына және еніне қарай бағалайды. Сүтті сиырлардың сауылған желіні босап, терісі жиырылады. Мұны "астау желін" деп атайды. Сүті аз сиырлардың желінінің көлемі сауғаннан кейін өзгермейді. Мұны "ет желін" не "тас желін" дейді. Кейде қой желінін аумағына қарай "саптыаяқ желін", "қара желін" (желін безі қатты, сүті аз) дейді.
1. Сүттену. Оның кезеңдері. Сүттену (лактация) - сүттің түзілуін,жиналуын және желіннің мезгіл-мезгіл бөлінуі. Сүттену - күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл ағзаның көптеген функционалдық жүйелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Мысалы: сиыр жылына 305, ешкі 200-300 күн.
Желіннің өсіп дамуы - маммогенез. Желін денеде симметриялы орналасқан мүше. Сүт безінің алғашқы нышандары ұрықтың даму кезеңінде пайда болады. Без 2 жыныс өкілдерінде де эктодермадан дамиды. Алдымен бездің орындары білініп, соңынан сүт төмпегі, болашақ бездің алғашқы құрылымдарының нышандары (бөлімшелер, өзекшелер жүйесі, байламдар мен ем.) қалыптаса бастайды. Осыдан кейін еркек малдарда бездің дамуы тоқтап, ұрғашы малдарды өзектерге айналтып бастапқы сүт желісі пайда болады. Бұлар құрсақтық маммогенезді сипаттайды.
Постнатальдық маммогенез - туар алдында ұрғашы бұзауларда сүт бездерінің өзектерімен цистерналар анық байқалады. Болашақ паренхима орнында май ұлпасы пайда болған кезде байлам аппараттары мен бөлім аралық перделер анық біліне бастайды. Жыныстық жетілумен байланысты желіннің дамуы күшейіп, оның өзектері және сүт жинайтын жүйелері өсе бастайды. 10-12 айлық таналар желінінде өзектер мен қуыстар маңында топтасқан өзекшелер салалары, без паренхимасының аралшықтары, оны толыстырып тұратын май ұлпасы пайда болады. Желіннің безді ұлпасы буаздықпен байланысты қарқынды дами бастайды.
Буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі мен күрделі түтікше бездердің дамып жетілуі аяқталады. Буаздықтың 5-7 ай аралығында желіннің альвеолалық құрылымы қалыптасады, ал буаздықтың 6-8 ай аралығында миоэпителийлік жасушалар пайда болады. Желін тек мал туар алдында ғана уыздалады.
Сүт бездерінің дамуына эстрогендер - без өзектерінің өсіп,альвеолалар мен без бөліктерінің дамуын шапшаңдатады. Прогрестерон - без өзектерінің өсуін күшейтіп, пролактин түзілуін бөгейді, уыздану процесін жүргізеді. Соматотропин - пролактинсіз-ақ сүттену процесін тудырып, эстрогендер мен пролактиннің желінге әсерін күшейтеді. Жыныс гормондары сүт безіне екі түрлі жолмен - аденогипофиз гормондарының бөлінуін күшейту арқылы немесе тікелей әсер етеді.
Желіннің жалпы құрылым принципі. Желін - сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін көпіршікті - түтікше безді мүше. Ол жұқа терімен қапталып, онда май және тер бездері болмайтын, түгі жоқ терімен қапталған емдермен бітеді.
2.Сүттің құрамы, қасиеттері. Сүттің құрамы өте күрделі. Құрамында белоктар, майлар, 30- дан астам май қышқылдарынан, әртүрлі көмірсулар, 17 витаминдер, ферменттер, 40 шақты минералды заттар болады. Бұл заттар қаннан сүтке еш өзгеріссіз, сүзілу процесі нәтижесінде өтеді.
Желінде синтездеу және сүзілу процестерімен қатар, кейбір заттардың керісорылуы орын алады. Сүттің түзілуі - малдың тұқымы, қоректену, асқорыту, зат алмасу, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі, сауу жиілігі әсер етеді.
Сүттенудің физикалық-химиялық қасиеттері: сүт плазмадан және әртүрлі заттар бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйе. Сүт құрамында қант пен минералды тұздар ерітінді, белоктар мен органикалық тұздар коллоид, ал май ірі дисперсиялық түйіршік түрінде болады.
Қалыпты жағдайда сүт ақ немесе сарғыш түсті, дәмі тәтті биологиялық сұйықтық. Сүттің ақ болуы құрамында майлар эмульсиясы және казеиннің кальцийлі тұзы болуымен байланысты. Сүттің құрамы: белоктар, майлар және көмірсу, минералды зат және мөлшерде су болады. Сүт пен уыз құрамында гликопротеидтер - лактоферрин де кездеседі. Сүттің өзіне тән құрамалары белоктар, май, қанттарды түзу.
Реттелуі: Жүйкелік және гуморальдық.
Уыздану - лактогенез, ал сүттену - лактопоэз деп аталады. Уыздану- буаздықтың соңы мен мал төлдегеннен кейін алған күндерде сүт бездерінде секрециялық процестердің басталуы. Осы процестің бүкіл сүттену кезеңінде өршіп, жалғасуын сүттену деп атайды. Бұл күрделі процесс - желінде жүретін морфо-қызметтік, биохимиялық процестердің нейрогуморальдық механизмімен реттелетін жүйкелік реттелу.
Желіннің секрециялық қызметімен оның ию және сүт бөлу процестерін қамтитын ет қимылдық әрекеттері тығыз байланысты. Сүт толассыз түзіледі де, сауын аралығында ол желіннің жинақтаушы жүйесінде жиналады. Сүтпен алдымен альвеолалар қуысы мен сүт жолдары, орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысы толады. Желіннің альвеолалық бөлімінен сүттің қуыстық бөліміне өтуін ию деп атайды. Қуыстық сүт - альвеолалар қуысында, майда сүт жолдары мен өзектерінде жиналған сүт қалдық сүт - мал сауылғаннан кейін қалатын сүт.
Реттелуі: Сүттің бөліну екі кезеңде өтеді:
1. Жүйкелік кезеңі - желін рецепторларының тітіркенуінен басталып жұлынға, сопақша миға, гипоталамустың супраоптикалық ядролары мен ми жарты шар қыртысына қозу барады. Қозуға жауап гипоталамустың супраоптикалық трактысы арқылы нейрогипофизге, онан әрі симпатикалық жүйкелер арқылы желінге барады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-4 секунд.
2. Нейро-гуморальдық кезең - гипоталамустың супраоптикалық ядроларынан бөлінетін окситоцин гормонымен байланысты. Бұл гормон желін альвеолаларының жиырылдырып, сүттің бөлінуіне тікелей әсер етеді. Сүттің толығымен бөлінуі үшін малды жылдам сауу керек. Себебі, окситоцин гормоны бірнеше минут ішінде қанда окситоциназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Сүттің пайда болуына пролактин, самототропин, тиреотропин мен АКТГ сияқты аденогипофиздің гормондары әсер етеді.
Желін қызметі - асқорыту, қан және лимфа айналым, тыныс алу және көптеген ішкі секреция бездерінің жұмысымен тығыз байланысты. Сүттену кезеңдерінде қан айналым күшейтіп, зат алмасу процесі жоғарылап сүт заттарын синтездеу қабілеті артады. Бұлар малдың сүттілігін арттырады.
Сүттену - төлдеген малдың және басқа сүт қоректі жануарлардың желінінде сүттің пайда болатын кезеңі. Сүттену деп сүттің ағзадан бөліну процесін айтады. Сүт қоректілерде сүт безі немесе малда желін жақсы дамыған. Желін тер шығару бездерімен генетикалық байланысы бар. Барлық сүт қоректілерде бездері терінің эпидермиясында, қолтық астына шапқа дейін орналасқан. Бұл бездердің барлығы тек жырқыштарда, шошқалар мен кеміргіштерде дамыған. Қалған малда сүт бездерінің 1-2 жұбы ғана дамыған.
Желіннің морфофилогенездік белсенділігі туылғаннан бастап, жыныстық жетілуге дейін нашар болады. Жыныстық жетілуден соң желінің ағу жолдары мен альвеолалары өсе бастайды. Буаз малдың желініндегі без ұлпасы үлкейіп, жүйке талшықтары мен қан тамырлары көбейе бастайды. Буаздықтың екінші жартысында желіннің секреторлық эпителиі жұмыс істей бастайды. Сиырдың желіні үш жұп бездің қосылуынан пайда болады. Осы бездердің екі жұбы дамып, ал бір жұбы жетілмеген болады. Желін төрт ширектен құралған.
Желіннің қан және лимфа тамырларымен қамтамасыз етілуі.
Сиырдың желіні қан мен лимфа тамырлары, жүйке талшықтары бар безден және дәнекер ұлпадан құралған. Желін секреторлық және моторлық қызметтерді атқарады. Сүттің желінде пайда болып, альвеолалар қуысына бөлінуін секреторлық қызмет дейді. Сүт желіннің альвеолаларында түзіледі. Пайда болған сүт желін цистерналарында жиналады. Әр цистернаның көлемі 80-500 мл. Желіннің қызметі туғаннан соң 5-8 апта ішінде күшейеді. Осы кезде желіннің салмағы ағза салмағының үш процентіне жетеді. Сүт өнімділігі жылына 4000 кг болатын сиырдың желінінен сүтпен бірге 500 кг құрғақ заттар соның ішінде 132 кг белок, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Алдыңғы емшектерінің арақашықтығы
Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Бүйрек үсті бездің без заты
Сиырлардың желінсау ауруы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Желін флегмонасы
Қан жүйесінің физиологиясы
Желінсаулардың асқынулары
Пәндер