Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
БАОӨЖ
Тақырыбы : «Қазақстандағы тәуелсіздік
идеясының тарихи эволюциясы»
Орындаған: Қаратай Еңлік
Қабылдаған:
Қызылорда қаласы 2018 жыл
«Қазақстандығы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы»
а) Қазақ халқының Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі.
XVIII ғасырдың ортасында Ресей үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты пәрменді жүргізіле бастады. Кіші Жүз қазақтары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жайық бойында көшіп-қонатын, ал қыс айларында Жайықтың оң жағалауында қыстайтын еді. Алайда патша үкіметінің Жайық бойына көшіп-қонуға тыйым салуына байланысты ол мүмкін болмай қалды. Сол себепті Кіші Жүз бен Орта Жүздің қазақтарының 1773-1775ж. ж Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы кездейсоқ емес.
Е. Пугачев көтерілісі басталғаннан кейін де, Кіші Жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді. Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші-қон жүйесінің бұзылуы болатын.
Ресейдің отарлық саясаты мен ханның іс-әрекетіне қарсы Кіші Жүздегі наразылықтар күшейе бастады. Оған қоса 1782-1783 жылдардың қысында «жұт» басталды. Мұның бәрі көтерілістің шығуына түрткі болды. Көтерілісті ұйымдастырушы белгілі батыр, әрі шешен, Е. Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан, байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды. Көтеріліс 1783-1797 ж. ж аралығында созылды. Көтеріліс себебі :
-патша үкіметінің отаршылдық саясаты;
-қара халықтың жері тартып алуы;
-бекіністердің салынуы;
-көші-қон жүйесінің бұзылуы;
-Ресей үкіметі мен казак әскерлерінің тарапынан үздіксіз қысым мен күш көрсетілуі;
-қазақ халқының азаматтық құқықтарының шектелуі.
Көтеріліс 14 жылға созылса да, ол жеңіліспен аяқталды. 1797 жылы 30 тамызда Сырым Датұлы мыңға жуық жасағымен Хан кеңесіне келеді. Сырым батыр күресті тоқтатқанын жариялайды. Бұл 14 жылға созылған Сырым Датұлының қозғалысының жеңілісінің көрінісі болды.
Кіші Жүздегі қазақтардың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бірінші ашық бас көтеруі болды.
С. Датұлы бастаған халық қозғалысы біраз уақыт болса да, патша үкіметінің отарлық саясатын тежеді және Ресей Үкіметін қазақтардың мүддесімен санасу керектігіне көздерін жеткізген еді. Бұл Сырым бастаған көтерілістің нәтижесіз болмағанын дәлелдесе керек.
Қазақ халқының Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына, Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісін белсене қолдау, отаршылдық үстемдік пен басқыншылыққа қарсы халықтың санасы мен жауынгерлік рухы жаңа сапалық деңгейде қалыптаса бастағанын айқындайды.
1801 жылы Патша үкіметінің басшысы император Павелдің жарлығымен Жайық пен Еділ өзендері аралығының төменгі сағасында жаңа этнотерриториялық бірлестік құрылды. Оны 1819 жылға дейін Бөкей Ордасы, 1824 жылдан бастап Ішкі Орда деп атады.
Келесі Патша үкіметіне қарсы көтеріліс дәл осы Бөкей Ордасында орын алды. 1836 жылы басталған көтерілісті, Беріш руынан шыққан батыр Исатай Тайманұлы басқарды. Ал оның серігі, батыр, әрі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Көтеріліс 1836-1838 ж. ж аралығында болды. Көтерілістің басталу мақсаты:
- Жәңгір ханның жер мәселесіне байланысты жүргізген әділетсіз саясаты;
- патша үкіметінің отарлық саясаты;
- салық мөлшерінің өсуі;
- әсіресе Қарауылқожа Бабажановтың халыққы қысым көрсетуі болды.
Патша үкіметі көтерілісті басу мақсатында жазалаушы отряд жіберіп отырды. Тіпті патша әкімшілігі Исатай Тайманұлын ұстап берген адамға 500 сом күміспен сый беретінін жариялады.
Жазалаушы отряд пен көтерілісшілер арасындағы соңғы шайқас 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде орын алды. Шайқаста көтерілісшілердің 500жуық адамы бар негізгі тобы тайқандалды. Исатай Тайманұлы өзі де қаза тапты. Ақбұлақ шайқасынан кейін шаруалар қарсылығы бәсеңдей бастады. Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді аяусыз жазалауға кірісті. Оларды ауыр соққыға жығып, мал-мүліктерін тәркілеп, өмірлік жер аударды. 1836-1838 ж. ж болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісте осылайша жеңіліспен аяқталды.
XIX ғасырдың 20 жылдары Елек өзені бойына 29 бекіністен тұратын Жаңа-Елек әскери желісі салынды. Кіші Жүздің табын руының шұрайлы 7 мың десятина жері тартылып алынды. Бұл жерлерге орыс шаруалары мен казак әскерлері қоныстана бастады. Бұл табын руының батыры Жоламан Тіленішұлы бастаған Кіші Жүз қазақтарының көтерілісінің негізгі себебне айналған еді. 1823 жылы Жоламан батыр Ресейге қарсы ашық күреске шықты. Негізгі себебі:
-шұрайлы жерден тақыр далаға көшіруі болды.
Сонымен қатар 1837 жылы Кенесары Қасымұлының басшылығымен көтеріліс басталған кезде, Жоламан Тіленішұлы оған бірден қолдау көрсетеді.
Сол кездері Саржан Қасымұлы бастаған көтерілісте басталды. Негізгі себебі:
-1822 жылы «Cібір қырғыздарыны туралы жарғының» енгізілуі еді.
Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс 1824-1836 ж. ж аралығында, патша үкіметінің отршылығына бағытталды. Саржан сұлтан талай сәтсіздікке қарамастан күресін жалғастыра берді. Ол аздаған жасағымен Ресей әкімшілігін қолдаушылардың ауылдарына, жолдарға, сауда керуендеріне шабуыл жасайды.
Саржан Қасымұлы Ташкент әміршілерінің опасыздығынан қаза тапқан еді. Бұл 1836 жылы болды. Патша әскерінің қыспаққа алуына байланысты Саржан сұлтан Ұлы Жүз жеріне өтіп кеткен болатын. Бұдан Ташкент билеушілері де қауыіп төнуі мүмкін деп ұққан олар Саржан сұлтанды балаларымен бірге жауыздықпен өлтірген болатын. Ал 1840 жылы Қоқан билеушілері Саржан сұлтанның әкесі Қасым мен ағасы Есенгелдіні де осылай өлтіреді. Бірақ Саржан Қасымұлының өлімі қазақ халқының азаттық қозғалысын тоқтата алмады. Ұлт-азаттық күресті Кенесары Қасымұлы жалғастырды.
Қазақ халқының өз жерлерін қайтарып алу жолындағы әр жерде бой көрсеткен шашыраңқы бас көтерулерімен басталған ұлт-азаттық қозғалыс бірте-бірте анағұрлым ұйымдасқан, жүйелі, мақсатты бола бастады.
Ұлт-азаттық қозғалыс барысындаңы мұндай сапалық өзгерістер Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысқа тән болды. Кенесары бастаған көтерілістің басты ерекшілігі- қазақ жерінің барлық аумағын қамтуы, яғни Үш Жүзді қамтуы еді.
Бұл көтеріліс 1837-1847 жыл аралығын, яғни 10 жыл уақытты қамтыды.
Кенесары қырғыз әскерінің қоршауына түсіп қалып, қырғыздардың қолынан қаза тапты. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыста, Кенесары ханның қаза табуымен аяқталды. Бірақ ол қазақ халқаның рухын жасыта алған жоқ еді.
XIX ғасыр ортасында Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр күйде болды. Себебі олар екі жақты езгіге түскен еді. Бір жағынан Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісі, ал екінші жағынан Ресейдің отарлық саясаты. Осының бәріне Жанқожа Нұрмұхамбетұлының котеріліс бастауына себеп болды. Сонымен қатар көп жылдар бойы патша өкіметіне Есет Көтібарұлы да қарсылық көрсетті. Осы кездері қазақ жерінің отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар өрши бастаған болатын.
Осы көзғалыстардың жалғасын 1967-1868 ж. ж әкімшілік - аумақтық реформалардың қабылдануына байланысты 1868 жылы желтоқсан айында Орал және Торңай облыстарында патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылғы қазан айына дейін созылды. Басты себебі:
-1867-1868 жылдардағы уақытша ереже болды.
Бұл көтерілісті Ембі өзенінің бойындағы аймақты мекендейтің қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркібайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды.
Көтерілістін негізгі күші қазақ шаруалары болды. Олардың мойнына отаршылдықтың барлық ауыртпашылдығы түскен еді. Көтеріліске қоғамның басқа өкілдері де қатысты, оның ішінде ру басылары мен сұлтандар да болды.
Көтерілістін кең етек алып кетуңнен сескенген патша үкіметі оны басу үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал облысының губернаторы Веревкиннің өзі басқарды. Ол басқарған әскери бөлімде 1700 астам адам болды. Осы әскери экспедицияның нәтижесінде көтеріліс жаншылды.
1870 жылдың наурыз айында Манғыстау түбегінде де Ресейге қарсы қозғалыс басталды. Негізгі себебі:
-патша өкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалар болды.
Көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тайманұлы басқарды. Қозғалысқа қарсы күшті қаруланған әскери бөлімдер қарсы шықты. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары тотеп бере алмайтын еді. Қазақ жасақтарының жаңқиярлық қарсылығына қарамастан көтеріліс басшыларпы Иса Тайманұлы мен Досан Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдармен 1870 жылы желтоқсан Хиуа хандағаның аумағына өтіп кетті. Осыдан кейін 1870 жылы Маңғыстау қазақтары қайтадан көтеріліс бастады бирақ олда патша үкіметімен жаншылды.
ә) 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігің жаршысы.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Ол жерде Орталық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап қоғамда демократиялық бағытта сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуға тездетті.
Тоқырау жылдарда Одақтың барлық ауқымында оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақордық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ел саясатында әлеуметтік экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істін арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларың қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның сал-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Коммитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммет Қонаевтің орынынан алған кезде айрықша көзге түсті. Пленнум мәжілісі небәрі 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған- Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В, Колбин сайланды.
Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының соның ішінде қазақ жастарының, наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін, екінші күні орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар т. б жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұрғанында, орыс халқы өкілдерінен ешқандай мүмкіндік жоқ екендігі айтылды. Міне осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комиететінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, З. К. Камалденов, О. С. Мирашхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Дәулетова, В. Н. Лобов т. б қатысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай Республика басшыларының арасында елдегі социалдық құрылысқа қарсы астартын әрекет, ұлтшыл ұйым деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерілсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық, милиция мен әскерлер арасында қақтығусылар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсы көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан куу үшін әкелген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысулардың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицский деген азаматтар қаза тапты. Болып жатқан жағдайларға байланысты үкімет органдар Алматыдағы басқа жерлерінен арнайы әскери бөлімдер шақырылды.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнауы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы «Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі» деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz