Д. А. Қонаев



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Д.А.Қонаев
Тобы:
Орындаған: Қаратай Еңлік
Қабылдаған:

Қызылорда қаласы 2018 жыл
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912 -- 1993) -- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы - Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, "Алтайполиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы - КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы - маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бар ғұмырын халқына арнаған адал тұлға
Қайын атасы
Д.А. Қонаев ірі мемлекет қайраткері
ДАҚонаев ірі мемлекет қайраткері туралы ақпарат
Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі
СОКП Орталық Комитетінің мүшесі
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Пәндер