Саяси жаңару туралы түсінік


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2. 1. Саяси жаңару туралы түсінік
2. 2. Әлемдік саяси жаңарулар
2. 3. Қазақстандағы саяси жаңарулар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының және әлемдік қоғамдастықтың қоғамдық-саяси дамуының қазіргі заманғы кезеңінде тәуелсіз мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен қойылған стратегиялық міндеттерге жетуді қамтамасыз ету үдерісінде мемлекеттік қызмет институтының орнын анықтау саясаттану теориясының өзекті мәселелеріне жатады.
Қазақстандағы қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік басқару жүйесінің даму мәселесі ғылыми және саяси элитаның назарының объектісі болып келді. Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасып, тәуелсіздігінің нығаюының басынан бастап мемлекеттік қызмет жүйесі, оның тиімділігін арттыру стратегиялық міндет болып анықталды. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі елдің экономикалық жетістіктеріне жетуге тікелей әсер ететіні анық.
«Қазақстан - 2030» даму Стратегиясында ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі ретінде Қазақстанда нарықтық экономикаға сәйкес, тиімді, қазіргі заманғы мемлекеттік қызметті құруды анықталған.
Қазақстан халқына Елбасының «Қазақстан - 2050» жолдауы шеңберінде Қазақстанның әлемнің экономикасы дамыған отыз ел қатарына ену үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет институтына, атап айтқанда мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа мазмұн мен міндет жүктелді және осы міндеттердің орындалуы барысында мемлекеттің саяси-экономикалық үрдістер мен механизімдердің дамуына тигізетін оң әсері де қарастырылды.
Стратегиялық мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды орындау барысында, мемлекеттік органдар алдына стратегиялық жоспар, нақты нәтижелерге жететін мақсаттар қойылды. Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру тұжырымдамасында ұзақ мерзімді басты көрсеткіштердің бірі ретінде тиімді және кәсіби үкіметті құру және осы арқылы мемлекеттік басқару мен жемқорлық деңгейі бойынша халықаралық рецтингіндегі дамығандардың қатарына кіруге мүмкіндік туғызу болып анықталды.
Қазіргі заманғы дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі либералдылық идеологиясына қарамастан, мемлекеттің қажетті және тиімді араласуымен, экономикалқы даму үдерістеріне әсер етумен, әлеуметтік маңызы бар экономикалық жобаларды іске асырумен байланысты.
Негізгі бөлімі.
Саяси жаңару - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты. Саяси модернизация дегеніміз - қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.
Жаңару - дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үдерісі. Белгілі зеттеуші Г. Р. Нұрымбетова «Саяси модернизация бұл - саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттардың жаңа бейнеге бейімделіп, ресурстарға тек бақылау жасау емес, өкімет пен тұрғындар арасындағы тиімді диалог орнатуды қамтамасыз ететін жаңа институттар құру» деп сипаттайды.
Саяси жаңару фундаменталды құбылыс ретінде саяси үдерістердің, дәстүрлі қоғамның құрылыстары мен институттарына әсер етеді. Жаңару процессінде дәстүрлі қоғам айтарлықтай трансформацияланады, нәтижесінде қоғамдық өмірдің тәуелсіз саласы «саясат» пайда болады.
Саяси ғылымда саяси жаңару теориясы XX ғасырдың 50-60 жылдары қалыптасты. Оның авторлары XIX-XX ғасырдың бегілі зерттеушілері, оның ішінде М. Вебер, Ф. Теннис, Э. Дюркгеймнің еңбектерін негізге алды. Модернизацияның теоретиктері теориялық базасы ретінде құрылымдық-функционалдық талдау қағидаттарын да негізге алды.
Өз дамуында модернизация теориясы үш негізгі кезеңнен өтті: XX ғасырдың 50-60 жылдар, 60-70 жылдар және 80-90 жылдар.
Ал 50-60 жылдардағы модернизация теориясының үлгісіне универсализм сияқты әдіснамалық болжам тән болды. Барлық елдер мен халықтардың дамуы универсалды, яғни барлық үдерістер бір бағытта, бірдей заңдылықтар мен деңгейде деп қарастырылды. Ұлттық ерекшеліктердің болғаны мойындалды, бірақ олар екінші ретті деп қабылданды. Ең дамыған ел ретінде модернизацияның теоретиктері АҚШ елін қарастырды, оның артынан Еуропа елдері бағытталды.
Еуропалық емес дамушы елдердің ерекшеліктерін мойындай отырып, XXғасырдың 50-ші және 60-шы жылдардың басында жаңарту теориясы батыстық либерализмнің әмбебап түрлері аясында жасалды. Тиісінше, жаңарту да әмбебап, жалпы үрдіс ретінде дамыды. Кейінірек, 60 жылдардың ортасынан, одан кейін 70-ші және 80-ші жж. саяси жаңарту теориясын жақтаушылар дәстүрліден қазіргі кезеңге көшу жағдайында тұрған елдердің саяси дамуы мәселеері саласында зерттеу ауқымын тереңдеттң және де кеңейтті. Көптеген батыстық ғалымдар Азия, Африка, Латын америкасы елдерінің жаңартудағы қоғамның негізгі әлеуметтік-мәдени рөлін атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық, саяси даму түсінігіндегі әмбебаптықтан шын мәнінде бас тартты. Түрлі қоғамдардағы нақты саяси үрдістерді тарихи және ұлттық жағдайларды, мәдени ерекшеліктерді ескере отырып егжей-тегжейлі зерттеу басты назарға алына бастады.
Саяси жаңартудың жаңа кезеңі үшін батыстық демократиялық моделсіз-ақ жүргізуге болатын, әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдарды жаңаша өзгерту басты мақсат болып саналды. Оның ішінде дәстүрлі институттар мен құндылықтардың болу дерегінің өзін саясаттанушылар жаңартуға кедергі ретінде қарастыруды қойды. Келешектегі дамудың әмбебап ережелері мен мақсаттарының артықшылығын сақтау кезінде оларды дамытудың автотондық үлгісіне басты назар аударыла бастады. Оның үстіне, 70 жылдары Еуропа мен Солтүстік Америка Мемлекеттерінің саяси дамуына қызығушылық арта түсті, бұл - Батыстың ерекше өзіңдік тарихи тәжірибесін үйрену дәстүрлерінің жалғасы болып қалыптасты.
Өтпелі қоғамдардың мәселелерін оқып-үйренудің екінші кезені барысында 50 жылдардағы зерттеулер айтулы - «біржақтылық» қарастыру, билік үшін партиялар ішіндегі күресті және Батыстың шексіз билік құруын бағалаиау сынына ұшырады. Зерттеулерде негізгі бағыт саяси дамудың қиындықтарын саралауға, оның ішінде, саяси өзгерістерді шынайы көрсетіп беру, оларды өткере алу жолдары мен үлгілерінің мәселелеріне арналды. Оларда белгілі бір ұлттық саяси мәдениет үшін дәстүрлі құндылықтар мен саяси өмір нормаларының жаңа, заманауи дамуды қуып жетуші қоғамда шындап түр өзгертусіз бейімделе алмайтын беталыстар мен саяси даму элементтерімен, жаңартылған институттармен қақтығысуы болмай қалмайтыны сөз болады.
Соңғы уақыттарда зерттеушілер назары ТМД, Шығыс Еуропа мен Қытай елдеріндегі бүгінгі таңда болып жатқан жаңарту үрдістеріне аударыла бастады. Оның ішінде, олар өздерінің зерттеулерінде, саралана жіктелінген өзгерістер теорияларының жетістіктерін сынға алу арқылы талдай отырып, саяси жаңартудың өзіндік тұжырымдамалары мен стратегияларын ұсынады. Зертеушілердің назарын Қазақстандағы жаңарту реформаларының тәжірибесі ерекше қызықтырады.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін мынадай түрдегі күрделі де қиын мәселелер пайда болды:
а) тәуелсіз мемлекеттің барлық белгілерін қалыптастыру және нығайту;
б) демократияландыру үрдісін дамыту;
в) реформалардың президенттік ресурсы мен тұрақты демократиялық дамуды сәттілікпен іске асырудың негізгі шарттары саналатын ұлтаралық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтап қалу мен жетілдіре түсу;
г) елдің тиімді ішкі-сыртқы бағытын айқындау;
д) ұлттық қауіпсіздік пен әскери доктринаның тұжырымдамаларын жасап шығару мен жүзеге асыру;
е) аумақтық бүтіндікті сақтау;
з) заңнамаларды қазақстандық әлеуметтік-экономикалық даму моделімен сәйкестендіру мәселелері;
к) ТМД мен дүние жүзіндегі көп деңгейлі ықпалдастыру үрдістерін қалыптастыру мен жетілдіру.
Өзінің жаңадан жаңарту дамуында Қазақстан үш кезеңді өткерді:
1. бірінші (1991-1995 жылдар) - кеңестік жүйені бөлшектеу және мемлекеттіктің негізін құру;
2. екінші (1996-2000 жылдар) - экономика және саяси жүйенің терең құрылымдық өзгертулерін іске асыру;
3. үшінші (2001-2006 жылдар) - экономикалық өркендеу уақыты. Осы жылдар ішінде Қазақстан айтуға тұрарлық керемет жетістіктерге жетті. Халықаралық қоғамдастықтың пікірінше, бүгінде Қазақстан экономикалық реформалар қарқыны мен сапасы бойынша тек ТМД ғана емес, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің арасында көш бастап келеді. Орталық Азияның халқының төрттен бірін ғана құрайтын Қазақстан бүгінде оның біріккен табысының үштен екісін қамтамасыз етеді. Халықаралық беделді үш рейтингтік агенттік республикаға халықаралық инвестициялық рейтинг табыс етті. Мемлекет саяси құқықтар мен бостандықтарды кеңейтуге, демократиялық үрдістерді жеделдетуді жалғастыру бағыттарын ұстанатын болады.
Қазіргі Қазақстандағы жаңарту реформаларының тәжірибесін үйрену үшін баға жепес үлкен құндылық Қазақстанның ТМД мен қазіргі әлемдегі рөлі мен орнын анықтауға, өзіндік экономикалық және саяси дамудың стратегиясы мен үлгісін таңдауға, тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстар мен оның көп бағытты сипаттағы бірлесу байланыстарының жаңа саяси көкжиектерін қарастыруға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «XXI - ғасыр табалдырығында» атты кітабы болып табылады. Қазақстанның Президенті жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу және өмір сүруінің жиналған тәжірибелерін саралап талдай келіп, оның ішінде тасымалды түрдегі қоғамдардағы неғұрлым өзекті бейімделген жаңартулар мәселесіне ерекше назар аударды.
Елді жаңғырта жаңарту, оның жаһандану жағдайында бәсекелестікке қабілетілігін арттыру, реформалардың кезеңділігімен бірізді жүйелілігі - бұл Қазақстанның тәуелсіз дамуындағы барлық жылдарда ұстанып келген базалық ұстанымдары. Оның ішінде тұрақты дамудың ең басты ұстанымдары - саяси тұрақтылық пен ұлттық біріктіру сақталып қалды. Ол үшін президенттік басқару институты ерекше рөл атқарды.
Қазақстанның қазіргі дамуының тағы да ерекше сипаттамасы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратын құрылымдық жаңарту болып есептеледі. Өтпелі кезеңдер мен түбегейлі өзгерістер ерекшелігі тікелей мүдделі болатын басты элемент болып, саяси жетекші ғалымдардың пікірі бойынша, жаңарту теорияларын зерттеген әмбебап нормалар мен саяси дамудың мақсаттарын қабылдау дәрежесін түсіндіре алатын әлеуметтік фактор, дәлірек айтсақ тұлғалық түрі, оның ұлттық мінез-құлқы қызмет ететініне айқын көз жеткіземіз.
Осыған байланысты, жаңартудың негізгі қарама-қайшылығы оның әмбебап мақсаттары мен талаптарының және дамушы мемлекеттегі дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлері арасындағы дағдарыс болып қалып отырғанын айта кету керек. Бұл бір жағынан заңдылық та, өйткені, жаңашылдық егерде белгілі бір мәдениет үшін өзіндік өнім ретінде емес, жат, бөгде элемент ретінде қабылданар болса, онда мәдениет оған қарсылық пен кері әсер ету танытады. Осыған байланысты айтар болсақ, әмбебап нормалар мен жаңғырта жаңарту құндылықтарын арқалаушы ретінде саналатын елдерден келетін өзгеріс үлгілерін дәстүрлі ұлттық мәдениеттің өн бойына сіңіру мүмкіндігіне қатысты мәселелер туындайтын болады.
Жаңарту кең көлемді әлеуметтік топтардың құндылықтарының бейімділігін өзгерту кезінде, қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын өткере алған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін болатыны жалпы мойындала бастады. Ұлттық мәдени таптауырындарды біркелкі жүйелеп және біртіндеп қолдану ғана қоғам алдында тұрған мәселелерді тиімді де оңтайлы өзгерістерге қарай шешуге мүмкіндік бере алады. Жаңартудағы түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру кезінде бұрынғы дамудағы өлшемдік таптауырындармен пайда болған дәстүрлі шынайы нормалар мен құндылықтарды ескерусіз қалдыруға болмайды. Оларды қайта жаңарту стратегиясында түрлі елдердің әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін есепке алу талаптары бұрынғы саяси теориялар аясынан әлдеқашан шығып кеткен болатын. Бұл жағдайда, көптеген зерттеушілердің білдірген пікірлеріне орай, болашақтағы саяси реформалар жетістіктерінің белгісі ретінде саяси үрдіске қатысушылардың барлығының арасындағы ымыраласу мен пәтуаласу қызмет ете алады. Олай болса, қазақстандық саяси жаңартудың ерекшеліктері мен өзіндік тән белгілері - президенттік басқару үлгісін, реформаларды кезең-кезеңмен жүргізуді, қабылданған шешімдерді тепе-теңдікте ұстауды, жалпы ұлттық татулық пен негізгі саяси күштерді біріктіруді сақтап қалу болып есептеледі.
Қорытынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz