Этиль спиртінің ағзаға әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Этиль спиртінің ағзаға әсері
Сыраның организмге зияны
Маскүнемдік дерті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Алкоголь - қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масаңдататын элементтен тұрады. Әр түрлі сусындар үшін түрлі мөлшердегі стақан пайдаланатындықтан, 1 бакал шапатағы немесе 1 кружка сырадағы алкогольдің мөлшері 1 стақан коньяктағы алкогольмен тең - 12.5 куб см. Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау V-VІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді.

Ішімдікке тәуелді адамдар
Алкоголь -- ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Жүйке жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Сырада орта есеппен алғанда -- 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін -- 10-17%, шарапта -- 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады. Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.
Алкоголь -- ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды. Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдсрдің (Вь РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді. Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады. Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді. Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұ-ның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны популяциялық деградация деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф.Т.Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір ішмдік денсаулыққа залалын тигізеді.

Негізгі бөлім
Этиль спиртінің ағзаға әсері
Этил спирті (этил алкоголі, шарап спирті, этанол) өзіне тəн спиртті иісі, күйдіруші дəмі бар мөлдір ұшқыш сұйық, тез тұтанады, жанады, кез келген қатынаста сумен, эфирмен, хлорформмен араласады. Алкоголь сөзі арабтың сөздері (аль-) kuhe - сүрме, антимоний, kuhul - алкоголь, спирті kahala - жағу, баяу. Орта ғасырларда Еуропада alco(h)ol - майда ұнтақ, пудра немесе тазартылған (дистилденген) су деген мағынада қолданған. Спирт сөзі латын тілінен шыққан: spiro - үрлеу, дем алу. Галь тілінде алкоголь - usqebaush (өмір суы). Этил спирті молекуласындағы полярлы гидроксия мен полярсыз этил радикалының бірге болуының арқасында жақсы еріткіш болады, тұнбалар, экстракттар, сыртқа қолданатын дәрілер дайындауда пайдаланылады.
Этил спиртінің жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті әсерлері бар. Медициналық практикада негізінен жергілікті әсеріне орай қолданады. Кейбір жағдайларда сырқаттардың реконвалесценция кезінде тәбетін күшейтіп, ас жолдарының жұмысын қалпына келтіру үшін ас шарабы, сыра, қымыз түрінде аз мөлшерде береді. Кризистік жағдайларда этил спиртін парентералды қоректендіру қоспасымен (тәулігіне 50-70г) береді.+ Ағзада тотығу барысында 100 г этанолдан 700 ккал энергия бөлінетіні белгілі. Қызыл шарапты аз мөлшерде (50мл абсолютті спирт күніне 2-3 рет есептеу бойынша) тромбоциттердің агрегациясын азайтып, төмен тығыздықты атерогенді липопротеиндер, 2 типті қант диабетінде қант деңгейі азайып, атеросклерозға қарсы тұратын жоғары тығыздықты липопротеиндер көлемін арттырады. Атеросклерозға қарсы әсері қызыл шараптың антиоксидантты әсерлі полифенолдардан деп ойлағанмен, экспериментте бұл дәлелденбейді
Күшті алкоголь ішімдіктерін сұйыққа төзімділікті арттыру үшін ішу дұрыс емес, себебі спиртінен жылу өндіру артқанмен, өте көп мөлшерде жылуды берудің артатыны белгілі. Тері тамырларының кеңеюі жалған жылыну әсерін беріп, терлеу арқылы жылу жоғалту күшейіп, үсу қаупімен психикалық бақылау жоғалады. Қатты суықтан жылы жерге оралғандарға қабыну ауруларының алдын-алу үшін аз мөлшерде этил спиртін пайдалануға болады.
Бырыстырғыш әсері -- тері эпителидегі ақуыздың дегидратациялануының нәтижесі (96% этил спиртін ойылу мен күйікте дене күлдіреуінің алдын алу үшін қолданады)
Тітіркендіргіш әсер - спирттің липофилді молекулалары терінің терең қабаттарындағы сезімтал жүйке талшықтарын тітіркендіргенде, қызару, күйдіру сезімі пайда болады (этил спиртінің 20-40% жылытқыш компрестермен, үсіктерді сүрту үшін қолданады);
Жергілікті анестезиялық әсері - тітіркеннен кейін сезімталдылықтың жойылуы (күйіктерде қолданылады; 96% спиртті жүйке болғандары мен үштік нервтің невралгиясында симпатикалық ганглияларға, ота жасауға болмайтын ісіктерде салады);
Бактерицидті әсер - бактериялардың ақуыздары дегидратация мен денатурацияға ұшырайды. Сулы ортада 96% этил спирті максималды бактерицидті нәтиже береді, оны хирургиялық аспаптарды стерилизациялау үшін пайдаланады. Ақуызды ортада 70% этил спирті аса зор бактерицидті әсер көрсетеді, бырыстырғыш әсері бәсең сондықтан терінің терең қабаттары мен тері және май бездеріне дейін сіңеді. 70% концентрациядағы этил спиртін оташының қолы мен операция алаңшасы зарарсыздандыруға қолданады.
Орталық жүйке жүйесіне тежегіш әсер көрсетіп наркозға кері әсер көрсетеді, сондықтан наркозға этил спирті қолданылмайды. Наркотикалық әсер ету кеңдігі аз. Егер наркоз ретінде қолдансақ агональды кезең пайда болып наркоздан ояну ұзаққа созылады, бірақ анальгетикалық спирттің қасиеті медицина практикасында жақсы қолданылады. Шокка қарсы әсер ететін ерітінділерді құрамына кіреді. Жергілікті қолданғанда спирт тітіркендіргіш, иілік және антисептикалық әсер көрсетеді сондықтан медицинада антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданамыз. Резорбтивті әсер көрсеткенде:
1) Миға тежегіш әсер көрсетіп эмоционалыдық қозу, мидың ойлау қабілеті төмендеп эйфория шақырады, ұзақ уақыт қолданғанда бейімдеушілік пайда болады.
2) Төмен концентрациядағы (20%) спирт тәбетті көтеріп асқазан безінің секрециясын жоғарлатады бірақ жоғары концентрациядағы этил спирті ас қорыту жүйесіндегі ферменттерді жойып астың қорытылуын бұзады.
3) Этил спирті терідегі қан тамырларын кеңейтеді де жылудың шығуын және терлеуді көбейтеді. Сол кезде дене температурасы төмендейді, егер ауа райы суыған кезде мас адам бірден үсіп қалады.
4) Этил спирті антидиуретикалық гормонның түзілуін азайтып зәр айдағыш әсер көрсетеді.
5) Этил спирті жоғары ккаллориялы зат болып есептелінеді, ол тотыққанда 1гр спирттен 7,1 ккаллория жылу шығады (1гр көмір сутегі 4,2 ккал береді, 1гр май 9 ккал) сондықтан парентеральды тамақтану ретінде әлсізденіп қалған науқасқа қолданамыз. Спирт ағзада жиналмайды, ағзадағы тіндердің түзілуіне әсер етпейді, уытты әсері жоғары сондықтан созылмалы уыттынуға әкеліп соғуы мүмкін. Фармацевтикалық өндірісте спирт экстракттар, тұндырмалар және сыртқа қолданылатын дәрілік заттарды дайындау үшін қолданады.
Уыттанғанда болатын белгілер - естен танады, суық жабысқақ тері, өңі суық болады, дене температурасы төмендейді, құсық пайда болады, тамырдың соғу жиілейді және ақырын болады, көздің қарашығы тарылады, тырысу пайда болады, тыныс алуы тоқтап жүрек те тоқтауы мүмкін, өлім тыныс орталығының параличінен болады.
Көмек: асқазан жуу, тұз ерітінділерін береміз ауызды жақсылап шаямыз, жоғары тыныс алу жолдарын тазартамыз, тілді орнына қоямыз, атропин - бездердің секрециясын азайтады.

Сыраның организмге зияны
Сыра -- арпа, су және құлмақ (хмель) араластырып ашыту арқылы дайындалатын алкоголі аз сусын (ішімдік). Оның құрамында 4 -- 10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3 -- 0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8 -- 6% шамасында алкоголь болады. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп ары қарай ыстық бумен кептіріп диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біраз ұсталған соң ол қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ салып қайнатады. Осыдан соң массаны қайта сүзіп суытады. Осы масса ашыту аппаратында 5 -- 90°С температурада 7 -- 8 тәул сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін 0 -- 20°С температурада арнаулы ыдыста сақталады. Сыраның толық ашу уақыты 21 -- 90 тәул
Кейінгі уақытта жастар мен жасөспірімдер арасында сыраны тұтыну өсіп келеді. Сыра алкоголі аз және алкогольсіз сусын ретінде жарнамаланатын күнделікті сусынға айналуда. Сыраны тұтыну көп ретте алкогольді тәуелділіктің дамуына әкеп соғады.
1. Сыраны әдетте құлмақтан, уыттан ашытқы және судан жасайды. Ол 92-93%судан тұрады, құрамында 3-14%алкоголь, 3-4 %қант бар. Ондағы бар көп көмірқышқыл, көпіршіктер сыра әуесқойларының өңеші мен асқазан қабырғаларын қыжылдата, тәбетін ашып, артық салмаққа әкеп соқтырады.
2. Арақтан гөрі, сыраның негізінде алкогольдік мас болу жылдамырақ. Әдеттегі сыра бөтелкесі 50-60 грамм араққа тең. Бір күнде төрт бөтелке сыра, көптеген дені дұрыстарға - бұл да 200-240 грамм арақ ішкенмен пара-пар.
3. Созылмалы маскүнемдік күшті алкогольдік сусыннан гөрі, сыра тұтынудан 3-4 есеге жылдамырақ пайда болады. Бірнеше айдан кейін үнемі сыра тұтынудан - сыра маскүнемдігі деп аталатын тәуелділік пайда болады. Өндіруші сыраға жиірек спирт қосатыны мәлім.
4. Алкогольсіз деп аталатын сыра да зиян келтіреді, өйткені онда үлкен мөлшерде болмаса да алкоголь бар. Тәуелділікті қалыптастыруға күніне 75 грамм шамасында алкоголь талап етіледі. Балғын ағза үшін тіпті аз мөлшердің өзі зиян және бала босанатын жастағы әйелдерге тұтынуға болады.
5. Құлмақ негізінде дайындалатын сыра құрамында алкогольдік тәуелділікке әкелетін спирт қана емес, анаша шеккен кезде туындайтын тәуелділіке ұқсас есірткі тәуелділігіне әкеп соқтыратын есірткі бар екендігі ғылыми дәлелденген.
6. Бір литр сырада шамамен адам ағзасынан натрий мен суды шығаруды көбейтетін калийдің күндізгі нормасы бар. Міне, адам ағзасы сырадан соң тұздалған балықты, жаңғақ пен қуырылған картопты қажет ететіндігі.
7. Жүрек сұйықтың артық мөлшерін қайта шайқай отырып, көлемі жағынан ұлғаяды, май басады, оның қабырғалары жұқарып, белсенділік деңгейін жоғалтады. Миокард инфаркті дамуының қауіп-қатері өседі, артерия қысымы көтеріледі және тамырлардың варикоз кеңеюлері артады. Күшке түсетін жүктеме нашар қабылданады, демікпе пайда болады. Дәрігерлер бұл синдромды бавариялық жүрек деп атайды. Бұл өзгерістерді сыра көбігінің тұрақтандырғышы ретінде қолданылатын кобольттің сырада болуымен байланыстырады.
8. Сырада әйелдің жыныстық гормондарына ұқсас көп эстроген тектес заттар айқындалған. Сондықтан сыраны мөлшерден тыстұтынатын еркектердің дене бітімі әйел тектес қалыптасады: белінде май қатпары өседі, іші мен көкірек безі ұлғағаяды.
9. Еркектерде сыраны тұтыну жыныстық әлсіздікке әкеп соқтырады және қарама - қарсы жынысқа ынтығуын төмендетеді, ал әйелдерде отбасы қатынасына үйлемсіздікті енгізетін озбырлы жүріс-тұрыс байқалады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша сыраны жүйелі түрде шамадан тыс тұтыну асқазан обырының, тоқ ішек обырының және сүт бездері обырының қауіп-қатерін арттырады.
10. Сыраны шамадан тыс тұтынудан ағзада болатын барлық өзгерістер қайтымсыз. Ми жасушалары зақымдалады, интелекттің бұзылуы және тұлғаның психопатиялық өзгеруі пайда болады.

Маскүнемдік дерті
Маскүнемдік (алкоголизм) -- спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этил спиртінің жергілікті әсері
Органикалық химия
Кәсіптік химиялық агенттер
Этил спирті судан жеңіл
Тері илегіш заттардың классификациясы
Фармакогенетика
Функционалдық тамақтанудың қазіргі кездегі рөлі
Итшомырт шырғанағы
Гальванизация. Электрофорез
Этил спирті. Алу жолдары. Спиртті еріту. Спиртті есепке алу және сақтау
Пәндер