Мысық организмінің физиологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлімі

2. 1. Мысық организмінің физиологиясы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы; дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы; Ман аралының шолақ құйрық мысығы; сібір мысығы; тықыр жүнді еуропа мысығы; түрік және сиам тобына жататын - сиам; бирман; абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып аталады. Жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2, 5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.

Мысықтың денесінен бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарды ажыратуға болады. Мысықтың басына назар аударсақ: екі құлақ қалқаны көрінеді. Қарашығы жарық сәулесінің күшіне қарай өзгеріп тұратын бадырайған үлкен көз, қабағы мен үстіңгі ерніндегі ұзын қылшық, ешқандай түгі жоқ тақыр мұрыннан, екі танау тесіктері бірден көзге түседі. Дене ұзындығы 46-191 см, құйрығы 15-91 см. Құйымшағы шоқтығынан жоғары. Тырнақтары тартылған (суматр мысығынан басқаларында) . Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Күшіктері (3-4 ұялас балалары болады) дәрменсіз, соқыр туады. Жыртқыштар ұсақ омыртқалылармен, балықпен қоректенеді.
Үй мысығының негізгі азығы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық, сүт, өсімдік.

ІІ. Негізгі бөлімі.

2. 1. Мысық организмінің физиологиясы

Мысықтың денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады. Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындатады. Тер бездерінің өзгерген түрі сүт безіне айналады да, мысық баласын сүтпен қоректендіреді. Мысықтың терісінен түкті жамылғы өсіп шығады. Оны денесіндегі түкті жамылғыны аяғымен тазалап, жуынып отырған мысықтан анық көруге болады. Мысық денесінен итте болатын қолайсыз иіс сезілмейді, ол қашан да таза жүреді. Өйткені мысықтың терісінен май бөлінбейді, сондықтан да мысық суға түспеуге және жаңбырдың астында қалмауға тырысады. Тер бездері тек табандарында ғана болатындықтан, мысықтың денесінен тер иісі де сезілмейді. Мысықтың түкті жамылғысы біркелкі түктерден құралмаған: жуандау және ұзын түк - қылшық деп, ал қысқа жұмсақ түк - мамық немесе түбіт деп аталады. Қылшық жүн түбіттің қырқылмауына және бірімен-бірінің ұйысып қалмауына септігін тигізеді, ал түбіт денедегі жылуды сақтайды. Түкті жамылғысы бар мысық жылына екі рет жүнін алмастырып, түлейді.

Қорегін аулағанда дыбысын сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады. Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы керіледі, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттегіш қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау - мысық тұқымдас аңдарға тән.

Мысықтың бұлшық еті орналасу ретіне байланысты сан алуан қызмет атқарады. Бұлшық еттер әсіресе аяқ, бел, арқа бөліктерінде жақсы дамыған, сондай-ақ ұстаған жемін шайнағанда жақсүйектерді қимылға келтіретін шайнау бұлшық еттері де жақсы жетілген.

Барлық жыртқыш жануарлар тәрізді мысық та етпен қоректенеді. Мысық тышқанды немесе құсты олжалаған кезде оны тісімен жұлқылай бастайды. Ол ит тісімен кемірушінің омыртқа жотасын үзіп, азу тісімен мылжалайды, ал сүйектегі етті алдыңғы жағындағы күректістерімен тазартады. Мысық ауызға түскен қоректі тілімен қимылдатып, дәмін сезініп, сілекей бездерінен бөлінген сұйықты - сілекеймен шылайды. Сөйтіп, қорек жұтқыншақ арқылы өңешке түседі, ал өңеш қарынға жалғасады.

Мысықтың мұрты - сезім мүшесі ретінде тек дыбысты ғана емес, сондай-ақ биоқуат толқынын сезеді. Оның көріп байқауы өте жоғары деңгейде. Тас қараңғыда және тыныштықта мұрты антенна арқылы бәрін сезіп біліп тұрады.

Мысықтың иіс сезу мүшесі адамға қарағанда екі есе күшті дамыған.

Мысықтардың көру мүшесі адамдардың көру мүшесіне қарағанда жақсы жұмыс істейді. Өйткені олар қараңғыда да көздері жанып, біз көрмейтін заттарды көз нысанасына ала алады. Кешке қарай көздері үлкейеді. Мысық адамға тез үйренгіш. Мысықтың көзінде тапетум деп аталатын сәуле орналасқан. Тапетумі бар мысықтардың көздері жасыл түске енеді. Тапетум қабаты арқылы жарықсезгіштігі адамға қарағанда 7 есе артып, қараңғылау жерде жақсы көреді, ал өте жарықта нашар көреді. Көзінің қарашығы қараңғылауда үлкейіп, жарықта тіке сопақтау болып кішірейеді. Қараңғыда көзі жанады, тасқараңғыда мысық көре алмайды.

Есту мүшесі дамығаны соншалық көздері жұмық кезде қасында өтіп бара жатқан тышқанның шиқылын, сыбдырын естиді. Мысықтың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 14 жыл. Бірақ Крим Пафф деген мысық 38 жыл өмір сүрген. Гиннесс рекордтар кітабына 39 жастағы Люси деген мысық енді. Мысық тазалықты сүйетін жануар. Ол күніне 10 рет жуынады және сілекейі тазалаудың тәсілі. Мысықтың ұйықтау ұзақтығы 14-16 сағатқа созылып, түс те көре алады. Үй мысығы әртүрлі дыбыс шығарады: мияулайды, пырылдайды, пысқырады т. б. Мияулағанда адамды өзіне қаратып: тамақ сұрау, бір жері ауырып тұрса, ойнағысы келсе, сыртқа шығуға сұрану т. б. Ал пырылдау кезінде мысықтың көзі жұмылып еркелейді, бір нәрсеге риза болғандай кейіп танытады, мәулендермен қауышқанда т. б. Екі мысық төбелескен кезде адам құлағына жағымсыз дыбыстар шығарады. Бір нәрседен қорыққан кезде арқасын, құйрығын майыстырып, жүндерін тікірейтіп айбат шегеді. Егер мысықтың құйрығы жоғарлау болса көңіл-күйі жақсы, айналадағы ортаға жақсы көзқараста болады. Ал құйрығы әрлі-берлі қозғалып соққыланса, қозғалып тұрса, ашуланып, жақтырмай тұрғаны.

Үй мысығы шапшаң, епті аңшы деуге болады. Ол олжасын жалғыздықта аулағанды жақсы көреді. Олжасын қорқытып алмау үшін, ол үнемі үстіндегі иісін кетіру мақсатына тазалап отырады. Егер олжасын ұстап алса, жасырын жегенді ұнатады. Зерттеулер бойынша мысық жылына ұсақ 57 кеміргіштерді аулайды екен. Содан бері зиянды кеміргіштерге қарсы күреске мысықты ұстаған.

Мысықтардың ішкі құрылысы, мүшелердің орналасуы кәдімгі сүтқоректілердікіндей. Қан айналымының ең негізгі мүшесі болып жүрек табылады. Жүрек - бұлшық етті мүше, көкірек қуысында орналасқан. Мысықтардың жүрегі төрт бөліктен: екі жүрекше және екі қарыншадан құралады. Барлық сүтқоректілер сияқты мысықтарда екі қан айналым шеңбері болады. Жүрегі өзара тек қан тамырлары арқылы ғана байланысатын оң жəне сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын қабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Оң қарыншадан қан өкпе артериясымен өкпеге бағытталады. Өкпеде қан көмір қышқыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құйылады. Қан айналым жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін қан айналымының кіші немесе тыныстық шеңбері деп атайды. Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырлар - артериолалар жəне тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Вена қаны капиллярлар арқылы вена тамырларына жиналып, жоғары (алдыңғы) жəне төменгі (артқы) қуыс веналармен оң жүрекшеге құйылады.

Мысықтың тыныс алу жүйесі қоршаған ортаның түрлі құбылыстарымен сай келеді және де олар организмнен түрлі зиян газдарды бөліп шығарады және жылуды реттейді. Мысықтарда кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бірінен-бірін бөліп тұратын бұлшық ет - көкет болады. Көкек кеуде қуысына күмбездене еніп, өкпеге жанасып жатады. Бұл тыныс алған кезде кеуде қуысының көлемі өзгеріп тұрады. Мысықтар ауадағы оттегімен өкпесі арқылы тыныс алады. Тынысалу жүйесі мұрын қуысынан, жұтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен, кеңірдек тармақтары - ауатамырдан және өкпеден құралады. Өкпе - ең негізгі тыныс алу мүшесі болып табылады. Өкпе екеу болады, оң және сол бөлімдерден тұрады және көкірек қуысында орналасады. Ауатамырлар өкпеде одан әрі тармақтанып, өкпе көпіршіктеріне таралады. Қабырғааралық бұлшық еттер мен көкеттін жиырылып, босаңсуы нәтижесінде тыныс алып, тыныс шығарады. Өкпе көпіршіктерін ұсақ қылтамырлар торлап жатады. Өкпе көпіршіктерінің саны неғұрлым көп болса, жануардың тынысалу көлемі соғұрлым арта түседі.

Мысықтың қарны бір бөлімді, қарапайым. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, өңештен, қарыннан, жіңішке және алуан ішектерден тұрады және де асты қорыту барысында, ең маңызды болып ұйқы безі, он екі елі ішек және өт қапшығы болып табылады. Мысықтың жеген азығы сілекейдің арқасында ауыз қуысында сулана бастайды. Содан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді. Өңеш - бұлшық етті, труба тәрізді мүше және ол өз формасын, диаметрін өзгерте алады. Іш жағымен өңеш кілегейлі қабықпен қамтылған. Бұлшықеттер азықты қарынға қарай ығыстырады. Содан азық қарында ары қарай қорытылады. Қарын қуысымен екі қуыс ашылады, біреуінің формасы конус тәрізді. Оның біреуі он екі елі ішекпен байланысады, ал біреуі өңешпен соңғы азықтың қорытылуы жіңішке ішекпен аяқталады.
Ішек - жіңішке, ұзын болады. Мысықтың денесінен 4 есе ұзын болады. Мұнда азық ферменттер арқылы қанға сіңеді. Жуан ішек - жіңішке, ішектің жалғасы болып келеді. Мұнда қорытылмаған азықтар келіп түседі. Жуан ішек 3 түрлі элементтен тұрады: соқыр ішек, мықын ішек, тік ішек. Тік ішек қорытылмаған қалдықтарды сыртқа шығарады. Ішектегі азық ұйқыбез бен бауырдан бөлінетін сөл арқылы қорытылады.

Мысықтың организмінен керек емес сұйықтықты шығару үшін зәр бөлу жүйесі атқарады. Оған қуық, бүйректер, несеп бөлу жолдары, несеп ағар жатады. Бұларда несеп пайда болады және зиян, керек емес заттарды сыртқа шығарады. Мысықтың жамбас бұршақ пішіндес екі бүйрегі беломыртқа тұсында орналасады. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі - бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі - нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан. Бүйректе түзілген несеп несепағар арқылы қуыққа жиналып, одан зәр шығаратын өзек арқылы сыртқа шығарылады. Қуықта қысып тұратын бұлшық еттер болады. Ағзадағы тұздың біраз бөлігі тер бездері арқылы теріден де бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның морфологиялық және биохимиялық құрамы
Қанның құрамымен ерекшеліктері
Физиология ғылымы
Сүтқоректілер экологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Антигендерден туындаған аутоиммундық патология
Өсу мен даму антропометриясы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz