Ветеринариялық рентгенологияның Қазақстанда даму тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ветеринариялық рентгенологияның Қазақстанда даму

тарихы

Висьбург университетінің физика мамандығы бойынша профессоры Вилгельм Конрад Рентген 1895 жылдың 8 ші қарашасында Крукс-Гитторф түтікшесі арқылы жоғары кернеулі электр тоғын өткізіп тәжірибе жасау барысында белгісіз бір сәулені байқайды. Ол сәулені платина - синеродистік баримен көмкерілген айнаның бетіне түсіргенде, онда жарқылдаған құбылыс пайда болған. Содан В. К. Рентген жеті апта бойы осы белгісіз сәулені үздіксіз зерттеп, тек 1895 жылдың 28 желтоқсанында ең алғаш белгісіз жаңа сәуле туралы хабарлама жазды. Содан бері бұл күн рентген сәулесінің ашылған күні болып саналады. 1896 жылдың 23 қаңтарында В. К. Рентген университетінің физика-дәрігерлік қоғамында өзі ашқан белгісіз жаңа сәуле жайында баяндама жасайды. 1896 жылдың наурыз және 1897 жылдың мамыр айыларында Рентген Х-сәулесі туралы мақала жазады, сөйтіп үш мақалада Рентген өзі ашқан Х-сәулесінің негізгі қасиеттерін толығымен жазып қорытындылайды. Анатомия маманы Келликердің ұсынысы бойынша бұл сәулені Рентгеннің атымен атайды.

В. К. Рентген осы ашқан жаңалығы үшін 1901 жылы бірінші болып «Нобель сыйлығының лауреаты» атағына ие болды.

В. К. Рентген және әлемдегі ең алғашқы рентген суреті (В. К. Рентгеннің жұбайының қолы)

Қазақстанда рентгенологияның дамуы 1923 жылдан бастауын алды. Сол жылы Верный ( қазіргі Алматы) бірінші рет рентген аппараты орнатылды. 1926 жылы Қызылорда қаласында орнатылды.

Кеңес одағы мен Қазақстанның көптеген ғалымдары ветеринариялық рентгенология ғылымына үлкен үлес қосты. Оның ішінде мал және құстың минералдық зат алмасу құбылысының бұзылуын анықтауда Г. В. Домрачев, И. Г. шарабрин, Н. З. Абжорин, Е. И. Липин, Е. Ф. Дымко, тыныс алу ағзаларының ауруын анықтауда Г. В. Домрачев, В. А. Липин, М. Т. Төрехина, Н. П. тихомиров, А. И. Бухтияров, Ә. Ермаханов, Ж. І. Қазиев және басқалар ауылшаруашылық малдарының салыстырмалы рентген- анатомиясында Г. Г. Воккен, Ө. К. Есқожаев бөгде заттардың орналасуы мен оның тереңдегін анықтауда А. А. Веллер, Л. А. Крунтовский, сүйектің сынығы мен оның жіктемесін А. Л. Хохлов, П. П. Андреев және басқалар, флюрография саласында Р. Мустакимов, Е. Ф. Дымко, А. И. Бухтияров, Ж. І. Қазиев және басқалар болды.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының алғашқы рентгенолог дәрігері А. П. Бертггрин 1937-1960 жылдар аралығында жұмыс атқарды. Ол тірі қара малдарды рентгенологиялық зерттеуге арналған арнайы құрылғыларды жетілдіру саласында жұмыстар жүргізеді. Клиникалық диагностика және рентгенология кафедрасының меңгерушісі ( 1967-1992 ж. ж) профессор Е. Ф. Дымконың жетекшілігімен 1970 ші жылдары ветеринариялық дәрігер -рентгенолог А. Напалков (1961-1974ж. ж) М. Джапаров рентген сәулесінің жануарлар ағзасына кері әсерін зерттеп, көптеген мақалалар жасады.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветеринариялық рентген кабинеті меңгерушісі қызметін 1990 жылдан осы уақытқа дейін жоғары дәрежелі ветеринар - рентгенолог, ветеринаря ғылымдарының докторы, Ж. І. Қазиев басқарды. Оның ғылыми жұмыстары профессор Ә. Н. Ермахановтың жетекшілігімен техногенді энзотия аймақтарындағы жануарлардың дентофлюроз ауруларының жиілігі мен сүйек ұлпасының өзгерістерін зерттеу болды. Кейінгі жылдары Ж. І. Қазиев рентген-контрасты заттардың ағзаға тигізетін кері әсерін төмендету, бауыр мен көкбауыр ауруларының дифференциальді-диагностикасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. Зерттеулер нәтижесінде жүзге жуық ғылими мақалалар, патенттер мен әдістемелік нұсқаулар, монография баспадан шықты. 2007 ж. Алғашқы қазақ тілінде шыққан «Ветеринариялық рентгенология» оқу құралының авторы.

Қазиев Жамбыл Ізтлеуұлы

Қазіргі заманауи рентгендік құрылғылардың көмегімен рентген сәулесі тек медецина мен ветеринария саласында ғана емес, сондай -ақ техниканың салаларында: рентгендік дефектоскопия ( әр түрлі ақауларды, жарақаттарды, қуыстарды анықтауда) рентгендік спектороскопияда (заттардағы электрондардың күйлер тығыздығының энергия шамасы бойынша таралуын, химиялық байланыстың табиғатын зерттейді), рентгендік астрономияда (ғарыштан келетін рентгенсәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің химиялық құрамы ғарышта болып жатқан физикалық процесстер туралы деректер) сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде, криминалистикада, археологияда т. б. салаларда кеңінен қолданылады.

Тест

Ветеринариялық рентгенологияның Қазақстанда даму

тарихы

1. Рентген сәулесі ашылған күн және жыл?
а) 1926 жыл 8 ақпан б) 1895ж 28 желтоқсан

ә) 1923 жыл 25 қараша в) 1895ж 8 қараша

2. Қазақстанда ең алғаш рентген аппараты қай қалада және қай жылы орнатылыды?

а) Ақмолада 1920 жылы б) Қызылордада 1926 жылы

ә) Верныйда 1923 жылы в) Семейде 1928 жылы

3. Алматы зоотехникалық -малдәрігерлік институтының алғашқы рентгенолог дәрігері кім ?

а) Ж. Қазиев б) Ә. Ермаханов

ә) А. Берггрин в) М. Джапаров

4. 1990 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветеринариялық рентген кабинетінің меңгерушісі кім ?

а) Ж. Қазиев б) Ә. Ермаханов

ә) А. Берггрин в) Е. Дымко

5. 1967-1992 ж. ж Клиникалық диагностика және рентгенология кафедрасының меңгерушісі кім?

А) Е. Дымко б) М. Джапаров

ә) Ж. Қазиев в) Ә. Ермаханов

Рентген сәулесінің қасиеттері

Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады.

Қазір біздің еліміздегі барлық азаматтар жылына бір рет флюорография өтуге тиіс. Рентген сәулелерінің жәрдемімен адам ауырғанын сезе бастаудан бұрын, ауруды алдын ала анықтап білу үшін, кеуде клеткаларынын суреті түсіріледі.

Рентген сәулесі -дегеніміз анодтың көлбеу бетінен шағылысып сынған электрондар емес, ол электрондардың жоғары жылдамдықппен келіп анодтың вольфрамды айнасының бетіне ұрылып, бірден тежелуінен пайда болған электромагнитті тербеліс.

Рентген сәулелерінің ашылуы. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды. Осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті.
Ғасырдың аяғында аз қысымды газдардағы разряд физиктердің назарын аударды. Бұл жағдайларда газ-разрядтық түтіктерде өте шапшаң электрондардың ағыны туғызылған. Сол уақытта оларды катод сәулелері деп атаған. Бұл сәулелердің табиғаты сол кезде сенімді түрде тиянақтала қоймаған еді, тек бұл сәулелердің шығатын басы түтіктің катодында екені ғана мәлім болған.
Рентген сәулесінің негізгі қасиеттері

  1. Рентген мөлдір емес денеден және заттардан - адам мен жануарлар денесінен, қағаз, ағаш және де металдың жұқа қабатынан тікелей өтетіндігі
  2. Рентген сәулесінің жарық қоздырғыш қасиеті бар, олардың әсерінен кейбір химиялық заттарда қызуы жоқ жарқылдау көрінеді- оны люменесценция дейді.
  3. Рентген сәулесінің биологиялық әсері. Бұл рентген сәулесінің аз мөлшерінің әсерінен организмдегі зат алмасу құбылысы күшейеді, ал оның көп мөлшері ағзалар мен ұлпалардың, торшалардың қызметіне кері әсерін тигізеді.
  4. Ренген сәулесі фотопластинка мен фотепленканың жарыққа сезімтал қабатына, жарық сәулесі тәрізді әсер әтеді, ол рентгенпленканың бетіндегі бромды күміс тұзын ыдыратады.
  5. Рентген сәулесі ауаны иондайды, яғни ауаның құрамындағы газдадың атомдарын зарядталған электр бөлшегіне ыдыратады. Соның салдарынан ауа, өз бойымен электр тоғын өткізу қасиетіне ие болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рентген сәулелерінің жұтылуы
Ультракүлгін сәулелену туралы түсінік
Өкпе қабының ауруы
Рентген сәуле шығаруының медицина мен фармацияда қолданылуы
Рентгенология.Құрылымдық кристаллографияның негіздері.
Генетикалық тұқым қуалау мен ортаға байланысты және экзогендік аномалиялар
Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасуы
Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы
Анатомия ғылымының салалары
Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz