Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тhe Best Pedagogical Research - 2019
Ғылыми мақала
Зерттеу түрі: Сауалнама, статистика, сұхбат.
Тақырыбы: "Білім беру жүйесіндегі актуалды мәселелер"

Педагогика - білім беру, яғни адамның өмірлік тәжірибесін дамыту туралы ғылым. (А.М.Новиков)
Педагогика -- пайдагогос (грек тілінде пайд -- бала, гогос -- жетектеу деген сөздерден құралған) -- бала жетектеу деген мағынаны береді. Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мәні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Жалпы XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек ? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос , сырлас бола білетін, оларға энергиясыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне , мейлі ол ұшқыш , мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың қоғамға тигізіп жатқан үлестері зор. Әрбір елдің негізі - білім беру жүйесі. Білімді ұлт қана өзін биік белестерден көре алады. Елбасымыз айтқандай "Қазір күш сынастыратын заман емес, біліммен сынасатын заман" - деген. Елімізді биік шыңнан көргіміз келсе , ең алдымен білім саласын жоғары деңгейге жеткізуіміз қажет. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз оқушының ата - атасын білуі, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Мұғалім мен ата-ананың байланыста болуы , оқушының жақсы білім алуымен қатар, продуктивті жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Мұғалім өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. К.Д.Ушинский айтқандай, Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек. Мұғалім әрбір сыныпта болатын қиын жағдайдан шыға алудын жолын білуі керек .Және де ондай мәселеде оқушыға зекіп бермей , керісінше жеке сөйлесуі дұрыс. Мұғалім - қоғамның кірпішін қалаушы. Сондықтанда мұғалім көпшіліктің алдында сөйлеуге ұялмауы шарт. Өзін сенімді ұстағаны абзал ! Ұстаздық жол ауыр жол , әрі жауапкершілігі өте үлкен. Әрбір істі ықыласпен істесен оның нәтежиесі керемет болады. Дәл солай сабақты да ықыласпен түсіндірсен сабақ қызықты, әрі нәтежиелі өтеді. Мұғалім сабаққа кіргенде сырттағы барлық проблемаларын ысырып кіруі қажет деп есептеймін. Бұл оқушыларға қатты әсер етеді. Егер мұғалім сабаққа ашулы, көңіл күйі жоқ болып келсе, оқушылардыңда сабақты түсінуге деген ниеттері болмайды. Әрбір адам өз ісінің шебері болуы шарт деп ойлаймын. Сол сияқты мұғалімде өз мамандығын супер білуі керек. Сонда оқушылар ол кісіні сыйлайтын болады. Ұстаздың жан-жақты болуы қажет. Жан-жақтылығы арқылы ол оқушыларды қызықтырып , көңілін өзіне аудара алады.

Білім беру жүйесіндегі өзгеріс не үшін қажет ?

Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі дамыған, жан-жақты,шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,дүние-танымы биік,білімдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Ғаламдану өркениетімен қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.
Әлем елдеріндегі білім беру жүйесінің құрылымы түрліше.Әлем елдерінің білім беру жүйесі ерекшеліктеріне қарай даму үстінде. Себебі кез келген елдің бәсекелестік мүмкіншіліктері көбіне білім беру жүйесінің жай-күйімен анықталатын мемлекеттің әлеуметтік капиталының дамуына тәуелді.
Білім деңгейінің жоғарылығымен танылған мемлекеттер ғаламдану үдерісіне сәйкес реформалар жүргізуде. Білім беру жүйесіндегі реформаға негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері :
- қоғам дамуының жылдамдығы;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқындылығы;
- ғаламдық проблемалардың шығуы және анықталған тақырыптарды бірлесіп шешу мәселелері ;
- қоғамның ашық демократиялығы ;
- экономиканың өсуі мен бәсекелестіктің қарқынды жүруі;
- адам ішкі әлеуетінің мүмкіндіктері.

Әлем елдерінің білім жүйесін бір-бірлерімен салыстырар болсақ, олардың білім жүйесі әр түрлі деңгейде дамуда.
Дүние жүзінің білім жүйесін зерттеген сарапшылар дүние жүзі бойынша әр түрлі көрсеткіштерді ала отырып көптеген елдердің білім жүйесін салыстырған.Көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің 26 мемлекеті өздерінің білім жүйесінің озық үлгілерімен ерекшеленген.Солардың қатарында Ирландия, Дания және шығыстағы Тайвань елі де бар.
Өздерінің білім деңгейінің жоғарылығын көрсеткен елдердің білім деңгейінің сараласам , әр елдің білім жүйесінің ерекшеліктері бар .
Ирландиядағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді . Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған.Сондықтан болар Ирландияны әулиелер мен оқымыстылар аралы деп атаған.
Ирландиядағы білім беру ісі жақсы жолға қойылған.Европа елдері бойынша Ирландия мектептегі сабақтары саны көп, ағылшын оқушыларына қарағанда ирландықтар әр түрлі деңгейдегі емтихандарды көбірек тапсырады.Ирланд мұғалімдеріне қойылатын талаптар да жоғары. Ирланд мұғалімдерінің жалақысы өте жоғары.Мұғалім -мәртебелі мамандық иесі.
Қазіргі уақытта Ирландияда білім беру ісін басқару және жауапкершілік Білім және ғылым департаментіне (DES)жүктелген. Департамент білім беру аспектілерін қарастырып, оқу жоспарлары мен ұлттық сынақ байқауларын өткізеді.
Орта білім беру сатысындағы мектептер орта мектеп, кәсіптік мектеп,қоғамдық және бірыңғай мектеп бөлінеді. Мектептің типі қаржыландыру көзіне байланысты анықталады.
Ирландияда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасқан. Міндетті білім алушылар 6-19 жас аралығындағы балалар қамтиды. Бұл елдегі барлық бастауыш мектеп 1999 жылдан жалпы мектеп бағдарламасы - The Primary School Curriculum- мен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушылар негізгі пәндер және ана тілі ,ағылшын тілі, дінтану, дүниетану пәндері бойынша тәлім алады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтары ойын түрінде және топтық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Балалар жастайынан өзара әрекеттестікте, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасып, жастайынан қоғам өміріне бейімделе алатындықтарын зерттеу нәтижелерінен көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне өте көп өзгерістер енгізілді. Солардың ішінде 12 жылдық білім беру, 3 тілде оқыту, топқа бөліп оқыту, бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Менің ойымша 12 жылдық білім беру жүйесі дұрыс , егерде ол сапалы болса. Жәнеде мектепте оқушының өміріне қажетті пәндер оқытылса. Мен мектепте 8 сыныптан бастап оқушының қызығушылығына қарай , таңдаған мамандығына қарай пәндерді жетік оқытатын едім. Сонымен қатар теория жүзінде ғана емес, практика жүзіндеде жұмыс істейтін едім. Ұстаз оқушылармен емін-еркін қарым - қатынаста болуы керек деп ойлаймын. Егер білім сапасыз, әрі қажет емес пәндер оқытылса баланың оқуға деген қызығушылығыда кемиді. 12 жыл оқығаны құр бос уақыт құрту болады. Ал 3 тілділікке келетін болсақ, бұл жүйені 5 сыныптан бастап енгізгені абзал. Себебі, бастауышта оқушылар алдымен өз тілдерін жетік білулері қажет. Егерде бұл жүйе бастауыштан бастап қолданылса, онда тіліміздің деңгейі төмендейді, тіліміз шұбарланып кетеді. Ал қазіргі таңда тіліміз не деген әдемі, көркем десеңізші! Қазақ тілі ең бай тілдердің қатарында. Сөздік қоры бойынша 3 орында. Сондықтан тілімізді құрметтеп,сақтайық. Тілсіз, дінсіз ұлт болмайды. Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте деген бар емес пе?! 3 тілділік арқылы көп ақпарат алуға мүмкіндігіміз ашылар еді. Себебі, дамыған елдердің бәрінде ағылшын тілі қолданылады. Осының арқасында көп зерттеулер жүргізіліп, жаңа технологиялар жасалынатын еді. Тіпті бұрыннан ақ дәрі дермектер ағылшын не латын тілінде жазылған. Қазіргі таңда 3 тілділік пен латын тіліне көшу арқылы өмір сүруіміз оңай бола түсер еді. Кәсіби шеберлігіміздің зор, білім өрісіміздің кең, зиялылық және танымдылық деңгейіміздің жоғары болуы үшін, өзге елдің мәдениеті мен ділін ұғыну үшін үйренгеніміз жақсы. Алайда елімізге оңай соқпасы хақ. Алдымен мұғалімдерді үйретіп, кейін оқушыларға үйреткен жөн болар еді. Шет тілдерді меңгеру - Қазақстан секілді дамушы елдер үшін аса маңызды мәселе. Ол еліміздің экономикасын, мәдениеті мен ғылымын дамыған мемлекеттер қатарына енгізуде маңызды рөл атқаратын алғышарт. Көптілділік, үш тұғырлы тіл ұлт келешегінің бағдаршамы екендігін әрқашан әрқайсымыздың қаперімізде болғаны абзал. Сонымен қатар қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі мәселелрдің бірі - кітап деп айтар едім. Қазіргі жаңа оқыту бағдарламасына байланысты жазылған 5,7 - сынып кітаптарында кемшіліктер бар деп есептеймін. Өйткені кітаптарда тақырып ашылып жазылмаған, ақпарат өте қысқа жеткізілген. Мысалы қазіргі кезде қазақ тілі кітаптарында ережелер аз кездеседі, тіпті жоқ деп те айтсақ болады. Бұл дұрыс емес. Өйткені оқушы ережені білмесе, жазу сауаттылыеғы төмендейді. Жәнеде солай кете берсе , келешек ұрпағымыз сауатсыз болмай ма деген ой мазалайды. Тағы айта кететін мәселе - бағалау жүйесі. Бұрынғы бағалау әделетсіз болатын деп есептеймін. Қазіргі кезде баллмен есептеу жүйесі қолданылады. Бұл ұстаздарға тиімді жүйе түрі. Алайда әліде шикіліктер бар. Жәнеде біз болашақ ұстаздар осы мәселені шешуге ат салысқанымыз жөн. Білім беруде елімізде әлі талай шикіліктер бар. Әліде техникамен қамтамасыз етілмеген мектептер саны көп. Білім деңгейіннің төмен болуы білімі нашар мұғалімнен , не педагогикадағы әдістерді дұрыс қолданбаудан. Егерде әрбір адам өз ісінің шебері болғанда, өз мамандығын 100 %-ға емес, 200%-ға білгенде бәрі де керемет болар еді. Педагогика саласындағы осы шикіліктер мен мұғалімдердің қағаз бастылығын көрген оқушылар әрине педагог болуға талпынбайды. Міне, педагогикаға оқушылардың бармауының, таңдамауының себептерінің бірден бірі осы. Және де осы саланы бітіргенімен өз мамандығымен істемейтіндерде елімізде жетерлік. Сол себепті қазіргі таңда мұғалім жетіспеушілік мәселесі туындап отыр. Бұл қазіргі кездегі Қазақстан бойынша педагогтар саны. Біз болашақ ұстаздар өз мамандығымызды сүйіп, оның деңгейін жоғары көтеруіміз керек!

201011
201112
201213
201314
201415*
201516
201617
201718
Қазақстан Республикасы
286 733
304 775
307 972
310 847
305 191
325 184
318 197
296 035
Ақмола
14 453
14 719
14 790
14 650
14 544
15 616
15 420
13 918
Ақтөбе
14 312
16 132
15 955
15 971
15 275
16 920
16 704
15 323
Алматы
33 192
34 633
35 321
35 938
34 810
39 424
36 452
35 161
Атырау
9 692
10 347
10 582
10 716
10 749
11 639
10 595
9 858
Шығыс Қазақстан
12 317
13 978
13 776
13 769
12 556
13 870
14 010
12 097
Жамбыл
21 553
23 082
22 815
23 182
22 997
23 581
23 643
21 673
Батыс Қазақстан
19 803
21 695
21 568
20 956
19 277
21 662
20 634
17 985
Қарағанды
13 309
14 314
14 147
13 925
13 491
14 539
13 743
12 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас педагогикалық процестің теориялық мәні
Акциз салығын есептеу механизмі және төлену тәртібі жайлы мәлімет
Акциздердің экономикалық мәні мен мазмұны
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану әдісі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану жолдары
Пәндер