Қаржылық ресурстар жайлы түсінік


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
  2. Ақша қорлары жайлы түсінік
  3. Ақша қорларының түрлері
  4. Қаржылық ресурстар мен ақша қорларының айырмашылығы

Қаржы ресурстары

« Қаржылық ресурстар » термині теория және тәжірибеде кең қолданылады, ол өзіне банк және өзге шоттардағы ақша қаражаттарының көлемінен бастап кәсіпорын балансының өзге көрсеткіштеріне дейінгі түрлі түсініктерді қосады.

Экономика ғылымындағы қаржы ресурстары термині түрліше түсіндіріледі. Қаржы несие сөздігінде қаржы ресурстары , мемлекеттің, кәсіпорынның шығындарын жабуға және түрлі қорлар мен резервтер құруға арналған ақша қаражаттары.

Ал, экономика энциклопедиясы қаржылық ресурстарға келесідей түсінік береді: бұл - ақша несие және бюджет жүйесі қаражаттары болып табылатын экономикалық ресурстардың негізгі бөлігі.

Қаржы ресурстары ұғымы тек шаруашылық субъект, яғни кәсіпорын деңгейінде түсіндіріледі. Осыған орай, қаржы ресурстары түсінігі астарында шаруашылық субъектінің басқаруында болатын ақшалай кірістер мен түсімдер және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақша қаражаттары түсіндіріледі.

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсімінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Ұйымның қаржы ресурстары - бұл меншікті ақшалай кірістердің және кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған тартылған қаражаттар, ағымдық қаржыландыру шығындары және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар жиынтығы.

Ұйымның қаржы ресурстары шығуы бойынша меншікті (ішкі) және әр түрлі жағдайларда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.

1. Меншікті қаржылық ресурстар өзіне:

  • пайда;
  • амортизациялық аударымдар;
  • өнімді өткізуден түскен табыс;
  • тұрақты пассивтер;
  • құрылысқа салынған мобильді ішкі ресурстарды қосады;

Қаржылық ресурстар кәсіпорынмен өндірістік және инвестициялық қарекет барысында қолданылады. Олар барлық уақытта қозғалыста болады және ақшалай формада тек қана кәсіпорынның кассасында және банктің есеп шоттарында ақша қаражаттарының қалдығы түрінде болады.

Кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығын және нарықтық шаруашылықтағы тұрақты орнын ескере отырып, қаржылық ресурстарын қызмет түрлері және уақыт бойынша бөледі. Қаржылық ғылым қаржыны экономикалық санат ретінде қарастырып қана қоймай, оның ақша қаражаттарының бағытталған қорлары түріндегі материалдық айналысын атап көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастың сыртқы ұстанушылары ретінде қатысады. Олардың қалыптасу көздерін және сәйкесінше ұлттық шаруашылықтың қаржылық ресурстарын ұсынады. Осыған байланысты, қаржылық ресурстар болып мемлекетпен, кәсіпорынмен, ұйыдармен, бірлестіктермен қалыптасқан ақшалай жинақтар және жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық кірісті бөлу - қайта бөлуде құрылатын қаржылық қорлар табылады.

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте құрылады.

Орталықтандырылған тәртіпте мемлекеттік бюджет, зейнетақы қоры және әлеуметтік сақтандыру қоры, өзге де бюджеттен тыс қорлардың ресурстары қалыптасады.

Орталықтандырылмаған әдіспен кәсіпорынның тұтыну қоры және материалдық өндіріс аясының ұйымдары, амортизациялық аударымдар қорлары, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, өзге де қаржылық қорлардың қаржылық резервтері және валюта қорлары қалыптасады.

«Қаржылық ресурстар» түсінігін екі жақты қарастырған жөн:

  • шаруашылық тәжірибесінде қаржылық ресурстар түсінігі астарында кәсіпорынның, мемлекеттің басқаруында болып табылатын жинақталған барлық ақша қаражаттарының және кірістерінің жиынтығы табылады, яғни ақшалай қорлар, несиелік ресурстар, ақша қаражаттарының резервтері. Бұл тәжірибелік түсінік. Кәсіпорынның банктік шотындағы белгіленген мерзімі көрсетілген ақша қаражаттары меншікті немесе тартылғандығына қарамастан кәсіпорынның қаржылық ресурстары болып табылады;
  • жалпы қоғамдық өнімнің (C+V+M) бағалық және материалдық заттай құрылымы тарапынан қарастыратын болсақ, қаржылық ресурстарды өзгеше түсінеміз. Қаржылық ресурстар түсінігі мемлекетте және кәсіпорында өзіне жүктелген функцияларды атқаратын жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық кірістің бір бөлігі болып табылады.

Ақша қорлары

Ақша қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, қаржы ресурстарының бөлігі, қордағы пайдалану бойынша едәуір тұрақты. Мысалы, пенсияны төлеу үшін пенсиондық қор құру, ал еңбекақы төлеу қажет болса, еңбекақы қоры ашылады.

Ақша қорлары бүкіл мемлекеттің(бюджеттен тыс ұлттық сақтандыру қорлары) немесе тіпті белгілі бір мекеменің(амортизация фонды) ақшалай қаржысы болуы мүмкін.

Ақша қорларының түрлері

Жинақтау қоры- өндіру бойынша есеп-қисап жүйесі, капиталды шығындарды толтыруға қажетті жүйе, өнеркәсіпті кеңейтуге бөлінетін қаражат шығару.

Ақша қорларының көмегімен басқару заңнамамен қадағаланады. Негізгі қағидасы: сметаның дұрыстығын тексере отырып, оны пайдалану. Жинақтау қорының пайда болуы және пайдалануы капиталдың иесіне байланысты болады, ал оперативті тәжірибеде ол міндет құжаттармен белгіленіп, қызмет атқаратын орындар жасайды.

Қаржы қорларының негізгі көздері оның аттарын қалыптастырады: амортизациондық; инвестициялық; резервтік; сақтандыру; ассоциативтік және сапалық, пенсиондық және т. б.
Инвестициялық қорлар дербес қор ретінде қалыптастырылады. Инвестициялық қорлардың тура және жанама түрлері бар. Капиталды салымдарға инвестициялау - өзінің қаражатын толтыру үшін, құрал жабдықтар, жаңа технологияларды алу үшін өндірістік және өндірістік емес қор қалыптасуы. Инвестициялық қорлардың қалыптасуында меншікті және қарыздық түрде ресурстар пайдаланылуы мүмкін.

Меншікті ресурстарға: табысқа белгіленген салық, жергілікті салықтардың сызбасы, бюджетті және бюджеттік емес қорлардың қаражаты. Бюджеттік және бюджеттік емес қорларды қаражаттандыру мақсатты болуы тиіс.
Тұтыну қоры екі бөлімнен тұрады: меншік иесінің тұтыну қоры; еңбектік ресурстарды қолдану. Қорлар қалыптастыру көздеріне байланысты бөлінеді. Қорлардың қаражаты мекеме ішінде немесе сыртында қалыптасуы мүмкін, яғни жұмыскерлерге еңбекақы төлеумен айналысатын мемлекеттік емес қорлар.
Тұтыну қоры негізгі үш түрге бөлінеді: жалақы қоры, әлеуметтік сипатта және т. б. Бұл қорлардың негізгі көзі өзіндік құн, пайда шығын болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Десерт-бар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Басқару обьектілерінің функциялары
Басқару ғылымының дамуы
Жоба жайлы жалпы түсінік
Бизнес жоспарды құру негізі
Қарыз капиталы жөнінде түсінік, коммерциялық банктердің ресурстарының кұрылымы
Қаржылық есеп беру және оның талдауы
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Сатуға арналған айналымнан тыс активтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz