Зығыр



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
----------------3
І – тарау. Зығыр (Linum) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері ---------- 5
1.1. Зығыр өсімдігінің шаруашылықтағы маңызы,
өсірілетін аудандары-------------------------- -------------------------
-------- 6

1.2. Жіп талшықтарын алуға және май алуға арналған зығырдың
айырмашылықтары..------------------ ----------------------------------- ------
------- 6

1.3. Зығыр бүргесі.--------------------------- ------------------------------
------------ 8
1.4. Зығыр өсімдігінің дәрілік қасиеті ----------------------------------- --
-------9

II – тарау. Зығыр өсімдігін өсіру технологиясы, ұрығын себуге дайындау,
себу нормасы ----------------------------------- ----------------------------
-----------10
2.1. Майлы дақылдардың биологиялық ерекшеліктері.--------------------- - 11
2.2. Майлы дақылдардың дәндерінің сапасы -----------------------------------
11
2.3. Зығыр өсірілетін егістікті күтіп баптау -------------------------------
------13
2.4. Зығыр өсімдігін өсіру үшін топырақты тыңайту және өңдеу жұмыстарын
жүргізу.----------------------------------- -----------------------------14
Тәжірибелік бөлім. (Ылғалдану жағдайында майлы дақылдар тұқымында майдың
жиналуы) ----------------------------------- --------------------------------
-15
Қорытынды.----------------------------------- -------------------------------
----------19
Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ----------------
------21

КІРІСПЕ.

Майлы өсімдіктерге зығыр, күнбағыс, қыша, рапс, майкене, мақсары және
басқа да дақылдар жатады. Бұл дақылдар дәнінің құрамында 30-52 пайыз май
болады. Осы қасиеттеріне қарай майлы өсімдіктер халық шаруашылығында жан-
жақты пайдаланылады.
Өсімдік майы сіңімді тағам. Сондықтан олар маргарин, консерв,
кондитер, нан пісіру өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
өсімдік майлары тоқыма өнеркәсібінде (су өткізбейтін маталар, сиса
жасау), клеенка өндірісінде, медицина саласында қолданылады. Олар жеңіл
өнеркәсіп өндірісінде, яғни сабын, зәйтүн, линеолеум өндіру үшін шикізат
қоры болып табылады.
Май бұршақтың күнжарасы мен майкене қоспалары желім, пластмасса және
басқа заттар алу қолданылады. Кейбір майлы өсімдіктердің (күнбағыс, зығыр
және тағы басқалары) күнжаралары мал үшін концентратты бағалы жем. Көптеген
майлы дақылдар балды өсімдіктер.
Өсімдік майы әртүрлі май қышқылдар қосылысынан құралған күрделі үш
атомды спирт глицеринді эфирлер.
Ақуыз және көмірсу қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз
қышқылданатын жоғарғы кернеулі қосылыс, өйткені 1 г. өсімдік майында 9500
калория болса, ал 1 г. Ақуыз бен калий сутегінде осыған сәйкес 4400-4500
және 1000-1200 калория бар.
Әртүрлі майлы дақылдардың дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы
топырақ, климат, қолданылатын агротехника, әр өсімдіктің сорттары мен
түріне байланысты болады. Мысалы , күнбағыс дәніндегі майдың мөлшері 29,0
пайыздан 56,9 дейін ауытқыса, мақсарының дәніндегі мөлшері осыған сәйкес
25,0-37,0 пайыз аралығында болады.
Иодтық санының мөлшеріне қарап Л.С.Иванов барлық майлы дақылдарды үш
топқа бөлді:
Бірінші топқа техникалық мақсатта қолданылатын,тез кебетін иодтық
саны130-дан жоғары зығыр, церилкі және басқа өсімдіктерден алынатын майлар
жатады;
Тамаққа пайдаланылатын, бая кебетін, иодтық саны 85-тен 130-ға дейінгі
күнбағыс,май бұршақ, қыша, рапс, мақсары және басқа дақылдардан алынатын
майлар екінші топқа кіреді;
Үшінші топқа тамақ және техникалық мақсат үшін пайдаланылатын,
кеппейтін, йодтық саны 85-тен кем майкене және басқа өсімдіктерден алынатын
майлар жатқызылады.
Өсімдік майларының түрі, дәмі, консистенциясы және басқа белгілері
жағынан да бір-бірінен айырмашылығы бар. Қазақстандағы 2006 жылғы майлы
дақылдардың егіс көлемі 670,0 мың, оның ішінде суармалы жерлерде 37,0
гектар болып, олардың әр гектарынан орташа есеппен 7,0 центнерден жиналып,
жалпы өнім 229,76 мың тонна болды.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Зығырдың биологиялық ерекшеліктерінің шаруашылықтағы маңызын анықтау
және өсіру технологиясын зерттеу.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТІ:

1. Зығырдың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
2. Зығырдың өсуіне сыртқы орта факторларымен, тыңайтқыштардың әсерін
зерттеу.
3. Зығырдың өсіру технологиясының ерекшеліктерін анықтау.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

Зығыр өсіруде ылғал факторы ең басты болып табылады. Себебі бұл
фактор май түзілу процесінің қалыптылығын қамтамасыз етіп, майдың көп
мөлшерде түзілуіне, оның сапасының жақсаруына ықпал етеді. Ал зығырды аз
суғарған жылы өнім аз болады. Егер зығыр өсімдігі ылғалмен жақсы қамтамасыз
етілсе, онда жыл сайын зығырдан мол өнім шығатын еді.

І – тарау. Зығыр (Linum) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері

Бір жылдық не көп жылдық өсімдік. Зығырдың субтропик және қоңыржай
аймақтарда өсетін 300 – ге жуық түрлері белгілі. Екпе зығыр дара сабақты не
сабағының төменгі жағы тармақталған, тықыр, тұтқыр балауызды жұмыр келеді.
Жапырағы кезектесіп орналасқан, шеті тұтас, қандауыр тәрізді. Гүлі ұсақ
көкшіл, күлгін, қызғылт, ақ , өздігінен тозаңданады. Жемісі қауашақ, тұқымы
жалпақ, жылтыр 44 пайызға дейін май болады. Зығырдың көп жылдық жабайы және
екпе түрінің дәнінен май, сабағынан талшық алынады, әсемдік үшін де
өсіріледі. Зығырдың талшығы ширатылып келген ұзын, одан әртүрлі мата
тоқылады. Екпе зығырдың бірнеше топтары бар. Мысалы: шуда зығырдың биіктігі
80 – 100 см сабағында 25 пайыз талшық болады, май алу үшін өсіріледі.
Межеумок зығыры көбіне тұқым алу үшін өсіріледі. Бұйра зығырдың биіктігі 30
– 35 см, шоқталып өседі, тұқымды көп береді, одан май алынады. Ірі дәнді
зығырдың дәнінде май болады. Зығырдың әртүрлі сорттары Ресей, Белоруссия,
Украина, Латвия, Эстония, Орта Азияда, Қазақстанда өсіріледі.
Қазақстанда екпе зығырдың бірнеше сорттары бар: Сибиряк сорты -
Ақмола, Орал; Солтүстік Қазақстан; Авангард сорты – Алматы, Ақмола;
Қарабалық – 3 сорты – Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан; Воренеждік – 1308
сорты – Ақмола, Орал; Вир – 1650, Вир – 1647 сорттары – Шығыс Қазақстан,
Ақтөбе; Шокиндік – 1 сорты – Алматы; Шөре зығыры – Алматы, Ақтөбе;
Гиссарлық – 474 сорты – Алматы облыстарында өсіріледі. [ 1 ]

1.1. Зығыр өсімдігінің шаруашылықтағы маңызы,
өсірілетін аудандары

Зығыр үш мақсатта, яғни тек талшық (талшықты зығыр), тек дән (майлы
зығыр), бір мезгілде талшық және дән алу үшін өсіріледі.
Талшықты зығыр негізінен Ресейде шоғырланған. Ол тоқыма өнеркәсібі
үшін бағалы шикізат, өйткені оның сабағында 20-28 пайыз талшық, ал дәнінде
33-37 пайыз май болады.
Зығыр талшығынан маталар мен бұйымдар (орамал, дастарқан және басқа)
әрі сәнді, әрі берік болады. Зығырдан жасалған қаптар өте мықты келеді.
Зығыр майы тамақ өнеркәсібінде, косметика саласында кеңінен қолданылады.
Лак, баспахана бояуларын жасауда зығыр майы ең бағалы деп есептеледі. Зығыр
күнжарасының құрамында 30-36 пайыз ақуыз және 32 пайызға дейін азотсыз
заттар болады, сондықтан ол малға құнды концентратты жем.
Қазақстанда тек майлы зығыр өсіріледі. Оның егіс көлемі Қостанай,
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында шоғырланған. Аталған
облыстарда 2006 жылы 23,0 мың гектар майлы зығыр себіліп, оның әрбір
гектарынан алынған орташа өнім 4,6 центнер, ал жалпы түсімі 1,00 мың тонна
болды.
Қазақстанда 2006 жылы зығырдың Костанайский янтарь, Исилькульский,
карабалыкский-7 және Сибиряк, Орал сорттары аудандастырылып себілді. [ 3 ]

1.2. Жіп талшықтарын алуға және май алуға арналған зығырдың
айырмашылықтары.

Зығыр тегі 200 – ге жақын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді
біріктіреді. Оның ішінде біреу ғана – мәдени зығыр ғана жіп талшықтарын
және өсімдік майын алу үшін егіледі. Бұл түр бес: 1. жіп иіретін талшық
алуға арналған, 2. кудряш немесе май алуға арналған, 3. осы екеуінің
арасындағы аралық, 4. ірі дәнді, 5. төселіп өсетін жартылай күздік
топтарға бөлінген.
Зығыр біржылдық өсімдік. Сабағының қабығында буда – буда болып пектин
заттарымен желімденген кендір жіп талшықтары бар. Одан түтілген кендір жіп
бөлініп алынады. Оның мөлшері 20 пайызға дейін жетеді. Сабағының және
бұтақтарының ұшында дән салатын қауашықтар болады. Қауашықтың іші 5 ұяға
бөлінген. Оның әрқайсысы екі бөліктен тұрады. әр бөлігінде бір – бірден ,
ал бір қауашықта 10 дән пайда болады.
Зығырдың дәні жалпақ, жылтыр жұмыртқа формалы , ұшында имек
құстұмсығы бар. Түсі қоңыр немесе сары. Ұзыны 3 – 6 мм, көлденеңі 1,8 – 3,2
, қалыңдығы 0,5 – 1,5 мм. 1000 дәннің массасы 3,5 –нан 15 г-ға дейін.

Көрсеткіштері Жіп иіруге Майлы кудряш
арналған,
талшықты

Өсімдіктің биіктігі, см Биік – 70+125 Аласа 30+50
бұтақтануы Бұтақтамайды Бұтағы өте көп
Бір түптен шығатын өсімдік саны 1 4-5
Бір өсімдіктегі қауашақ саны 9+12 30+50
1000 дәннің массасы, г 3,7+5,5 4+8
Майлылығы, пайыз 31+50 38+50
Пайдалану орны Талшық алуға Май алуға

Ұрық эндоспермнің ортасында орналасқан. Ол екі жарнақтан тұрады. Оның
екеуінің арасында гүл түйіні орналасқан. Дәннің қабығы суға тисе ісініп,
өзіне суды өзіне көп тартып алады да, тез шырыштанады. өнгенде қабығы
ашылып екі жарнағы сыртқа шығады.

Ұрығы өте үлкен – дәнінің 56 – 70 пайызын алады, ал эндоспермі – тек
11 -25, қабығы – 16 – 20 пайыз болады. Олардың химиялық құрамы төмендегі
кестеде берілген. [ 12 ]

Дәннің бөліктері Май Белок Клет- Күл Көмір Су Әр бө-
Nх25 чатка сутек ліктің
тер қаты-
насы

Ұрық 59 19 1,3 4,36 16 4 69
Эндосперм 40 32 5,0 3,0 20 5 13,6
Қабығы 8 1 18,0 3,0 62 11 17
Тұтас дән 48 21 4,0 4,0 22 4 100

Қазақстанда тараған сорттары:
Воронежский 1308 – биіктігі 38 – 77 см, дәні қоңыр түсті, майлылығы 37
– 47 пайыз, 1000 дәннің массасы 7 гр. ВИР 1650 – биіктігі 40 – 80 см, дәні
қоңыр түсті, майлылығы 40 – 45 пайыз, 1000 дәннің массасы 7 гр.
Жаңа сорттары ВНИИМК 390, ВНИИМК 64 т. б. жаңа тарай бастаған.
Зығыр дәніне екі стандарт жасалған: ГОСТ 11549 – 46. Жіп талшықтарын
алуға арналған зығыр, ГОСТ 10582 – 46 Май алуға арналған зығыр деп
аталған стандарттар. [ 8 ]

1.3. Зығыр бүргесі.

Зығыр бүргесі – жапырақ жегі тұқымдасының зығырды зақымдайтын үш түрі;
көк зығыр бүргесі, ұзындығы 1,8 – 2 мм; қоңыр зығыр бүргесі; қара зығыр
бүргесі, ұзындығы 1,2 – 1,5 мм. Зығыр бүргесінің личинкаларының түсі ақ,
ұзындығы 2 – 4 мм. Зығыр бүргесі көбіне шуда зығыр мен майлы зығырды
зақымдайды. өсімдік қалдықтарының астында және топырақ арасында қыстайды.
Зығыр бүргесі зығырдың жапрақтары, бүршіктерімен қоректенеді. Бұдан
зығырдың өсуі баяулап,түсімі төмендейді. Жұмыртқасын топырақ бетіне салады,
личинкалары бір ай дамиды да, зығырдың тамырымен қоректеніп, топырақ
арасында қуыршақ сатысынан өтеді. Маусым – шілде айларында ересек қоңыздар
шығады, зығырды зақымдайды, сабағының қабығын жейді. Көк зығыр бүргесі
зығырдың 15 – 20 пайызын, қалғандары 80 – 85 пайызын зақымдайды. Қар аз,
қыс қатты болған жылдары зығыр бүргесі аз болады. Зығыр бүргесімен күрес
шаралары: личинкалары мен қоңыздарына қарсы 0,2 – 0,3 пайыз анабазин –
сульфат, никотин – сульфат ерітінділеріне 0,4 пайыз сабын ерітіндісін
араластырып шашады. 1 га-ға тифосфаттың 0,025 – 0,05 пайыздық 400 – 500 л.
ерітіндісін бүркеді. 1 га-ға дусты мен ГХЦК тозаңдатады.
Бидайдың тасбақа тәрізді сары ала қоңызы сияқты күнбағыстың сары ала
қоңызы бар. Ол тұқымды жеп қояды. Оған жоңыршқа, қызылша және шөп ала
қоңыздары жатады.
Күнбағыс от көбелегі күнбағыстың дәнін тесіп жейді. Қазір сырты қара
шайырдан сауыты бар сорттар шығарылып, олардың сыртқы қауызын от көбелектер
тесе алмайды. Кейінгі кезде осы сортты тұқымды пайдаланудың арқасында
күнбағыстың түсімі едәуір өсті.
Бұлардан басқада дағыстандық аталық ұрық жегіш, акацияның от көбелегі,
капуста совкасы, люцерна совкасы т.т. көптеген жәндіктер майлы тұқымды
өсімдіктерді жеп зиян келтіреді.
Қазақстанда дала сарышұнақ тышқандары да көптеген зиян келтіреді. Олар
барлық егістерді жейді. [ 6 ]

1.4. Зығыр өсімдігінің дәрілік қасиеті

Бұл – зығыр тұқымдас, жұмыр сабақты бір жылдық өсімдік. Жапырақтары
кезектесіп өседі. Гүлдері көгілдір, шатырша тәрізді шашаққа жиналып өседі.
Жемісі – шар тәрізді қауашақ. Биіктігі 30 – 60 сантиметр.
Маусым – шілде айларында гүлдейді.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында, еліміздің европалық бөлігінде,
Сібірде өсіріледі.
Химиялық құрамы. Дәнінде май, белокты заттар, көмісутегі, шырыш, А
витамині, ферменттер мен органикалық қышқылдар бар. Дәннің қабығында
линокофеин, линоцинамин, минамарин глюкозиді және метил эфирі болады. Су
тиген кезде линамарин синиль қышқылына, глюкозаға және ацетонға бөлінеді.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа зығырдың шілде – тамыз айларында жиналған
дәндерін пайдаланады. Ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Дәндердің шырышты қайнатындысымен халық медицинасында асқазан мен
ішектің , несеп жолының, тыныс органдары шырышты қабығының қабынуын
емдейді, іш жүргізуге береді.
Неміс халық медицнасында дәнінің шырышты қайнатындысымен құрғақ
жөтелге, дауыс қарыққанда, бүйрек ауруларына, геморойға, ревматизм мен
құяңға ем ретінде қолданылады.
Зығыр майын әкті сумен қосып дененің күйген жеріне жағады. Сондай – ақ
одан әртүрлі майлар дайындайды.
Ұсақталып ыстық суға шыланған зығыр дәнін ауруды бәсеңдететін және
қабынудан сақтайтын дәрі ретінде пайдаланады. [ 5 ]

II – тарау. Зығыр өсімдігін өсіру технологиясы, ұрығын себуге дайындау,
себу нормасы.

Майлы дақылдар тобына дәнінде едәуір өсімдік майын ұстайтын дақылдар
жатады. өсімдік майын көбінесе тамаққа, бояу жасауға тағы да басқа өндіріс
салаларында пайдаланады. Тамақ өнеркәсібінде оны таза күйінде, маргарин
және басқа кулинарлық майлар жасауға пайдаланады. Маргарин тек күнбағыс пен
мақта майынан жасалады. Асханалық майларды тек төмен температурада
дайындайды. Оған тазартылған майлар жатады. Консерві жасағанда оған қоспа
ретінде тазартылған күнбағыс, мақта, зәйтүн, қыша, жер жаңғақ, күнжіт
майлары немесе олардың қоспалары пайдаланылады. өсімдік майы сабын жасауға,
жағар май ретінде, лак, бояу, олифа, линолеум, клеенка, су өткізбейтін
маталар шығаруға, жеңіл және металл өңдейтін өнеркәсіптерде, ең соңы шойын,
темір қорыту өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады. Бұдан көптеген дәрі –
дәрмек те алынады.
Май өнеркәсібінің қалдықтарын халва жасауға, кейбір жетіспейтін амин
қышқылдарын алуға және нан пісіргенде оған қосымша бағалы құнарландырғыш
ретінде пайдаланылады.
Майлы өсімдіктердің, майын алғаннан кейінгі қалған, тамаққа
жарамайтын қауыздарынан әртүрлі химиялық заттар алуға болады.
Асханалық өсімдік майын престеу әдісімен сығып алғаннан кейін қалған
қалдықтарын да (күнжарда, дурандыда, колобта, макухада, избопнада, жмықта)
8 – ден 10 пайызға дейін май, 30 – 35 пайыз белок қалады, ал
майдыэкстракция әдісімен органикалық еріткіштерді пайдаланып ерітіп бөліп
алғанда, одан шрот сығынды деп аталатын қалдық қалады. Онда 3 пайызға жақын
май, 20 – дан 50 пайызға дейін белок қалады. Бұл қалдықты малға жем ретінде
пайдалану өте тиімді.
Майлы тұқымды өсімдіктердің кейбіреулері – күнбағыс, сафлор, макене,
рапс, қышыбас, арыш, күнжітті тек май алу үшін ғана өсіріледі, ал мақта,
зығыр, сора, кенеп, кендір сияқты өсімдіктеді негізінде жіп талшықтарын
алу үшін өсіреді де, ұрықтарын май алуға пайдаланады. Ал олардың қалдықтары
мысалы, пакля құрылыста қолданылады.
Майлы дәнді дақылдар әртүрлі тұқымдастықтарға жатады. Күнбағыс,
мақсары – күрделі гүлділер, майкене – сүттіген, қыша, рапс, қышыбас, арыш –
шаршы гүлді өсімдіктер, зығыр – зығырлар, сора – қалақай, мақта – мальва,
көкнәр – көкнәрлар, күнжіт – сезам, соя мен жер жаңғақ – бұршақ
тұқымдастарына жатады. Сондықтан олардың дәндерінің формасы, түсі, мөлшері,
химиялық құрамы және құрылысы өзгеше болып, біріне бірі ұқсамайды. Тек қана
олардың құрамында майдың көп болуы ғана ортақ көрсеткіш болып есептеледі.
Олардан алынатын майдың құрамы да, қасиетері де әртүрлі болады. Олардың
химиялық құрамы және сапалық көрсеткіштері Астық биохимиясы пәнінде толық
беріледі. [ 10 ]

1. Майлы дақылдардың биологиялық ерекшеліктері.

Зығырдың тұқымы топырақ + 3 – 4 °С қызғанда өне бастайды,
температура + 10 – 12 °С жеткенде тез және біркелкі көктеп шығады. Көктеп
шыққаннан піскенге дейінгі ауаның орташа тәуліктік температураның жиынтығы
1600 – 1800 °С – ға тең.
Зығыр – ылғал сүйгіш өсімдік. Ол өсуі үшін топырақтың ылғалдылығы оның
толық далалық ылғал сыйымдылығының 70 пайызына тең болуы керек. Ылғалды ең
көп қажет ететін мезгілі – бүрлену.
Зығыр үшін ең қолайлысы қара және қызыл – қоңыр топырақтар. Сортаң
топырақта зығыр өспейді.
Алғы дақыл. Тамыр жүйесі нашар және алғашқы кезде өсімдік баяу
өсетіндіктен ауыспалы егістікте зығырды жақсы алғы дақылдардан кейін
орналастырғанда ғана одан тәуір өнім алуға болады.
Зығырдың жақсы алғы дақылдары жүгері, сүрі жерден кейінгі бірінші
жаздық бидай, дәнді бұршақты дақылдар болып саналады.
Саңырауқұлақ ауруларынан сақтандыру үшін зығырды бұрынғы орнына 5 – 6
жылдан бұрын қайталап себуге болмайды. [ 4 ]

2. Майлы дақылдардың дәндерінің
сапасы.

Майлы өсімдіктер дәндерінің бәрінен бірдей және қайсысының өзіне ғана
тән сапалық қасиеттері бар. Бұл тақырыпта тек қана бәріне бірдей қатынасы
бар сапалық көрсеткіштерді келтіреміз.
Дәннің түсі – түгі мен иісі арқылы оның жаңалығын (немесе ескілігін)
және жақсы сақталғандығын білуге болады. Жақсы піскен дән осы өсімдіктің
өзіне тән түсінде болады және оның жылтырлығы да жақсы сақталады. Көпшілік
өсімдіктердің (күнжіт, көкнәр) дәнін стандарттарда түсіне қарай типтерге
бөледі. Егер піспеген дән болса, ол көк түсті, ал ескі немесе ылғалы жоғары
болған жағдайда сақталса, онда оның ең алдымен жылтырлығы, одан кейін
өзіндік түсі және иісі жойылып кетеді., қараяды.
Майлы дәннің сақталу ылғалдылығы дәнді дақылдарға қарағанда әлде
қайда төмен болады. Оның межесі көпшілік майлы өсімдіктердің дәні үшін 8 –
10 пайызға тең. Дәннің құрамында май көп болғандықтан олар суды өзіне
тартып алып және ұстап тұра алмайды. Осы себептен дәннің құрамындағы басқа
крахмал, белок ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗЫҒЫР ТАЛШЫҚТЫ МАТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Зығыр талшығының құрылымы және қасиеті
Зығыр майын өндіру
Майлы зығыр (шашақты зығыр)
Майлы зығыр дақылының маңызы
Дәнді дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Солтүстік Қaзaқстaн облысы Жaрқын-СК ЖШС-нде мaйлы зығыр сорттaрын ендіру тәжірибиесі
Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңыздылығы
Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу
Пәндер