Мақта дақылының агротехникасы


Кіріспе
Мақта өндірудегі негізгі мақсат - мақта талшығын алу. Мақта талшығынан әртүрлі маталар тоқылады. Мақтадан жасалған бұйым пайдаланылмайтын сала кемде-кем. Мақтаның талшығын бөлектеп алған соң қалған шит - маңызы зор шикізат саналады. Жоғары сапалы шитті тұқымдыққа, қалған бөлігін асханалық өсімдік майын алу үшін және мал бордақылауға арналған жем дайындау үшін пайдаланады. Мақтаның талшығынан, шитінен және басқа бөлігінен (өсімдігінен) 150-ден астам түрлі заттар мен бұйымдар жасалады.
Мақта Қазақстанда бидайдан кейінгі екінші стратегиялық маңызы бар, экспорттық ауылшаруашылық өнімі. .
Республикамызда өндірілетін 130-135 мың тонна мақта талшығын экспортқа шығарсақ, оны сатудан 165-170 миллион АҚШ доллары түседі. Егер осы өндірілген мақта талшығын терең өңдеп, дайын бұйым ретінде сатсақ, ол қаржы мақтаны шикізат күйінде сатқаннан 7 есе ұлғайып, 1 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайды. Мамандардың есебі бойынша, өндірілген мақта талшығын тереңдетіп өңдеу барысында 1 мың тонна талшық 100-110 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсірумен бір миллионнан астам адам айналысады. Қазір мақта өңір халқының бірден-бір күнкөріс көзіне айналып отыр. Мамандардың есептеуінше, 1 гектар алқапта мақта өсіру үшін 130-140 мың теңге көлемінде қаржы керек.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында мақта шикізатын тазалайтын, қуаттылығы 60 мың тонналық мемлекеттік зауыт пайдалануға берілді. Зауыт іске қосылған 2006 жылдан бері «Мақта келісім-шарт корпорациясы» АҚ арқылы мақта өндірушілерден әр жылы 1, 5-1, 8 миллиард теңгенің шикізатын сатып алып отыр. Өз кезегінде бұл іс-шара келешекте мақта шикізатын өндірушілердің жоғары рентабельді жұмыс жүргізуіне жақсы қолдау.
Мақтаны - өндіру, қайта өңдеу және оны өткізу мәселелерін бүгінгі нарықтық экономика талаптарына сай ұйымдастыру үшін осы процестерді реттейтін Заң қабылдау қажеттілігі туындады. “Мақта туралы” Қазақстан Республикасының жақында мақтаны өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату әрекеттерінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды және сол процесс кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. Осы “Мақта туралы” заң жобасында 9-тарау, 41 - бап бар.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы
2. 2 Мақта дақылының агротехникасы
2. 3 Мақта селекциясы мен тұқым шаруашылығы
2. 4. Техникамен жабдықтау
2. 5 Мақта өндірудің тиімділігі, пайдалылығы
- Қорытынды
Негізгі бөлім
2. 1 Нарықтық экономика жағдайында мақта шаруашылығының дамуы
Құнды дақыл - мақтаның біздің еліміз бен Оңтүстік Қазақстан облысы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызының өте зор екендігі белгілі. Мақта өндірумен және оны өңдеумен айналысатын әрбір адам, бұл еңбегінің қайтарымын толық сезіне біледі. Өйткені әрбір отбасының бюджеті еңбектің осы түрімен тікелей сабақтас. Бұл - бағамдаудың негізгі басты критерийі болса керек.
1999 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл шаруашылығын дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіткен болатын. Мақтаның бәсекелестік қабілетінің зор екендігіне, оны экспортқа шығару әлеуетінің жоғарылығына орай, бұл дақыл Қазақстанда ауыл экономикасын өркендетудің негізгі көзі ретінде астық пен қатар стратегиялық маңызды сала статусына ие болып отыр. Мақта өндіру мен оны өңдеу Оңтүстік Казақстан облысында ғана орын тепкендіктен, бұл дақыл осы облыстың ауыл экономикасын дамытудың өзегі екендігі дәлелдеп жатуды қажет етпейтін қағида. Ал Мақтаарал ауданын алатын болсақ, бұл дақыл осы аудан экономикасын бірден-бір анықтаушы өнім түрі. Көп жылдар бойына мақта шаруашылығы ауданның ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерінің 70 пайызын иемденіп келді. Ал соңға жылдары Мақтаарал ауданы тек мақта өсірумен ғана айналысады десек, артық айтпаған болар едік.
Мақта өнімдерін өндіру проблемалары егіншілік жүйесімен, өсіру технологиясымен, өнімді өңдеумен, экономикалық механизмдермен, экологиямен және т. б. факторлармен сабақтас, соларға тікелей байланысты. Осы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарына да тоқталмай болмайды.
Мақта өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері қазіргі күні негізінен шаруа шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерден тұрады.
Мақта өндіруде шағын шаруашылықтар басым. Әлемдік Банктің өтініш бойынша жүргізілген зертеулердің көрсеткеніндей, шаруашылықтардың жалпы санының 20, 3% 5-10 га, 40% 10-50 га, тек 11, 8% -50 гектардан артық жерді меншіктенген екен. Шаруашылықтар фрагментациясының осындай жоғары болуы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясына, әсіресе техникаға деген сұранысқа, сол сияқты су көздерін пайдалануға өз әсерін тигізбей қоймайды. Ал бүгінгі жағдай су көздерін басқару мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мақсатында мықты фермерлік шаруашылық ұйымдарын құруды талап етеді. Жер көлемі бойынша әр түрлі шаруашылықтардың өндіріс тиімділігінің экономикалық талдауына сүйене келіп біз төмендегідей тоқтамға келдік: жер көлемі 50 гектардан жоғары шаруашылықтардың өнім түсімі майда шаруашылықтармен салыстырғанда 30%, ал отбасының бір адамына шаққандағы табыс мөлшері 7 есеге жоғары. Осыдан біздің майда шаруашылықтарды кооперативтер, ассосияциялар немесе су тұтынушылар бірлестіктері сияқты ірі-ірі құрылымдарға біріктірген дұрыс деген бірінші ұсынысымыз туындайды.
Шаруашылықтардың ұйымдастыру-құрылымының өзгеруі егіншілік жүйесін түбегейлі қайта құру қажеттігін туғызады. 70-80-ші жылдары колхоздар мен совхоздар үшін жасақталған егіншілік жүйесі қазіргі нарықтық экономика жағдайына сәйкес келмейді (мал шаруашылығы жүйесі бойынша да осылай) .
Егіншілік жүйесі дегеніміз - ол жергілікті табиғи және экологиялық жағдайларын ескере отырып жеке фермерлер мен кәсіпорындардың жерді барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін агротехникалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтық кешені. Егіншілік жүйесі арнайы ауыспалы егіс танаптарын, топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін, егін суарудың өте тиімді деген әдістерін, топырақ эрозиясын болдырмау және өңдірістің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мен айнала қоршаған ортаны барынша қорғауды біріктіріп, жинақтайды. Бүгінгі күні мақта шаруашылығында егіншілік жүйесінің көптеген шаралары дұрыс ескеріліп, іске аспайды. Бұл өз кезегінде өндіріс деңгейін едәуір төмендетеді. Бұрындары әрбір шаруашылықта ауылдағы елді мекендердің, мал фермаларының даму жоспарын, жолдарын, ауыспалы егіс жүйелерін қамтитын жер пайдаланудың шаруашылықтық ішкі жоспарлары болатын. Сонымен қатар, шаруашылықтар алдағы 20 жылға арналған шаруашылық-ұйымдастыру жоспарларын да жасайтын. Шаруашылықтарды жекешелендіргеннен соң олардың бұрынғы жер пайдалану құрылымдары жойылды. Енді бұрын 10-15 шаруашылығы бар аудандардың көлемінде 10 мың және одан да көп жер пайдаланушылар дүниеге келді. Сөйтіп, әрбір жер пайдаланушы, әрбір елді мекен үшін аймақтық және жерге орналастыру шараларын алуға тура келіп отыр. Бұл жұмыстарға бірте-бірте қаражат бөлініп, фермерлердің үй-жайлары мен елді мекендерін әлемдік үлгіге сай көркейту қажет.
Мақта дәстүрлі түрде 3 танапты жоңышқа мен 7 танаты мақта егістерінен тұратын 10 танапты егіншілік жүйесінде өсіріліп келеді. Мақтаның алдында жоңышқа егілетіндігі сөзсіз. Жоңышқадан басқа мақтадан бұрын егуге жүгері, бидай және бұршақ дақылдары қолайлы. Өз кезегінде мақта астық тұқымдас өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Өкінішке орай соңғы жылдары ғалымдардың ұсынымдарына қарамай ауыспалы егіс жүйесі бұзылды. Мақтаарал ауданы бойынша атқарылған ізденіс жұмыстарының нәтижесі мыналарды көрсетті: фермерлердің 93% тек қана мақта егеді екен, ал шаруашылықтардың 5% ғана мақтаны жүгері, көкөніс, бақша, жоңышқа дақылдарымен алмастырып пайдаланады. Жалғыз ең ірі - 1200 га жерді пайдаланатын шаруашылық - "Кетебай" өндірістік кооперативі ғана тиімді ауыспалы егіс жүйесін қолдануда. Осы шаруашылық мақтадан тыс 165 га жерге жоңышқа, 50 гектарға бидай, 45 гектарға көк балаусаға арналған жүгері танаптарын қолдануды іске асырған. Бұл өте тиімді, дұрыс іс дер едік. Егін суару жүйесі мен дренаждардың техникалық тиімділігі артпайынша, фермерлердің несиеге қолдары жетпейінше, тиімді ауыспалы егіс жүйесіне қайта оралу қиын мәселе.
3. 2 Мақта дақылының агротехникасы
Топырақ өндеу. Мақтадан тұрақты да мол өнім алу үшін тұқым себердің алдындағы топырақ өңдеудің маңызы өте зор. Бұл шара мыналарды қамтиды:
- сүдігер айдау алдында топыраққа гектарына 600-800 кг суперфосфат және 30-40 т көң;
- топырақ шаю;
- ылғал жабу мақсатында ерте көктемде тырмалау;
- топырақты аудармай терең өндеу;
- танапты тегістеу және тұқым себер алдында тырмалау.
Осы технологиялық шараларды нақты метеорологиялық жағдайды ескере отырып, дер кезінде атқарған жағдайда мақта түсімін 7% дейін көтеруге болады. Солай бола тұрса да, шаруашылық техникасының нашарлығынан, жанар-жағар май мен тыңайтқыштар сатып алуға қажет қаражат көзінің тапшылығынан көп жағдайда фермерлер қажетті агротехниқалық шараларды іске асыра алмай келеді Сүдігер көтеруді іске асыра алмау салдарынан жер жырту жұмыстары көбіне көктемде атқарылады. Егіске берілетін су көлемінің тұрақсыздығы салдарынан егіс алкаптарының 50 пайызында топырақ шаю жұмыстары атқарылмайды. Ерте көктемде жер кеш тырмаланатындықтан тұқым себер қарсаңында топырақтың беткі қабаты құрғап, кеберсіп қалады. Мақта егудің оңтайлы кезеңі - 15 сәуір мен 5 мамыр аралығы. Бірқатар фермерлер тұқым себу кезеңін 20 мамырға дейін соған мақтаның өскін алуы мен соңғы нәтиже - гектар түсімі күрт төмендейді. Шаруашылықтар өскін сирету жұмыстарын кейде мүлде атқармайды. Қатараралықты өндеу және өсімдік санын қолмен сирету дер кезінде жасалмай жатады. Міне, осының бәрі түпкі нәтиже - өнім алуға теріс әсерін тигізеді.
Тынайтқыш пайдалану.
Осы күні фермерлер сүдігер айдау кезінде не көң, не фосфор тыңайтқыштарын пайдаланбайтын болды. Азот тыңайтқыштары, әдетте, мақтаны қатараралық өңдеу барысында пайдаланылады. Ал калий тыңайтқыштары мүлдем қолданылмайды. 628 фермердің 438- і ғана 6963 га жерге, онда да мардымсыз мөлшерде тыңайтқыштар пайдаланады екен. Тыңайтақыш қолданудың орташа мөлшері 1-дәуірде 171 кг/га, 2-ші дәуірде 195 кг/га.
Өсімдік қорғау.
Мақта алқаптары трипс, өсімдік биті, күздік және мақта көбелегі сияқты зиянкестерден қатты зардап шегеді. Бірақ химиялық препараттардың қымбатшылығына байланысты фермерлердің көп жағдайда оларды пайдалану мүмкіндіктері жоқ.
Фермерлердің тек 8 пайызы ғана ниссоран, децис, суми-альфа сияқты химикаттарды пайдаланған, ал гербицидтер мүлдем қолданылмайды. Арам шөп қолмен ғана оталады. Зерттелген шаруашылықтардың тек 19 пайызы ғана дефолианттар пайдаланған екен. Дефолианттарды мақта жинайтын техникалары бар ірі шаруашылықтар ғана пайдаланады. Бұл мақташылардың тыңайтқыштар мен өсімдік қорғауға қажетті химикаттарды пайдалана отырып, мақта өнімділігін едәуір арттыруға айтарлықтай резервтері бар деген сөз.
3. 3 Мақта селекциясы мен тұқым шаруашылығы.
Шаруашылыктарды жекешелендіргенге дейін Оңтүстік Қазақтан облысында 6 элита және 12 тұқым өндіруші шаруашылық болған. Қазіргі кезде элита тұқымын өндіру тек С-4727 сорты бойынша Қазақстан мақта коорпорациясы учаскесінде және Мақтаарал-3044 сорты бойынша Мақтаарал тәжірибе станциясында ғана сақталып қалып отыр.
Тұқым шаруашылығы жүйесінің күйреуіне орай:
- шаруа қожалықтары мен басқа да жекеменшік құрылымдарда
мақтаның аудандастырылмаған сорттарының тұқымдары себілуде. Бұл шикізаттық мақта түрлерінің, мақта талшығы сапасының кемуіне және аудандастырылған мол өнімді мақта сорттарының мезгілінен бұрын жойылып кетуіне әкеліп соғады;
- мақта өндеу зауыттары тұқымдық материалдарды өсімдік майын алу технологиясымен өңдеуде;
- аудандастырылған сорттарды орналастыру жоспарлары бұзылды;
- облысқа мақтамен айналысатын басқа елдерден биологиялық
ерекшеліктері белгісіз, күмәнді сорттар әкелінуде.
Бұл облыста мақта дақылының селекциясымен Мақтаарал тәжірибе станциясы айналысады. Соңғы жылдары станция селекционерлері солдырмаға (вилт) төзімді, талшығының жақсы технологиялық сапа көрсеткіштерімен сипатталатын Мақтаарал-3044 және Мақтаарал-3031 сорттарын шығарды. Бұл сорттар түсімінің әлеуеттік мүмкіншілігі 30-35 ц/га қарайды.
Шикізаттық мақтаға деген сұранымның өсуі мақта егістігі танаптары мен оның өнімділігін арттыруға меңзейді. Бұл орайда мақтаның аудандастырылған жақсы сорттары мен элита тұқымдарын пайдалану арқылы оның өнімін 25-30 пайызға дейін көбейтуге болатындығын ғалымдар да, практиканттар да дәлелдеп отыр.
Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу институты бүгінгі танда қалыптасқан нақты жағдайды ескере отырып, мақта тұқымын өндірудің тиімді схемасын әзірледі. Осыған орай тұқым шаруашылығы жүйесіне Мақтаарал-3044 және С-4727 сорттары бойынша элита және тұкымның 1-ұрпағын (1-рецродукция) қалыптастыру жұмыстарымен тікелей айналысатын орын ретінде Мақтаарал тәжірибе станциясы және "Қазақстан мақтасы" элита тұқым өңдіру коорпорациясының тұқым шаруашылығы, екінші топқа элита-тұқым шаруашылықтары енген. Олар 2 жыл бойына мақта тұқымының 2- және 3-ұрпақтарын көбейтумен айналысады. Бұл топ онша дамымаған. Ал үшінші топты тұқымның IV ұрпағын көбейтумен айналысатын тұқым шаруашылықтары құрайды. Тұқым шаруашылығының бұл тобы қазіргі таңда жоқтың қасында. Ұсынылып отырған тұқым шаруашылығы жүйесін тезірек іске асыру- мақта өндірісін өркендетудің бірден-бір кепілі екендігін айтқан дұрыс.
3. 4. Техникамен жабдықтау
Қазіргі кезде техниканың басым көпшлігі тозған, оларды жөндеу үшін көптеген шығындар жұмсау қажет. Соңғы 5-7 жылда фермерлер жаңа техника сатып ала-алмады. Бір машинаға шаққандағы өңделетін жер көлемі өте көп. Мысалы: шынжыр табанды трактор үшін - 123, доңғалақты трактор үшін - 48 га.
Машина-технологиялық станциялардан техника жалдап алу фермерлер үшін өте қымбатқа түседі. Мысал үшін, "Центр-Сервис Сельхозмеханизация" өндірістік кооперативінің есептеулері бойынша 1 гектар жерді мақта жинайтын комбайнмен жинау 13297 теңгеге түседі екен. Бұл фермерлердің жұмсайтын барлық шығынының 30-40 пайызын құрайды деген сөз. Ал кооперативтен ақылы қызмет сатылатын болса, онда шығын көлемі, фермердің өзінде мақта жинайтын техника болған жағдаймен салыстырғанда 50-60 пайызға көбейеді екен. Себебі кооператив тікелей өз шығындарына 38% үстеме шығындар, 30% көлемінде мекеменің даму, қорына аударылатын қаражатын және 20% қосымша құн салығын қосады.
Техниканың басқа да түрлерін арзан бағаға жалға алу фермерлер үшін өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан да олар техника жалдаудың түрлі жолдарын қарастыруда: көршілерден таныстарынан, ағайындарынан уақытша пайдалануға алу және т. б. Бірақ бұл мәселені шешудің уақытша ғана шаралары екендігі әркімге де мәлім. Техникамен сенімді тұрде қамтамасыз ету үшін фермерлер ірірек құрылымдарға біріккендері жөн.
Мақта өңдеу және сату мәселелері. Оңүстік Қазақстан облысында мақта өңдейтін кәсіпорындар желісі бар. 10 мақта зауытының алтауы Мақтаарал ауданында орналасқан, бір-бірден Шымкент, Түркістан қалаларында бар. 1999 жылы Шардара ауданында 1 жаңа мақта зауыты іске берілген. Бұл мақта өңдеу кәсіпорындарының құқықтық ұйымдастыру формалары ашық және жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған. Шикізаттық мақтаны өңдеу барысында оның өсімдік майын алуға жаратылатын дәні (май шығымы 17%), түбіт, линт, улюк сияқты қосымша жанама өнімдер алынады. Май өндірумен "Шымкентмай" акционерлік коғамы айналысады. Ал сонғы жылдары осы май шығаратын зауытпен бәсекелес мақта дәнін өндейтін шағын кәсіпорындар пайда бола бастады.
Облыстың макта зауыттарының жалпы өнім өндіру қуаты бір кезеңде (жылына) 37 тонна мақта шикізатын өңдеуге есептелінген. Зауыттардың бұл қуаты бізде нақты бар және жобадағы мақта көлемдерін өңдеуге толық мүмкіндіктер береді. Фермерлер мақтаны сатып алушыларды өз таңдаулары бойынша белгілеуге құқылы. Фермерлер өздеріне жақын орналасқан кәсіпорындармен келісім-шартқа отырғанды дұрыс көреді. Кейбір зауыттар фермерлерге ақшалай несие немесе тұқым, жанар-жағар май, химикаттар түрінде материалдық ресурстарды мақтамен өтейтіндей тұрғыда алдын-ала береді. Ал іс жүзінде фермерлер өз мақтасын қымбаттау бағаға сатып алушыларға бергенді дұрыс көреді. Ондай сатып алушылар Қазақстанның әр жерінен немесе Ресейден, Белорустан, Балтық жағалауы мемлекеттерінен келген коммерсанттар болуы мүмкін. Әрине, фермерлерге алдын-ала қаражат немесе материалдық ресурстар берген зауыттар фермерлердің мақтамен емес ақшамен есептескендерін жақтыра қоймайды. Сол себептен де өткен жылы Мақтаарал ауданы бойынша мақтаны ауданнан тысқары жерге шығаруға тиым салынған болатын.
Жергілікті басқару орындарының мұндай тиым салу шаралары құқықтық тұрғыдан алғанда орынсыздау, мәселені біздің ойымызша басқаша шешкен дұрыс болар. Ол үшін бұл мәселеге мұқият талдау жасап, орынды шешім кабылдау қажет.
Бұл жерде жасалған келісімнің нақты шарттарына дұрыс көңіл аудару керек. Шындығын айтқанда, фермерлер мен зауыттардың арасында жасалатын келісім, әсіресе олардың бір-бірімен есептесулері жағынан күрделілеу.
Бұл келтірілген формула бойынша есеп-қисап жасау, әрине, әрбір фермердің қолынан келе бермес, өйткені олардың қолында Ливерпуль мақта ассоцияциясының мақта шикізатына қойылған нақты бағасы қажетті мезгілде болмайды ғой. Екіншіден, мақтаны өңдеуге қажетті қызметтерге қандай жорамал бағаның қойылатындығын фермер біле алмайды. Үшіншіден, шикізаттық мақтаның сапа көрсеткіштері сатып алушының, яғни зауыт зертханасында анықталады. Сондықтан да сот орындарына жүгінетіндей карама-қайшылық туған шақта фермердің, өйткені ол өзіне кажетті ақпараттармен қаруланбаған.
Келісім-шарттар жасалған сәтте тек фермерлер жағының жауапкершілігі басым көрсетіледі. Өз тарапынан шартты бұзған фермерге катаң айып төлеу талабы қойылған. Ол несие сомасын, негізгі қарыздың 15% мөлшерінде айып пұл және тауарлай немесе ақшалай 35% жылдық несие төлемін төлеуге тиісті. Онымен қоймай барлық шығындарды өтегенмен фермерлер келісім-шартты орындаудан босатылмайды. Ал келісім-шартта мақта зауытының нақты қай уақытта материалдық ресурстар немесе қаражат беретіндігі көрсетілмеген. Осы мәселелер дұрыс шешілсе, фермерлер зауыттармен тұрақты түрде жұмыс жасауға, мақталарын тек соларға тапсыруға мүдделі болған болар еді деген ойдамыз.
Мақта зауыттарының арасында үлкен бәсекелестік бар екендігі де мәлім. Баға жөнінде де көп қарама-қайшылық бар. 1999 жылы шикізатттық мақтаның 1 тоннасы үшін 25000-32000 теңге (180-225 американ доллары) көлемінде сату бағасы белгіленген болатын. Ал 2000 жылы бұл баға 45000 теңгеге (315 долл. ) дейін көтерілді. Кейбір ірі шаруашылықтар мақта талшығын зауыттарда сақтауға қалдырып, нарық конъюнктурасына, бағаның өзгеруінен кейінірек сатуға шешім қабылдауда. Мысалы "Ақтөбе" өндірістік кооперативі 2000 жылдың қаңтар айында 1 тонна мақтаны 800 долларға сатса, ал 2000 жылдың ақпан-маусым айларында 1100-1200 доллар есебінен өткізген.
Мақта зауыттары мақта талшықтарын ішкі рынокта сатқан және алыс шет елдер мен ТМД елдеріне жіберген. Осыған орай бұл зауыттардың пайда көзінің басым бөлігін мақтаны шетелдерге сатудан түскен қаражаттар құрайды. Республика ішкі рыногында мақтаға деген сұранымның өте үлкен болуына қарамастан, зауыттар үшін оны шет елдерге экспортқа шығару тиімдірек болып отыр. Өйткені бұл жағдайда қосымша құннан алынатын салық деген біраз жеңілдіктер бар көрінеді.
Несие беру.
Жердің кепілдікке берілмеуі, сол сияқты фермерлердің жерден басқа дүние-мүліктерінің жоқтығы салдарынан коммерциялық банктер ауыл шаруашылығына несие беруге аса құштар емес. Қазақстанда ауыл шаруашылығы үшін пайдаланатын жер жеке меншікке берілмейді. Суармалы жерлер өте құнды бола болса да, банктер ондай жерлерді шаруашылық қарызынан құтыла алмайтын жағдайда (цефольт) ол жерлердің бағасын анықтап, сата алмайтындықтан, суармалы жерді де кепілдікке алудан сескенеді. Мақта шаруашылшықтарына несие беру көзі - Қазақстан Мақта Коорпорациясы (ҚМК) және мақта өндеу зауыттары. Мақтаарал ауданы шаруашылықтарына жылда берілетін несие көлемі 10-12 млн. АҚШ доллары есебінде.
Мақта өсірушілерге қарыз беруші - "Қазақстан Мақта Коорпорациясы" жабық акционерлік қоғамы. Бұл компания 5 гектар жерге мақта егетін 20 мыңға жуық фермерді несиелендіреді. Кейбір шаруашылықтар несиені ақшалай және материалдық ресурстар түрінде алады. 50 агроном мақта өсіру технологиясының сақталуын және танаптарға минералдық тыңайтқыштар берілуін қадағалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz