Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Бөлме өсімдіктерін күту және зиянкестермен күресу жолдары
Орындаған: ғылыми биология мамандығының
3 курс студенті Марденова Гауһар
Ғылыми жетекші: а.о. Аманбекова Динара
Алматы - 2017
Кіріспе
Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары шаң-тозаң жинағышқа айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын тарылтады. Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.
Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту. Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Бөлме өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Бөлме өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар.
Бөлме өсімдіктерін күту жолдары
oo Жарықтың мөлшері. Бөлме өсімдіктері жарықты қажет еткенімен, олардың көбі күн көзінің тікелей түсуін аса ұната бермейді. Мәселен, кактус, сүттіген, фаукария, сенецио сынды гүлдер жарықсүйгіш гүлдер қатарына жатады. Ал парагус, бегония, фуксия сияқты бөлме өсімдіктері жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Қырыққұлақтар, тікенекті өсімдіктер күн көзін сүймейді, сондықтан көлеңкеге төзімді болып келеді.
oo Жылудың әсері. Белгілі бір мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды да қажет етеді. Әсіресе, үй температурасы маңызды рөл атқарады. Жылусүйгіш өсімдіктердің күтімінде олардың жел өтінде тұрып қалмауына ерекше назар аударыңыз. Температура режимінің бұзылуы гүлдердің жапырағының зақымдануына, сарғаюына және жиі түсуіне алып келеді.
oo Жайлы орын. Бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болғаны жөн. Сол себепті оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машинаның жанына бөлме өсімдіктерін қоймауға тырысыңыз. Жатын бөлмеңізде бөлме өсімдіктерінің саны аз болғаны дұрыс. Себебі, өсімдіктер күндіз оттегін, ал түнде көмірқышқыл газын бөледі.
oo Тыңайтқыш пайдалану. Кез келген бөлме өсімдігі үшін топырақтың құнарлы болуы аса маңызды. Сондықтан тыңайтқыштарды үнемі пайдаланып отыру қажет. Бөлме өсімдіктерінің түріне байланысты оларға себетін тыңайтқыштар да әртүрлі болып келеді. Мысалы: фикусты белсенді өсу кезінде, яғни наурыз айынан қыркүйек айына дейін тыңайту керек. Оны екі аптада бір рет тыңайтыңыз. Тыңайтқыштың құрамында жасыл массаның өсуіне жағдай жасайтын азот құрауышы бар түрін алған жөн.
oo Суару. Бөлме гүлдеріне құятын судың температурасы бөлме температурасымен шамалас болғаны жөн. Сонымен қатар, суды алдын ала тұндырып алу керек. Судың шамадан тыс мөлшері өсімдік тамырының шіруіне себепші болады.
oo Бөлме өсімдіктерінің тазалығы. Бөлме өсімдіктерін аптасына бір рет жуып алған дұрыс. Гүлдерді шаң басқан жағдайда, олар тез зақымданып, ауруға жиі шалдығатын болады. Егер жуатын мүмкіндігіңіз болмаса, гүлдің жапырақтарын жылы суға малынған мақтамен немесе губкамен екі жағынан бірдей сүрту қажет.
Пайдалы кеңес
Егер бөлме өсімдігін макаронды суытқан салқын сумен суарсаңыз жақсы өсетін болады.
Себебі макаронда пайдалы заттар мол болады.
Зиянкестермен күресу жолдары
Гүл өсіруші мамандар гүлді сатып алғаннан бір-екі ай уақыт өтпей жатып, ол сола бастаса, мұның себебі дұрыс күтім жасалмағаннан екенін айтады. Демек, жарықтың дұрыс түспеуі, гүлдің табиғатына сай орында тұрмауы немесе суаруда қандай да бір қателіктердің орын алғанын білдіреді. Ал егер алған гүліңіздің 2-3 ай уақыттан кейін сола бастағанын байқасаңыз, оның себебі - зиянкестердің пайда болуында немесе гүл отырғызған топырақтың құнарсыздығы.
Жұқа өрмек (тор) немесе ұсақ жәндіктер
Бұл гүлде зиянкестердің пайда болғанын аңғартады. Алдымен зиянкестің нақты қандай түрі екенін анықтау керек. Олар өрмекті кене, аққанаттар (көбелекке ұқсас ақ және сары түсті ұсақ жәндіктер) және т.б. болуы мүмкін. Бұл зиянкестер ауырған гүлдерден сауларына қонып, оларға да қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан ауырған гүлді дереу емдеуге кіріскен жөн. Алдымен оны өзге гүлдерден басқа жерге орналастыруды ұмытпаңыз.
Зиянкестен емдеудің қарапайым жолдарының бірі 0,5 стакан спиртті 1 стакан сумен араластырып, үш апта қатарынан күнделікті ауырған гүлдің жапырақтарын сүрту керек. Егер қолда спирт болмаса, оның орнына арақты пайдалануға болады.
Аққанаттар - Aleyrodidae
Қандалылар отрядына жататын сорғыш паразит - жәндіктер. Өсімдіктің зақымдалған жерінен ақ кішкентай шыбындарды көруге болады. Ал жапырағының астыңғы жағынан ақ сопақша келген личинкаларды немесе бос терілі личинкалар байқалады.
Күресу шаралары: Негізгі өңдеуде "Актара" ерітіндісін қолданады. 5л суға 4г ерітіндіні құйып, жапырағына шашамыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz