Жарғаққанаттылар отряды Құмырсқа (Formicidae)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты

Жарғаққанаттылар отряды
Құмырсқа (Formicidae)

Орындаған: ғылыми биология мамандығының
3 курс студенті Марденова Гауһар
Ғылыми жетекші: а.о. Кайнарбаева А.Д.

Алматы - 2017
Мақсаты:
Құмырсқаның илеуін , құмырсқаның тіршілік ортасын білу.
Құмырсқаның пайдасы және маңызы, оның медицинада
алатын орны.
Негізгі ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін көрсету.
Құмырсқа қышқылын дұрыс әрі тиімді пайдалану.
Құмырсқаның ежелден келе жатқан қасиеттерін атап көрсету.
Систематикасы:
oo Патшалығы: Жануарлар - Zoa
oo Типі: Буынаяқтылар - Arthporoda
oo Тип тармағы: Трахеялылар - Tracheata
oo Класы: Насекомдар - Insecta
oo Класс тармағы: Қанатты насекомдар - Pterygota
oo Отряды: Жарғаққанаттылар - Hymenoptera
oo Тұқымдасы: Құмырсқалар - Formicidae
Жирен орман құмырсқасы - Formica rufa
Қоңыр сұрғылт құмырсқа - Formica fusca
Сипаттамасы
*Дене бөліктері: бас,көкірек,құрсақ
*Барлығы 6 аяқты
*Екі мұртша,күрделі және жай құрылысты
көздер мен көзшелер баста орналасады
*Жұтқыншақ үсті,жұтқыншақ асты түйіні,
құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий түзеді.
* Демтүтік арқылы тыныс алады
* Басым бөлігінде қанаттары болады
* Қантарату жүйесі-ашық жүйе
* Зәршығару жүйесі - мальпигий түтікшелері
*Тіршілік ортасы: жер беті,ауа,су,адам және жануарлардың ағзасы, топырақ асты.
Энтомология-бунақденелілерді зерттейтін ғылым гректің "ентома"-бунақдене+ "логос"-ғылым.

Бунақденелілердің даму жолдары:

oo Тура даму
oo Шала түрленіп даму
oo Толық түрленіп даму

Тура даму
Жұмыртқа имаго

Шала түрленіп даму
Жұмыртқа дернәсіл имаго

Толық түрленіп даму
Жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго

Бунақденелілердің маңызы
oo Өсімдіктерді тозаңдандырады
oo Топырақты қопсытады,топырақ түзуге қатысады
oo Зиянкестерді жояды
oo Бал және балауыз береді
oo Жібек алу үшін өсіріледі
oo Санитарлық қызмет атқарады
oo Тағам ретінде пайдаланылады

Құмырсқа (Formicidae)
Жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр аралдарда және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар Жер биомассаның 10-25% қурайды. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмурсқаларды зерттейтін ғылым мирмекология деп аталады. Құмырсқаларды зерттеген алғашқы ғылымдардың бірі - Эрих Васманн.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады.
Құмырсқа қышқылы (formic acid)
Құмырсқа қышқылы (formic acid) - қарапайым карбон қышқылы, химиялық формуласы - НСООН. Көптеген құмырсқалар, әсіресе, қызыл құмырсқалар бөліп шығарады. Құмырсқа қышқылы - өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат. Құмырсқа қышқылының спирттегі ерітіндісі ревматизм ауруларын емдеу үшін медицинада пайдаланылады. Күшті тотықтырғыш қасиетіне байланысты өнеркәсіпте хош иісті заттар мен еріткіштер ретінде пайдаланылатын күрделі эфирлер алу үшін, тері өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады.
Құмырсқа илеуі
Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 - 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera
Бастауыш сыныптарда мысалдарды оқыту
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Жарғаққанаттылар мен бүргелер
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
ҚҰЙРЫҚСЫЗ ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
Пәндер