Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ
3
: 1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері
:
1. 1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні
5
:
1. 2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

8

:
1. 3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
11
: 2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау, ұйымдастыру және құрастыру
:
2. 1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

14

:
2. 2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

20

:
2. 3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

25

: 3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
:
3. 1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
31
:
3. 2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
36
:
ҚОРЫТЫНДЫ
40
:
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
41

КІРІСПЕ

Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.

Президент Н. Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм саласындағы менеджмент туристік кәсіпорынның ұйымдастыру ерекшілігін және әс ірекетің ескереді, яғни қазіргі туристерге қызмет көрсету барысында технологиялық және мазмұны бойынша түрлі болу тиіс. Туристеге қызмет көрсету жобалардың мен бағдармалардың көптүрлігі осыған орай құрылады. Туристеге қызмет көрсету бағдарламаларда қонақ үйлер, азық түлік кәсіпорындар, саяхат бюросы мен экскурсия, туристік агенствовалар, авто және авиакөлік кәсіпорындар, мұражайлар, кинотеатрлер, қызмет көрсету орталықтар, спорт және мәдени орталықтар, денсаулық орталықтары және басқалар. Олар барлықтары туризм инфрақұрылымын құрайды да демалу және туризмды ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыздандырады, ойткені олар саяхатқа қажетті қызмет түрлерінің кешені. Қазіргі заман талабына сай туризм индустриясы, тұрақсыз өзгеріп отыратын нарық жағдайына бейімделген жоғары білікті мамандар даярлауды қажет етеді. Өз қызметі саласында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты қабілетті, әрі сауатты кәсіпкер ғана мол жетістіктерге қол жеткізеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке арналған көптеген батыс ғалымдарының еңбектері жарық көруде. Бұл жұмыста көбі батыс елдерінің тәжірибесінде және нарықтық экономикада дамыған кәсіпорныдар негізінде құрылған. Бірақ халықаралық туризм индустриясы тәжірибесіндегі басқару модельдері дамымаған инфрақұрылымның және кадрлардың жетіспеуіне байланысты біздің жағдайда қолданысқа енуі екі талай. Осыған орай жұмыс барысында отандық ғылым мен практикада өзге елдердегі туристік индустриядағы маңызды тәжірибесі негізінде құрылған. Жұмыста маркетинг, менеджмент, қаржы, құқықтық қамтамассыз ету сияқты мәлеметтік базалаларын негізгі бөліктері алынды. .

Қоғамдық тамақтандыру әрбір елдің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндіру, сату сияқты қызметтерді атқарады. Қоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оның пайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.

1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері:

1. 1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні

Іскерлік туризмге анықтама, және қызметтер түрлері. Іскерлік туризммен бүкіл халықаралық тарихты байланыстыруға болады. Ұлы Жібек жолымен жүрген саудагерлер, Марко Поло, Афанаси Никитин, Васко да Гама, христофор Колумбтар сапарларын белгілі бір мақсатпен байланыстырады, былайша, іскерлік сапар жасаған десек те болады.

Қазіргі таңда саяхатшылардың әр бір төртіншісі сапарларын іскерлік мақсатпен байланыстырады. Және осы іскерлік сапарлардың әр түрлі мақсатта жасалатын үлкен саяхаттар секторын іскерлік туризм дейміз.

Іскерлік туризм - дегенде туристік қызметтердің толық пакетін жатқызамыз. әуе билетін броньдаудан бастап бизнес виза жасау және трансферлер іскерлік кездесулерді, демалуларды ұйымдастыруларды айтамыз [1] .

Іскерлік туризм - әр елдің ұлттық экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Және сол экономиканың әлемдік нарыққа интеграциалануына септігін тигізеді. Іскерлік туризм әр қилы, ол өз құрамына жеке сапарлар мен топтық сапарларды қамтиды. Және бұл сапар шегулер әр түрлі халықаралық корпорациялар ұйымдастыратын іс шараларға қатысады. Ал бұндай іс сапарлардың түрі көп. Съездер, конференциялар, семинарлар, тағы басқадай шаралар. Бұндай іс шараларды көптеген саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, діни және басқа да ұйымдар ұйымдастырады. Бұнымен қатар әр түрлі жәрменкелер, бизнес трэйнингтер, бизнес курстар тағы басқада іс шараларға қатысу, бұлардың барлығы іскерлік туризмнің бір бөлігі. Сонымен қатар бұндай іс шаралар әрқашан экскурсиялармен, танымдық бағдарламалармен байланыстырылады.

Іскерлік туризм тұтынушылармен, инвесторлармен, іскеллік әріптестермен кездесуге, жаңа технологиялармен танысуға, бизнестің дамуына оң септігін тигізеді. Ал жекелеген бизнестің дамуы дегеніміз сол мемлекеттің барлық экономикасының алға жылжуы, дамуы екендігі айтпаса да белгілі. Осы себептен біз іскерлік туризмді экономиканың маңызды бір бөлігі дей аламыз.

Іскерлік туризм дегеніміз не? Алдымен турист мағынасын ашып көрелік. Сөз жоқ, көз алдымызға табиғат аясындағы жорық көлбең ете қалар: тігілген шатыр, арқадағы рюкзак, шалқыма от басындағы шабытты ән, түрлі спорттық ойындар, тәбет ашар балық қалбырының кермек иісі. Тіпті турист дегенімізді қашық жерге шығып, тәуліктен астам уақыт тұрақты жүріп-тұрған адамды ен тағып даралап, дәлдеп атап жатады. Ал іскерлікті ту еткен туристің жайы белгілі. Бизнесін бекемдеу мақсатымен айшылық алыс жерден келген іскер адам ойындағысын тындырған соң, тосын шаһардың тарихи, мәдени орындарын аралап, сұлулық көрінісін тамашаласа, оның туристен несі кем? Мысалы, Парижге бардыңыз делік. Құмарлық отың маздап жүре берды.

Елисей алқабын аралау, Луврды тамашалау, опера театрына бару. Ой-өрісің танымдық жағынан байи түсер. Аралаған жеріңнің бәрі сені турист ретінде бағалап, құрметтейді, мінсіз қызметін көрсетеді. Туриспін деп кеуде соғуыңа болады. Яғни, іскер-турист! Осы түсінік астаналық шенеуніктерге көп парыз жүктейді. Елорданы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, сондай-ақ оны Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту жолында күрделі шаралар жүзеге асып жатқан кезеңде іскерлік туризм проблемаларын бүге-шігесіне дейін зерттеп, нақты жұмыс істеуге ықыласты олар. Сондықтан да шығар, әкім Асқар Мамин кезекті бір жедел кеңесте осы мәселені күн тәртібіне шығарып, тиісті сала мамандарын біраз ширықтырып алған. Онымен де шектелмей, бұл мәселені үнемі бақылау қырынан шығармай отырады [2] .

Туризмге деген ықылас қаланың кластерлік экономикасының ең басым бағыттарының бірі есептелетіндіктен де айрықша мәнге ие болып отыр деуге негіз бар.

Келімді-кетімді адамдардың туристік сапарларының мәнісін сараптағанда белгілі болған жәйт мынадай. Олардың саны жылдан-жылға орта есеппен 20-30 пайыз өсіп келеді. Дегенмен, бір нәрсенің басы ашық қалып отырғандай. Іссапармен келушілер қатарының көбейгенімен, Ал шетелдік туристік топтарға мінсіз қызмет ету, міне, мақсатты іс сонда ғана кемелдене түспекші. Бізде осы жағы қандай деңгейде екен?

Іскерлік туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда өз ерекшеліктері бар. Бұл туризмнің қызметін тұтынушыларына сапарларының басты мақсаты сол елдегі іскерлік мақсат. Бұл әртүрлі халық аралық конференциялар, семпозиумдер, жиналыстар, көрмелер, компаниялардың еншілес фирмаларына сапарлары, тәжірибе алмасуы. Сол елдің ішкі іскерлік сапарлары. Осындай сапарлардың туризммен ара қатынасын анықтап алу керек. Анықтап алу үшін сапар шегушілердің туризмнің қандай қызметтерін пайдаланатынын анықтау керек. Бұл қызметтер ішіне қонақ үй қызметі, тамақтану, транспорт, экскурсиялық қызметтер тағы басқа.

Іскерлік туризм тікелей экономикалық жағдаймен байланысты. Олардың дамуы тура пропорционал болып келеді. Қазақстанға жыл сайын 50 млрд. тан астам шетелдік инвестиция құйылады. Республика аймағында жүздеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Жыл сайын көптеп кәсіорындар мен кәсіпкершіліктер бой көтеруде. Бұл дегеніміз осы мекемелердің мыңдаған қызметкерлері іскерлік сапар шегеді деген сөз. Осы сапарлар барысында қызметтерді тұтыну арқылы туризмге әсер етеді.

Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні.

Іскерлік туризм - адамдардың іс-сапарлары, жиірек кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің ресми мақсатпен:келісімшартқа отыру, контракт, жиналыс өткізу, консультация, тәжірбие алмасуы және т. б. Сонымен қатар, іскерлік туризмге съездерге қатысу, конгресс, конференция, көрмелер мен жәрмеңкелер жатады. Іскерлік туризммен көбінесе тұрмыс жағдайы жақсы қамсызданған, көлікке, қонақ үйге, сувенирлерге, экскурсияларңа қомақты қаржы жұмсайтын адамдар айналысады. Айтып кету керек, іскер туристер туризмнің жаңа бағыттарын ашып жатады. Туристік емес елдерде іскерлік мақсатта басқа елдерге бару 70-75% 6, ал туристік елде осындай мақсатпен сыртқа шығу 10-15% құрайды. Ал жалпы алғанда әлемде бұл турим түрі 20%-ті алады. Басым бағыттары Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады. 1991 жылы еуропа мемлекеттері 27, 5 млн іскерлік туристерді қабылдады. Бұл 56% кәсіпкерлердің іссапары, 20% конгрестік турлар, 20% - жәрмекелер мен көрмелер, 4 %-ын т. б. Еуропа сонымен қатар шығу іскерлік туризімінен де алғашқы орында. Кіру және шығудан Еуропада Германия елі көш басында. Ал іскер адамдарды күтіп алудан Ұлыбртания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария Бельгия елдері алғашқы орында. Бірақ қазіргі уақытта кіру және шығу іскерлік туризімнің дамуы АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде байқалуда. 1992 жылы АҚШ-қа 3, 1 млн іскер адамдарды қабылдады. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бойынша Сингапур (1, 1 млн. ) және Жапония (935 мың. ) елдері ерекшеленіп отыр [3] .

Конгрестер мен көрмелерге қоса іскерлік туризге инсентив турлар кіреді. «incentive» мағынасы ағылшыннан түрткі болатын дегенді білдіреді. Мұндай туризм түрі коммерциялық фирмалардың ең жоғары нәтиже көрсеткені және шығу семинарлар мен жиналыстар жүргізгені үшін қыметкерлерін мадақтап, сапарға жіберуі. Инсентив турды 2-ге бөліп қарастырады: жеке және шығу семинарлары, конференциялар, диллерлік мектептер (сурет 1) .

Ең алғашқы инсентив тур 1910 жылы АҚШ-тың National Cash Register Company of Danton компаниясымен жүргізілді. Компанияның агенттері мен диллерлері өте жақсы нәтижелә жұмыстары үшін Нью-Йоркке тегін сапармен марапатталды. ХХғ 60-жылдары азаматтық реативті ұшақтардың ұшуына байланысты мұндай турлар тұрақтана бастады.

Инсентив туризмнің бірнеше мақсаты бар:

  • Презентация және жаңа өнім мен қызметтердің алға жылжуын;
  • Өнімнің сапасын жоғарлату;
  • Диллерлік және агенттік жүйелерді құру;
  • Лояльді және бірге жұмыс атқаратын топ жасау;

Мақсат тәуелділігіне сәйкес 3 инсентив бағдарламадан тұрады:

1) марапаттау бағдарламасы.

2) мотивациялық бағдарлама.

3) топ құрастыру (team building) .

Инсентив бағдарлама - эффектісі көп уақытқа созылатын клиенттер мен диллерлерді, қызметкерлерді марапаттайтын ең жақсы шешім.

Инсентив бағдарламаның ерекшелігі нақты тапсырыс берушінің жеке өзімен іске асырылады. Бұл турлар маршрутта ең жоғарғы класты орналастыру мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. іскерлік туризмде инсентивтің алатын үлесі 8 %, ал Испаня мен Францияға баратын марапатталған туристер 5-7% құрайды. Инсентив турлардан пайда айтарлықтай жоғары. Себебі мұндай турлар қарапайым турларға қарағанда әлдеқайда қымбат. мысалы, небәрі 20 туроператор мен 230 турагенттік айналысатын Швейцарияда инсентив туизмнің айналымы 460 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал жалпы Еуропа бойынша инсентив туризм айналымы 4, 5 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Жақсы жұмыс істегені үшін сапарға жіберу АҚШ-та ХХғ 60-жылдары басталды. Әлемнің әр аймағында туризмнің басқа түрлері сияқты инсентив туризм те етек алып, тарап кете қоймады. Тек 1970-80ж. ж. мадақталған туистер ағымы ескі континентке жылжуымен, Еуропаны жаулады, содан соң Аия едеріне бағыт алды. Дәл осы кезеңде Еуропа мен Азида 5* отельдер қарқынды жұмыс істей бастады [4] .

Осыдан бері интенсив туризмнің географиясы өзгермеді. АҚШ баяғысынша мадақталған туристердің басты жеткізуші көзі болып тбылады. Еуропаға сапардың 60% үлесі инсентив сызығы бойынша турға кіреді. Мадақталған турладың ғалаулы бағыттары АҚШ-тан Мексика, Ұлыбритания, Азия және Тынық мұхит елдері. Инсентив туризм сапарларының 80% Еуропа, 10% АҚШ, 6% Оңтүстік Шығыс Азия, 4% басқа бағыттар құрайды. Еуропалық туристер көбінесе Франция, Испания, Швейцария, Австрия, Кипр, АҚШ, сонымен қатар Кариб теңізінің аралдарына барғанды қалайды. Осындай инсентив турлар Еуропада кең етек жаюда. Тәжірибе көрсеткендей, тұтынушы тауарына қарағанда инсентив турлар әлдеқайда қызықтырарлық.

Ұлыбританияда фирманың жалпы шығынының 2/5 бөлігі осындай турларға жұмсалады екен, ал Франция мен Германияда тең жартысы. Инсентив турдың бағасы адам басына шаққанда 500-ден 1500 АҚШ долларын құрайды, ал ұзақтығы 3-7 күн.

1. 2Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

Жылына 10 миллионнан аса адам іскерлік мақсатта саяхат жасайды. Бұл саяхаттардың географиялық таралуы әртүрлі. . Мұндай саяхаттардың көп бөлігі Еуропа аймағына жасалады. Негізінен бұлар бизнесмендердің іссапары немесе арнайы бір конференция мен симпозиумдарға қатысу мақсатында жасалады [10] .

Іскерлік туризм - бұл табысты бизнестің бірден-бір шарты.

21 ғасырда іскерлік туризм түрі дамыған туризм түрі болады деп күтілуде. Шет ел эксперттерінің болжаы бойынша, 2020 жылы іссапарлар көлемі 3 есе көбейеді. Жылына 564 млн. -нан 1, 6 млрд. -қа дейін. . Ал түсетін табыс 5 есе - 400 млрд. доллардан 2, 0 трлн. Долларға дейін. Америкалық «Іскерлік туризмнің дөңгелек үстелі»ұйымының пайымдауы бойынша айналымдағы ақша қаражатының жоғарылауы 100 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қарапайым туристтің шығынына қарағанда іскерлік мақсатпен саяхаттаушы адам 3 есе көп қаражат жұмсайды екен. Іссапарлардың мотивациясы ретінде кез-келген оқиға, мәселе түрткі болуы мүмкін. Мысалға, ұлтаралық конфликтті алсақ, жағдай қаншалықты қиын болса, оның шешімін табу үшін саяси келіссөздер мен консультациялар жүргізіледі.

Міне осындай қызметтер түрлері іскерлік туризмде көрсетілуі тиіс тізімі. Қызметтер түрі тағы да көбеюі мүмкін, ол туристердің өз қалауларына байланысты болуы мүмкін.

Әр жыл сайын аймақтар мен елдер арасындағы мәдени, ғылыми, саяси қатынастар интенсивті болып келе жатыр. Іскерлік туризм мұнда маңызды рөл атқарады.

Конференция, семинарлар мен симпозиумдарға қатысу іскерлік туризм нарығының 16%-ын қамтиды.

Іскерлік туризмнің қалған 11% көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу және олардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады. Мамандырылған туристік көрмелер мен биржалар ерекше назар аударады. Туристік өнімдерді ілгері жылжыту үшін олар 40 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын Еуропаның өзінде 200-ден артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады:

1) Берлинде өтетін халықаралық туристік биржа (Іnternatіonal Tourіsmus Borse, ІTB) . Биржа жұмысының тақырыбы əртүрлі, мысалы, Еуропадағы экотуризмге арналған немесе Африкадағы туристік қозғалыстың дамуының болашағы туралы жəне т. б. ;

2) жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FІTUR) . FІTUR - бұл Испандық жəне Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл "Еуропа мен Америка арасындағы көпір";

3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (World Travel Market, WTM) .

Әр жыл сайын аймақтар мен елдер арасындағы мәдени, ғылыми, саяси қатынастар интенсивті болып келе жатыр. Іскерлік туризм мұнда маңызды рөл атқарады. Ұлттық экономиканың дамуы мен интеграциясын іскерлік туризмнің дамуынсыз елестету мүмкін емес [9] .

Іскерлік туризмнің дамуы туристік индустрияның, телекоммуникацияның дамуына жол ашады. Мысалы, белгілі бір конференция, форум өткізу үшін бизнес-отельдер, бизнес-орталықтар, конференц-залдар мен қосымша көңіл көтеру орындарының саны артады. Жоғары люкс деңгейдегі тамақтандыру орындарының ашылуына да алып келеді.

Бұл саяхаттардың географиялық таралуы әртүрлі. Мұндай саяхаттардың көп бөлігі Еуропа аймағына жасалады. Негізінен бұлар бизнесмендердің іссапары немесе арнайы бір конференция мен симпозиумдарға қатысу мақсатында жасалады.

Еуропаның бизнес саяхаттар жөнінде алдыда болғанымен, кейінгі уақытта өзінің лидерлік позициясынан айырылып бара жатыр деуге де болады. Бұл адамдардың басқа континенттерге іскерлік мақсатта баруының артуына байланысты болып отыр. Мұндай тенденция 90-жылдары басталған және қазірге кезде дейін жалғасуда. Әлемдік дағдарыс кезінде іскерлік саяхаттардың саны күрт төмендедеі. Себебі компаниялар өз әріптестерінің басқа елдерге саяхатына қаражатын үнемдеді. Ал Америкада бұл жағдайға басқа жолмен қарап, шешімін өз қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылатын мерекелер мен демалысқа бөлінген қаражатын үнемдеу арқылы тапты.

Еуропаның іскерлік мақсатында сапар шегетін туристердің «жеткізуші» елдері болып Германия, Франция және Ұлыбритания табыладыАл қабылдаушы елдер қатарына Италия, Испания, Швейцария, Бельгия мен Швеция табылады. Бизнес пен туризмді зеррттейтін көптеген беделді ұйымдардың айтуы бойынша жақын арада Орталық және Шығыс Еуропа аймағы іскерлік туризммен адамдарды тартуы әбден мүмкін [12] .

Іскерлік туризмнің қарқынды дамуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада байқалады. Іскерлік турлардың көбісі АҚШ, Мексика мен Канадаға бағытталуы ғажап емес, себебі бұл елдер экономикасы тұрғысынан, іскерлік орталықтардың дамуы жағынанда жоғары елдер. Бұл елдерде бизнес-сапарлардың артуы өткен ғасырдың 90-жылдары байқалған.

Латын Америкасында да іскерлік туризм қарқынды дамып келе жатыр. Латын Америкасы елдеріне туристер тауар, сауда бизнесі мақсатында келеді. Сауда-саттық бойынша келіссөздермен Перу мен аралдағы мемлекеттерден басқа Латын америкасы елдерінің барлық елдеріне іссапарлар көп жасалынады.

Ал Оңтүстік Шығыс Азияда іссапар мақсатымен Тайвань, Сингапур, Гонконг елдеріне келеді. Олардың дені Америка мен Еуроапа елдерінен саяхаттап келеді [13] .

Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуімен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко жəне Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Африкаға келген іскер адамдар тек іссапар мақсатымен ғана емес сонымен қатар, жергілікті елдің дәстүрімен танысу, экзотикалық тағам түрлері мен африкалықтардың биін көру үшін де келеді. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өндіретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Іскерлік туризм жайлы
Ұлттық туристік жәрмеңкелер
Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті әлемдік нарыққа шығару мәселелері
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Туризмнің түрлері, ерекшелігі және даму перспективасы
Туристік бизнес туралы
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz