Теодолитті түсіріс жүргізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Геодезиялық оқу-далалық іс-тәжірибені өту бойынша №6 бригадақұрамында 17-ГТК-2тобының 5 студенті бар. Іс-тәжірибе студенттер қалашығындағы арнаулы полигонында өткізілді.
Іс-тәжірибенің негізгі мақсаты: студенттерді геодезиялық құралдарменжұмыс істеуге, геодезиялық өлшеулерді жүргізу мен тапсырылған іске үйрету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген студенттердің ынтасын арттыру болып табылады.
Геодезия деп Жер пішіні мен өлшемдерін анықтау әдістерін, оныңбетіндегі өзгерістер мен құбылыстарды карталар мен планға түсіру мақсатында атқарылатын жұмыстарды, сонымен бірге әр түрлі инженерлік істерді шешетін ғылымды айтады.Қазіргі кезде бұл бағытта шешілетін ғылыми және іс жүзіндегіжұмыстардың ауқымының кеңдігіне байланысты, геодезия бірнеше салаға бөлінген.Топография кіші аумақты жер көлемін карта мен планға кескіндеумақсатында, оның әдістерімен, түсірумен шұғылданады.
Картография барлық Жер бетінің біршама үлкен аумағын, әр түрлібағыттағы карталар түрлерін құрастырумен, сонымен бірге олардың жаңа технологиясын өндірістің және көбейтілуін зерттейді.
Жоғарғы геодезия Жердің пішінін, өлшемдерін анықтау әдістерімен, жерқыртысымен ойысуларын, өзгерулерін, сонымен бірге керекті нүктелердің координаталарын жоғарғы дәлдікпен анықтаумен шұғылданады.
Планетааралық кемелерінен, бақылау нәтижелерін қолдана отырып, әртүрлі геодезиялық жұмыстарды шешумен шұғылданады. Айдың бетін және планеталарды зерттеумен арнаулы бөлімдер - селенодезия, планетодезия шұғылданады.
Теңіз геодезиясы картографиялау және табиғи құрылымдарменшұғылдану мақсатында мұхит, теңіз қойнауында атқарылатын өлшемдер жүргізумен және оның арнаулы әдістерін құрастырумен айналысады.
Фототопография топографиялық пландар мен карталарды құрастырудажер бетінен, ауа кеңістігінен және космостан алынған фототүсірістердің нәтижелерін пайдалану әдістерімен шұғылданады.
Қолданбалы геодезия көп қырлы сала, ол ізденіс, жобалау, салу және әртүрлі инженерлік құрылыстарына, түзетулеріне және тексерулеріне көп көңіл бөлінеді.
Геодезияның басқа пәндермен байланысы. Геодезиялық өлшемдернәтижелеріне есептеулер жургізу - жауапты жұмыстардың бірі, сондықтан аса үлкен жауапкершілікпен қарап, қателік жібермеуге тырысу керек.

1 Техникалық қауіпсіздік ережесі

Қауіпсіздік техникасы -- еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың -- стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, болашақ геодезистерге техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, жауапкершілікпен қарау керек. Кез-келген жұмыс түрі міндетті түрде алдын-ала арнайы нұсқаулықтан кейін атқарылуы тиіс.
Далалық іс-тәжірибелік жұмыстарды орындауға қауіпсіздік техникасытуралы арнайы нұсқаулардан өткен адамдарға рұқсат беріледі, оларға жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің талаптары және пайда болған қолайсыз жағдайлардағы тиісті тәртіптері түсіндіріледі. Орманды, далалы, елсіз, таулы және елді мекендерде жұмыс істегенде оқыс оқиғалар мен жарақат алудың негізгі себептеріне көптеген табиғи кедергілер, стихиялық ауыртпалықтар, электр тогынан зақымға ұшырау, автомобиль және темір жол транспорттарымен байланысты оқиғалар және т.б. жатады. Әрбір оқыс оқиға кезінде зақымданған адам жұмысты тоқтатып, ол жөнінде өзі немесе оқыс оқиғаны көрген адам жұмыс бастығына айтуы керек. Зақымданған адамға қолдан келетін көмек тез арада көрсетілуі тиіс. Керек болған жағдайда ол адам медицина пунктіне жеткізілуі қажет.
Іс-тәжірибелік жұмыстарды жүргізгенде қоршаған ортаны қорғауғақамқорлық жасау қажет. Жұмыстарды орындағанда орманды және егін салатын жерлердің жайылым және де басқа ауыл шаруашылық алқаптарының бұзылмауына барынша тырысу керек. Орманды массив территориясында іс-тәжірибелік жұмыстарды орындаушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің нұсқауларын сөзсіз орындаулары тиіс. Ағаштардың бұтақтарын, бұталарды кесуге, інжугүлдің гүлін, кувшинканы және де басқа халық депутаттары советі қаулыларымен қорғалатын өсімдіктерді жинауға тиым салынады. Газондарда, бақшаларда және де әр түрлі егін дақылдары егілген жерлерден жүруге және жұмыстар жүргізуге болмайды.
Жұмыс кезінде су көздерін және қоршаған ортаны ластанудан, алормандарды, шым тезектерді, ауыл шаруашылық егістерін өрттен сақтау және қорғау керек. Қағаздар, целофан қалталар, шынылар, консерві банкалары, тамақ қалдықтары және т.с.с. жинап, оларды жәшіктерге салу керек. Полигон территориясында, ағаштар тез жанатын заттар жанында, қураған шөптер бар жерлерде үзілді-кесілді от жағуға, палаткалар орнатуға, серуен құруға болмайды.
Ең алдымен қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстырады. Яғнидалалық жұмыстарды орындау тек қауіпсіздік техникасының нұсқауларымен толық танысқан адамдарға ғана рұқсат беріледі. Жұмыстарды қауіпсіз түрде жургізудің талаптарын және пайда болатын қолайсыз жағдайлардағы жасайтын әрекеттердің тәртіптері түсіндіріледі. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың жарамдылығы тексеріледі.

2 Іс-тәжерибе жұмыстарында қолданылатын құрал-жабдықтар

Іс-тәжірибе жұмыстарына төмендегідей құрал-жабдықтар берілді:
1. .Еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
2. Құрал жабдықтарды сырттай тексеріп қабылдап алу.
3. 2Т-30 теодолитін тексеру және оны жұмыс жағдайына келтіруді үйрену.
4. Теодолитті түсіріс жүргізу.
5. Теодолитті түсірісті тыңғылықта өңдеу.
6. Техникалық нивелирлеу.
7. Техникалық нивелирлеу журналын өңдеу.
8. Тахеометриялық түсіріс жүргізу. Түсіріс нәтижелерін ғылыми өңдеу.
9. Тәжірибе жұмыстарын өңдеу, сынаққа дайындалу.
10. Сынақтан өту.
Құрал жабдықтар:
-2т-30 , штатив, жүк-1комплект
-жер өлшеу лентасы ЛЗ-20,6 шпилька-1 комплект
-Н-3 нивелирі,штатив-1 комплект
-PH3 рейкасы-1 дана
-Масштабты сызғыш-1 дана
-Дорбышев сызғышы-1 дана
-Транспортир-1 дана
Журналдар:
-бұрыштық өлшеулер-1 дана
-техникалық нивелирлеу-1 дана
-тахеометриялық түсіріс-1 дана.
Теодолит -- жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі -- вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -- шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.
Теодолиттің құрылысы және оның түрлері. Теодолит мынандай осьтерден тұрады: ZZ-теодолиттің вертикаль айналу осі; ТТ-көру дүрбісінің айналу осі; UU - цилиндрлік деңгейдің осі; VV-көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі. Көтергіш үш винттердің көмегімен цилиндрлік деңгей нөл пунктке қою арқылы теодолитгің айналу осі ZZ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винттер тұғырығына орнатьшған. Теодолиттік негізгі жұмыстық бөлігі 0-ден, 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталатын көру дүрбісі айналу осіне ТТ екі тұғырық арқылы ұстатылады. Лимб пен алидаданың, дүрбінің бекіткіш және жетекші винттеріболады. Бұрышты
Өлшеген уақытта, теодолит штативкеорнатылады.
Теодолиттердің түрлері
Дәлдігіне байланысты :
1. Жоғарғы дәлдікті теодолит - Т12. Дәл теодолиттер - Т2, Т53. Техникалық теодолиттер - Т15,Т30,Т60Дөңгелегінің жасалу және есептеу құрылғысының құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер)Есеп алу тетіктеріне байланысты
а) бағалау микроскобы;
ә) шкалалы микроскоп;
б) оптикалық микрометрлер.Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға Т30, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарға 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.Теодолиттің осьтеріUU1 -цилиндрлiк деңгейдiң oci
FF1,- теодолиттiң айналу oci
VV- дүрбiнiң нысаналау oci
НН -теодолиттiң горизонталь oci

Геометриялық шарттар
1. UU1FF1
2. VVHH
3. HHFF1

Теодолит остерiнің түйісу үлгісі

Т30-теодолитінің құрылысы :1-кремальера; 2-диоптрлі сақина; 3-жіпті тор түзету бұран-дасы орналасқан жердің қақпағы; 4-оптикалық нысана; 5-вертикальды дөңгелек; 6-тұғыр;
7-лимб бұран-дасы; 8-қақпақ негізі; 9-бұранда;10-жетекші бұранда;
11-алидаданың бекіту бұрандасы 12 - деңгей; 13 - көру дүрбісінің бекіту бұрандасы; 14 -дүрбі; 15 -жетекші бұранда; 16 - алидаданың жетекші бұрандасы; 17 -тұғыр; 18 -көтеру бұрандасы; 19 - лимбтың жетекші бұрандасы; 20 - окуляр; 21 -айна.

3 Топографиялық түсіріс

3.1 Арақашықтықты өлшеу

Жұмыс орнында арақашықтықты 100 метрге жуық 5 нүкте бекітілді.
Нүктелер ұзындығы 25 см, диаметр 5 см болатын, қазықшалармен бекітілді. Қазықшаларға нүктенің номері және топтың аты жазылды.
Ең алдымен арақашықтық өлшенді. Арақашықтықты өлшеу дегеніміз
оларды өлшеу және жер бетінде бекітуден басталды. Яғни жер бетіндегі нүктелер бекітіледі.
Арақашықтық 2 адамның көмегімен өлшенілді. Бірі алдыңғы өлшеуші,
Екіншісі артқы өлшеуші болды. Тағы бір адам теодолитпен бағыттап тұрады. Алдыңғы адам таспаны өлшейтін сызық бойымен созды, ал соңғы адам тапаның біткен жерін сызықтың басымен дәлдестірді, сонымен бірге алдыңғы адам сызық бойымен таспаны дәл бағыттауына көмектеседі. Артқы адамның нұсқауымен алдыңғы адам таспаны сілкіп, оның жер бетінде бұралмай дұрыс жатуын қадағалайды да таспаның шетіне 5 шпильканың біреуін кигізіп, оны жерге қадайды. Одан кейін алдыңғы адам таспаны шпилькадан алады да алға қарай жылжытып, соңғы адам оның шпилькасына таспаның соңын кигізеді. Осы ретпен қайталана береді.
Арақашықтық мына формуламен анықталады:

D=nl+q (1)

Мұндағы n - лента саны немесе шпилькалар саны, 1 - лента ұзындығы, q - қалған қалдық.
Қалған арақашықтықтар осы әдіспен өлшенілді. Арақашықтық тура жәнекері бағытта өлшенеді.
Орташа арақашықтық мына формуламен анықталады:

Dорт=(Dтура+Dкері)2 (2)

Мысалы: тура өлшегенде арақашықтық 105,48 м болды. Кері бағыттаөлшегенде 105,52 м шықты. Орташа арақашықтықты формулаға қойып есептесе 105,50 м шығады.

Dорт=105,48+105,522=105,50 м ( 3)

3.2 Жазық бұрыштарды өлшеу


Жазық бұрыш деп қабырғасы берілген нүктеден тіктеуіш сызығы арқылы өтетін қос қырлы бұрыш. Жазық бұрыштарды өлшеу үшін көптеген аспаптар қолданылады (буссоль, ганиметр), бірақ ең жетілген және дәлдісі теодолит болып табылады. Теодолитте санмен өрнектелген горизонталь диск пен санақ алатын құрылғы бар, солар арқылы жазық бұрыштың мәнін анықтайды.
Жазық бұрыштар мына формуламен анықталады:

βод=а2 - а1; βсд=а4 (4)

β=βОД+βСД2 (5)

Жазық бұрыштар теодолиттің көмегімен өлшенілді. Теодолит мұқияттексерілді. 1-ші нүктеге теодолит орнатылып, центрленді және жазық жағдайға келтіріледі. Көздеуге ыңғайлы болу үшін 2-ші және 5-ші нүктелерге қадалар қойылды. Тік дөңгелек оң жақта болғанда 2-ші нүктеге көздеп, микроскоптан а1 есебі алынды. а1= 89˚35′ тең болды. Дүрбіні сағат тілінің бойымен 5-ші нүктеге көздеп, а2 есебі алынады. а2=5˚10′ тең, сонда βод= 84˚31′ шықты. Дүрбіні зенит арқылы айналдырып, тік дөңгелек сол жаққа келтірілді. Қайтадан 2-ші нүктеге көздеп, а3 есебі алынды. Одан кейін 5-ші нүктеге көздеп, а4 есебі алынды. а3=269˚47′, а4=185˚16′ болды. Сонда, βсд= 84˚25′ шықты. Ары қарай βод - βсд = 2t шарты орындалуы керек. Яғни қолданылған теодолиттің дәлдігі 2t болғандықтан, айырмашылық 1 минуттан аспау керек. Берілген жағдайда βод - βсд= 84˚31′-84˚25′ =0°6′ болды. Қалған бұрыштар да осы тәсілмен өлшенді.
Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеуЖер бетіндегітаулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинағын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді. Жер бетінде орналасқан заттады планға түсіру үшін әртүрлі өлшеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері журналдың арнаулы беттеріне жазылады да, түсірілген объектілеріне абрис деп аталатын схемалық жоба (тұрпы) сызылады. Абрис теодолиттік түсірудің негізгі документі болып есептеледі де, ол план жасағанда қолданылады.
Абрис салғанда мынадай талаптар орындалуға тиіс:
oo схема қара қарындашпен орындалады;
контурлар мен жер бетіндегі заттар көз мөлшерімен салынады;
oo цифрлар оқуға жеңіл, анық болуға тиіс, түзу сызықтар сызғышпен, қисықтар ұқыпты түрде қолмен сызылуға, контурлардың ішінде - анықтама жазулар болуға тиіс;
oo жер бетіндегі заттар мен контурлар жуанырақ сызықтармен, өлшеулер жіңішке сызықтармен орындалуға тиіс.
Абристі салғаннан кейін геодезиялық өлшеу жұмыстарын жүргізеді.Жер беті ситуацияларын планға түсірудің бірнеше тәсілдері бар.
Бұрыштарды қиылыстыру тәсілі түсіруге қиын контурлар мен жер бетіндегі заттарды салу үшін қолданылады. Өлшенетін бұрыштар 30˚ пен 150˚-тың арасындағы шамаға тең болу керек. Түсірілетін нүктенің орны 2 немесе одан көп станциядан анықталады.
Полярлық тәсіл - жоғарыда келтірілген екі тәсілдің қосындысы болып табылады, яғни нүктенің орны бұрыш пен арақашықтық арқылы табылады. Бұл тәсіл өте көп қолданылатын және аса ыңғайлы тәсіл болып саналады. Өлшеу нәтижелері планға транспортер және масштабтық сызғыш арқылы салынады. Полярлық тәсіл геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Тұстамалық тәсіл (створлық) тәсіл түсірілетін нүкте теодолиттік жүрістің бойында орналасқан жағдайда, теодолиттік жүріс басқа инженерлік коммуникациялармен қиылысқан жағдайында қолданылады.
Перпендикуляр тәсілі теодеолиттік жүрістің қабырғаларына жақын орналасқан жер бетіндегі заттар мен контурларды түсіруге қолданылады. Өлшеулер өлшеу лентасы мен рулетка арқылы жүргізіледі. Кейін планға бұл өлшеулер масштаб арқылы салынады.
Бірінші және екінші нүктелер аралығында столб, төртінші және бесінші нүктелер аралығында құдық, бесінші және алтыншы нүктелер бойында тоғай, алтыншы және жетінші нүктелер аралығында жол ситуациялары алынды.
Мысалы: Бірінші және екінші нүкте бойынан столб ситуациясы алынды. Оны өлшеу үшін ең алдымен бірінші нүктеге теодолит орнатылды, жұмыс жағдайына келтірілді. Столбтың тұрған жерінен сол жақ дөңгелектен және екінші нүктеден сол жақ есеп алынды, кейін столбтың тұрған жерінен және екінші нүктеден оң жақ дөңгелектен есеп алынды, бұрыштары табылды. Қалған ситуацияларда осы тәсілмен өлшенілді.

Кесте 1 - Теодолиттік түсіріс журналы

Нүкте орны
СД
ОД
орташа

2
89°35'
269°47'
84,31
84,28
84,25
1

С
5°10'
185°16'

1
76°42'
7°42'
111,16
111,03
110,50
2

С
187°32'
256°26'

3.4 Координаталар ведомісін есептеу

Тұйықталған теодолиттік жүрістің төбелерінің координаталарын анықтауқажет.(Теодолиттік жүрістің схемасы, сурет 2).


ББТ-1

ББТ-5

ББТ-2



ББТ-4 ББТ-3


Сурет 2. Тұйықталған теодолиттік жүрістің схемасы.

Берілгені: бастапқы және соңғы дирекциондық бұрыштар,
Тұйықталмағантеодолиттік жүрістің төбелерін есептеу үшін бастапқы және соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық геодезиялық практика
Студенттің практикаға тапсырмасы
Теодолитті тексеру және түзету
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Теодолиттердің жіктелуі
Топографиялық жұмыстар
Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары
Электронды тахеометрлерді құрылыс өндірісі
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Пәндер