Терминология және ақпараттық қызметы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

I Терминология. терминологиялық негіздері
4
II Терминологиялық түрлері
6
2.1 Тезаурус
8
2.2 Терминология және ақпараттық қызметы
12
III Тезаурустың мақсаты
19
IV КОМПАС-3D-ң жалпы мәні және түсінігі
20
Қорытынды
24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
25

1

2

2

КІРІСПЕ

Ақпарат - латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтер ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтары азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және програматикалық. Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандай да бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді.
Семантикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеме мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Програматикалық сүзгі (бағалау механизмі) ақпаратты қабылдаушының іс жүзіндегі қызмет барысында шешетін мәселелеріне байланысты, мәлімдемені бағалауына мүмкіндік береді. Кибернетикалық жағдайда ақпарат, обьектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге - кез келген обьектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады. Ақпарат жүйесінде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәлеметтер мен қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Бірақ, нарықтық экономиканың әр түрлі ұйымдары үшін кез келген ақпарат ақпарат қорына жата бермейді, текке өз бизнесі үшін ең тиімді шешімді алуға мүмкіндік беретін бөлігі ғана оған жатады. Қоғамдық ақпаратпен жабдықтаудың мүмкіндіктері бойынша, ақпарат мынадай үш үлкен топтастырылған жікке бөлінеді: ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқарушы.

I ТЕРМИНОЛОГИЯ. ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақ тіліндегі жасалып жатқан терминді жүйелеу туралы айтқанда экстралингвистикалық факторлардың әсері мол екенін көруге болады. Қоғам өмірінің барлық саласында қолданылатын терминдер жасауда ішкі көздерге жалпы қолданыстағы сөздер, диалектілер кәсіби сөздер, көнерген сөздер, кірме сөздер жатады. Терминжасамның ішкі көздерін пайдалану арқылы терминологиялық лексиканы қалыптастыру терминологиялық жүйенің негізгі қағидасы. Жаңа атаулар мен ұғымдардың, түсініктердің ғылыми тұлғасын түсіндіруде және ғылыми техникалық жеткізуде шет сөздерге көп жол бергенше, төл тіліміздің мүмкіндіктерін молынан қолдана білуіміз қажет. Термин сөздердің жасалу тәжірибесінде терминжасамның ішкі көздерін қолдану арқылы терминдер жүйелілігін жөнге келтірудің өзектілігін шешудің бір жолы деп білгеніміз жөн.
Тіліміздегі терминдерді зерттеуші ғалым, ұстаз Б.Қалиевтің Егер тілдегі термин мәдениетті болса, тіліміз де мәдениетті деген пікіріне сүйенсек, терминнің табиғаты тіл мәдениетінің талаптарына сай болуы тиіс. Сәйкессіздік, тұрақсыздық, жүйесіздік сияқты терминге кері әсерін тигізетін шарттар термин жасауда жүйелілік ұғымын ескеруді қажет етеді.
Алуан түрлі ғылым слалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдарға ғылыми түсінік беріп, олардың тұлғасын зерттеу - терминологияның ісі. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену үрдісі арқылы жүзеге асырылды. Түрлі лексикалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты терминдер де терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады. Осы арада терминологияның басты талаптарынсыз терминдердің жасалуы мүмкін емес.
Терминология - арнайы ғылым салаларының жүйелі ұғымдарын зерттейтін күрделі сала. Ғылым салаларындағы ұғымдар термин ретінде қалыптасу үшін терминдену үрдісінен өтеді. Олар терминденуге тән ерекшеліктермен қағидаттарға сүйенеді. Терминнің терминологиялық өрісте қолданылуы терминдену тәсілімен тығыз байланысты. Терминологиялық өрістегі терминдер терминдену барысында жалпытілдік қордан негізсіз алынбайды. Ғылым салаларындағы қалыптасқан термин мен оның жалпытілдік қолданыстағы сөздерінің ұғымдық белгілерінің арасындағы ұқсастық болады. Сол ұқсастықтың негізінде жалпытілдік қолданыстағы сөз терминге айналады. Терминология жүйесіне тән осындай ерекшеліктерді анықтау үшін жекелеген терминология салаларының терминдері мен терминдік элементтеріне семантикалық талдау жасап, әрбір термин және терминдік элементтерінің мағынасының ұғымдық белгілерін ашып көрсету керек. Терминдерге семантикалық талдау жасау тәсілі арқылы терминнің жасалуын, терминдену әдісін, өзіндік ерекшеліктерін, табиғатын барынша жан-жақты тануға болады. Терминдерді семантикалық тұрғыдан зерттеуде салалық терминдердің ролі айрықша. Терминологиядағы өзекті мәселенің бірі - терминдердің мағыналарын анықтап, оларға семантикалық талдау жасау және сол арқылы терминдердің терминологиялық жүйедегі орнын анықтау. Бұл ретте қолданбалы зерттеу әдістерінсіз терминдердің жүйелілігін белгілеу мүмкін емес. Қолданбалы әдістер арқылы жүйелеу ұғымының табиғатын ашуға болады.
Терминнің сөзден айырмашылығы - терминологиялық жүйедегі орнымен айқындалады. Барлық сөздер бірдей терминологиялық өрісте қолданылып, термин ретінде қалыптасуы мүмкін емес. Термин мағыналық белгілері мен терминологиялық жүйедегі орны бойынша бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жүйе ұғымдары мен атаулары бір-бірімен қарапайымнан күрделіге қарай сатылық байланыста болады. Мұны парадигмалық, синтагмалық қатынастар деп қолданбалы зерттеу әдісінің түрлеріне жатқызуға болады. Терминдердің кез келген ғылыми құрылымның ең кіші единицасы екендігін орыс терминологы А.А.Реформатский атап көрсеткен болатын [1, 165 б.].
Жалпы тезаурустар заңның мазмұнына, тілдің байлығына, жетіктігі мен жатықтығы заңның айқын, ұғынықты болып шығуына әсер етеді.
Құқық әлемі сөзбен баянды етілетіндіктен, тезаурустын сөз қолдануда жәнеде құқық шы - ғармашылығы үшін маңызы аса зор.
Нормативтік құқықтық актінің мазмұнына, соның ішінде оның жазылу тіліне қойылатын талапты орындау үшін сөздік технологияны жетік меңгеру ауадай қажет. Міне, сондықтан да ол қазақ тілінде тезаурустар әзірлеу мәселесі алғашқы орынға шығып барады. Әрине, мемлекет тілінде заңнама әзірлеу ісінде бұдан басқа да толып жатқан шешілмеген мәселелер бар. Алайда олардың бәрі де заңды тікелей жазумен, яғни мемлекеттің еркі мен билік өкілеттіктерін сөздік технологияны мүлтіксіз сақтай отырып, заң тілі арқылы жеткізумен салыстырғанда екінші қатарға ысырылатын мәселелер.
Нормативтік құқықтық актіні практикада қолданудың тиімділігі де көбіне ол жазылған тезаррустарға байланысты болады. Құжаттағы тезаурустар құқық қолданушыға ғана емес, кез келген азаматқа түсінікті болуға тиіс екендігі заң шығару техникасының бұлжымас ережелерінің бірі болып табылады. Ендеше мәтінде құқық нормасы ретінде жазылғантезаурустары ғана емес, оның қалай жасалғанының, яғни қандай тілдік құралдармен бейнеленіп, бекітілгенінің де орасан зор мәні бар.

II ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Терминология - синхронды ғылым саласы болғандықтан, кез келген уақытта терминдерді жүйелеп отыру қажет. Терминдерді жүйелеп, бірізге түсіру үшін қолданылатын тәсілдердің бастысы - тезаурус сөздіктерін жасау. Тезаурус сөздіктерде терминдердің семантикалық қатынастары қарастырылады. Тезаурус сөзінің беретін мағынасы - сөздіктердегі термин сөздердің жүйесі. Тезаурус терминнің семантикалық, мағыналық, ұғымдық белгілерінен мәлімет береді. Жинақтай келе, тезаурус - ғылым тіліндегі сөздің жалпы суреттемесі болады. Синонимдік қатар құру арқылы ассоциациялық белгілердің берілуі тезаурустың басты міндеттерінің бірі. Синонимия - жалпытілдік лексикадағы сияқты терминологияға да тән семантикалық құбылыс.
Сөз мағынасы қандай жағдайда өзгеріп барып терминге айналады - бұл бірыңғай семантикалық талдауды, яғни терминделген сөздің денотаттық мағынасы мен коннотациялық мағынасының ауысу-өзгеру деңгейін анықтауды қажет ететін аспектілерінің бірі. Жаңа атаулар мен ұғымдардың жасалуына денотаттық макрокомпонентпен бірге коннотациялық макрокомпоненттің қатысатынын тілдік материалдардан көптеп көруге болады. Коннотациялық мағынаның бір ғана түрі бағалау компонентінің жаңа атаулар жасауда доминанттық деңгейге көтерілуі, экспрессивті-эмоциялық бояулы сөздердің терминденуі - заңды құбылыс. Мұндай сөздер жалпы қолданыстан терминдер жүйесіне өтеді. Қолданысқа енген мұндай атаулар өзге терминдермен тұрақты байланысқа түсіп, арнайы ұғым ретінде тұрақтанады: мысалы, жалған - жалған хабар, жалған ақша, жалған құжат, жалған мәміле, жалған мәлімет, жалған, жалған айғақ т.б. Жалған сөзінің коннотациялық мағынасы қарастырылмай, денотаттық мағынасы игерілген. Жалған сөзінің терминдік тіркестерде жалпы қолданыстағы (жалған өмір, жалған дүние, жалған сезім, жалған күлкі, жалған сөз) эмоциялық реңкімен ажырап, объектіні нақтылау сипатына ие болғандығын байқаймыз.
Терминология мәселесіндегі өзектіліктің бірі - төл тілдік лексикалық бірліктердің терминдерге айналуының ішкі және сыртқы себептерін нақтылау. Мәселенің сыртқы себептерін тіл саясатына, мемлекеттік тіл мәселесінің терминжасам үшін төл тілдің әлеуетін мейлінше мол пайдалану бағытына байланысты екендігі белгілі. Ана тіліміздің төл тілдік единицаларының терминденуінің ішкі себептеріне терминдендіру немесе терминдену атауы жатады. Жалпы қолданыстағы лексиканың, жергілікті тіл ерекшеліктерінің, көтерген сөздермен кәсіби лексиканың терминденуін ішкі себептерге қосуға болады.
Жалпы қолданыстағы лексиканың, кітаби сөздердің тұтастай алғандығы терминдену үрдісі бірдей емес, ол терминделетін сөздің жалпы тұтас мағынасына немесе мағыналық құрамынан шығатын әлеуеттік мүмкіндігіне негізделеді. Терминдердің ішінде тіліміздің төл лексикалық бірліктерінің терминденуге қабілетті ішкі әлеуетін дәлелдеу сөз мағынасына материалдық-заттық, мерзімдік, кеңестікке байланысты, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени аспектілерді талдай келе көруге болады [2, 51 б.]. Бұдан ең алдымен ресми құжаттар тіліндегі терминдерді саралай қарау барысында мынадай төмендегідей жайттарды атап өтуге тура келеді: ең алдымен, ресми құжаттар тілінде интернационалдық терминдер қазақша баламасы болмаған жағдайда іріктеліп қолданылады. Екінші, ғылым тіліне қарағанда ресми-іскери құжаттар тілінде өзге тілден тікелей сөз қабылдау ісінде атап көрсететіндей қарқындылық байқалмайды. Бұған дейінгі көптеген заңнамалық, нормативтік актілер тілінде өзге тілдік терминдер үшін бір реттік қолданыстарда, семантикалық сәйкестік қағидаларына үйлесе бермейтін қазақша баламаларды пайдалану, байқап көру үрдісі болса, қазіргі кезеңде ресми мәтіндерде саралаушылық бағыт басымдылыққа ие, яғни ресми құжаттағы белгілі бір интерноционал терминнің баламасын дайындап, ұсынушылар саналы тұрғыдан қарайды. Үшіншіден, Мемтерминком бекіткен терминдер құжаттарда жүйелі түрде жұмсалады, олардың қолданысы бекітілген атаусөздердің әдеби тілде қалыптасып қалуына, орнығуына жол ашады. Төртіншіден, нормативтік құжаттардың аударылуы кезінде көптеген жаңа терминдер жасалады. Көп ретте әдеби тілден бөлек және эмоционалды-экспрессивті лексикалық бірліктер де терминденіп жатады, мысалы, қарашын; жосық; қисын; жаһан; жаһандану; көзқамандық; лаңкестік; сондай-ақ қимыл есім тұлғаларының терминденуі (кенттену - урбанизация; абаттандыру - благоустройство; оңтайландыру - оптимизация; жаңғырту - рекконструкция; жандандыру - оживление); сөз біріктіру арқылы жасалған терминденуі (жөнсілтер - путеводитель, түпнұсқа - подлинник, оригинал; түбіртек - квитанция; төлқұжат - паспорт; мөртаңба - печать; мөртабан - штамп; бағакөрсеткіш - прейскурант; төрайым - председатель); сөздерді тіркестіру арқылы жасалған терминдер (тең төраға - сопредседатель; жөнелтпе құжат - накладная; жиынтық есеп - сводный отчет); сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған терминдер (қуыным - иск; талапкер - истец; әзірлеме - разработка; әкелім - ввоз; жетілім - вывоз; шегерім - скидка; үлгерім - успеваемость; көрсетілім - показ; қаржыгер - финансист) сияқты сөз қолданыстарынан аударманың терминдерді жүйелеудегі орны нақты көрінеді.
Аударма үрдісінің терминжасамға қосар үлесімен аудармаға лингвистикалық талдау жасауда Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Б.Әбділқасымов, С.Исаев, Ө.Айтбайұлының еңбектерінде мәтіннің ерекше орын алатынын, әсіресе сөздердің өзара байланысында логиканың ролі туралы айтылады. Термин сөздер өз қолданылу аясының шектеулі болуынан дәлдік, екі ұдай мағына тудырмауы керек дей келе ой жүйесін, логикалық жүйелілікті сақтауы тиістігін баса назарда ұстаған жөн деген пікірді негізге алатындығын көруге болады. Ғ.Мұсабаев пен І.Кеңесбаев өз еңбектерінде ғылыми терминология элементтері Октябрь революциясына дейін болғаны сөзсіз ... дей келе орыс тілінен енген сөздердің көпшілігінің қазақ ағартушылары тарапынан ұғымдық-терминдік сипатқа ие болғандығын көрсетеді [3, 95 б.]. Бір ғана ақын Абай -лық жұрнағынан масқаралық, арлылық, жеңсікқойлық, қорғауықтық, естілік сөздерін қолдануы жаңа атауларды тұлға ретіндегі мағынасынан терминдік сипатқа әкелгендігін көрсетеді.

2.1 Тезаурус

Жалпы тезаурустар заңның мазмұнына, тілдің байлығына, жетіктігі мен жатықтығы заңның айқын, ұғынықты болып шығуына әсеретеді.
Құқық әлемі сөзбен баянды етілетіндіктен, тезаурустын сөз қолдануда және де құқық шы - ғармашылығы үшін маңызы аса зор.
Нормативтік құқықтық актінің мазмұнына, соның ішінде оның жазылу тіліне қойылатын талапты орындау үшін сөздік технологияны жетік меңгеру ауадай қажет. Міне, сондықтан да олқазақтілінде тезаурустар әзірлеу мәселесі алғашқы орынға шығып барады. Әрине, мемлекет тілінде заңнама әзірлеу ісінде бұдан басқа да толып жатқан шешілмеген мәселелер бар. Алайда олардың бәрі де заңды тікелей жазумен, яғни мемлекеттің еркі мен билік өкілеттіктерін сөздік технологияны мүлтіксіз сақтай отырып, заң тілі арқылы жеткізумен салыстырғанда екінші қатарға ысырылатын мәселелер.
Нормативтік құқықтық актіні практикада қолданудың тиімділігі де көбіне ол жазылған тезаурустарға байланысты болады. Құжаттағы тезаурустар құқық қолданушыға ғана емес, кез-келген азаматқа түсінікті болуға тиіс екендігі заң шығару техникасының бұлжымас ережелерінің бірі болып табылады. Ендеше мәтінде құқық нормасы ретінде жазылған тезаурустары ғана емес, оның қалай жасалғанының, яғни қандай тілдік құралдармен бейнеленіп, бекітілгенінің де орасан зор мәні бар.
Заңнама мәтінінде ең жиі қолданылатын тілдік бірлік - тезаурустар. Жалпы ереже бойынша, нормативтік ұғымды неғұрлым толық білдіретін тезаурус - жақсы тезаурус, ал ұғымның шынайы мағынасын тұмшалайтын тезаурус - сәтсіз тезаурус. Ұғымдық айқындық және соған сай келетін терминологиялық дәлдік құқық нормасын мәтіндік ресімдеудің аса маңызды принципі.
Тезаурус мәселесін қозғағанда біз тезаурустарды ұлттық заңнама шеңберінде қарастыратынымызды бірден айтып өтуіміз керек. Өйткені заңдар қоғам өмірінің барлық саласын реттейтін жоғары құқықтық акт болып табылады. Сондықтан заңнама тезаурустары қоғамның тіршілік-тынысының барлық саласы.
Құқықтық нормалардың тілінде заң шығарушының еркін дұрыс және дәл білдіруге қажетті қандай да бір кәсіптік ұғымдарды бейнелейтін заңи тезаурустардын жетілген жүйесі болуға тиіс.
Қазіргі заңнама мәтіндерінде өз тіліміздің мүмкіндігін сарқа пайдаланып жасалған тезаурустар емес, сырттан енген сөздер көптеп кездеседі.
Жекелеген тезаурустарды басқа елдің тілдерінен алуға болар, бірақ оны ұлттық тілдің грамматикасына, сөз құрылысына кіріктіріп жіберу керек. Мысалы, орыстар тілдік қорының 30 пайызына дейін латын мен гректен алған. Біздің көбіміз оның орыстың сөзі емес екенін білмейміз. Олар тіл заңдылығын сақтай отырып, өздерінің тіліне кіріктіріп жіберген. Шет тілдерінің сөздерін осылайша бейімдеуге болады.
Мысалы, жетпіс жыл трактор деп келдік. Енді солай қалыптасып кеткеннен кейін оны қайтадан ауыстырудың мүмкін қажеті де жоқ шығар. Машина деп алдық. Тіпті ғұламаларымыздың еңбектерінде, Әуезовтің, Ғабиттің, Сәбиттің шығармаларында машина деп алынған. Оны қайтадан басқаша жазудың қажеті де жоқ.
Бірнеше ұрпақ сол сырттан енген терминдердің тілімен оқып, бұл сөздер әбден құлаққа сіңісті болып қалды. Енді кеп біз оларды жаппай аударуға көштік. Жөні келсе аударған дұрыс, әрине. Бірақ, өкінішке қарай, тезаурусты, атау сөзді аударған кезде көпшілік жағдайда оның кез келген сөз тіркесіндегі әмбебап мағыналық принципі, яғни терминнің аудармасына деген академиялық көзқарас сақталмады. Көпшілік жұрттың оны қалай қабылдайтыны, аударма терминнің тілдік ортаға сіңісу мәселесі ескерілмеді. Содан келіп бір сөзді бірнеше нұсқада аудару проблемасы пайда болды.
Ұлттық заңнама терминология - сындағы өзекті мәселе - нормативтік құқықтық актілердегі атау сөздердің, тезаурустардын бірізділігі проблемасы. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының орыс тілінде әзірленуі, Парламентке келіп түскенше осы жобалардың орыс тіліндегі мәтінінің ғана пысықталып, ал қазақ тіліндегі аударма нұсқасының назардан тыс қалуы. Парламенттегі жұмыс топтарында да жобамен жұмыстың негізінен орыс тілінде жүргізілуі, жалпы алғанда, ұлттық заңнама тілінің, оның терминологиясының орыс тіліндегі нұсқаға байланып қалуы ұлттық заңнаманың тілі мен тезаурустардағы бірізділіктің сақталмауына себеп болып отыр. Тиісті сала маманының, заңгердің тезінен өтпеген ұлттық термин алды-арты, кейінгі қолданылу жағдайы болжанбай, жалғыз аудармашының ой-өресіне байланып, бір қайнауы ішінде кетіп жатады.
Мәселенің түйіні нормативтік құқықтық актілер жобаларын қазақ тілінде әзірлеуде жатыр.
Осылайша, дұрыс қалыптасқан тезаурустардан терминологиялық негіз немесе тезаурус түзіледі. Белгілі бір нормативтік-құқықтық актіде пайдаланылған ұғымдар мен анықтамалардың ретке келтірілген жиынтығы оның тезаурусын немесе терминологиялық негізін құрайды. Тезаурусы қалыптасқан тіл - қандай күрделі заңнаманы болса да жазуға жарайтын тіл. Тезаурустың қалыптасқан терминдер негізінде ғана жасалатынын ескерсек, бұл тілдің жеткілікті дәрежеде терминденгені туралы да айтуға болады. Тезаурус мынадай талаптарға сай келуге тиіс.
Біріншіден, конституциялық идеалдар мен принциптерді дұрыс бейнелеуге, екіншіден, мазмұны мен мәні жағынан, базалық құқықтық ұғымдарға және конституция мен заңдық күші неғұрлым жоғары актілерде алынған терминдерге сай келуге, үшіншіден, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық реттеудің сол саласында қалыптасқан біркелкі ұғымдарды қамтуға тиіс.
Дұрыс тезаурустың қарапайым үлгісі ретінде мына тіркесті алуға болады: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты. Ал Қазақстан Республикасы Парламентінің Аппараты десек, ол тезаурустың бұзылғандығын көрсетеді. Өйткені еліміздің Конституциясында қос палаталы Парламент туралы норма баянды етілгендіктен, мемлекеттік орган ретіндегі Аппарат Мәжіліс пен Сенаттың құрылымында жасақталады. Осыдан келіп шығатын мәселе, жеке сөздер мен терминдер және тіркестер әртүрлі түсінілмеуі үшін қолданыстағы заңдардың терминологиялық сөздік - тезаурусын жасау керек, сонда әртүрлі құқық шығару органдары құқықтық актілер жобаларын дайындағанда қолданыстағы заңнаманың ұғымдары мен анықтамаларын ескеріп, оларды орталық және жергілікті органдарда бірдей қолданар еді.

1 сурет
Семантикалық қатынастар арқылы терминдерді жүйелеуге болатындығы туралы айта келе тезаурус сөздіктер жасау мәселесі жөнінде Е.Әбдірәсілов былай дейді: Тезаурустың мақсаты - терминологиялық жүйедегі өзіндік орнымен атқаратын қызметіне орай терминдерді ішкі топтарға жинақтап беру [4, 22 б.]. Заттық ұғым мен процестік ұғымды ұштастыра термин жасауда етістіктерге -у жұрнағын қосу арқылы тек ғана зат есім емес, етістіктерден де терминдер алуға болатынын көруге болады. Үдету, ауыстыру, бейімдеу, алмастыру, айырбастау, растау, көгалдандыру, абаттандыру, жекешелендіру, жаңарту, арттыру, енгізу және т.б. етістіктерінен осыны байқауға болады. Бұл арада А.Байтұрсынұлы жасаған терминдерде етістіктердің молынан ұшырасуын лептеу, амалдау, шеңдестіру, жалғау, үстеу, шылау, мезгеу, меңзеу, әсірелеу сөздерінен көреміз. Ш.Құрманбайұлы А.Байтұрсынұлының терминжасам тәсілдері туралы айта келе: А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің түгелге жуық сәтті шығуының сыры - оның нағыз терминолог ретінде терминге лексикология тұрғысынан да, концептология тұрғысынан да қарай білуінде жатса керек, - дейді [5, 141 б.].
Қазақ тіліндегі жасалып жатқан терминді жүйелеу туралы айтқанда экстралингвистикалық факторлардың әсері мол екенін көруге болады. Қоғам өмірінің барлық саласында қолданылатын терминдер жасауда ішкі көздерге жалпы қолданыстағы сөздер, диалектілер кәсіби сөздер, көнерген сөздер, кірме сөздер жатады. Терминжасамның ішкі көздерін пайдалану арқылы терминологиялық лексиканы қалыптастыру терминологиялық жүйенің негізгі қағидасы. Жаңа атаулар мен ұғымдардың, түсініктердің ғылыми тұлғасын түсіндіруде және ғылыми техникалық жеткізуде шет сөздерге көп жол бергенше, төл тіліміздің мүмкіндіктерін молынан қолдана білуіміз қажет. Термин сөздердің жасалу тәжірибесінде терминжасамның ішкі көздерін қолдану арқылы терминдер жүйелілігін жөнге келтірудің өзектілігін шешудің бір жолы деп білгеніміз жөн.
Тіліміздегі терминдерді зерттеуші ғалым, ұстаз Б.Қалиевтің Егер тілдегі термин мәдениетті болса, тіліміз де мәдениетті деген пікіріне сүйенсек, терминнің табиғаты тіл мәдениетінің талаптарына сай болуы тиіс. Сәйкессіздік, тұрақсыздық, жүйесіздік сияқты терминге кері әсерін тигізетін шарттар термин жасауда жүйелілік ұғымын ескеруді қажет етеді.
Алуан түрлі ғылым слалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдарға ғылыми түсінік беріп, олардың тұлғасын зерттеу - терминологияның ісі. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену үрдісі арқылы жүзеге асырылды. Түрлі лексикалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты терминдер де терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады. Осы арада терминологияның басты талаптарынсыз терминдердің жасалуы мүмкін емес.
Терминология - арнайы ғылым салаларының жүйелі ұғымдарын зерттейтін күрделі сала. Ғылым салаларындағы ұғымдар термин ретінде қалыптасу үшін терминдену үрдісінен өтеді. Олар терминденуге тән ерекшеліктермен қағидаттарға сүйенеді. Терминнің терминологиялық өрісте қолданылуы терминдену тәсілімен тығыз байланысты. Терминологиялық өрістегі терминдер терминдену барысында жалпытілдік қордан негізсіз алынбайды. Ғылым салаларындағы қалыптасқан термин мен оның жалпытілдік қолданыстағы сөздерінің ұғымдық белгілерінің арасындағы ұқсастық болады. Сол ұқсастықтың негізінде жалпытілдік қолданыстағы сөз терминге айналады. Терминология жүйесіне тән осындай ерекшеліктерді анықтау үшін жекелеген терминология салаларының терминдері мен терминдік элементтеріне семантикалық талдау жасап, әрбір термин және терминдік элементтерінің мағынасының ұғымдық белгілерін ашып көрсету керек. Терминдерге семантикалық талдау жасау тәсілі арқылы терминнің жасалуын, терминдену әдісін, өзіндік ерекшеліктерін, табиғатын барынша жан-жақты тануға болады. Терминдерді семантикалық тұрғыдан зерттеуде салалық терминдердің ролі айрықша. Терминологиядағы өзекті мәселенің бірі - терминдердің мағыналарын анықтап, оларға семантикалық талдау жасау және сол арқылы терминдердің терминологиялық жүйедегі орнын анықтау. Бұл ретте қолданбалы зерттеу әдістерінсіз терминдердің жүйелілігін белгілеу мүмкін емес. Қолданбалы әдістер арқылы жүйелеу ұғымының табиғатын ашуға болады.

2.2 Терминология және ақпараттық қызметы

Терминнің сөзден айырмашылығы - терминологиялық жүйедегі орнымен айқындалады. Барлық сөздер бірдей терминологиялық өрісте қолданылып, термин ретінде қалыптасуы мүмкін емес. Термин мағыналық белгілері мен терминологиялық жүйедегі орны бойынша бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жүйе ұғымдары мен атаулары бір-бірімен қарапайымнан күрделіге қарай сатылық байланыста болады. Мұны парадигмалық, синтагмалық қатынастар деп қолданбалы зерттеу әдісінің түрлеріне жатқызуға болады. Терминдердің кез келген ғылыми құрылымның ең кіші единицасы екендігін орыс терминологы А.А.Реформатский атап көрсеткен болатын [1, 165 б.].
Терминология - синхронды ғылым саласы болғандықтан, кез келген уақытта терминдерді жүйелеп отыру қажет. Терминдерді жүйелеп, бірізге түсіру үшін қолданылатын тәсілдердің бастысы - тезаурус сөздіктерін жасау. Тезаурус сөздіктерде терминдердің семантикалық қатынастары қарастырылады. Тезаурус сөзінің беретін мағынасы - сөздіктердегі термин сөздердің жүйесі. Тезаурус терминнің семантикалық, мағыналық, ұғымдық белгілерінен мәлімет береді. Жинақтай келе, тезаурус - ғылым тіліндегі сөздің жалпы суреттемесі болады. Синонимдік қатар құру арқылы ассоциациялық белгілердің берілуі тезаурустың басты міндеттерінің бірі. Синонимия - жалпытілдік лексикадағы сияқты терминологияға да тән семантикалық құбылыс.
Сөз мағынасы қандай жағдайда өзгеріп барып терминге айналады - бұл бірыңғай семантикалық талдауды, яғни терминделген сөздің денотаттық мағынасы мен коннотациялық мағынасының ауысу-өзгеру деңгейін анықтауды қажет ететін аспектілерінің бірі. Жаңа атаулар мен ұғымдардың жасалуына денотаттық макрокомпонентпен бірге коннотациялық макрокомпоненттің қатысатынын тілдік материалдардан көптеп көруге болады. Коннотациялық мағынаның бір ғана түрі бағалау компонентінің жаңа атаулар жасауда доминанттық деңгейге көтерілуі, экспрессивті-эмоциялық бояулы сөздердің терминденуі - заңды құбылыс. Мұндай сөздер жалпы қолданыстан терминдер жүйесіне өтеді. Қолданысқа енген мұндай атаулар өзге терминдермен тұрақты байланысқа түсіп, арнайы ұғым ретінде тұрақтанады: мысалы, жалған (фальшивый) - жалған хабар (дезинформация), жалған ақша (фальшивая монета), жалған құжат (поддельный документ), жалған мәміле (мнимая сделка), жалған мәлімет (ложное сведение), жалған неке (фиктивный брак), жалған айғақ (ложное показание) т.б. Жалған сөзінің коннотациялық мағынасы қарастырылмай, денотаттық мағынасы игерілген. Жалған сөзінің терминдік тіркестерде жалпы қолданыстағы (жалған өмір, жалған дүние, жалған сезім, жалған күлкі, жалған сөз) эмоциялық реңкімен ажырап, объектіні нақтылау сипатына ие болғандығын байқаймыз.
Терминология мәселесіндегі өзектіліктің бірі - төл тілдік лексикалық бірліктердің терминдерге айналуының ішкі және сыртқы себептерін нақтылау. Мәселенің сыртқы себептерін тіл саясатына, мемлекеттік тіл мәселесінің терминжасам үшін төл тілдің әлеуетін мейлінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні
Компьютерлік тораптардың жіктелуі
20-ғасырдағы қазақтың жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин
БІРІНШІ ПАЙДА БОЛҒАН МЕМЛЕКЕТ ПЕ ӘЛДЕ ҚҰҚЫҚ ПА. . .
Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы мәлімет
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Желілік әкімшілік етудің мақсаттары мен міндеттері
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Фармацевтикалық терминдер
Пәндер