КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 504. 062. 2 (045)

Аннотация: Бұл мақалада Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы мәселелер қарастырылған. Каспий экожүйесінің бүгінгі жағдайы, болашағы туралы өзекті ойлар ортаға салынған. Каспий теңізінің ластануына әсер ететін факторлар туралы мәліметтер келтірілген.

Кілтті сөздер: теңіз, су, балық, Каспий жағалауы, су айдыны, Қызыл кітап

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ғылыми жетекші: Серікбаева А. К. аға оқытушы, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы

Қуантқанова Э. Б. студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы

Әлемдегі ең бір ірі жабық су бассейні болып табылатын Каспий теңізін Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Түркменстан сияқты бес мемлекет қоршап жатыр. Каспий теңізі әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатыр, халықаралық теңіздермен, мұхиттармен қатысы жоқ, тұйық су. Сондықтанда Каспий екі миллиион жылдан бері оқшау, сондай-ақ тұздылық деңгейі мен климаттық жағдайларының ерекшелігінен ғажайып экожүйе қалыптасты.

Каспий теңізі - ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және химиялық жолмен ластануы қаскөйліктің (браконерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім - Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы - балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Ресейдің, Әзербайжаннның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы: шортан, оңғақ, қызылқанат балық алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда ( тұзд. 10-11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуде бейімделген. [1]

Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, тағы басқа бар.

Ал Каспий итбалығы - тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 - 450 мыңға дейін азайған итбалықтың - 27 мыңы, 1990 жылы- 13, 8 мыңы, 1996 жылы- 8 мыңы ауланған. 2010 жылы сәуір - тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы - Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экология жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді.

Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі - Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі - жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.

Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экология жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. 2008 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 137, 1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 135, 8 мың т газ тәрізді заттар, 2, 3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3, 5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы - ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн. 3 газ ауада жанады. (2009) . Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 196 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады (2009) . Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органика пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғары концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. [2]

Маңғыстау жағалауындағы теңізді ластайтын аймақтар Ақтау, Форт-Шевченко қалаларының кәсіпорындары мен Бозащы мұнай кен орындары. Су тұщыландыру қондырғысынан натрий сульфаты, бромды темір, магний тотығы, тұз қышқылы және бірқатар құнды компоненттер алынғанымен, пайдаланылмай теңізге тасталады. Осының бәрі Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін күрделендіріп жіберді.

Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен БҰҰ ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - экология тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

Мұнай мен газ өнеркәсібінің қарқынды дамуы, су - көлік жолдары мен құбыр жүйелерінің ұлғаюы, өнеркәсіп қалдықтары мен ластану, су деңгейінің ауытқуы, климаттың өзгеруі және жағалау аймағының босап, бүлінуі, соның ішінде шамадан тыс көп аулаудың салдарынан биологиялық әртүрліліктің жоғалуы және теңізге жат тұқымдардың салынуы - міне, Каспий қоршаған ортасын қорғаудың бірнеше проблемалары осындай. Бұл проблемалардың басым көпшілігі шекаралық сипатқа ие болғандықтан оларды шешуге барлық бес мемлекеттің ынтымақтастығы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Каспий теңізі-әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасы
Ақтау портының маңыздылығы
Марат Тәжин
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz