Педиатрия кәсібінің ерекшелігі
Мазмұны
1. Педиатрия дегеніміз не?
2. Педиатрия кәсібінің ерекшелігі.
3. Егу (вакцинация).
4. Екпені жасату керек пе, әлде күте тұрамыз ба?
5. Екпе қалай дайындалу керек?
6. Қорытынды.
7. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Педиатрия (грек. paіdos -- бала және іatreіa -- емдеу) -- медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.
Бала дәрігерлерінің Міндеті: Дәрігер-педиатр пациенттерді өз кабинетінде қабылдайды. Қажетті жағдайда қсымша үйіне де барып отырады. Дәрігер науқастың шағымына қарап не болмаса ата-анасының қимылдарын жіті қадағалап, сондай-ақ, баланың түр-келбетіне қарап та нендей аурумен ауырып тұрғанын біле алады. Бала егер стационарда ем қабылдап жатқан болса, дәрігер оны күнде тексеріп тұрады. Пациенттің жағдайының өзгеруіне байланысты ем-шараға өзгертулер енгізеді. Ем-дом қабылдау жұмысын қадағалап отырады. Дәрігер ем-шара жасау тәсілін ғана басшылыққа алмай, бала организмінің даму заңдылықтарын да естен шығармауы тиіс. Дәрігер-педиатр құжаттамаларды жүргізуді: пациенттің жеке картасын толтыру, рецепт жазу, пациенттің екпе құжатындағы жазбалардың толық болуы секілді жұмысты қатар алып жүруі қажет.Балаларды тексеруден өткізіп тұру, олардың денсаулығын қадағалау, науқас балаларды емдеу, ауруының асқынып кетуіне жол бермеу.
Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ: Бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ерекшелігін, осы педиатрия мамандығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтып, баланың тамақтануын, гигиенасын, балалар ауруларын алдын алу мен оларды емдеу жолдарын зерттегендері белгілі. 19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У.Кадоган, Г.Армстронг, т.б. болды.19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А.Н. Тольский (1832 -- 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A.И. Авенирова бастады. 1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез,безгек, күл, полиомиелит, т.б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады. Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда туылғанынан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері -- педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларын алдын алып емдейтін бірден-бір медицина саласының мықты мамандығы ол -- педиатрия.
2. Педиатрия кәсібінің ерекшелігі: Балалар дәрігерінің міндетіне баланың денсаулығын емдеу мен алдын алу шараларын жүргізу ғана емес, баланың өсу динамикасын қадағалау мен оның ана-аналарына бала күтімі туралы кеңес беріп отыру да кіреді. Бүгінгі таңда педиатрия саласында балаларды қауіпті жұқпалы инфекциялардан қорғау мақсатында екпе жұмыстарына үлкен көңіл бөлінген. Талап етілетін қасиеттер: Барлық медицина қызметкері секілді, балалар дәрігері де адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Биология, ботаника, химия, физика пәндері бойынша білімі жоғары болуы тиіс. Бұл дәрігер әр сөзі, әр істеген ісі үшін жауапты. Балалар дәрігерінің бойында балаға деген сүйіспеншілік қасиет басым болуы шарт. Бұл мамандық иесінен ашық жүзді, ілтипатты, өз жұмысына жауапкершілікпен қарай алатын жан болғаны талап етіледі. Сонымен қатар, көпшіл, сырт келбеті тартымды және сабырлы сөйлей алатын жан болғаны жөн. Егер пациент денсаулығы ауыр халдегі жас бала болса, мұндай жағдайда дәрігерге шұғыл және дұрыс шешім қабылдауға тура келеді. Бұл жұмыстың қиын тұстары - балалардың қай жері, қалай ауырып тұрғаны туралы дұрыс түсіндіре алмауы (әлі сөйлей алмайтындары да бар). Мұндай жағдайда дәрігерге өте зерек болу керек. Көптеген кішкентай балалардың ауруханаға барғысы келмейтіні түсінікті. Сол себепті де, қобалжып тұрған балаларды тыныштандырып, дұрыс жол таба білу балалар дәрігері үшін маңызды. Күнделікті әртүрлі жастағы және түрлі мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау үшін балалар дәрігерінен шыдамдылық пен эмоциональды салмақтылық талап етіледі. Жыл мезгілдеріне байланысты қозатын кезең аурулары тұсында физикалық шыдамдылық та керек.
3. Егу, вакцинация - адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.жұқпалы аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы. Дегенмен, осы екпелер төңірегінде даулы мәселелер көп-ақ. Олай болса, вакцинация жайлы не білеміз?
Біз ашық әлемде өмір сүреміз. Сондықтан, қоршаған ортаның түрлі әсерінен туындайтын сан алуан ауруларды баланың әлсіз ағзасы қалай қабылдайтынын бірде-бір ана алдын-ала болжай алмайды. Вакцинаның арқасында ағза аса қауіпті ауруларды тудыратын бактериялар мен вирустарға төтеп бере алады. Мысалы: туберкулез, көкжөтел (коклюш), дифтерия, гемофильді жұқпа және сіреспе (столбняк).
Екпенің мақсаты- Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антител тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Тарихи шолу- Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді қабыршағын салатын болған. Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке қарсы вакцина тапқанын жариялады.
Екпе Түрлері:
Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:
Міндетті егу - балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;
Жоспарлы-кәсіби егу - мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz