Бала тәрбиесі баршамызға ортақ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ
Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы,
жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады.
Адам баласын бауырым деу жүректің ісі

Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.
Ата- ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе-деп бабымыз айтқандай баланыбесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.
Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да,суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі- қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғаның қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігердің қажет етеді.
Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек. Баланың көзінше қырсық мінез көрсетету, өзге адамды жамандау сияқты қылықтар бала бойына теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады.
Бала тәрбиесін ойлайтын ата- ана ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді деп ойлаймын. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек тәрбиеші ғана емес әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, көгаландыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыру. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады.
Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Құрметті ата - аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер тәрбиешіні жолдастарын, қоғамды кіналаудан гөрі, мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б деген сияқты сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа үйренеді. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көретіні ата - ана, ал ата - ана өмірінің жалғасы - бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі үлгілі, ақылды кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата - ана қадағалайды. Тәрбие басы тал бесік, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата - ананың бір - біріне деген қарым - қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған - туыспен, көрші - көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен, мысал келтіре отырып түсіндіру керек.
Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеуге болады. Жақсы сөз жан азығы деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы Адамды тәрбиелеу. Бүгінгі күні біз - әлем халқы, бір кісідей жаңа дәуір, жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шәкәрімнің: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Тәртіпке тәрбиелеудің бастамасы - тіл алғыштық
Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
«Жанұя мектебі-тұлға мен қоғамды байланыстырушы»
Қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы тәрбиелеудің басты құралы. (Мектепалды даярлық тобы)
Ұлттық тәлім-тәрбие
Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен сабақтастық
Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Пәндер