Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Кіріспе
1 Салт.дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
1.1 Оқушыларға салт.дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.2 Халықтық педагогикада тәрбиенің түрлері
1.3 Экологиялық тәрбие және ағарту
2 Ұлттық дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні
2.1 Қазақстандықтардың ұлттық салт.дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк мәнi
2.2 Дәстүрлі тәрбиенің ерекшеліктері
2.3 Салт.дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жүйесінің тиімділігі
2.4 Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастыру және дамыту
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық тәрбиені халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері мол.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда

4
1 Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
6
1.1 Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
6
1.2 Халықтық педагогикада тәрбиенің түрлері
7
1.3 Экологиялық тәрбие және ағарту
8
2 Ұлттық дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні
12
2.1 Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк мәнi
12
2.2 Дәстүрлі тәрбиенің ерекшеліктері
13
2.3 Салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жүйесінің тиімділігі
19
2.4 Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастыру және дамыту
22
Қорытынды
28
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
31
Мазмұны:
Кіріспе
Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаҺандық дағдарысы жершарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті Қазақстан - 2030 бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: ...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет, - деген болатын. Бұл мәселенің тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский "әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек" деген өзінің ұлағатты ойын "Родная речь" атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, "бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі" - деген ой түйген болатын.
Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін қалыптастыра отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Зерттеу тақырыбының мақсаты - салт-дәстүрлердің негізі арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесінің қалыптастыру жүйесін теориялық тұрғыда қарастыру.
Зерттеу тақырыбының нысаны - оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні - қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру барысы.
Зерттеу объектісі - педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
oo салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздерін оқу;
oo салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жүйесін оқып үйрену;
oo салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жүйесінің тиімділігін білу.
Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі деп аталады. Ол үш бөлімнен тұрады. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру процесі туралы жазылған. Халықтық педагогикада тәрбиенің түрлері атты екінші бөлімінде халықтық педагогикадағы тәрбиенiң сегiз түрi қарастырылады. Экологиялық тәрбие және ағарту атты үшінші бөлімінде экологиялық тәрбиенің қалыптасу мәселесі сипатталады. Екінші тарау Ұлттық дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні деп аталады. Ол төрт бөлімнен тұрады. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк мәнi атты бірінші бөлімі - ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгi жайында. Дәстүрлі тәрбиенің ерекшеліктері атты екінші бөлімінде қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие ерекшеліктері қарастырылады. Салт-дәстүрлер негізінде оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жүйесінің тиімділігі атты үшінші бөлімінде оқушылардың экологиялық тәрбиесінің құрылымын сипаттайтын жалпы педагогикалық-психологиялық білімдер жайлы айтылады. Қорытындыда салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру туралы көптеген әдебиеттер пайдаланылып, бірнеше мәселелер талқыланған. Яғни, салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие берудің маңызы өте зор.
1 Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру

Философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді жан-жақты талдау негізінде зерттеу проблемамызды тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды ұйғардық. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау мәдениет, мәдениеттілік, экология, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениет ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан экологиялық мәдениеттің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі. Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады және экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар, экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады. Халық педагогикасының құралдары туған жерін, туған тілін, туған мәдениетін, туған тарихын біліп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, өлкетану мәселесін көтереді. Олай болса, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ұйымдастыру жолдарын зерттеуге баса назар аударуды талап етеді.[1]
Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;
үшіншіден, өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;
төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;
бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
алтыншыдан, экологиялық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;
жетіншіден, оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.[2]

Халықтық педагогикада тәрбиенiң сегiз түрi бар. Олар: дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерi. Ендi осы тәрбие түрлерiне қысқаша тоқталып кетейiк.
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесiнiң рөлi ерекше. Дене тәрбиесiнiң мақсаты оқушының денесiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмiр салтына тәрбиелеу. Халық педагогикасында дене тәрбиесi адам дүниеге келген күннен бастап қолға алынады.[3]
Халық еңбектi бүкiл тәрбие жүйесiнiң күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейiнде қарайды. Еңбек тәрбиесi деп оқушыны еңбекке сүйiспеншiлiкпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбектiң алуан түрлерiне баулу, еңбек iс-әрекетiнiң барысында олардың дағдысы мен iскерлiгiн қалыптастыруға, сөйтiп болашақта мамандық тандауға дайындау деп түсiнемiз. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсiптiк бағдар беру оқушылардың қоғамға пайдалы, өнiмдi еңбекке тiкелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудiң, жеке адамды адамгершiлiк және зиялылық жағынан қалыптастырудың негiзгi көзi болып табылады.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз окушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға белсене қатыстыру, олардың бойына тәртiптiлiк пен мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбекке және қоғамдық iс-әрекетке деген жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеу.
Акыл-ой тәрбиесi әр заманда жастарға бiлiм берудiң негiзгi құралы болып келдi. Ақыл-ой тәрбиесi -- адам зиялылығының негiзi. Сол арқылы оқушыны ойлау iс-әрекетiнiң басты шарты болып табылатын бiлiм қорымен қаруландыру, негiзгi ойлау операцияларын меңгерту, бiлiм, бiлiк, дағдылар мен дүниетанымын қалыптастыру мiндеттерi шешiледi.[4]
Тәрбиенiң басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. "Экономикалық тәрбиенiң негiздерi" еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат -- оқушыларды бiлiмдер негiздерiмен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндiрiс, айырбас, бөлiсу және тұтыну ауқымындағы негiзгi экономикалық қатынастарды тәжiрибеде меңгерту деп түсiну керек.
Экологиялық тәрбие дегенiмiз -- экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.
Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.
Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi орынды шешу мүмкiн емес. Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Адамның неғұрлым құқықтық бiлiмi толық және терең болған сайын оның құқықтық мәдениетi жоғары болады.[5]
1.3 Экологиялық тәрбие және ағарту
Экологиялық тәрбие және ағарту -- адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.
Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар, қажетті нормативтіқ-құқылық базалар, экономикалық механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі, азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық мәдениет - бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.[6]
Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады. Мысалы, Жапония - табиғатты қорғау саясатында үлкен жетістіктерге жеткен мемлекет. 60-шы жылдардың соңындағы үлкен экологиялық қарсылықтар мемлекеттік табиғат қорғау жүйесін құруға алып келді. Ол кездегі жүргізілген саясат тек экономикалық өсуді ғана алға мақсат етіп қойып, қоршаған ортаның жайы еш ескерілмеді. 70-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық пікірлердің қысымымен Ұлттық экологиялық стратегия іске аса бастады. Қазір Жапония экологиялық саясаты жағынан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. 60-70-ші жылдардағы АҚШ-тағы осындай жағдай да үкіметті экологиялық проблемаларды шешуге мәжбүр етті.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.[7]
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.
Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.[8]
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.[9]

Егемендi елiмiзде 120 ұлттың өкiлдерi ұзақ жылдар бойы тату-тәттi, бiрге өмiр сүрiп жатыр. Ұлт достығын күшейтуде Кеңестiк идеологияның оң ықпал еткенiн естен шығаруға болмайды.
Соңғы он бес жыл iшiнде әлемнiң әр түпкiрiнде этникалық және дiни қақтығыстардың жиi болып жатуы халықтар бiрлiгiн күшейтудегi идеологиялық жұмыстардың әлсiреуiнен де болып отырғаны көпке аян.
Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай "Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты" деп қарауға тура келедi.
Ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ақтара қарап терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрi де оның тәрбиелiк мәнiн сөз етпей өткен емес. "Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ" деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған.
Ұлттық тәрбиенiң ұйтқысы -- ана тiлi. Тiлiн жоғалтқан этнос, өзiнiң бұрынғы этностық қасиетiнен айрылады. А.Н.Толстойдың "Тiл ұлттың жаны... идеяның, сезiмнiң, ойдың жанды көрiнiсi" деуi де ұлт тiлiнiң ұлттық мәдениеттi басқаларға бейнелеп бере бiлудегi артықшылығын көрсетуi деуге болады.[10]
"Тiл -- халықтың тарихы, сана-сезiмi, көңiл-күйi, әдебиетi, мәдениетi. Тiлсiз мәдениет пен тарихтың дамуы мүмкiн емес" (А.И.Куприн) деп қарайтын болсақ, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң де асыл арқауы тiлге келiп тiреледi.
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттiк тiлдiң өркендеуi Қазақстанда тiршiлiк ететiн жүзден астам ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюiне мұрындық болып отыр.
Этностық мәдениеттiң өсiп-өркендеуi үшiн де қолайлы жағдай, мәдени кеңiстiк керек. Ол кеңiстiк деп отбасын, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиеттердi, ғылыми зерттеу және әкiмшiлiк мекемелерiн жатқызамыз.
Соңғы он бес жыл iшiнде, әсiресе соңғы 4-5 жылда Қазақстанда тұратын аз ұлттардың балаларының ана тiлiнде оқу оқып бiлiм алуына, ұлттық мәдениет үлгiлерiн насихаттауға бiр табан болса да қолайлы жағдай туғызылды. Республикамызда 15 ұлттың тiлiнде 36 жексембiлiк дiни мектептер жұмыс iстейдi. Онда 2500 бала, 970 ересек адамдар оқиды.
Бүгiнде республикада немiс, өзбек, ұйғыр, корей, украин, татар тiлдерiнде 138 мың дана газет-журналдар шығып тұрады.[11]
Тәулiгiне бiрнеше тiлде радио және телехабар берiледi. Республикамыздың кiтапханаларында корей, немiс, өзбек, ұйғыр, татар тiлдерiнде 70 мың данадай кiтап қоры бар. Қоғамдық мекемелерде корей, немiс, ұйғыр, татар ұлт өкiлдерi жұмыс iстейдi.
Ақпарат құралдары арқылы оқу-ағарту және мәдениет орталықтарында халық-саны аз ұлттардың салт-дәстүрлерi, музыкасы мен ұлттық киiм үлгiлерi, ойын түрлерi, тағамдары туралы үздiксiз мол мағлұматтар берiлiп келедi. Мектептер мен балабақшаларда, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ән-күй, би ансамбльдерiнiң орындауында ұлттық фестивальдар мен көрмелер, кештер жиi ұйымдастырылуда. Стадиондар мен ойын алаңдарында ұлттық спорт, ойын түрлерi өткiзiлiп, олар ұлт достығының кепiлдiгiне айналуда.
Неке сарайлары мен ауылдық клубтарда жас жұбайлардың үйлену тойлары ұлттық рәсiмде өткiзiлiп халық арасында кең насихатталуда.
Жақсы дәстүр жалғаса берсе екен деген игi тiлекпен Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы бiлiм академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясының ғылыми қызметкерлерi Қазақстанда тұратын орыс, немiс, поляк, корей, дүңген, тәжiк, түрiк, өзбек, ұйғыр т.б. халықтардың отбасындағы ұрпақ тәрбиелеу дәстүрлерiнiң озық ұлгiлерiн жинастырып, 2000 жылы "Санат" баспасынан "Халық - қапысыз тәрбиешi" атты жинақ шығарды.
Соңғы жылдары Қазақстан халықтарының мақал-мәтелдерi, ән-күйлерi, ұлттық ойындары бiрнеше жинақ болып басылып шықты.[12]
Осының бәрi Қазақстанда тiршiлiк етушi тiлi басқа, тiлеуi бiр, салт-дәстүрi ұқсас елдердiң ұлттық мәдениетiн, бала тәрбиелеу дәстүрлерiн халық арасында кең түрде насихаттауда iстелiп жатқан игiлiктi iстердiң жемiсi, ұлттық ынтымақты күшейтудегi нақтылы iс-шаралар.
Қазақстан халықтарының елiмiздiң экономикасы мен мәдениетiн өркендетудегi соңғы жылдардағы қол жеткен табыстарын ынтымақ пен береке-бiрлiктiң нәтижесi деп қарауға тура келедi.
Егемендi елiмiздi бұдан әрi де бейбiт жолмен өркендете беремiз десек әрбiр ұстаз бен ата-ана, саналы ұлт өкiлдерi:
Ынтымақ елдiкке жеткiзедi,
Береке бiрлiкке жеткiзедi -- деген халық қағидасын үнемi iс пен әрекеттiң пәрмендi құралы ретiнде пайдалануды естен шығармауы керек.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.[13]
2.2 Дәстүрлі тәрбиенің ерекшеліктері
Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi -- бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.
Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы, жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу -- мiне осының бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған. Ежелден мал бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен.[14]
Қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенiң басты шарты болып есептелген.
Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет көрсетедi де, қонақтан "қонақ кәде" сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет көрсетуге мiндеттi болған.
Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер еткен, "қонақ кәде" мен "ауылдың алты ауызы" жастарды сөз қадiрiн бiлуге, шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған.
Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат тұтқан. "Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" деп текке айтпаған.
Сөзiңдi айт ұққанға,
Айтып айтпай не керек --
Құлағына мақта тыққанға, -- деген мақал осы ойды меңзейдi.[15]
Сондай-ақ қонақтың "ат тергеу" салты да болған. Ол үйге келген үлкенге 5-6 жасар баладан бастап отбасы мүшелерiнiң бәрi сәлем беруден басталады. Қонақ баладан жетi атасын таратып берудi талап етедi. Бала өзiнен бастап жетi атасына дейiнгiлердiң аттарын атап шығып, қай рудан екенiн бiлдiредi. Қонақ "жақсы, өнегелi азамат бол!" деп батасын бередi. Ат тергеу далада кездесе қалғанда жолаушылардың бiр-бiрiне сәлемдес-кеннен кейiн де iске асыратын әдетi. Мәселен, жасы үлкен адамға жасы кiшi жолаушы бұрылып келiп амандасқаннан кейiн, қарияның "қарағым, қай рудансың, қай ауылдың азаматысың?" деп сұрақ қоюы заңды болған. Осы кезде жасы кiшi азамат өзiнiң ата-тегiн айтып таныстырады. Оны бiлмеген ұят саналған. Ондайларды "жетi атасын бiлмейтiн -- жетесiз!" деп сөгетiн болған.
Жiгiттiң үш жұрты. Ол -- өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзiнiң әке жағындағы туыстары мен шеше жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата бiлуi заң болып саналған. Үш жұрттың жәй-жапсарын ұлдың әке-шешесi жiгiтке айтып үйретiп, құлағына сiңiрiп отыруды мiндет санаған.
Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi -- ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: "Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой" деп мадақтайтыны сондықтан. "Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi", "Әке -- бәйтерек, бала -- жапырақ", "Жас - кәрiнiң көзi, кәрi -- жастың тезi", "Ата -- балаға сыншы" мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.[16]
Отбасында әкелерi немесе аталары өз өнерлерiн балаларына үйретiп, олардың өзiндей мерген, аңшы, құсбегi, қолөнер шеберi немесе әншi, күйшi, ақын етiп тәрбиелеуге көңiл бөлген. Ата өнерiн баласының қууы, оны мирас етуi ежелгi ел дәстүрi болған. Қазақ халқының өмiрiнде жетi атасына дейiн мергендiк, аңшылық немесе ұсталық, күйшiлiк, емшiлiк өнердi қуып өткен адамдар жиi кездеседi. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлi жастарды дәрiптеу қазақ ауыз әдебиетiнен өзектi орын алған. Мысалы, Құламергеннiң баласы Жоямерген, Тобықбай сыншының баласы Толыбай туралы ертегi-аңыздар осы пiкiрдi дәлелдейдi. "Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма" деген мақал да -- сол пiкiрдiң айғағы.
Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылар-дың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.
Қазақ ауылында бала тәрбиесiне бүкiл ауылдың үлкендерi, әсiресе қарттары араласқан. Үлкендер ауыл-дастарының балаларының өрескел мiнез-құлқын көрсе, ұрсып, зекiп тыйым салуға, ақыл айтуға, тiптi реттi жерiнде ұруға да хұқылы болған.[17]
Ән айтуға, күй шертуге, зергерлiк өнерiне бейiмi бар балаларды әке-шешесi, атасы ел iшiндегi аты шыққан әншi, күйшi, ұсталардың жанына қосып, шәкiрттiкке беруi ата дәстүрi болып саналған. Ал шәкiрттiң ұстазын ұлы әкесiндей сыйлауы, оның өнерiн жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүрiп, өнегелi шешен, ақын, билердiң, көптi көрген қариялардың батасын алу олар үшiн парыз боп есептел-ген. Сол мектептен тәлiм-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздар жолын қуып, өнерiн жалғастырған. Мысалы, Төле би, Қазбек, Әйтеке билердiң ұстазы Әнет бабаның оларға айтқан өсиет-өнегелерi, Бiржанның өнер мектебiнiң түлектерi (үкiлi Ыбырай, Иманжүсiп, Балуан Шолақ, Ақан серi, Мәди), Тәттiмбеттiң шәкiрттерi (Жақсымбет, Қыздарбек, Ж.Каламбаев,. Ә.Хасенов), Құрманғазының шәкiрттерi (Сейтек, Дина, Соқыр Есжан) -- ұстаздарының ұлағатын, өнер туындыларын жадында сақтап, бүгiнгi күнге жеткiзушiлер.
Сондай-ақ, атақты үйшi Сандыбай, зергер-ұсталар Әйтеке, Балтеке, Үйсiнбай, отамашы Шоқбатыр, Кәдiрсiз, Смый, суретшi Ә.Қастеевтер -- өз өнер мектептерi бар халық таланттары. Олардың өнер үлгiлерi ұрпақтан-ұрпаққа шәкiрттерi арқылы тарап, бiрден-бiрге жалғасып, бүгiнгi дәуiрге жеткен.
Ежелгi ата-бабаларымыз "Жiгiтке жетпiс өнер аз", "Өнердi үйрен, үйрен де жирен", "Өнерлi өлмейдi" деп насихаттай отырып, қолөнерi мен шешендiк, тапқырлық, ақындық өнердi тең санаған.
Өнегелi, өнерлi, "Сегiз қырлы, бiр сырлы", намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнерi мен өнегелi iсiн жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. "Ата көрген оқ жонар" деген мақал соны меңзейдi.
Қыз өссе -- елдiң көркi. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерiнде балдай батып, судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi. Халқымыз "Келiн-нiң -- аяғынан, қойшының -- таяғынан" дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген.[18]
Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келiнге енелерi қонақ күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемi ақыл-кеңес берiп үйретiп отырады. "Келiннiң жақсы болмағы қайын ененiң топырағынан" деп, ененiң жас келiнге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да "Жақсы ауылға келген келiн -- келiн, жаман ауылға келген келiн-келсап" деп текке айтпаған.
Әйел қандай биiк дәрежелi жұмыс iстемесiн, қайда болмасын оның ең басты мiндетi -- өмiрге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының берiктiгi әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешiрiмдiлiгi, сыпайы-лығымен, т.с.с. жақсы қасиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ бақытын орната алады.
Үлкендi сыйлау -- бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.[19]
Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi -- сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. "Аттың көркi -- жалы, арудың көркi -- шашы" деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру үшiн айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Оған, мысалы, қыз бен жiгiт айтысындағы:
"Атымды әкем сүйiп Несiп қойған,
Шашымды бестемшелеп есiп қойған",
деген сөз тiркестерi осы пiкiрдi дәлелдейдi.
Халық жырларында аруларды "Шашының ұзынды-ғы iзiн басты", немесе "Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген", "Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты" деп сипаттаған.
Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген.
"Адам көркi - шүберек,
Ағаш көркi - жапырақ",
"Қыз өссе - елдiң көркi", -
деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. "Қыздың көзi -- қызылда" деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.
Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын "Жар-жар", "Жұбату", "Сыңсу" өлеңдерiнде, келiн түсiру тойында орындалатын "Беташарда" қыздың, жас келiннiң басты-басты киiмдерi, сән-салтанаты мадақтала жырланған.
Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат -- жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу. Сұлулықты терең сезiнiп, соған елiктесе екен деген ой-пiкiрден туған.[20]
Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. "Қыз -- қылығымен сүйкiмдi", "Қызым үйде, қылығы түзде" деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.
Қыздың ұзатылып барған жерiнде өсiрген ата-ананың, өскен ауылдың атына кiр келтiрмеуiн, сағын сындырмауын тiлеген.
Адамның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz