Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Түркі ойшылдары мен ғалымдарының Қазақстан тарихындағы орны. Олардың еңбектерінің зерттелуі.
Орындаған : Зулавдунова Феруза 108 топ
Тексерген : Жүзтаева Бибіжар
Алматы 2019
Жоспар
1.Түркі ойшылдарының өмірі мен қызметі,еңбектері.
2.Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
3. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әбу Насыр әл-фараби
Мұхамед ибн Ұзлақ Тархани
870-950ж.ш.
Әбу насыр әл-фараби - тек Тұранның ғана емес , барша адамзаттың мақтанышы. Оның еңбектері адамзат баласының асыл қазынасына, рухани игілігіне айналғаны қашан. Ол - ғұлама ғалым, данышпан ойшыл , аса білімдар тарихи тұлға.
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки - әлемге әйгілі философ, астроном , лингвист, социолог, математик, музыка теоритигі. Ғалым Отырар қаласында туған, арабтар Фараб қаласы , Махмұд Қашқаридың еңбегінде Қарашоқы қаласы. Кейбір деректерде әскери отбасында (википедия) дүниеге келгендігі айтылады. Асанбай Асқаровтың айтуынша Тархан есімі ойшылдың билік тізгінін ұстаған әлеуетті әулеттен шыққандығын аңғартады.
Әбу Насыр Әл-Фараби -- "Әлемнің 2-ұстазы" атанған ғұлама. Оның заманы жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы , Ирак , Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл әр түрлі ғылым салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің "Китаб Масалик уә мамалик" атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің "Уфиат әл-аиан фи әл-Заман" атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 -- 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Негізгі еңбектері Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы , Ғылымдардың шығуы, Бірінші және екінші аналитика, Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); 2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); 3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); 4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.).
Махмұд Қашқари
1029-1101 ж.ш.
Махмұд Қашқари - түркі ғалымы, әйгілі Түркі сөздерінің жинағы атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. Диуани лұғат ат-түрік - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері Диуани лұғат ат түркте нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
Жүсіп Баласағұн
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.Р.Р. Араттың пікіріне сүйенсек, Ж.Баласағұн поэмасын 54 жасында аяқтаған. Ол шығармасын хандардың ханы Табғаш Қара Бөгіре ханға тарту еткен. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне(1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Ахмет Йүгінеки
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы, Түркістан өңірі -- 13 ғасырдың басы, сонда) -- ортағасырлық ақын,хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болрған.
Ахмет Иүгінекидің "Ақиқат сыйының" түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки мұрасының 14 -- 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі -- 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі -- 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя -- София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; "Ақиқат сыйының" үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдыңақырында, немесе 15 ғасырдыңбасында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі" деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен Ахмед Иүгінеки мұралары туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған (көлемі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz