Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

І-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МАҢЫЗЫ

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
  2. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-тәсілдер
  3. Әр түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері
  4. Ұлы ағартушылардың табиғат туралы пікірлері.

ІІ-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТҮРЛЕРІ

2. 1 Серуен кезіндегі бақылау әдісі

2. 2 Экскурсия әдісі

2. 3 Еңбек әдісі

2. 4 Ойын әдісі

2. 5Тәрбиешіге қойылатын талаптар

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әңгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол обьектіні балаларға жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі тәсілде қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады, бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады;

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған ортаны сақтауда әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы адамның тұрмыс-тіршілігіне, жан-жануарлар дүниесіне олардың өмір сүруіне қажетті тіршілік әлеміне тығыз сабақтас табиғат дүниесін аялауға, оны қолдан жасауға, көркейтуге, өсімдіктерді, жан-жануарлар дүниесін баптап күтуге, өсімдіктерді басып-жаншып, сындырмауға, өзен-көл суларын ластамауға, айналадағы қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға байланысты экологиялық адамгершілік әрекеттердің қалыптасуы балалық шақтан оның ой-санасына орнықтырып, күнделікті іс-әрекетінде орындауға тиісті міндеттердің бірі болуы керек.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Экологияны, қоршаған ортамен таныстырудағы әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, нығайта, білім мен тәрбиелерін жетілдіре, табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді қалыптастыру керек.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Экологияны, қоршаған ортамен таныстырудағы әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, нығайта, білім мен тәрбиелерін жетілдіре, табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді қалыптастыру керек.

Курстық жұмыстың міндеті:

Балабақшада білім беру әдістерін тиімді қолдану;

Мектеп жасына дейінгі балаларды әдіс-тәсілдер арқылы табиғатты тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

І-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МАҢЫЗЫ

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы

Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге бақылау, эксперимент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген - әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи обьектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі.

Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен обьектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақталған тәжірибесіне байланысты анықталады.

Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды өлі табиғат заттарымен және құбылыстарымен таныстырады: аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен) ; аспандағы құбылыстармен (күннің шығуы мен айдың батуы, ай фазасының ауысуы, күннің ертеңгіліктегі тұратын орны) ; сумен - оның қалпының өзгеруімен (қатумен, қар мен мұздың еруімен, бұлттардың түрімен, жауынмен, қара бұлтпен, шықпен, қыраумен) ; қатты денелермен (құммен, сазбен, таспен), олардың қасиеттерімен; а у а м е н, оның қозғалысымен, желдің бағытымен және күшімен; э л е к т р және жарық құбылыстарымен (найзағаймен - күннің күркіреуімен, кемпірқосақпен, түсті жолақтардын, формасы және орналасуымен) ; өздерінің жер учаскесіндегі, жақын ормандағы, парктегі, көгалдағы, егістік жерлердегі өсімдіктермен (ағаштармен, бұталармен, шөп тұқымдас өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен) - өсімдіктердің бөліктерімен, олардың формаларымен, түсімен, өсу процесіндегі және жыл маусымындағы өзгерістерімен, өсімдіктерді қорғаумен; жергілікті жерге ең көбірек таралған ү й жануарларымен (сыртқы түрімен жекелеген мүшелерінідегі құрылысымен және олардың қозғалу, қоректену, жауларынан қорғану ерекшеліктерінің байланысымен, жануарлардың мекендейтін орынымен, жылдың әр түрлі маусымындағы олардың өміріндегі өзгерістерімен жануарлар және оларды қорғау жөніндегі қамқорлықпен) ; өсімдіктерді өсіру және жануарларды бағып-кү ту жөніндегі еңбекпен.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, табиғатпен таныстыру программасы жинақталып берілген: балалар балабақшада болған уакыттарының барлығында бір нәрсенің немесе құбылыстың өзімен бірнеше рет танысады, бірақ әр ретте де кеңірек және тереңірек танысады. Балалардың нақтылы білімі молаяды және сонымен бірге жалпыланад ы. М ы с а л ы. Ағаш - бүкіл топтың танысатын объектісі. Ең кішкене балалардан оны басқа заттардық ішінен бөліп алып, көрсете білу талап етіледі. Сәбилер тобындағы балаларды ағаштардың белгілерімен - жапырақтарымен, олардың түсімен және көлемімен таныстырады. Естияр топта мектев жасына дейінгі балалар ағаш бөліктерінің орналасулары (ағаш діңінде бұтақтар, бұтақтарда - жапырақтар) жөнінде біледі оларды жапырақты ағаштарды қылқан-жапырақты ағаштардан айыра білуге уйретеді. Ересек топтарда балалар күннің суытуымен, жапырақтар түсінің өзгеруі және түсуі немесе күннің жылынуы және бүрлерден жапырақтардың пайда болуы арасындағы байланысты анықтайды. Мектепке даярлық тобындағы балалар жапырақтардың гүлдердің, бұтақтардың бүрлерден өсетінін біледі, жапырақтардың түсуі жөнінде түсініктер алады, көбірек тараған ағаштарды діңіне, бұтақтарына, жапырақтарына және ұрықтарына қарап айыра алатын дағдыларға ие болады. Балалар аспан әлемімен (күнмен, аймен, жұлдыздармен) балалар бакшасында болған кездерінде танысады.

Мектеп жасына дейінгілерді табиғатпен таныстыру балалардың жыл маусымдары арасындағы байланысты түсінуіне ыңғайлы жүйелілікте жүзеге асырылады. Материал барлық топтарда (бөбектік жастан басқа) жылдың белгілі бір маусымына сәйкес, тоқсандар бойынша орналасқан. Әрбір маусымда өлі және тірі табиғат үшін анығырақ та сипатты құбылыстар бөлінген. Материалдың бұлайша орналасуы - табиғатта болып жаткан құбылыстарды және жекелеген құбылыстардың арасындағы байланысты анықтауды, сондай-ақ оларды бақылаған кездегі қайталанушылығын сезіммен қабылдауын қамтамасыз етеді.

Түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруда сөздің зор маңызы бар. Балалардың сөздік қорының молаюы және ана тілін меңгеріп алуы - табиғатты сезіне танумен біртұтас байланыста жүзеге асады. Сондықтан табиғатпен танысу және тіл дамыту жөніндегі барлық топтардағы материал қосылып, бірге берілген.

Балалар бақшасында білімдік-тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру үшін күні бұрын жоспар-тәртіптілікті, жүйелілікті, жұмыстардың орындалу мезгілін қарастыратын шаралар жүйелі түрде белгіленеді.

Жоспар жасаған кезде міндеттер анықталады және материал «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» негізінде белгілі бір уақыт аралығына (тоқсан, ай, екі апта) іріктеліп алынады, сондай-ақ балалардың жергілікті өлке табиғатынан білімдері де есепке алынады.

Балаларды табиғатпен таныстыруда жүргізілетін барлық жұмысты олардың зерттеп жүрген құбылыстарында пайда болатын жүйелілікке сай жүргізу керек. Сондықтан жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау үшін, балаларға табиғаттың қандай құбылысын қашан көрсеткен жөн екенін анықтап алу қажет. Бұл үшін өзінің жергілікті жеріндегі түрлі маусымдық құбылыстардың болатын кезін және ауыл шаруашылығы жұмысын жүргізетін кезді, сондай-ақ балалар бақшасының төңірегіндегі табиғатты (парктің, сквердің болуын, орманның, көгалдың жақындығын т. б. ), ондағы өсімдіктер мен жануарларды білу керек.

  1. Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс-тәсілдер

Жоспарлаудың жалпы мақсаты - балабақшадағы тәрбиелеу бағдарламасының жүзеге асырылуы. Сондықтан әр бөлінген уақыт алдыңғы қорытындыдан және келесі жұмыс міндеттерін есепке ала жоспарлану керек. Табиғатпен таныстыру жұмысының жоспарлануына сәйкес материалдық жағдайдың тууы - табиғат бұрышы, бау-бақша гүлзарлардың және табиғаттағы ойын мен еңбекке қажетті құралдар, білім берудегі техникалық құралдар және т. б. Жоспарда жұмыстың әртүрлілігін қарастырады. Олардың қажеттілігі табиғат құбылыстарының және обьектілердің көптігімен анықталады. Сабақ, экскурсия, еңбекті барлық балалармен бақылау, сонымен қатар дербес бақылау топқа немесе кішкене топтарға берілетін табиғат мүйісіндегі бау-бақшадағы, гүлзардағы ойындағы еңбек тарсырмалары. Әр-түрлі формада еңбекті жоспарлау тәрбиешіге балаларды тәрбиелеудегі міндеттерді шешуге көмектеседі. Табиғатпен таныстырудың жұмыс жоспарлары меңгерушінің жылдық жоспарында, жыл маусымына құрылған тәрбие жұмысының перспективті жоспарында, 10 күнге құрылған күнтізбелік жоспарында жүзеге асырылады.

И. М. Сеченовтың рефлекстер және И. П. Павловтың жоғары дәрежелі нерв әрекеті жөніндегі ілімдері танымдық табиғи-ғылыми негіз болып табылады.

Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсерінен адамда болатын тітіркенулер бірінші хабар жүйесін, ал оларды білдіретін сөздер екінші хабар жүйесін құрайды. Таным процесінің сезімдік жағы бірінші жүйесімен байланысты; ол - түйсік, қабылдау және түсінік формасындағы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының тікелей сәулесін қамтиды. Дерексіз ойлау екінші хабар жүйесімен байланысты. Екінші хабар жүйесі тек бірінші хабар жүйесі арқылы сыртқы дүниемен байланысты жүзеге асырылады, сондықтан түйсіксіз, қабылдау мен нақтылы түсініктерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.

Танымның сезімділігі мен тиімділігі бір процестің екі жағы болып табылады. Танымның сезімділігі мен тиімділігінің өзара қарым-қатынасы дамудың әр түрлі сатыларында әр түрлі сипатта болады.
Баланың қоршаған шындықты тануы - табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі - көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардын, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.

Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т. б. біліп алады.

Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2-4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол «аттап жүріп келе жатыр» немесе «қанаттарын қағады» дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету жеткіліксіз; танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.

Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау --табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.

Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.

Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен кұбылыстардың сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір көзі болады.

Түсінік - мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте - балалардың ойыны мен еңбегінде - меңгеріледі және тексеріледі.
Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдерді қолданады.

Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге б а қ ы л а у, эксперимент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген - әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінін, әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.

Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әқгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні балаларға «жақындатады», білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету, түсіндіру - еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде тағы басқаларда. Тәсілдер мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.

Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.

Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен с ә б и л е р топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі метод - б а қ ы л а у. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль атқарады.

Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттармен (жапырақтармен, овощтармен, жемістермен) дидактикалық ойындарды немесе олардың картинкалардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кенінен пайдаланады.

Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әқгімелесулеріне, әңгімелерге көп орын беріледі.

  1. Әр түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері

Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір бағдарламалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Олар баланың табиғат тану білімдерін бірте-бірте меңгеруін алдын ала қарастырады.

2 жастан 3 жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат құбылыстарымен таныстырады, оларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырақтардың, гүлдердің түсін) кейбір белгілерін, жануарлардың қимылдауын ерекшелеп, дұрыс атауға, алғашқы көрнекі байланыстар мен жануарларға сүйенуге (балықтар суда жүзеді) үйретеді.

Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отыратын табиғатағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады, сабақтардағы, ойындардағы заттық-сезімдік әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және өмірді нақтылы түсінік ер формасында көрсетуге қол жеткізеді.

Бес жасқа қараған балаларда көрнекі-бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады. Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады. Балаларды өсімдіктердің, жануарлардың жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға, олардың тіршілік ету жағдайларына байланыстылығын анықтауға үйретеді.

Даярлық тобының балалары логикалық ойлаудың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс: анализдеу мен синтездеуге қабілеттілік, өсімдіктермен жануарлардың жеке және ортақ белгілерін айыра және жалпылай (мысалы, қоректену, қозғалу, тіршілік реттегі жерлері т. б. белгілеріне қарай жануарлардың әр түрлі топтарын жалпылау) білу.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:

1. Сабақтар

2. Экскурсия

3. Серуендер

4. Жер учаскесіндегі жұмыс

5. Табиғат мүйісіндегі жұмыс

Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары - сабақтар, экскурсиялар, серуендер, табиғат мүйісіндегі жұмыс, жер учаскесіндегі жұмыстар болып табылады.

1. Сабақтар. Бұл - балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге олардағы бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің (бақылағыштығы, ойлағыштығы) және тілдерінің дамуы, олардың сөздік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіліп кұрылады. Сабақтағы; ең басты нәрсе - барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі. Бұл үшін әр алуан әдістер: нақтылы объектілерді бақылау, үлкендердің еңбегі, дидак-тикалық ойындар, картиналармен жұмыс, көркем шығармаларды оқу, әңгімелесулер, әңгімелер т. б. қолданылады.

2. Экскурсия - балалар табиғи жағдайларда: орманда, көгалда, бақшада, су қоймасында т. б. табиғатпен танысатын сабақ. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады.

Экскурсияларда белгілі бір программалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті (экскурсиянын, күнделікті серуендерден айырмасы - осы) . Экскурсиялардың тәрбиелік-білімдік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы хош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл-қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі өсер етеді. Экскурсия жасайтын жерді таңдап алу онын, міндеттеріне, балалардың жасына байланысты.

Балалар бақшасы манына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдық тек екінші жартысынан бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесінің табиғатын бақылау көгалға, паркке (орманға) аз уақыт экскурсиялар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда ішкі өрлер мен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болуы .

Мектеп жасына дейінгі балалардың күш-мүмкіндіктерін ескере отырып, экскурсия үшін, алдымен жақын жерлерді пайдалану керек. Қалаларда - өсімдіктердің құстардың, насекомдардың тіршілігіндегі, сондай-ақ адамдар еңбегінің маусымдық өзгерістерін бақылауға болатын - бульварлар, бау-бақшалар, парктер, тоғайлар. Селолық жағдайларда мұндай орындар: орман, егістік жер, көгал, өзен, құс күрке, мал корасы, теплица т. б.

Жылдың әр түрлі маусымында белгілі бір орынға экскурсия жасаған дұрыс. Бұл - балалардың табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістерді бақылауын едәуір оңайлатады.

Экскурсиядан немесе серуеннен үйге қайтардың алдында балаларды демалдырады, көлеңкеде 5-10 минут отырғызады. Бұл кезде жинағандарын (гүлдерді, саңырауқүлақтарды) реттеуге немесе асықпайтындай, мысалы, «Саңырауқұлақты таны» деген ойын ойнатуға болады.

Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды жинау үшін арнайы жабдықтардың болуы талап етіледі.

3. Серуендер. Бүкіл жас топтарының балаларын табиғатпен таныстыру үшін күн сайынғы серуендерді кеңінен пайдаланады. Олар аздаған экскурсия мақсатты серуендер, оларды өткізген кезде тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық езгерістерді бақылауды ұйымдастырады.

Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен программаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын бір құбылысы көрінген кезде, жоспар жүзеге асырылады.

Тәрбиеші серуендерде табиғи материалдарды (құмды, қарды, суды, жапырақтарды), судың, көлдің әсерінен қозғалысқа келтірілген ойыншықтарды пайдалану арқылы ойындар ұйымдастырылады, мұндай ойындар кезінде балалар сезімдік тәжірибе жинақтайды, табиғаттағы заттардың әр түрлі қасиетін танып біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі
Баланы табиғатпен таныстыра дамыту
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Балаларды табиғатпен таныстырудың негіздері Методтардың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz