Талас өзенінің гидрологиялық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.ЖИЕМБЕТ СУ БӨГЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ...
1.1.Талас өзенінің гидрологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Су бөгетінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Су бөгеті жарылған жағдайда мүмкін болатын апаттар ... ... ... ... ... ... ... ..
2.ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҚТАРЫНДА АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ...
2.1.Төтенше жағдайларды жою үшін қажетті апаттық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстардың тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Критикалық су басулар кезінде халықты қорғау бойынша іс-шаралар. Тиімді нұсқаны таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Құрылымдардың қажетті күштері мен құралдарын есептеу ... ... ... ... ... ...
2.4.Төтенше жағдай аймағында жұмыстарды орындау үшін құтқару техникасын таңдау және оларды қажетті орындарға жеткізу ... ... ... ... ... ... ...
2.5.Төтенше жағдай аймағында қажетті апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Жиембет су бөгеті Талас өзенінде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылынан 15км қашықтықа орналасқан. Гидроқұрылымның ең жоғары өткізу қабілеттілігі 223м3сек, соның ішінде шаю құрылғысы 15м3сек. Гидроқұрылымның тағайындалуы - ирригациялық мақсатта.
Осы мақсат үшін Талас өзенінде сонымен қатар сыйымдылығы 540млн.м3 болатын Киров су қоймасы да соғылған болатын, бұл өз кезегінде еркін ағымды реттеуге мүмкіндік беріп, вегетациялық кезеңде мемлекет аралық келісім бойынша қажетті су көлемін өткізуге қабілетті. Ағымды реттеу және су тарату желілерін реттеу бойынша шаралар кешені Талас ауданының 5262га жерін суаруға мүмкіндік береді.
Жиембет су бөгетінің құрылымы суды тастау, шаю құрылғысы және оң жақтық реттегіш түрінде орындалған, олар өзеннің осіне көлденең орналасқан. Гидроқұрылым 1974 жылы жалпы құны болатын 1163,3 мың болатын Казюжгипроводхоз жобасы бойынша соғылған болатын.
Су бөгеті құрылымының кешенін пайдалану кезінде келесідей шарттарға назар аудару керек:
1.Судың реттегішке әкетілуін қамтамасыз ету үшін оң жағалаудағы жоғары бьефтің көлденең қимасы бойынша ағымның қозғалыс бөлігі құрылған.
2.Қатты ағынға үздіксіз бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру және су бөгетінің шаю орындарындағы кептелістерді реттеу жолымен олардың каналға ең аз көлемде түсуіне қол жеткізу.
3.Қысқы уақыттарда судың төменгі бьефке қауіпсіз тасталуын қамтамасыз ететіндей жоғары бьефтің жағдайын сәйкес деңгейде ұстап тұру керек.
Жыл сайын жер бетінде пайдалануға бірнеше жүз су қоймалары пайдалануға беріледі - олардың бүгінгі таңдағы жалпы көлемі Азов теңіздерінің акваториясынан оншақты есе асып түседі. Мысалы, қазіргі таңда Қазақстанда 400-ден аса су қоймалары соғылып, пайдалануға берілген [1]. Жыл сайын қатарға жаңа су қоймалары қосылады.
Алайда су қоймаларын құрудың теріс жақтары да жоқ емес. Бір жағынан олар, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, тұрғылықты халықты сумен, азық-түлікпен, энергиямен қамтамасыз ету үшін, субасумен күресі үшін және т.б. қажет болса, екінші жағынан - су бөгеттерінің жоғары және төменгі жармаларында өзен аңғарларының шаруашылығы мен табиғатқа теріс әсерін тигізеді, сонымен қатар, гидроқұрылымның төменгі жармасында тұратын халықтың өміріне қауіптілік төндіреді және үлкен материалдық шығын келтіруі ықтимал, яғни потенциалды қауіпті нысан болып саналады.
Суды тіреу гидротехникалық құрылымдар жеткілікті деңгейде сенімді және ұзақ мерзім қызмет етеді - олардың көпшілігі ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы әрекет етуі мүмкін. Алайда әлемдік статистикалық мәліметтер және жақын жылдардағы жағдайлар гидроқұрылымдарда апаттың орын алуы мүмкін екендігін көрсетіп, оларға жапсарлас жатқан су бөгеттерінің зақымдалуына және су бөгеттерінің бұзылуына соқтыруы ықтимал.
Су қоймасы апаттарының салдары (мысалы, өзендегі үлкен су бөгетінің жарылуы) шамадан тыс жоғары болуы мүмкін. Өнеркәсіп, транспорт және басқа да құрылымдармен салыстырғанда, көп жағдайларда апаттан болатын шығындар құрылымның бұзылған бөліктерін қайта қалпына келтіру үшін жұмсалған шығындар көлемімен анықталады, әдетте олардың оны су бөгеттерін салуға кеткен жалпы құннан бірнеше есеге асып түседі. Бұл адам шығындарынан басқа, өзендегі және оның жағалауындағы басқа да құрылымдардың бұзылуымен түсіндіріледі, аталған гидроқұрылым шеңберінде қорғалатын тұтастай ауданның кәсіпорындар қызметі істен шығып, оларды қалпына келтіру үшін бірқатар жылдар қажет болуы мүмкін.
Сонымен, гидротехникалық құрылымдарда қаншалықты апаттар жиі орын алады? Француздар бұл сұраққа былай жауап береді: 8 ғасырдан бастап әрбір 5 жыл сайын бір су бөгеті істен шығады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі қырық жыл бойғы уақытта апаттар саны айтарлықтай артып, шамамен әрбір он бес ай сайын орташа есеппен 50 адамның өмірін әкететін 1 апатты болады. Мұның себебі, күрделі табиғи жағдайларда айтарлықтай биік және үлкен су қоймалырының салынуымен түсіндіріледі.
Су қоймаларын құру және пайдалану оларға жапсарлас жатқан территориялардың, су бөгетінің төменгі аңғарларында және өзеннің реттелген су қоймаларына келіп түсетін теңіздер мен көлдердің сағаларына жақын жатқан аймақтағы өзен аңғарларының шаруашылығы мен табиғатқа теріс әсерін тигізеді. Алайда, қоршаған ортадағы айтарлықтай немесе үлкен өзгерістерге тек ірі және кейбір шағын су бөгеттері қана әсер ете алады. Шағын және кішкентай су қоймалырының табиғат пен территория шаруашылығына әсері әдетте үлкен емес, ал сирек жағдайда жағымды болуы да мүмкін.
Қазақстандағы гидротехникалық құрылымдардың потенциалды қауіптілік проблемасы айтарлықтай маңызды болып табылады. Республикада шамамен 400-ге жуық әртүрлі гидротехникалық құрылымдары бар, олардың бірқатары апаттық жағдайда немесе мүлдем шаруашылыққа жарамсыз [3].
Мысалы, 2004 жылдың 7 тамызында Қызылағаш су қоймасында жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуіне және механизмдердің тозуына байланысты судың ағып кетуі үшін барлық саңылауларды толық ашып үлгеру мүмкін болмағандықтан үлкен апат орын алды, сөйтіп су толған су қоймасынан жердегі су бөгеті арқылы су сыртқа ұмтылып, бірнеше сағаттың ішінде оны бұзды (жарылудың симметриялы толқыны Тирлян елді-мекенін шайып кетіп, нәтижесінде 28 адам қаза тапты). Сондықтанда қандай да бір ГТҚ ауданында орналасқан елді-мекендердің тұғындары өзендедегі мұндай құрылым түріне сенімсіздікпен қарап, бойларын үрей биледі.
Қазіргі таңдағы заманауи ГТҚ көпшілігі 20-30 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл дегеніміз олардың ескіру кезеңіне кіргендігін көрсетеді және ерекше назар аударуды қажет етеді. Осыған байланысты мүмкін апаттардың әртүрлі сценарийлерін қарастыру керек, соның ішінде су қоймаларының зақымдалуы, сонымен қатар ГТҚ бұзылулары салдарының карталарын жасап, халықты құлақтандыру және адамдарды құтқару бойынша нұсқаулықтар жасау керек.
1.ЖИЕМБЕТ СУ БӨГЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1.Талас өзенінің гидрологиялық сипаттамасы

Талас өзені Жамбыл облысындағы көлемі жағынан екінші су көзі. Талас өзені Қырғыз Алатауы мен Талас бөктерінен басталады. Ол 100 шақырымнан астам ұзақтықта таулы аймақтан өтеді. Су бастау көзі Үчкошой деп аталады. Қазақстан аймағына Талас өзені Қақпа Тау шатқалы(сай) арқылы, Ишкелетау және Ақтау таулары арасымен өтеді. Ишкелетаудан өткен кезде батысқа қарай бұрылып Қырғыз Алатауы арқылы жазықтықпен Тараз қаласына дейін ағып келеді.
Жазықтықта тасты, сазды және құмды топырақтар арқылы өтіп өзінің біраз су көлемін жоғалтады. Әсіресе төменгі арналарда Шу-Талас жазықтығында құмдақ жерлерден өткенде (Талас және Сарысу аудандары аймағында) су сарқылып өзен саязданады, ол кейбір жерлерде екі-үш тармаққа бөлініп көлшіктер, су тоғандарына айналады. Ол жерлерде негізінде қамыс пен коға ғана өседі.
Өзендегі су тереңдігі орта және төменгі арналарында тез кемиді. Жағалары тік, құламалы, кейбір жерлерде биіктігі 5-10 м жетеді. Су аз жылдары төменгі арнада өзен толығымен құрғайды, су тек кейбір сай, шұңқыр жерлерде сақталады. Олардың тереңдігі 0,2-1,0 м, ал ені 50-150 метр аралығында.
Киров су қоймасын соққаннан кейін төменгі аудандарға (Сарысу) су жетпейді. Су мол жылдары Киров су қоймасынан судың көп тасталуынан тек Жамбыл облысының жерлері емес сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймағына да су барады. Өзеннің жалпы ұзындығы 400 шақырым, оның ішінде Қазақстандағы ұзындығы 322 шақырымды құрайды.
Талас Қаракөл және Учкошой өзендерінің қосылуынан пайда болады. Қаракөл өзенінің басы Учгат және Көлтюр бұлақтарының қосылуынан құралады. Учгат өзені суды көптеген бұлақ көздерінен жинайды, олар таулы аймақтағы қарлар мен мұздар ерігенде толықтырылып отырады. Көлтюрге су Қырғыз тауларындағы өзендерден, қорлардан жиналады. Ол көлдердің орналасу биіктігі 3200-3300 м құрайды. Қаракөл өзенінің оң жақ бөлігінен көп су келмейді, ал сол жақ арнасынан Құрымды бұлақтарынан, мұзды аймақтардан еритін, биіктігі 3750 м жететін, су жиналады.
Учкорой өзені Чопкошой және Ортаношой өзендерінің қосылуынан пайда болады. Чопкошой өзені бастауын Талас Алатауы басындағы мұзды аймақтардан алады, олардың орналасу биіктігі 3300 және 3650 м аралығында. Ортаношой өзеннің басы 3400 м биіктіктен басталады. Оған негізінде жер асты суларымен толықсып отырады. Қаракөл және Учуошой өзендерімен 10000 гектар жер суарылады.
Қазақстан аймағында, Киров су қоймасынна дейін, ұзындығы 15 шақырым бойында Қолба, Бешташ, Урмарал, Кумыштаг, Қарабура, Кенкол және Нельді өзендері келіп қосылады. Сонымен қатар оларға көптеген Қарасу бұлақтарының сулары жиналады.
Жиембет су бөгеті Талас ауданының 5262га жерін суғару үшін тағайындалған.

Сурет 1.1 - Жиембет су бөгетінің орналасу схемасы (схема Жамбыл облыстық әкімшілік картасына сәйкес құрастырылған, М 1:600 000)

1.2.Су бөгетінің құрылымы

Су бөгетінің құрамына келесілер кіреді: су төгілетін бөгет; шаю құрылғылары, оң жағалаулық реттегіш.
Су бөгетінің кешеніне кіретін құрылымның техникалық сипаттамалары кесте 1.1 және 1.2 келтірілген.

Кесте 1.1 - Техникалық көрсеткіштер
Құрылымның атауы
Саңылаулар саны, дана
Есептік өткізу қабілеттілігі, м3сек
Табалдырықтағы қысым
Су бөгеті
4
223
2,12
Шаю құрылғылары
1
15
4,0
Оң жақтағы реттегіш
3
6
4,0

Кесте 1.2 - Басты суды әкететін құрылым құрамына кіретін кешендер

Құрылымның негізгі элементтері мен олардың негізгі көрсеткіштері
Өлшем бірлігі
Су бөгеті
Шаю құрылғылары
Оң жақтағы реттегіш
1
Понур, (ені ұзындығы)
м
10,346,2
10,34,4
6,27,5
2
Лоток және құдық (ені ұзындығы)
м
1546,2
154,4
13,95,5
3
Энергияны сөндіргіш түрі (ені ұзындығы)
мм
1,6546,2
1,654,4

4
Рисберме (материал) тасты көпірше
м2
964

5
Жоғары бьефті бекіту темірбетонды қаптау
м2
1960

6
Төменгі бьефті бекіту шарнирлі темірбетонды бекіту
м2
2490

7
Табалдырық биіктігі
м
4,6
2,7
3,7
8
Құлау табалдырығы
м
4,6
2,7
0,9
9
Сатылар саны
дана

10
Саңылаулар саны
дана
4
1
3
11
Әрбір саңылаудың өлшемі (еніұзындығы) немесе диаметр
мм
1210
123
201,5
12
Бекітпелер (щиттер)
* тип
* материал
* бекітпе өлшемі (биіктігіені)

металл
бекітпе
гк-67
23
металл
бекітпе
гс-67
1,51,5
13
Артық щиттер (шандорлар) және көтергіштер
дана

14
Көтергіштер
* типі
* саны
* көтеру ұзақтығытүсіру

дана
мин

білікті
1
2015
білікті
3
3020
15
Көпірлер:
* қызметтік еніұзындығы
* өту еніұзындығы
мм

мм

5110
3,51
6,21,0

Су бөгетіндегі судың деңгейінде автоматты түрде әрекет ететін тез әсер ету тогы мен су беру құдығы бар су көтеру бөгеті (сурет 1.3) бар. Су бөгеті әрқайсысының қашықтығы 10м болатын аралықтан тұрады. Аралықтар ені 1,5м болатын бетонды бөгеттермен бөлінген. Түсіңкі бөлігі темірбетоннан орындалған, су төгу және су бұзу бөліктері бетоннан жасалынған су бұзу бөгеттерімен аяқталған, олардың арты ірі таспен бекітілген.
Су бөгеті жоғары бьефтегі судың тереңдігі 2,12м болған кезде (ФПУ) есептік шығын 223м3сек болған жағдайда 4 аралық арқылы суды өткізуді қарастырады. Талас өзенінің жағалаулары қалыңдығы 0,5м болатын темірбетонды қаптамалармен қапталған.

Сурет 1.2 - Су бөгетінің төрт пролетінің өткізу қабілеттілігінің судың деңгейіне тәуелділігі

Сурет 1.3 - Оң жақтағы реттегіштің бір пролетінің өткізу қабілетінің щитті ашу мәні мен жоғары бьефтегі су деңгейіне тәуелділігі
Оңжақты реттегіш субөгетіне оң жағынан жапсарлас орналасады және өлшемі 2,1х1,45м болатын 3 саңылаудан тұрады, олар ені 0,5м болатын кедергілермен бөлінген және жоғары жағынан әкету қабырғаларымен шектелген (сурет 1.3, 1.4). Су қабылдайтын саңылаулар жазық бекітпелермен жабылған.
Толық ашық щитте және жоғары бьефтегі су қабатында НПУ белгісінде су қабылдағыштың бір аралығы 7,3м3с шығынын жібереді, ал есептік шығын щит 1,8м көтерілген кезде 6,6м3с құрайды. Реттегіштің үш саңылауы арқылы есептік шығынды жіберу үшін (6,6м3с) көтерілетін щиттің биіктігі 0,43м болуы керек.

Сурет 1.4 - Жуу құрылғысы пролетінің өткізу қабілеттілігінің щитті ашу көлемі мен жоғары бьефтегі су деңгейіне тәуелділігі

Шаю құрылғылары су бөгетіне оң жағынан жапсарлас орналасып, өлшемі 2,1х3,0м болатын 1 саңылаудан тұрады, олар жоғары жағынан қабырғамен шектелген. Су қабылдау саңылаулары тегіс бекітпемен жабылған. Шаю құрылғысы құрылымның төменгі бьефінің қалташасында жинақталған қоқыстарды төгу үшін тағайындалған.
Толықтай ашық щит пен су деңгейлері жоғары бьефте НПУ белгісінде су қабылдау саңылауының шаю құрылғысы 20,44м3с шығын жібере алады, ал жоғары бьефтің су деңгейі ФПУ белгісінде 31,01м3с тең шығын жібере алады.

1.3.Су бөгеті жарылған жағдайда мүмкін болатын апаттар

Өте күрделі құрылыстар қатарына жататын гидротехникалық құрылымдарға әртүрлі гидрологиялық және атмосфералық факторлар әсер етеді. Осының салдарынан оның бұзылуы немесе апатқа ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайда оның келтіретін зардабы зор болады, сондықтан гидротехникалық құрылымдардың беріктігіне үлкен талап қояды. Құрылымдардың беріктігі деп оның есептік пайдалану мерзімінде өзінің пайдаланушылық көрсеткіштері мен қасиетін сақтап, жүктелген міндетті мінсіз атқаруын айтамыз. Осы талаптар құрылымды жобалағанда қарастырылып, құрылыс және пайдалану кезінде қамтамасыздандырылуы қажет. Жобалау кезінде құрылымға және оның бөліктеріне арнап орнықтылық және беріктілік есептеулерін жасайды. Соғу барысында жобада көрсетілген нұсқауларды өндірістік жұмыстар жағы болса немесе оның құрылыс бөліктері болсын дәлме-дәл ұстау керек. Пайдалану жағдайын да құрылымның күйін үздіксіз бақылау, алдын ала бұзылуды, зақымдануды байқауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Сонымен, гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалану, олардың тиімді жағдайда технологиялық міндеттерін атқаруға және алдын ала тозуын болдырмауға қызмет етушілердің қауіпсіздігі және жақын жатқан жерлер мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Гидротехникалық құрылымдарды техникалық пайдалануды құрылым әкімшілігі жанындағы арнайы топ жүргізеді. Олар арнайы мекеме бекіткен Пайдаланудың техникалық ережелерін және Гидротехникалық пайдалану нұсқауларын басшылыққа алып жұмыс атқарады. Осы құжаттарға байланысты өнеркәсіп басшылығы жергілікті арнайы өндірістік нұсқаулар шығарады. Онда гидротехникалық құрылымдардың қысқаша сипаттамасы, өзеннің гидрологиялық режимі туралы мәліметтер, гидротораптың су шаруашылық жобасы, кәдімгі және қауырт (су тасу, мұз қату, апаттық) жағдайдағы пайдалану тәртібі, жөндеуге даярлық жүргізу, құрылымның жұмысын бақылау, қауіпсіздіктің техникалық талаптары, су ағынын есепке алу тәртібі көрсетілуі қажет. Жергілікті өндірістік нұсқауда гидротехникалық құрылымдардың табаны мен материалын сипаттайтын, құрылымдардың гидравликалық көрсеткіштері мен су қоймасының гидрологиялық параметрлері, байқау жүргізудің кезектілігі мен тәртібі, әрбір құрылымды тексеріп өлшеу және бақылау туралы мәліметтер орын алу керек.
Өзендік гидротехникалық құрылымдарды әр түрлі режимде (су тасу мен тасқын, ең аз су деңгейлі және қыстық кезеңдерде, апаттық жағдайларда) пайдаланады. Осы кезеңдерге сәйкес даярлық шараларын жүргізеді.Су тасу кезеңі алдында су қоймасын алдын ала босатады, содан соң толтыру үшін, гидротораптың су тасу және одан кейінгі режимдегі жұмысына даярлық жасайды. Қыстық мерзімдік (маусымдық) пайдалануға даярлық кезінде технологиялық жабдықтарды (қақпаларды, тор тазалаушы және оны жылытушы қондырғыларды, көтеріп-түсіруші механикалық жабдықтарды) тексереді, өндірістік үй-жайлардың күйін қарайды, дренаждарды, өлшеу тексеру құрал-аспаптарын даярлайды, келіп-кететін жолдарды түзетеді. Аязды кезеңдерде құрылым арқылы көшкін мұз өткізуге аса көп көңіл бөледі. Су алғыш ғимараттардың торлары көшкін мұзбен бітелмеу үшін, оларды қыздыратын қондырғылар қарастырады.
Жергілікті өндірістік нұсқауларда тасқын және сел жүргенде, тау жыныстарының су қоймасына опырылып құлағанында, жер сілкінгенде, нөсерлі жаңбыр жауғанда, гидротораптың кейбір бөліктерінің және құрылыстарының сенімсіз жұмыс істегенінде қандай әрекеттер жасаудың жобасы болуы қажет. Сонымен қатар, осындай жағдайда жергілікті өкімет орындары мен қызметшілерін ескертетін құралдар, байланыс, көлік болуы керек және нұсқауда әр қызметшінің атқаратын міндеті белгіленеді. Гидротехникалық құрылымдардың бұзылуы қауіп-қатері туған кездерде, төмен орналасқан гидротораптарды және мекен жайларды тез ескертіп, халықты қауіпсіз орындарға көшіруді қамтамасыз ету керек. Гидротехникалық құрылымдардың бүлінген және арқауы бар жерлерін байқағанда, олардың салдарынан апаттық жағдай туатын болса, тездетіп жояды.
Гидродинамикалық апаттардың ұзақмерзімді әсерлері субасудың қалдық факторларына байланысты - қоқыстар, ластаушылар, табиғи орта элементтерінің өзгерісі (Кесте 1.2).

Кесте 1.2 - Халықаралық классификацияға сәйкес салдарлары бойынша су бөгеттеріндегі апаттардың бес түрі ажыратылады
Бұзылу түрі
Бұзылу сипаты мен оның салдарлары
Р-1 бұзылысы
Апаттық сипаттағы айтарлықтай бұзылу, соның нәтижесінде құрылымды қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Р-2 бұзылысы
Қайта қалпына келтәруге және әрі қарай пайдалануға болатын бұзылыстар.
П-1 зақымдалуы
Су бөгеті уақытылы қабылданған шаралардың арқасында бұзылған жоқ.
П-2 зақымдалуы
Су қоймасын бірінші ретті толтыру кезінде су қоймасының жұмыс істеуіне және уақытылы қабылданған шешімдердің арқасында су бөгетінің бұзылмауы .
П-3 зақымдалуы
Құрылыс аяқталғаннан кейін қабылданған шешімдердің арқасында судың толтырылуына кедергі келтірмейтін су бөгетінің құрылыс кезінде зақымдалуы.

Ескерту:
1.Р-1 және Р-2 типті бұзылу кезінде жарылу толқындары түзіліп, олардың өзгеріссіздігін сипаттайтын аймақты түгелдей су басады.
2.П-1, П-2, П-3 түріндегі апаттар кезінде су басу ережеге сәйкес орын алмайды.
Осыған байланысты гидротехникалық құрылымның 3 жағдайы кездеседі: зақымдалулар жоқ, зақымдалу мен бұзылу. Бұл жағдайда апаттық су басу тек гидротехникалық құрылымның түгелдей бұзылуы кезінде орын алатынын ескерген жөн.

2.ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҚТАРЫНДА АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ШҰҒЫЛ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
2.1. Төтенше жағдайларды жою үшін қажетті апаттық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстардың тізімі

Су бөгеттерінің жарылуынан орын алатын апаттық су басулармен күресу үшін келесідей апаттық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстар орындалады:
* барлау жүргізу (өзендік, ауалық, медициналық, өрттік және басқа да түрлердегі);
* су басу аймақтарынан тұрғындар мен ауылшаруашылық малдарын эвакуациялау;
* су басу аймағында құрылымдардың көпірлері мен кірме жолдарын қысқа мерзімде қайта қалпына келтіру;
* су басу аймағынан зардап шегушілерді іздеу, адамдарды құтқару (жүзбелі құралдар мен тікұшақтардың көмегімен көтеріңкі орындарды түсіру);
* зардап шеккендерге су, тамақ және киімдер жеткізу, қажет болған жағдайда баспанамен қамтамасыз ету;
* тез арада қосымша себулерді ұйымдастыру, суды әкету каналдары мен дамбаларын соғу, соның ішінде, әрі қарай су басуды болдырмау үшін жарылыстық әдіс арқылы қолданыстағы дамбалардың жырындылары мен тесіктерін бітеу;
* материалдық құндылықтарды құтқару, соның ішінде, бірегей құрылғыларды қайта монтаждау және өндірістік құжаттамаларды шығару,
* коммуналды-энергетикалық желілердің зақымдалуларын жою;
* құлау қаупі бар құрылымдарды бекіту жолымен ғимараттар мен үймереттерді қысқа мерзімдік қалпына келтіру, іимарат ішінен суды сорып алу;
* қираған көпірлер мен зақымдалған жолдарды уақытша қалпына келтіру бойынша көмек көрсету;
* өлген малдарды көмуге жәрдемдесу;
* су басқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыру;
* алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету және т.

2.2. Критикалық су басулар кезінде халықты қорғау бойынша іс-шаралар. Тиімді нұсқаны таңдау

Су бөгетінің бұзылуынан орын алған апаттың нәтижесінде аймақтың катасрофалық су басуынан халықты қорғау үшін келесідей негізгі іс-шаралар орындала алады:
* мүмкін катастрофалық су басу аймағынан халықтың өз бетінше шығуы (қауіпті аймақтан);
* жарылу толқыны келгенге дейін халықты көлікпен эвакуациялау;
* халықты жару толқыны бұза алмайтын су баспайтын бөліктерге және жергілікті аймақ учаскелеріне орналстыру;
* құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
* зардап шеккендерге білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
* халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында шұғыл жұмыстар жүргізу.
Уақытында эвакуациялау - барлық жергілікті тұрғындардың құтқарылуын қамтамасыз ететін ең тиімді шара болып табылады. Бұл ең алдымен адамдардың психикалық жағдайымен байланысты денсаулығы мен өмірі үшін ең аз әсер ететін шара болып табылады. Жару толқынының жету уақытына байланысты эвакуация жаяу тәртіппен және көлік құралдарын пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін [15].
Жергілікті тұрғындарды қорғау бойынша жүргізілетін шаралардың уақыты мен сипатына бірқатар факторлар әсер етуі мүмкін, олар басқарылатын және басқарылмайтын болуы мүмкін (кесте 2.1)

Кесте 2.1 - Жергілікті тұрғындарды кейбір факторлардан қорғау бойынша шаралардың тәуелділігі
Жергілікті тұрғындарды қорғау бойынша шаралар
Басқарылатын параметрлер
Басқарылмайтын параметрлер
1
2
3
Адамдардың қауіпті аймақтан өз бетінше шығуы
Жергілікті халықты су басу қаупі туралы уақытында құлақтандыру
Жергілікті пунктердің құрылысы мен жобасы

Көшелік-жол желілерінің өткізу қабілеттілігі

Қауіпсіз аудандарға дейінгі қашықтық
Адамдарды көлікпен эвакуациялау
Көлік құралдарын дайындау және жіберу уақыты
Жергілікті пунктердің құрылысы мен жобасы

Эвакуацияның жалғасу ұзақтығы
Көшелік-жол желілерінің өткізу қабілеттілігі

Пайдаланылатын көлік құралдарының атауы
Орналастыру орындарына дейінгі қашықтық
Адамдарды су баспайтын орынға орналастыру

Аудандардың құрылысы мен жобасы

Хабарландыру сәтінде халықтың панаханадан орналасу қашықтығы

Панахана орындарының сыйымдылығы
Құтқару жұмыстарын жүргізу
Құтқару күштері мен құралдарын күшейту уақыты
Құтқарылатын адамдардың табылу орындары мен қауіпсіз аудандарға дейінгі қашықтық

Құтқару күштері мен құралдарының мүмкіншілігі

зардап шеккендерге білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

Медициналық құрылымдарды күшейтіу уақыты
Құтқарылатын адамдардың табылу орындары мен медициналық құрылымдардың дислокациясы орындарына дейінгі қашықтық

Медициналық құрылымдардың мүмкіншілігі
Зардап шегушілердің су басу аймағына таралуы
халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету
Қажетті күштер мен құралдарды күшейту уақыты

Олардың мүмкіншіліктері тұрғындардың тіршілік әрекетін немесе олардың жағымды аймақтарға жеткізілуін қамтамасыз етеді

Тұрғындарды қорғау бойынша тиімді шаралар кешені қорғаныс шараларының шектелген көптеген кешендерін сараптау негізінде таңдалып алынады. Бұл кешендер әртүрлі шаралардың үйлесімділігінен құрылады, олар орын алатын жағдайдың шарттарына, қорғаныс жүйесінің бастапшы жағдайына, оларды өсу нұсқаларына, сонымен қатар, қорғаныстың ертеректе қабылданған шараларының нәтижелілігіне байланысты белгілі бір кезектілікпен жүзеге асырылады.
Гидроқұрылымның (су бөгеті) қысымды фронтының бұзылуымен байланысты апат кезінде жергілікті халық жарылу толқынының әсеріне тап болады, сондықтан да апаттық су басу кезінде халықтарды қорғау бойынша сол немесе өзге шаралар тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштерін қарастыру мақсатты болып табылмақ.
Осы апаттардың жүру ерекшеліктері мен олардың салдарын басшылыққа ала отырып, кезекті үш уақыттық кезеңді бөліп көрсетуге болады: төтенше (ерте), аралық және қашық. Апаттың әрбір кезеңінде халықтарды қорғау бойынша сәйкес шаралар жүргізіледі.
Ерте кезеңде халықтың зақымдалуы жару толқынының әсеріне, жүзгіш құралдарға, суық суда болу ұзақтығына, су аспирациясына негізделген. Жару толқынының әсер етуі мен жүзгіш құралдардың әсерін бағалау үшін оның параметрлерінің критикалық мәндері бекітілген (адам үшін өлімге әкелетін): Н =1,5 м (ағым тереңдігі); V= 2,5 мс (ағым жылдамдығы) және балалар мен қарт адамдар үшін - 1,5 мс. Егер параметр мәндері осы көрсеткіштерден асып кететін болса, онда бұл жаппай өлімге алып келуі немесе адамдардың ауыр зардап шегулеріне алып келуі мүмкін (кесте 3.2).
Адамдардың суда болу ұзақтығының салдарын бағалау үшін келесілерді ескеру керек: егер температура 10-15ºС төмен болса, алғашқы 10-15 минутта жаппай өлім алуы мүмкін, оның себебі суық шок болуы мүмкін. Осылайша, қауіптілікті бағалау үшін аймақтың сол немесе өзге параметрлері бойынша олардың өлім ортасына түсуінің көрсеткіштерін пайдалануға болады.
Су жайылмайтын және жару толқыны бұзбайтын құрылым бөліктері мен жергілікті учаскелердің болуы олардың тұрғындар үшін панахана ретінде пайдаланылуына мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт су басу кезінде (әсіресе, жылдың суық уақытында) құтқарушы адамдардың тіршілік әрекетін қамаамасыз ету керек немесе оларды су басу аймағынан тысқары орындарға эвакуациялау керек. Осылайша, бұл шаралар адамдарды жару толқынының тікелей әсерінен қорғауға мүмкіндік береді, алайда, оларды қорғау бойынша әрі қарайғы күш жұмсауды талап етеді.
Қорғаныс шараларын барынша нақты жоспарлап, жүзеге асыру үшін оларды екі кезеңге бөлген дұрыс. Біріншісі - жергілікті жердің су басылуына дейін эвакуация және адамдарды су баспайтын құрылым бөліктеріне (ғимарат және құрылым бөліктері) орналастыру жүзеге асырылады, ал екінші кезеңде - су басудан кейін бар күш суда қалған адамдарды құтқаруға, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге, адамдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге жұмсалады. Сурет 3.2. қорғаныс шараларын есепке ала отырып, апаттық су басу кезінде адамдардың тап болуы мүмкін барлық жағдайлары көрсетілген. 8, 9 және 10 жағдай адмдардың өліміне алып келеді. 4-7 жағдайлар құтқару жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Ең жағымды жағдайлар 1-3 адамдарды эвакуациялаудың арқасында және олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің арқасында қалыптасады. требуют проведения спасательных работ. 4 және 5 жағдайлар бір-бірінен су температурасы 15-тен 22-240C дейінгі температура кезінде өзгешеленеді. Айтарлықтай төмен температура кезінде адамдар 10-15 мнут ішінде көз жұмады, ал одан біршама жоғары температура кезінде олардың судағы бірнеше сағаты ағзаның суықтауына алып келеді. Шекті параметрлер (адам үшін өлімге алып келетін): T=10-15мин (суда болу уақыты) t0 = 2-3C0 (су температурасы). Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, екі кезеңнің де қорғаныс шаралары кешендерінің тиімділігін бағалау үшін, осы шаралардың қандай да бір нұсқасын жүргізу нәтижесінде көрсетілген жағдайлар бойынша халықтардың таралуын сипаттайтын көрсеткіштерін пайдалану керек:
1.Адамдардың үлесі келесі соммағы тең:
* жару толқыны келгенге дейін эвакуацияланған адамдардың үлесі (бірінші кезеңдегі 1 және 5 жағдайы);
* құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде эвакуацияланған адамдардың үлесі (адамдар екінші кезеңде 4,6 және 7 жағдайдан 1 жағдайға ауысады).
2.Келесідей айырымға тең адамдар үлесі:
* су баспайтын жергілікті учаскелер мен құрылым бөліктеріне орналастырылған адамдардың үлесі (2,3,6 және 7 жағдайы бірінші кезеңде);
* су баспайтын учаскелерден шығарылған адамдардың үлесі (адамдардың екінші кезеңде 6 және 7 жағдайдан 1 жағдайға ауысуы).
3.Келесідей айырымға тең адамдардың үлесі:
* адамдар үшін шекті мәндерден төмен жару толқынының параметрлерінің аймағына тап болған адамдардың үлесі (бірінші кезеңде 4 жағдай);
* құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде судан шығарылған адамдардың үлесі (екінші кезеңде адамдар 4 жағдайдан 1 жағдайға ауысады).
4.Адамдардың үлесі келесі соммаға тең:
* өлімге душар болған адамдардың үлесі (бірінші кезеңдегі 8,9 және 10 жағдай);
* көмектің уақытында көрсетілмеуіне және тіршілік әрекетінің жеткіліксіз қамтамасыз етілмеуіне байланысты көз жұмған адамдардың үлесі (адамдар екінші кезеңде 1,2,3,4 жағдайдан сәйкесінше 5,6,7 және 8 жағдайға ауысады).

Кесте 2.2 - Апаттық су басу кезінде қорғаныс шараларын жүргізу кезіндегі адамдардың мүмкін жағдайы

Тұрғындар
Су басу аймағынан тысқары
Суда болу ұзақтығы рұқсат етілген шектен аспайды - 1

Рұқсат етілген шектен артық болу уақыты - 5

Адамдар үшін шекті деңгейден төмен ВП параметрлерінің су басу аймағында
Су басу орындарында
Су болу ұзақтығы рұқсат етілген шектен аспайды - 2

Суда болу ұзақтығы рұқсат етілген шектен асып кетеді - 6

Суда
Суда болу ұзақтығы рұқсат етілген шектен аспайды - 4

Суда болу ұзақытығы рұқсат етілген деңгейден артық - 8

Адамдар үшін шекті деңгейден жоғары ВП параметрлерінің су басу аймағында
Су басу аймақта-рында
Суда болу ұзақтығы рұқсат етілген шектен аспайды - 3

Суда болу ұзақытығы рұқсат етілген деңгейден артық - 7

Суда - 9

Құрылымдар үшін шектік деңгейден жоғары ВП параметрлерінің су басу аймағында - 10

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу - Талас бассейндерінің су қорлары мен оның сапасына сараптама
ТАЛАС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СУ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Гидрологиялық есептеулер мен гидрологиялық болжаулар пәні бойынша өндірістік практика есебі
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Қазақстандағы трансшекаралық өзендердің жалпы сипаттамалары
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Қапшағайда тұқыны өсіру технологиясының жобасы
Шу - Талас ауданындағы су ресурстарын пайдалану
Пәндер