Almaty әуежайына мәліметтер қорын құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыс бірнеше бөлімді қамтиды. Олар Кіріспе, МҚБЖ функциясы, мәлiметтер қорының басқару жүйесi, Access ортасында Almaty әуежайы мәліметтер қорын құру.Кіріспе бөлімінде жалпылама түрдебілімдер қоры туралы маңыздылығы мен мәні баяндалады. Негізгі бөлімінде Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы және серіктестіңтің қызметкерлерінің кестелері айтылған. Қорытынды бөлімде жалпы істелген жұмыс туралы қысқаша шолу жасалған және соңғы бөлімде әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты білімдер қорын құруды үйрену. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеуді үйрену және кең ауқымда қолдаануға мүмкіндік береді. Курстық жұмыс 2 бөлімнен және 29 беттен тұрады. Курстық жұмыста 24 Сурет көрсетілген.

Мазмұны

Анықтамалар 5
Белгілер мен қысқартулар 6
Кіріспе 7
1 МҚБЖ функциясы, мәліметтер қорының басқару жүйесі 9
1.1 Мәліметтер қорында қолданылатын терминдер 9
1.2 Ақпараттық жүйенің мақсаттары 9
1.3 Ақпараттық жүйенің жобалануы. Инфологиялық модельдің құрылуы 10
2 Microsoft Access-тегі мәліметтер қорының объектілері 14
2.1 Кестелермен жұмыс істеу 14
2.2 Сұраныс 17
2.3 Формалар құру 19
2.4 Есептер 20
2.5 Батырма форма 22
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 29

Нормативті сілтемелер

Курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер пайдаланылды.
1. Техникалық регламенттер.
2. Мемлекеттік стандарттар (СТ РК).
3. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ).
4. Халықаралықстандарттар.
5. Техникалықшарттар, т.б.

Анықтамалар

МҚБЖ - бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ)құрылады және жұмыс iстейдi.
Мәлiметтер қоры - ақпараттар сақталатын қойма.
Есеп беру - қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы.
Сұраныс - керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестелерден алуға рұқсат беретін объект.
Форма - негізінен мәліметтерді енгізуге арналған Microsoft Access объектісі.
Кесте - мәлiметтердi жазба және өрiс түрiнде сақтауға арналған обьект.
Мәліметтер қоры - компьютер көмегімен таратылған объект жағдайын қатынаспен бейнелейтін ақпараттық құрылымды (модель) айтады.
Сервер - белгілі бір ресурсты басқарушы компьютер (программа).
Клиент - осы ресурсты қолданушы компьютер немесе программа.
Ресурс - МҚ файлы, файлдық жүйелер, баспа қызметі, пошта қызметі т.б.
Клиент-серверлік архитектура - деректерді орталықтандырып сақтау, корпоративті МҚ-н ұжымдық қолдану.
Буфер - оперативті жады (ОЖ) мен сыртқы жады арасында деректерді алмастыруды жылдамдату үшін қолданатын ОЖ-ң облысы
Транзакция - МҚ деректеріне қолданылатын үзіліссіз, біртіндеп орындалатын операциялар тізбегі.
Концептуалдық жобалау - программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, ґңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау.
Логикалық жобалау - ER - диаграмма негізінде реляциялық жүйелердің мүмкіндігі ескерілген мәліметтердің логикалық моделі, мәліметтер қоры кестелері арасындағы байланыс түрлерін анықтау.
Физикалық жобалау мәліметтердің логикалық моделі нақты реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесінде реляциялық мәліметтер қоры кестелерін қалыптастыру.

Белгілер мен қысқартулар

ОЖ- операциялық жүйе
ОпЖ-оперативті жады
MS - Microsoft
МҚБЖ - мәлiметтер қорын басқару жүйесi
МҚ - мәлiметтер қоры
TEXT - текстiк мәлiметтер
NUMBER - сандық мәлiметтер
DATETIME - күні немесе уақыт типi

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Almaty әуежайына мәліметтер қорын құру
Курстық жұмыстың мақсаты: курстық жұмыс тақырыбын карастырсақ, сауда орталағы анықтама бюросы мәліметтер қорын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұл жерде әуежай моделі мен әр түрлі типті жолаушы орындары, билет классқа байланысты құны, рейс бағыттары мен жүру уақыттары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Анықтама беруде әуежай бастапқы және соңғы жету орындары бойынша тапсырыс беріп, рейске байланысты бос орындар санын және жүру уақытын көрсету керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі:мәліметтер қоры дегеніміз - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Курстық жұмыстың жаңалығы:Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы: курстық жобаның нәтижелерін зертханалық жұмыстарда және практикалық сабақтарда қолдануға болады.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: әдістемелік нұсқаулар,оқу құралдары, электронды оқу құралдары, шет ел фирмаларының қолданбалы бағдарламаларына арналған анықтамалар жобаның теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды.
Зертегіш обьектісі: MS ACCESS ортасында мәліметтер қорын құру бойынша мәліметтер қорын құру
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.

1 МҚБЖ функциясы, мәліметтер қорының басқару жүйесі

МҚБЖ - мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
Мәліметтерді анықтау (Data definition) - сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;[4]

1.1 Мәліметтер қорында қолданылатын терминдер

Мәлiметтер қоры - ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
Кесте - мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады.
Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалардеп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.[5]
Сұрау - бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау)негiзiнде құрылады. Сұрау - қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк бередi.
Форма - мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.

1.2 Ақпараттық жүйенің мақсаттары

Әуежай агенттігі әртүрлі рейстерге әуебилеттерді сату, сатып алу, сату және жолаушылар туралы есеп жүргізеді.
Сондықтан сақталуға, жинақтауға қажетті ақпаратты келесі жүйелеу керек:
Рейстің кестесі туралы ақпарат (рейс нөмірі, ұшақтың түрі, жөнелтілетін орны, қабылдау орны, ұшу күні, ұшу уақыты, билеттің құны).
Рейстегі бос орын туралы ақпарат (рейс нөмірі, ұшу уақыты, барлық орын саны, бос орын саны).
Билетке тапсырыс берген жолаушылар туралы ақпарат (аты-жөні, көрсетілген құжаты, оның сериясы және нөмірі, рейс нөмірі, ұшу күні).
Бұл ақпаратқа жолаушыларға қолдану үшін (мысалы: рейстегі бос орындар мен кесте туралы ақпарат алу), сондай-ақ агенттік қызметкерлері: кассирлерге және диспетчерлерге (әкімшілерге). Яғни мәліметтер қорын пайдаланушылар үш топқа бөлінеді: жолаушы, кассир, диспетчер. Арнайы шектеулерді (кодты) қорғау үшін заңсыз тұлғалардан қорғауды жүзеге асырады.[6]

1.3 Ақпараттық жүйенің жобалануы. Инфологиялық модельдің құрылуы

Концептуалды жобалаудың негізгі есептері жүйенің тақырыптық аймағын анықтау және бағдарламалық қамтамасыздандыруға ақпарат қорының болашақ пайдаланушыларының позицияларынан көз қарасты құрастыру.
Концептуалды модель кез-келген мәліметтер қорының жүйесінің өзегі болып табылады. Концептуалды деңгейде концептуалды жобалау, яғни деректер қорының концептиалды сұлбасы өңдеу орындалады. Бұл қадамда толық модельдерді жасаушылардың ақпараттары жинақталған, олардан кейін концептуалды модельге көрсететін барлық элементтердің деректерінің құрамында деректер қоры құрылады.[6]
Кез-келген модельде туралы концептуалды модельдің бірсыпыра негізгі түсініктемелері бар. Олар алғашқы болып элементтерден алдын-ала анықталған ережелер бойынша күрделі объектілерді құрастырады. Бүгінгі күні күрделі бағдарламалық жасақтамаларды өңдеуге негіз болып табылатын объектілік бағытталатын концепциямен осы модель үлкен дәрежеде келісіледі.
Негізгі элементтердің концептуалды модельдері объектілер мен қатынастар болып табылады. Нақтылығы модельденетін бөлік пайдаланушымен маңызды деп таңдаған объектілер деп аталады. Тақырып аймақтық объектілердің құрылымы мен қозғалысы жағынан біртекті болған объекттердің топтарына бөлінеді, олар объекттік жиынтықты құрастырады. Объектілі жиынтығы белгілі элемент объект-элемент болады. Объекттер әдеттенге зат есімдермен, ал қатынасарда етістіктермен көрсетіледі Объектлік жиынның аты үлкен әріппен жекеше жазылады. Концептуалды модельде (сурет 1) объектілі жинақ БИЛЕТ объектілі жинағы болып табылады.
Логикалық мәлiметтер (YESNO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер "иә", "жоқ" болып интерпретацияланады.
Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: "апта күнi" (дүйсенбi, сейсенбi және т.б), "адрес" (почта индексi-қала-және т.б).

infinity
1
Ұшады

1
РЕЙСТЕРДІҢ КЕСТЕСІ
ҰШАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Рейстің нөмері

Жолаушылардың саны

Ұшып шығудағы уақыт

Қайтарылған билеттің саны

Қонудағы уақыт

Бүйр номері

Жолаушылар орындыр саны

Жүк көтерімділік

5 кг жүктің тасымалдау құны

Бүйр номері

Ұшақтардың түрі


Ұшақтың маркасы

Ұшып шығудағы дата

Маршруттың атауы

Ұшып шығудағы уақыт

Төлқұжаттың толық нөмері

Бағытталады
Ұшып шығудағы дата

Билеттің құны

Рейстің нөмері

Билеттің нөмері

Жабдықтал -ған орын

Қонудағы уақыт



БИЛЕТ
infinity
Билет алады
1
infinity
МАРШРУТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
Клиенттің мекен -жайы

Жүктің түрі

Есептесу

Ұшып шығудағы орны

Қонудағы орны

Билеттің құны

Төлқұжаттың толық нөмері

Виза

Жүктің салмағы (кг)

Жүктің көлемі (смЗ)

Клиенттің аты - жөні

Клиенттің жас шамасы

Рейстің нөмері

Маршруттың атауы



Сурет1. Концептуалды модель

Барлық модельдердің артықшылықтары да кемшіліктері де болды. Қазіргі кезде көбінесе қолданылатын соңғы модель. Соңынан көптеген авторлары осындай модельдердің өздерінің нұсқаларын ұсынды. Бұл жерде семантикалық модельдеу құралы ретінде нақтылық-байланыс (ER-Entity-Relationship) диаграммаларының әртүрлі нұсқалары қолданылады (сурет 2).[7]
Ұшады
1
1
infinity
РЕЙСТЕРДІҢ КЕСТЕСІ
ҰШАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ

Рейстің нөмері
Бүйір нөмері
Ұшып шығудағы дата
Ұшып шығудағы уақыт
Қонудағы уақыт
Қайтарылған билеттің саны
Жолаушылардың саны

Ұшақтардың түрі
Бүйір нөмері
Ұшақтың маркасы
5 кг жүктің тасымалдау құны
Жүк көтерімділік
Жолаушылар орындыр саны

Маршруттың атауы
Ұшып шығудағы орны
Қонудағы орны
Билеттің құны
Рейстің нөмері

Бағытталады

Тіркеледі
infinity
МАРШРУТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1

Билет алады

infinity
1
infinity
БИЛЕТ
ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Клиенттің аты-жөні
Клиенттің жас шамасы
Төлқұжаттың толық нөмері
Клиенттің мекен-жайы
Виза
Жүктің түрі
Жүктің салмағы (кг)
Жүктің көлемі (смЗ)
Есептесу

Билеттің нөмері
Төлқұжаттың толық нөмері
Ұшып шығудағы дата
Ұшып шығудағы уақыт
Қонудағы уақыт
Рейстің нөмері
Маршруттың атауы
Билеттің құны
Жабдықталған орын

Сурет 2. ER-диаграмма

Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру.
Ұшақтар тізімін (бүйір нөмірі, ұшақтың түрі, ұшақтың маркасы, 5 кг жүк тасымалдау құны, жүк көтерімділігі, жолаушылар орындары саны).
Рейстер кестесі (рейстің нөмірі, бүйір нөмірі, ұшу уақыты, ұшу уақыты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Әлемнің әуе компаниялары сыйлығы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік қызметі номинациясында
Туризмдегі авитасымалдауды ұйымдастыру (мысал ретінде бір аймақты алу)
Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Ақпараттық жүйелерде қолданылатын кесте техникасының рөлі
Туристік бизнес жайлы
Реляциялық мәліметтер қоры
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Пәндер