Осы заманғы өндірістік ғимараттарды жобалаудың жолдармен танысу


Мазмұны. Кіріспе . . . 3
1. Бас жопар . . . 4
1. 1. Бастапқы деректер . . . 6
2. Технологиялық процес . . . 7
3. Сәулеттік-жайғастыру шешімі . . . 8
3. 1. Техника-экономикалық көрсеткіштері . . . 8
4. Сәулеттік-құрылымдық бөлімі . . . 9
4. 1. Іргетас . . . 9
4. 2. Іргетас беларқасы . . . 10
4. 3. Ұстындар . . . 10
4. 4. Едендер . . . 11
4. 5. Қабырға . . . 15
4. 6. Терезелер . . . 17
4. 7. Итарқалы ферма . . . 19
4. 8. Кранасты беларқалар және жүк көтергіш құрылғылар . . . 20
5. Жылу техникалық есебі . . . 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24
КІРІСПЕ
Бұл жұмыстың негізгі мақсаттарына ғимараттың толықтай жобаланып және максималды типтік конструкцияларды қолданып қай жағынан алғанда да барынша берік және қолдануға ыңғайлы етіп жобалауды үйрену.
Курстық жобаның негізгі мақсаттары:
1. Осы заманғы өндірістік ғимараттарды жобалаудың жолдармен танысу.
2. Бұл өзіндік жұмыс кезінде барынша мемлекеттік нормативтер, ережелермен және ҚР ҚНжЕ танысып техникалық кітаптарды қолданып, жұмыс істеп үйрену.
3. Негізгі алынған теориялық білімді, курстық жобада, яғни практикада қолданып, бар білімді қатайту.
Курстық жобалау кезінде көптеген талаптарды ескеру қажет. Олар: көлемдік-жоспарлау жұмыстары, конструктивті-архитектуралық, өндірістік-технологиялық шешімдерді бір-бірімен келістіріп және оны индустрия талаптарына сай етіп міндетті түрде экономикалық жағын ескеру қажет. Сонымен қатар ғимарат толықтай отқа төзімді, экологиялық таза және санитарлы гигиеналық жағынан бірыңғай ережелермен сай болып жобалану керек.
Жобалау кезінде ғимарат толықтай бірыңғай модульдік жүйенің шешімдерімен жобаланады.
Сонымен қатар, ғимарат жоғарыда айтылғанды ескере отырып салынғандықтан, көбінесе типтік ғимараттар сияқты көрінеді, яғни демалатын орындар, баспалдақтар, сыртқы көлемдік көрінісі және инженерлік жүйелері. Бірақ, бұл ғимарат бойынша функционалдық жағынан орналасқан жерінен өзгеше болып келеді және әдеміліктің заңдарымен салынған.
Құрылыс процесі деп құрылыс алаңында өтетін және түпкі мақсаты үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу, қайта құру, жөңдеу, жаңғырту, ажырату және жылжыту өндіріс процестерін айтады. Құрылыс процестерінде заттар мен еңбек құралдары қатысады. Сонымен, жұмысшылар әртүрлі техникалық құралдар көмегімен еңбек заттарына ықпал етіп, материалдық элементтерінен құрылыс өнімін жасайды.
Негізінен ғимарат дегеніміз бұл жер бетіндегі имарат, ішкі қуыс кеңістігі бар, өмір сүруге, қызмет етуге, қоғамның және адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Берілген ірі панель шығаратын зауыт - Қазақстанның оңтүстік аймағында Қызылорда қаласында орналасқан.
Өнеркәсіптік ғимараттың көрсеткіштері:
ғимараттың ұзындығы - 90 м;
ғимараттың ені - 48 м;
ұстын адымы - 6 м;
көтергіш конструкцияға дейінгі биіктік - 7, 8 м;
кран жүк көтергіштігі - 20/5т.
1. Бас жоспар
Бас жоспар - жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, үймереттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі. Бас жоспар кез келген қала үшін үлкен маңызға ие. Былайша айтқанда, оның құжаты - қала құрылысының егжей-тегжейлі жоспарлануының, сәулет құрылыстары композициясының, жол айрықтар мен магистралдардың негізгі құжаты.
Бас жоспар сызбасында әкімшілік - аумақтық құрылымдар шекаралары (соның ішінде қаланың, қоныстың ұсынылушы шекараларының нобайы) ; тұрғын құрылыс аудандарды құрылыс салу типтері бойынша (көп қабатты, аз қабатты, үй - жайлық) сәулеттік - жоспарлық саралау, аумақты жобалық қызметтік аудандарға (тұрғын үй, қоғамдық орталықтар, өнеркәсіптік - өндірістік құрылыс, жалпы және тынысжайлық пайдалану аумақтарына) бөлуді қосатын аумақты ұйымдастыру; негізгі көлік магистральдар, олардың қызметтік бағытын бөліп көрсете отырып, жасыл желек аумақтарды, табиғи - қорғалу нысандарды, жылжымайтын тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері көрсетіледі.
Құрылыстың бас жоcпары ҚНжәнеЕ талаптарына сай орындалады. Мұнда салынатын жердің еңістігі көрсетіліп, салынған және салынатын имараттар мен ғимараттардың орны, олардың өлшемдері, бағытталуы, жел тармақтарына қарай жоспарлануы көрсетіледі.
Құрылыс салынатын жер - Қызылорда қаласы.
Жолдан ғимаратқа дейін асфальт жол тартылады. Жолды жағалай көкшөп, жасыл желек, бұта тектес ағаштар отырғызылады.
Ғимараттың бас жоспарында автокөлік жолдарының ені -5м, сыртқы көшедегі жаяу жолдарының ені - 1м. Автокөлік жолы және ғимараттың арақашықтығы 12м.
Желдің әртүрлі бағыттағы қайталануы, %
1. 1. Бастапқы деректер
Құрылыс ауданы : Қызылорда қаласы
Техникалық ғимарат : Ірі панель шығаратын зауыт
Негізгі өлшемдері :
Ұзындығы, L =90 м
Аралығы, V = 48 м
Биіктігі, Н = 15 м
Колонналар қадамы : 6 м
Қаңқасы: темір - бетон, металл ферма
Бұл құрылыс түрі жүргізуі барысында конвейерлі технология қолданылады . Технология негізінен қоршау қабырғаларын жасау принципі негізінде жасалады . Құрылыс түрі жұмыс алаңында өте аз орын алумен ерекшеленеді . Басты технологиялық учаскілерге :Арматураландыру бөлмесі, бетондау бөлмесі, кептіру бөлмесі, қосалқы бөлшектер қоймасы, ары қарай өңдеу бөлмесі, диогностика бөлмесі.
Ғимараттың экспликициясы :
1. Алаңша
2. Бетон араластырғыш зауыты
3. Галерея жабдықтау агрегаттары
4. Цемент қоймасы
5. Компрессорлық
6. Өндіріс ғимараты
7. Толтырғыштар қоймасы
8. Дайын өнім қоймасы
9. Әкімшілік және тұрмыстық ғимарат.
2. Технологиялық процестер
Кез-келген құрылысты жүргізу үшін, оған қажетті құжаттар болады. Соның бірі жоба. Жоба - техникалық құжат. Ол сызбалардан, түсіндеме жазбалардан және сметалардан тұрады. Сызбалар - болашақ ғимараттың көлемін жоспарлау үшін керек. Курстық жобалау кезінде көптеген талаптарды ескеру қажет. Олар: көлемдік-жоспарлау жұмыстары, конструктивті-архитектуралық, өндірістік-технологиялық шешімдерді бір-бірімен келістіріп және оны индустрия талаптарына сай етіп, міндетті түрде экономикалық жағын ескеру қажет. Сонымен қатар ғимарат толықтай отқа төзімді, экологиялық таза және санитарлы-гигиеналық жағынан бірыңғай ережелеріне сай болып жобалану керек.
Осы нормалар мен ережелерге сүйене отырып, Қызылорда қаласында ірі панель шығаратын зауыттың құрылысын жоспарладым. Қызылорда қаласында, жалпы көлемі 316 м 2 болатын зауыттың планын және т. б. қажетті талаптарын орындадым.
Құрылыстың технологиялық процестері ҚНжәнеЕ талаптарына сай орындалды. Мұнда салынатын жердің еңістігі көрсетіліп, салынған және салынатын имараттар мен ғимараттардың орны, олардың өлшемдері, бағытталуы, жел тармақтарына қарай жоспарлануы көрсетілді.
Құрылыс салынатын жер - Қызылорда қаласы.
Жел бағыттары - оңтүстік-шығыс
Құрылыс жүргізілу алаңы - құрғақ, жерасты суларының деңгейі жер бетінен 36 м тереңдікте орналасқан.
Жер бедері - жазық
Жолдан ғимаратқа дейін асфальт жол тартылады. Жолды жағалай көкшөп, жасыл желек, бұта тектес ағаштар отырғызылады.
Ғимараттың аумағына кіру үшін адам кіретін дарбаза және автокөліктерге арналған дарбаза арқылы жүргізіледі. Автокөліктерге арналған дарбаза екі жаққа кең ашылады, ал адамдарға арналған дарбаза бір жаққа ашылады.
Жобаланған ірі панель шығаратын зауыт конструктивті болып келеді. Негізгі көтеруші конструкция түрі көлденең және бойлық көтеруші кірпіштен жасалынған. Жабын ретінде қоңыр түсті металлочерепица қолданылады.
3. Сәулеттік жайғастыру тұралы шешім
3. 1. Техника-экономикалық көрсеткіштері:
- Жалпы ауданы: 1296 м2
- Ғимарат ұзындығы: 90 м
- Ғимараттың аралығы: 48 м
- Ұстын адымы: 6 м
- Көтергіш конструкцияға дейінгі биіктік: 12, 6 м
- Кран жүккөтергіштігі: 20/5 т
- Зауыт атауы: Ірі панель шығаратын зауыт
- Орналасқан жері:Қызылорда қаласы
- Қадам - 6;
Ғимарат негізгі жүк көтергіш конструкциялар темір-бетон конструкциялар қолданылады. Жүк көтеретін крандар тұтас кранасты бел арқалары қолданылады. Кранасты беларқалардың жоғарғы белдеуіне (поясына) рельстер қысқыш болаттармен жабдықталған ілгіш немесе планкалармен бекітіледі.
Кран ( көпірлі ) қозғалысы кезіндегі пайда болған көлбеу күштерді қабылдау үшін және кранасты беларқалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тежеуіш ферма ұйымдастырылады.
Тежеуіш ферма кранасты беларқалардың жоғарғы белдеуіне (поястарына) бекітілетін горизонталь торлы конструкциялар. Кранасты беларқалардың астыңғы белдеуі ұстындарға анкерлі болттар арқылы бекітеді.
4. Сәулеттік-құрылымдық бөлімі
4. 1. Іргетас.
Іргетас , фундамент (лат. fundamentum - негіз) ғимараттың немесе құрылыстың түсірілген салмақты - жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер не су астындағы бөлігі; ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.
Әдетте іргетас темір-бетоннан, бетоннан жасалып, таспалы (қабырға және тіреу астына) ; тақта түрінде тұтас; иілгіш және қатты; монолитті және құрама болып ажыратылады. Іргетас түрі құрылыс алаңының геол. және гидрогеол. жағдайларына байланысты таңдалады.
Ұстындардың стақан сауытының өлшемдері, ұстындардың қималарының ауданы бойынша алынды.
4. 2. Іргетас беларқасы
Іргетасты беларқа әдетте көлденең қимасы 450х260 м болатын стакан типтес фундаменттің бөлігіне орналасады. Іргетасты беларқа ГОСТ 28737-90 стандартымен қабылданады. Ұстын қадамы 6000мм болғанда 5ФБ ені бойынша 450мм іргетас беларқалар қолданылады.
L - 600мм
H - 260мм
B - 450мм
Іргетас арқалық пен сэндвич понельдің орналасуы.
4. 3. Ұстындар
Ұстындар ғимараттың қалай орналасуына байланысты ортаңғы және шеткі болып бөлінеді. Бұл ғимаратта тек қана әртүрлі биіктіктегі шеткі ұстындар қолданылады. Және де бұл ғимаратта фахверк ұстындары қолданылады.
Ұстындардың өлшемдерін ғимараттың биіктігіне сәйкес алынады, жүк көтергіштігіне байланысты ГОСТ 25628-90 стандартымен аламыз. Ғимараттың биіктігі 15 м сәйкесінше өлшемдері келесі кестеде көрсетілген.
Біздің жобаланып жатқан өндірістік корпусымызға ұстынның 3 түрін қабылдап алдық. Біріншісі ол - бір консолсді, көпір кранды, 1КБО33. 1 маркалы шеткі. Ал екіншісі ол -консолсыз, көпір крансыз, 1КБ33. 1 маркалы. Үшінші ол- 2 консолді, көпір кранды, 2КБ33. 1 маркалы ортаңғы ұстын. Ұстындардың үстіне арқалық, жабын және шатыр элементтері салынады. Ортаңғы ұстынымыздың 2 консолді алғанымыздың себебі, ол шеткі ұстындарға қарағанда жүктемені 2 есе рет көп қабылдайды. Сондықтан конструтивті шешім бойынша ортаңғы ұстынды 2 консолді етіп қабылдадық. А мен В осьтерінде шеткі ұстындар орналасады, ал B осьтері бойынша ортаңғы ұстындар орналасады. Фахверк ұстындары А, Б, В осьтері аралығында орналасады. Ұстындар адымы 6 м. Шеткі мен ортаңғы ұстындардың қимасы 400x400мм, фахверк ұстынының қимасы 400х400мм, ортаңғы ұстын консолінің кимасы 400х400мм, ұстындардың биіктігі 10500мм. Ұстындар стакан тәрізді іргетастарға қондырылып және бетондап тастайды. Оның орнату дәлдігін геодезиялық құрал-саймандар арқылы тексеріледі. Қабылданған ұстындарды С-1 арматура торлары мен К-1, К-2 қаңқалары арқылы арматуралайды. Ұстындарға арматура классы А-ІІІ, ∅ 16мм және А-І, ∅8мм қабылданды. Ұстындар бетон классы В 30 құйылады. Ұстындардың сұлбасы сурет 1. 4көрсетілген және кесте 1. 3 ГОСТ пен саны көрсетілген.
12
Ұстын ведомость кесте 1. 3
4. 4. Зауыт едені .
Жобалап жатқан Өндірістік ғимараттың едендері қолданылу аясына байланысты әртүрлі қабылданады. Негізгі еден темір - бетонды болып қабылданды.
Еден қабаттары:
- Еден жабыны
- Темір-бетон қабаттама
- Төсеніш қабат
- Грунт, тығыздалған топырақ
Еденнің төселу технологиясы біркелкі етіліп қиыршық тастарды
тығыздып төсеп оның үстіне ГОСТ 26633-91 В30 М400 класты бетон қоспасы төселеді.
4. 5. Қабырғалар.
Қабырғалардың негізгі атқарар қызметі ғимараттар мен үймереттерді қоршаған орта ықпалынан қорғау, одан жоғары деңгейде орналасқан құрылымдардың жүктемелерін іргетасқа біркелкі таратып беру.
Жобаланып жатқан ғимараттың қабырғалары көтеруші қызметті атқармайды, тек қоршауға арналған ұстын қадамы 6 метр болғандағы қабырғалық жеңілбетонды ГОСТ 11024-84 сәйкес « 3НС - үш қабатты» және « 2НЦ - екі қабатты» қалыңдығы 300-200мм құрайтын панельдерден тұрады.
Қабырғалар темірбетонды қабырғалық панельдермен толтырылған. Ғимараттағы орналасу орнына байланысты панельдер қатарлық, цокольдық, қабырға аралық, бұрыштық болып келеді.
Жобаланған өндірістік корпусымыздың қоршағыш конструкциясы ретінде, тегіс 3 қабатты, жылытқышы бар, ілмелі, темірбетонннан қабырға панельдері жобаланған. Жылытқышы пенополистирол М35-тен жасалған және оның қалыңдығы 100мм. Қабырға панельдердің қалыңдығы 300мм және 1. 432. 1-26 сериясы бойынша жасалған. Негізгі қабырға панельдердің маркасы және өлшемдері: ПСТ 60. 12. 3-П-1 5980х1185мм ПСТ 60. 15. 3-П-1 5980х1785мм Панель маңдайшалары терезе толтырмалары жағынан горизонтальды қабырғалармен күшейтілген. Сыртқы қабырғада 3 және 1 қатар қабырға панельдердің орнын бос қалдырып кетіледі. Себебі өндірістік корпусқа жарық түсу үшін 3 және 1 қатар терезелер қондырылады. Қабырға панельдері ұстындарға ілінеді және оларға тіреу ретінде астына іргетас арқалықтары орнатылады. Қабырға панельдеріне жылутехника есебі жүргізіліп, барлық шарттарды қанағаттандырды. Қабырға панельдердің сұлбасы сурет 1. 6. көрсетілген және кесте 1. 5 ГОСТ пен саны көрсетілген.
Панель ведомость кесте 1. 5
4. 6. Ғимараттың терезесі, қақпасы.
Азаматтық ғимараттарға қарағанда өндірістік ғимараттардың қабырға бетінің әйнектелуі үлкен көлемде орындалады.
Жобаланатын ғимараттың терезе ойықтарына қос қабатты шыны блоктармен шыны әйнектер қолданылады. Терезе жақтаулары темір бетонды және болаттан жасалады.
Биіктігі - 4, 20м
Ені - 1, 5м
Ғимаратты желдету және аэрациялау табиғи жолмен асырылады.
Қақпа биіктігі - 7, 6м
Ені -12м
4. 7. Итарқалы ферма
Темірбетон итарқалы фермалардың ұзындығы ғимараттың аралығына (пролет) байланысты 24метрден қабылданады. Темірбетонды фермаларды қабылданған талаптарға сай ГОСТ 27579-88 стандарттары бойынша алу керек.

Итарқа ведомость кесте 1. 4
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz