Франчайзинг мейрамханалардың туризмге әсері
КІРІСПЕ
1 ФРАНЧАЙЗИНГ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Франчайзинг ұғымы мәні,мазмұны
1.2 Қазақстанда франчайзингтің дамуы
1.3 Франчайзингтік мейрамханалар
2 МАКДОНАЛЬДС ФРАНЧАЙЗИНГТІК МЕЙРАМХАНАСЫНА ТАЛДАУ
2.1 Mc Donald's мейрамханасының қызметіне сипаттама
2.2 Mc Donald's мейрамханасының қаржы-экономикалық қызметін талдау
2.3 Франчайзинг мейрамханалардың туризмге әсері
3 ФРАНЧАЙЗИНГТІК МЕЙРАМХАНА ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
3.1 Франчайзингтік мейрамхана ашудың қаржылық жоспары
3.2 Франчайзингтік мейрамханаларының SWOT анализі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Мейрамхана - бұл, мейрамхананың сауда залдарындағы келермендерге қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін ұйымдастырумен, күрделі дайындалатын аспаздық тамақтардың кең ассортиментінің өндірісін ұйымдастыруды ұштастыратын кәсіпорынның ерекше типі. Мейрамхана сонымен қатар, жеке тапсырыс бойынша тағамдар мен жеңіл тамақтар дайындауды кеңінен қолданатын, сонымен қатар мәзірде қарастырылған фирмалық және ұлттық тағамдарды дайындайтын кәсіпорын.
Жұмыс негізінен Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік мейрамханаларындағы даму тенденциялары туралы, оның қазіргі кездегі жағдайы мен алатын орны туралы, сонымен қатар франчайзингтік мейрамханалардың әкелетін пайдасы және артықшылығы туралы барлық жағдайларды қарастыруға арналған.
Өзектілігі. Франчайзинг нарығы - мейрамхана бизнесінің ең тиімді саласы болып табылады. Мұнда халыққа тамақ беру саласының барлығындағыдай бәсеке жоғары болып отыр. Себебі, мұнда түскі асын жеуге келген адамдардан бөлек, достарымен көңіл көтеруге келген тұтынушылардың саны да көп болып отырады. Сондықтан да франчайзингтік жылдам тамақтандыру мейрамханаларының дамуы елдің туристік мүмкіншілігін күрт өсіруі мүмкін.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Қазақстандағы франчайзинг мейрамханаларының қазіргі уақыттағы дамуы оның маңыздылығын анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Осыған байланысты әдеби көздерді өңдеу мен анализ жасау негізінде дипломдық жұмыста бірнеше міндеттер қойылады:
- Франчайзингтің теориялық негіздері;
- франчайзинг мейрамханаларының дамуын талдау ;
- франчайзингті мейрамхана енгізу тиімділігі;
Зерттеу әдістері. Негізгі әдіс болып қойылған міндеттерге сәйкес көптеген статистикалық мәліметтерді қолдану арқылы ақпараттарды толығымен алып, алынған ақпараттардың нәтижесінде салыстыру жұмыстарын жүргізіп, оларға талдау жасау болып табылады.
Зерттеу нәтижесінің қайнар көздері. Жұмысты орындаған кезде негізінен франчайзинг, мейрамхана бизнесі, жылдам тамақтандыру мейрамханалары туралы кітаптар мен интернет сайттар қолданылды. Одан басқа ғылыми диссертациялар мен тақырыптық рефераттар қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Алматы қаласынан түріктің, өзбектің, орыстың, грузиннің, кәрістің, қытайдың, тіпті, үндістің асханалары түгіл, даяшыларына дейін сол елдің ұлттық киімін киген мейрамханаларын оңай табуға болады екен. Сол себепті мен жұмыстың жаңашылдығына қазақ жерінде басқа елдердің ұлттық асханалары бар болса, қазақ елінің қазақ деп танытатын адам денсаулығына зияны жоқ қазақ елінің асханасын ұсыну болып табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы жөнінде статистикалық жинақтар және Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдісі ретінде жүйелік анализ, географиялық зерттеулер және математикалық статистика қолданылды.
Теориялық нәтижесі: жинақталған мәліметтер нәтижесінде франчайзинг мейрамханаларының даму жағдайларын анықтау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Қазақ жайқалған кең байтақ жеріне ұлттық нақыштағы асханасын ашу болып отыр. Жылдам тамақтану орындарының денсаулыққа зиянды болса, қазақты асханасының денсаулыққа пайдалы түрін енгізу.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде әрқайсысы үш бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі бет. Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және ғаламтор желісінің сайттары.
1.1 Франчайзинг түсінігі,мәні
Қазіргі таңда бизнесті ұйымдастырудың түрі көп және соның ішінде ең танымалының бірі франчайзинг.
Осы күнгі франчайзингтің бастамасы тігін машиналарын өндіруші әйгілі Singer Sewing machine company компаниясының негізін қалаушы Исаак Зингерден басталады. Оның фирмасы 1851 жылдан бастап осы компанияның тігін машиналарын ресми сатушыларымен келісім-шартқа отырады. Жасалған келісім-шартқа сәйкес осы компанияның ресми сатушылары Зингер тігін машиналарын Америка Құрама Штаттарында сатуға және оларды жөндеуге қатысты арнайы құқығы берілді.
Ал 1900-шы жылдардан бастап әртүрлі салада жұмыс істейтін көптеген компаниялар бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің франчайзингтік түрін жаппай қолдана бастады. Мысалы, бүгінгі күнде әлемге танымал Coca-Cola, KFC, Макдоналдс, Burger King, Дженерал Моторс, Хилтон аты әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер желісі секілді компаниялар оның дәлелі ретінде қарастыруға болады. Ал енді франчайзингтің өзіне тоқталайық.
Франча́йзинг сөзінің түбірі (franchise) француз тілінен аудармасы - жеңілдік, привилегия, салықтан босату. Бірақта бүгінгі таңда франчайзинг сөзінің мағынасы -- нарықтық қатынасқа түсушілердің белгілі бір бизнестің үлгісін немесе тауар атуын (брэндтің атын) жалға беру мен алуға байланысты кәсіпкерлер арасында пайда болатын экономикалық - құқықтық қатынасты білдіреді.
Жоғарыда айтылғанды саралайтын болсақ, франчайзингтік қатынасқа түсүшілер және оған қатысты түсініктер, олар:
Франчайзер - белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын) ақыға жалға беруші тұлға (кәсіпкер, фирма, компания немесе жеке тұлға (адам) болуы мүмкін).
Франчайзи -- белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын) ақыға жалға алушы тұлға (кәсіпкер, фирма, компания).
Франшиза -- франчайзингтік келісім-шарттың нысыны (объектісі). Мұндай келісім-шарттың нысаны: бизнестің үлгісі, тауар белгісі (тауар атауы), өндіріс немесе қызмет көрсетудің технологиясыболып табылады.
Франчайзигнтік бизнестің негізі түсінікті болуы үшін франчайзингтің сызбасын қараңыз.
Сонымен, франчайзинг бұл үлкен бизнес пен шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің аралас түрі. Өйткені үлкен бизнес франчайзер ретінде өзінің атын, мәртебесі мен абройын және өзгеде мүмкіндіктерін (қаржы, ұйымдастыру, бизнесті жүргізудегі тәжірибесі секілді мүмкіндіктері)пайдалану (жалға беру) арқасында пайда табумен кеңейуді (басқа нарықтарға шығуды) көздесе, шағын және орта бизнес франчайзи ретінде бір жағынан елге танымал, екінші жағынан жаңа болып табылатын бизнесті (бизнестің үлгісі, тауар белгісі (тауар атауы), өндіріс немесе қызмет көрсетудің технологиясы) жалға алып, үлкен бизнестің мүмкіндіктерін пайдаланып пайда тауып, онымен бөлісуді көздейді.
Франчайзингтің түрлері
Бүгінгі таңдағы франчайзингтің негізігі түрлерін айтатын болсақ олар: Тауарлы франчайзинг, Өндірістік франчайзинг, Сервистік (қызмет көрсету) франчайзинг, Аралас франчайзинг.
Тауарлы франчайзинг немесе Тауарлы франшиза. Франчайзингтің бұл түрінде франчайзи франчайзердің тауарын оның атынан ресми түрде сатуға құқығын алып, франчайзердің өндірген тауарын сатуға міндеттенеді. Франчайзер тауар бағасын белгілеп, тауар сапасына кепіл бере отырып, әртүрлі іс-шарада (тауарды жарнамалау, сатушыларды оқыту, сауданы ұйымдастыруда кеңес беру) франзайзиге қолдау көрсетеді.
Франчайзингтің мұндай түрінің артықшылығы франчайзидің үлкен шығындары мен сауданы ұйымдастыруда күрделі жұмыстар аздау болады. Мысалы франчайзидің сауда орны (дүкен, супермаркет, сауда залы) мен сатушылары болуы керек. Ал кемшіліктері болса, біріншіден сауданың тиімділігі төмен болуы мүмкін (франчайзер сатуға беріп отырған тауардың бағасын сізге бола төмендетпейді), екіншіден сатылатын тауардың көлеміне қатаң бақылау жүргізеді яғни франчайзердің сауданың көлеміне қатысты франчайзиге қойған талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Тауарлы франчайзингке автокөлік сатуды, тұрмыстық техниканы сату, жиһаздар мен әртүрлі құрал-саймандарды сату секілдіні мысал ретінде келтіруге болады.
Сервистік франчайзинг немесе қызмет көрсету франшизасы. Франчайзингтің бұл түрінде франчайзиге франчайзердің атынан (фирма немесе компанияның атын пайдаланып) нарықта қызмет көрсету құқығын иеленеді. Франчайзер франчайзиді қызметкерлерді даярлау үшін оқыту курстарымен, құрал-жабдықпен, жарнамамен, маркетингтік технологиялармен қамтамасыз етумен қолдау көрсетеді. Бірақ бұл бизестің түрі қомақты қаржы салуды талап етеді.
Қызмет көрсету франшизасына мысал ретінде Алматы мен Астана қаласындағы KFC, Макдоналдс, Burger King тез тамақтану орталықтары, сонымен қатар автокөлік жөндеу орталықтары, медицина орталықтарын қарастыруға болады
Өнеркәсіптік франчайзинг немесе Өндірістік франшиза. Франчайзингтің бұл түрінде тауар өндірентін фирма яғни франчайзер, франчайзиге оның атынан тауар немесе өнім өндіру мен оны сатуға ресми құқығын береді. Франшиза -- тауар немесе өнім өндірудің технологиясы, сонымен қоса қажет болған жағдайда құрал-жабдықтар мен жұмысшылларды оқыту үшін арнайы мамандарды жіберу секілді қолдау шараларын қамтиды. Өнеркәсіптік франчайзингтің кемшіліктері жоқ емес. Мәселен франчайзидің жұмыс істеп тұрған өндірсі болуы тиіс, сондықтан да біраз қаражат салуды талап етеді. Ал бұл шағын және орта бизнес үшін тиімді емес. Сонымен қатар, тауар өндірісіне қатысты мәселелер (өндірістің жоспары, өндірілетін тауардың көлемі, өнімнің сапасы, тауар сатылымның көлемі және т.б.) франчайзермен көрсетіліп белгіленеді.
Аралас франчайзинг. Франчайзингтің бұл түрі Тауарлы, Өндірістік, Сервестік франчайзингтері түрлерінің қосындысы болып табылады. Әдетте мұндай франшизаны сатып алушы франчайзи өзі өндіруші, сатушы әрі осы өнімді тұтыну мен жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетуші болып табылады.
Кез келген кәсіпкердің бизнес әлемінде алғашқы сәтті қадамынан кейінгі іс-шарасы бизнесінің дамуы болып табылады. Әрине экономиканың әр түрлі саласында бизнесін жүргізіп отырған мыңдаған кәсіпкерлерге бизнестерін тез арада дамыту үшін барлығына бірдей қолдануға болатындай іске жарайтын кеңес беріп жол көрсету бір жағынан қыиын шаруа емес, ал екінші жағынан оның іске жарамдылығы және нәтижелігіне кепіл беру үлкен жауапкершілік. Бірақта шет ел және соңғы жылдары отандық бизнесте әсіресе сауда, тамақтану мен қызмет көрсету салаларында елеулі жетістіктерге жеткендерде аз емес. Соның себепшісінің бірі франчайзингтік бизнес екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Өйткені франчайзинг тез арада бизнестің өсуі мен кеңейуіне мүмкіндік береді. Франчайзингтік бизнеске екі тараптың яғни франчайзер мен франчайзидің қатысуы осы бизнестің оларға беретін мүмкіндіктері мен олардың бұдан көретін пайдасы туралы айтып кеткеніміз жөн.
Сонымен франчайзинтік бизнес франчайзерге беретіні:
Біріншіден, франчайзинг бизнесті кеңейте отырып, қосымша ақша табуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, франчайзи франчайзердің көрсеткен қызметі мен қолдауы үшін оған ақша төлейді.
Үшіншіден, франчайзерге франчайзингтік бизнес мүлдем жаңа нарықтарға шығуға және жұмыс істеп отырған ескі нарықта өзінің беделін арттырып, еркін әрі сенімді бизнес жасауына мүмкіндігін береді.
Төртіншіден, франчайзинг тұтынушыларға бұған дейін естімеген және көрмеген өнімдермен (тауарлармен) танысуға және тұтынуға мүмкіндігін береді.
Бесіншіден, франчайзингтік бизнес жүйесі жаңа салалардың пайда болуына және олардың дамуына әкеледі.
Енді франчайзинтік бизнес франчайзиге беретіні:
Біріншіден, франчайзинг сіздің жеке бизнесіңіз бар екенін білдіреді және ол бизнесті жүргізу барысында кездесетін проблемлар мен қиындықтарды шешуде жалғыз емес екендігіңізді (франчайзер сіздің бизнес партнерыңыз) көрсетеді.
Екіншіден, франчайзинг бұл бизнестің тез және тиімді бастамасы.
Үшіншіден, франчайзинг франчайзиге бизнесті ашу кезіңінде қолдау табуға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, франчайзинг франчайзиге франчайзердің тауар атауын және сонымен байланысты оның беделі мен абыройын пайдалану мүмкіндігін береді.
Бесіншіден, франчайзинг франчайзидің тұрақты қолдаушысы бар екенін білдіреді.
Қазақстанда франчайзинг дамуы
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа -- франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг - белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.
Бүгінгі франчайзинг -- өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні -- бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.
Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ - гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауаршасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
Әр елде өзіндік ерекшеліктерге ие болғандықтан, әлемде франчайзинг ұғымының бірыңғай және толық анықтамасы қалыптаспаған. Франчайзинг сөзі француздың franchise (франшиза) сөзінен пайда болып жеңілдік, артықшылық, салықтан, жарнадан босату түсінігін білдіреді [5].
Халықаралық франчайзинг ассоциациясы (International Franchise Association) келесі анықтаманы ұсынады: франчайзинг дегеніміз франчайзер мен (өзінің атын, құқығын, сауда таңбасын басқа фирманың пайдалануына мүмкіндік берген меншік иесі) франчайзидың (өз ісін жүргізу үшін бөгденің сауда таңбасын, атын, авторлық құқығын белгілі - бір шартпен пайдаланушы) ұдайы өзара қатынасын білдіреді. Бұл жағдайда барлық білім, бейне, жетістік, өндірістік және маркетингтік әдістер франчайзиді қолдаушы мүдделерді қанағаттандырған жағдайда беріледі [6].
Итальяндық франчайзинг ассоциациясы бұл ұғымды былай түсіндіреді: франчайзинг - бұл тауарлар мен қызметтерді бөлу үшін заңды және қаржылай бір - бірінен тәуелсіз және өзара келісім жасаушы кәсіпкерлер арасындағы ұзақ ынтымақтастық нысаны. Ол жағдайда бір жағынан, франчайзер франшиза (белгілі - бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден сақтандырушыны босату) иесіне нақты нарықта өз сауда белгісімен белгілі - бір тауарлар мен қызметтерді өндіруге және өткізуге айрықша құқық береді. Сонымен бірге, франчайзердің міндетіне франчайзиге өз бизнесін басты фирманың нұсқасында басқаруға мүмкіндігіндегі түрлі көмек (кеңестік, есептік, жарнамалық) көрсету кіреді.
Екінші жағынан, франчайзи серіктес пен тұтынушының өзара мүдделеріне сүйене отырып, сонымен қатар, өзара келісімшарттың шарттарын орындай отырып, франчайзердің экономикалық саясатын жүргізуге, фирманың беделін көтеруге міндеттенеді [7].
Қазіргі экономикалық сөздік франчайзингке ірі және ұсақ кәсіпкерліктің аралас нысаны деген анықтама береді. Бұл жайда ірі корпорациялар басты кәсіпорындар (франчайзерлер) ұсақтармен (франчайзи) франчайзер атынан артықшылық құқыққа шарт жасасады. Онда ұсақ фирма өз бизнесін ірі фирманың нұсқамасы бойынша белгілі - бір уақыт аралығында және белгілі - бір орында жүргізуге міндетті. Өз кезегінде франчайзер франчайзиді тауарлармен, технологиямен қамтамасыз етуге және бизнесте әрқилы көмек көрсетуге міндеттенеді.
Франчайзинг мәселелері бойынша Ассоциацияның жұмыс барысы кезеңінде Алматы, Астана, Алматы облысында, ШҚО, ОҚО - да 30 - дан астам семинарлар өткізілді. Қазақстан мен ТМД елдерінің БАҚ - да франчайзингтің теориясы мен практикасы мәселелерінің сұрақтары бойынша 30 - дан астам жариялаулар басылып шықты. 2005 жылдың қарашасында ең алғаш рет Алматыда "Қазақстандағы Франчайзинг - 2005" көрмесі өтті. Көрменің тақырыптық бөлімдері: франчайзинг, озаттық және де әріптестік қарым - қатынастың басқа да қалыптары. Байланыс - кооперациялық компаниялар. Әріптестік бизнесті құру және жүргізуге ықпал ететін компаниялар қызметі [8].
Франшизді келісім негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындарды келесідей проценттік ара қатысына бөлуге болады (сурет 3):
Сурет 3. Қызмет саласына байланысты Қазақстан аумағында қызмет ететін франчайзингті жүйенің проценттік ара қатынасы [автормен құрастырылған]
Қазастан Республикасында франчайзингтік жүйесі тамақтандыру кәсіпорында және бөлшек сауда фирмаларында жақсы дамыған. Сондай - ақ, телекоммуникациялар мен байланыс құралдарда оның үлесі тіпті дамымаған деп есептеуге болады.
Тауарлық марканың біршама әсер ету деңгейіне тұтынушылардың көзқарасын маркетингті зерттеу. Нарықты маркетингті зерттеудің нәтижелеріне қарап көптеген сатып алушылар үшін тауардың жариялылығы қомақты мән береді екен. Тауарды таңдауда сатып алушылардың 65,1%, тауардың жариялылығына көңіл аударады екен. Үлкен әсерді тауардың сауда маркасы тигізеді. Тұтынушылар тексерілген тауарды сатып алуға тырысады. Жарнама жаңалықтарына қарамастан тауарды сатып алуда ықпалын тигізеді.
Қазақстандағы франчайзингті қатынастардың мінездемесі. Қазақстанның шағын және орта бизнес ортасында жиірек өсіп келе жатқан, басқалармен біріккен, сатылатын және сатып алынатын, мүлдем өзгеретін жаңа фирмалар пайда болуда.
Қазақстан үшін франчайзинг - жаңа құбылыс және оны енгізу еліміздің экономикасына маңызды әсер келтіреді.
Қазақстанда, франчайзинг қалпында даму шешімін қабылдаған, кәсіпкерлер ортасы жаңадан құрылып келеді. Өте жай болса да, франчайзинг негізінде жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың дамуы өтіп жатыр. Көптеген жағдайда қазақстандықтар франчайзи ретінде шығады, яғни ерекше құқықтар құрамасын сатып алушы ретінде.
Бұған деген ақиқат себептер бар: танылатын брендтерді жасау үшін ұлттық компаниялар нарықта өте аз уақыт істеуде. Осыдан бөлек, бұл бағытта компанияның дамуы, фирмалық атау мен стильді (логотип, слоган және т.б) жасап шығарумен, жарнамалық компанияларды өткізумен, бейне қалыптастырумен, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын әрдайым қолдап тұрумен байланысты қомақты шығысты талап етеді.
Франчайзингті өзінің бизнесін кеңейту мақсатымен қолдануға дайын тұрған қазақстандық өнеркәсіптер үшін, аумақтық франчайзингтің моделі тура келеді. Бас өндіріс аумақтық франчайзингті таңдай отырып өздерінің қызметімен қандай да бір географиялық ауданды қамтуды шешеді.
Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени - әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті.
Қазақстан франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық
кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400 - ге жуық оператор - фирмалармен іскерлік қарым - қатынас жасайтын, ҚФҚ - на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдык тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады (кесте 2).
Кесте 2
Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезендері
езең-дері
Компания атауы
Құрылу жылы
Негізгі сипаттамалары
Бірінші кезеңі 1994-1999 жылдары
Соса Соlа
1994
1.Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықтық базаның болмауы.
2.Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы.
3.Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты.
4.Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
Аdidas
1995
Дока
1999
Екінші кезеңі 2000 - 2004 жылдары
1С
2000
1.Франчайзинг туралы Заң қабылданды.
2.Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты.
3.Қазақстан Франчайзинг қауымдас-тығы құрылды.
4.USAID кэсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг
Баскин ЗІ Роббинс
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы
2002
5. Казапатент - Зияткерлік меншік Институты
* Тауар белгілерінің айналым секторын реттеу және франчайзингтік келісім шарттарды тіркеу оның негізгі миссиясы болып табылады.
Казапатент - Зияткерлік меншік Институты
Үшін кезең 2005 -20ші 11 жылдар
Қазақстан Республикасының Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы
Еnglish First
2005
2003-2007 жылдары
2007 жыл
1.Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылды.
2.Франчайзинг көрмесі ұйымдас-тырылды.
3.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.
4.Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды.
5.Медиа және әлеуметтік франчайзинг
пайда болды.
6. Қазақстандағы франчайзингтің жылдық айналымы 3 есе өсті. Франчайзингтік компанияларда құрылған жұмыс орындарының саны артты.
Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.
Төртінші кезең 2012-2018
Даму - Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры.
2013 жыл
1. Қордың негізгі миссиясы - франшиза сатып алғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру.
2. Ұлттық "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. Франчайзинг дамыту институттары
3. 2013 жылдың желтоқсан айында және 2014 жылдың қазан айында Қазақстандағы Kazfranch франчайзинг іс-шара туралы көрме мен конференция өтті.
Ескерту - автор құрастырған.
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компаниялардың - 2,8 %-ы мейрамханалардың үлесінде. Бұл осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3% - ы кафелер мен барлардың және асханалардың - 2% - ы франчайзингтік екені анықталды (сурет 4).
Сурет 4. 2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы франчайзингтік компаниялар-ң үлесі [9]
Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы РосИнтер Алматы кәсіпорынының Ростик`с, IL Патио мейрамханалары және English First компаниясы франшизаларының сипаттамалары - кесте 3 - те қарастырылған.
Кесте 3
Ростик`с фудкорт, IL Патио мейрамханалары және English First компаниясы франшизаларының сипаттамалары [автормен құрастырылған]
Көрсеткіштер
Ростик`с фудкорт,
IL Патио
English First
Мейрамхананыкомпанияны ашуға қажетті алғашқы жарна (АҚШ доллары)
25000
40000
30000
Инвестиция мөлшері (АҚШ доллары)
170000-250000
500000
160000
Роялти мөлшері (жалпы табыстан %)
7
6
10
Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер (%)
2
2-4
10
Мейрамханакомпанияны ашуға қажетті алаң мөлшері (шаршы метр)
90
300
200 - 300
Кесте 3 мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы Рамстор сауда кешенінде орналасқан Ростик'с мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170 - 250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 % - нан тұрады. IL Патио мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты (кесте 3).
Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3 - 6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған English First компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары - 10%, оның себебі - білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен [10].
Франчайзингтік жүйенің сәтті дамуында маркетингтің рөлі зор. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру нарығындағы тұтынушылардың талғам талаптарын анықтау үшін пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Мақсаты - 18-65 жас аралығындағы Алматы қаласы тұрғындарының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметтерін тұтынудағы талғамдарын айқындау. Оның әдістемелік негізі ретінде зерттеу жүргізудің әдістері, кезеңдері, тәсілдері алынды. Зерттеудің репрезентативтілігі іріктеме мөлшерімен анықталып, 385 адамды қамтыды. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына тұтынушылардың келу жиілігін; респонденттердің мейрамханаларды таңдауына теріс ықпал ететін факторлар белгілеу; қызмет көрсетудің тартымды әдістері мен түрлерін айқындау зерттеудің негізгі міндеттері ретінде қарастырылды. Мәліметтерді жинау пікір сұрау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Респонденттерді жынысына байланысты рангтерге бөлу негізінде олардың 83,2% - ы әйелдер, ал 16,2% еркектер екені айқындалды, олардың ішінде мейрамханаларға келушілердің негізгі бөлігінің жас шамасы 20 - 49 жастағылар 69,6% болды. Келушілердің нақты мейрамхананы таңдау себептері мен жеке жағдайлардағы факторлардың ерекшелігін мәліметтер негізінде қарастырамыз [10].
1 - ші тарауды қорытындылайтын болсақ, қазіргі уақытта қонақжайлық индустриясы, соның ішінде мейрамхана бизнесі, басқа салаларға қарағанда динамикалық түрде даму үстінде.
Заманауи кезеңде қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері болып табылады, тәжірибе жүзінде қызмет етуге дайын, қоршаған ортаға жылдам бейімделуге, перспективті жіне икемді шешімдерді анықтауға және сұранысты болжауға қабілетті кәсіпқой мамандардың сұранысы артады.
Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ - гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауаршасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның шағын және орта бизнес ортасында жиірек өсіп келе жатқан, басқалармен біріккен, сатылатын және сатып алынатын, мүлдем өзгеретін жаңа фирмалар пайда болуда.

Негізгі проблемалар
* Франчайзингтің секторына арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы.
* Зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы
* Кәсіпкерлер үшін ұзақ мерзімді қарыздардың шектеулі болуы
* Отандық кәсіпкерліктің ашық (прозрачность) болмауы
* Франчайзингтың пайдалы кәсіпкерлік нысан ретінде жеткілікті ақпараттың болмауы.
кәсіпкерлерге ыңғайлы болып табылады. АҚШ-тың Сауда-Өнеркәсіп Палата мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде ашылған франчайзингтік кәсіпорындардың 97% табысты жұмыс істеуде, ал франчайзингке қатысы жоқ кәсіпорындардың 62% сол кезең ішінде жабылған. Бірақ, халықтың кәсіпкерлікке төмен қатысуы, Қазақстанда кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіз болуын көрсетеді.
1.3 Франчайзингтік мейрамханалар
Жылдам тамақтандыру мейрамханалары дегеніміз - тұтынушыға белгілі - бір уақыт арасында ұсынылатын тағамдар түрлері болып саналады. Жылдам тамақтандыру мейрамханаларының түрлеріне:
1. Kentucky Fried Chicken немесе KFC;
2. Burger King;
3. McDonald's;
Kentucky Fried Chicken немесе KFC - (ағылшынша Kentucky Fried Chicken Кентуккиден әкелінген қуырылған тауық еті) - фастфудтың америкалық мейрамхана желісі. Өзіне танымдылықты тауық етінен жасалған фирмалық тағамдар - майға қуырылған тауық аяқтары және т.б. тамақтарға байланысты болды. Оның негізін 1952 жылы Гарланд Сандерс (Полковник Сандерс) қалаған болатын. Франшиза бойынша ашылған бірінші мейрамхана Солтүстік - Лейк - Ситиде ашылды. Новосибирскіде 2010 жылға дейін Ресейде Ростик'c (Росинтер Ресторанс) және KFC ( пицца Норд, кейін AmRest компаниясының иелігіне өтіп кетті) желісімен берілген болатын. Желі корпоративтік мейрамханалармен (ООО Национальная сеть ПБО франчайзингпен жұмыс істеп келе жатқан мейрамханалармен көрсетілді. 2011 жылы наурыз айында РОСТИК'С KFC бренді бойынша, 154 жылдам қызмет көрсету мекемесі бойынша, олар Ресейдің 21 және дүниежүзінің 4 қаласында жұмыс істейді. Франшиза бойынша, 100 орындай ашылады.
Сурет 7 . KFC жылдам тамақтандыру мейрамханасының логотипі [15]
KFC мйерамханасының брендінің атрибуттарына тоқталатын болсақ (сурет 7):
* Бренд атауы: KFC
* Түсі: қызыл және ақ
* Символы: Колонел Харланд Сандерстің суреті мен KFC жазуы
*Мастер бренд: брендтің артықшылыққа ие болғаны соншалық, ойға бірден келеді.
Сонымен қатар, KFC мейрамханасы өзіндік жеке бір реттік орау түрлерін жасайды. Мейрамхана отбасылық орау түрлерін де ойлап тапқан. Олар адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін экологиялық таза, қағаздан жасалған орамалдарды жасайды. Сондай - ақ, брендтік маркировкасы да бар. Орамалардың артықшылықтары:
- Экологиялық таза;
- ыстықты ұзаққа сақтайды;
- тағамның артық майларын сіңіріп алады;
- ыңғайлы.
Мейрамхана миссиясы: Батыстық үлгідегі мейрамханалар арасында көшбасшылыққа жету үшін қажет: ынтымақты қызмет көрсету, жақсы сапалы өнім, таза атмосфера.
KFC мейрамханасының мақсаттары:
- Жоғары артықшылыққа ие болатын шынайы ұйым құру;
-тізбекті тез арада жеткізу қызметі сапасы мен өнімдеріміз бен қызметтеріміздің құндылығы;
- болашаққа қарай даму үшін инновациялық факторды үнемі ескеру;
- нарық өзгерістеріне тез бейімделу;
- басшылар мен жұмысшылардың кірістері мен пайдаларын жасау;
KFC мейрамханасының құндылықтары:
- Барлық ресурстарды мейрамхананың оперативті қызметіне жұмсау. Өйткені, тұтынушымен байланысты барлық қызметтер осы жерлерде жасалады;
-KFC мейрамханасындағы әрбір индивидтің қосқан үлесі үшін марапаттау және құрмет көрсету;
- біліктілікті шыңдау;
- бір - біріне және басқаларына ашық, шынайы және тікелей қарым - қатынас жасау;
- барлық уақытта өзімізді персоналды, кәсіби жоғары стандарттарына итермелеу;
- бәсекелік қабілетіміздің негізгі - кілті инновация, инновациялық идеяларды үнемі жаңғыртуға күш салу;
- нәтижелерді марапаттау және жай ғана талпыныстар емес;
- сатуда, пайда мен ұйым көлемін дамытуға мейрамхананы толықтай арнау;
- топ болып жұмыс жасау.
2011 жылы тамыз айында РОСТИК'С KFC брендінің жойылу процесі жүргізіліп, барлық мейрамханаларды KFC түрінде жабдықтай бастайды. Сыртындағы балапанның орнын желінің негізін қалаған Гарланд Дэвид Сандерс ауыстырса, ал РОСТИК'С KFC атауының орнын KFC ауыстырды.
2006 жылы Арменияда Ереван қаласында ашылып, KFC Ростикс деп аталды, кейін KFC деп өзгертілді. Танымал мултьсериал South Park - тың 14 сезонының 3 эпизоды толығымен KFC желісіне арналған. Осы эпизодта KFC өсіп келе жатқан жастар арасында есірткі сынды өнім ретінде ұсынылады.
Мәскеуде KFC тамақтарының мәзірі: Баскет 25 ащы қанаттар, Баскет Дэут (2 тілім, 4 ащы қанат, 2 түпкінұсқасы немесе 2 ащы стрипс, 2 кішкене картофель фри), Баскет Большой Куш (Үлкен Куш) (3 тілім, 9 қанаттар, 4 түпкінұсқасы немесе ащы стрипс) ұсынылады. Санкт - Петербургтің ас мәзірі : Баскет 30 ащы қанаттар, Баскет Гигант (балапанның 6 тілімі, 10 ащы қанат, төрт кішкене картоп), Баскет Дэут ( 2 тілім, 4 ащы қанат,4 стрипс , 2 кішкене картофель фри), Баскет Для Друзей (6 стрипс, 14 ащы қанат), Чикен поп корн, Снек Бокс, жүгері қазіргі заманның динамикасына бағытталған белсенді, табысты, денсаулығы мықты болам деген мақсаты бар адамдарға арналады. Kentucky Fried Chicken - бұл жылдам қызмет көрсету, дәмі әрі пайдалы тағам мен көтеріңкі көңіл күй. Мұнда атақты қытырлақ себіндісі бар тауық етін арнайы рецепт бойынша татуға мүмкіндік бар. Тауық етін дайындау рецепті қатаң құпия түрінде ұсталуда, оның негізінде 11 шөп пен себінділер қоспасы кіреді. Ас мәзірінде KFC атақты хиттерін Original Recipe, Twister және Zinger және қонақтардың сүйікті KFС тауық етінен жасалған кәуап пен самсаны жеуге болады [16].
KFС тауық етін дайындаудың маманы болып табылады. Желі тек сапалы жемді пайдаланатын және де барлық талаптарды қамтамасыз ететін жабдықтаушылардан ғана тауық етін алуда. Тамақтарды дайындауда қолданылатын тауық етін қатаң іріктеуден өтеді. Барлық өнімдер арнайы фургондармен жеткізіледі, жеткізудің барлық деңгейлерінде температуралық бақылау жүзеге асырылады. Тамақтарды арнайы уақытты электронды бақылау мен дайындау температурасын қатаң бақылай отырып, дайындалады. KFС жаңадан бастау алып келе жатқан ребрендингті 2012 жылдың соңына қарай бітіруге жоспарлауда. Қазіргі таңда KFС Ресей мен ТМД - да 164 мейрамханасы бар, оның 50 - і корпоративтік және 114 - і франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейді. Қызметкерлер саны - 5000 шамасында. Осыдан басқа компания жергілікті жабдықтаушылар мен өздерінің тамақтарын дайындауда тек жақсы азық - түліктерді пйдаланатын өндірушілерден ғана алады. KFС 2015 жылы өздерінің жүйелерін 300 мейрамханаға дейін үлкейтуді, яғни жыл сайын 30 жаңа мейрамхана ашуды көздеп отыр. KFС брендінің имиджін қалыптастырудың негізгі құралы ретінде SO GOOD концепциясы болады. Ол тұтынушыларда брендтің негізгі құндылықтарын қабылдау мен қарым - қатынастарды қалыптастыру үшін көмектеседі. Маркетингтік компания барысында, коммуникацияның сан қилы түрлерін - теледидар, сыртқы жарнама, интернет және әлеуметтік желіде тарату белсенді қолданылуда.
Бүгінде қарапайым халықтың фаст - фуд тағамдарымен жиі тамақтанатынын жақсы білеміз. Әлемде фаст - фуд тағамдарын дайындайтын брендтердің де бірнешеуі бар. Атап айтар болсақ, McDonalds, Subway, Burger king, KFC, Wendy's, Hardee's, Taco bell т.б. Олардың біршамасы біздің елімізде танылып үлгерді. Бүгін біз отандастарымыздң асқазанын жаулап алған KFС тағамын жеген кез - келген адам міндетті түрде екінші рет іздеп барады. Кейбіреулерінің жиі жеп тұратын сүйікті тағамына айналды. KFС қалай пайда болды? Және де оның сыртындағы сақалды кісі кім? Деген сұрақтар жиі қойылып жатады [16].
Гарланд Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте Америкада жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен. Әкесі Генривилль қаласында ұсақ - түйек жұмыс атқарып, нәпақа тапқан. Анасы жұмыс істемейтін, үйдегі үш баланы қараумен айналысатын. 6 - сыныпта оқып жүрген кезінде Гарландтың әкесі кенеттен қайтыс болып, оның өмірі күрт өзгеріске ұшырайды. Анасы балаларын асырау үшін түрлі жұмыстар атқара бастайды. Ал үйдегі інісі мен қарындасына қарау міндеті кішкентай Гарландқа жүктеледі. Осы жайт оның өмір жолына өзгеріс енгізді десе де болар. Өйткені, анасы үйде жоқта ас дайындауды үйренген Гарланд, сол аспаздық қасиетімен тез арада көптің мақтауына іліге бастайды. Алайда, бала Гарланд мектептегі сабағынан қол үзіп қалады. Ол анасына қолғабыс ету үшін көрші Гринвуд қаласына фермаға жұмысқа барады. Бұл уақытта анасы екінші мәрте тұрмысқа шығады. Үй ішінде қаражат мәселесі біраз шешілгенімен, Гарланд өгейлікті сезіне бас-тайды. Содан бәрін тастап, 15 жасында басқа қалаға жұмыс жасауға кетіп қалады. Ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмей, трамвай кондукторы болып орналасады. Ал бір жылдан соң Кубаға әскерге сұранады. Бірақ, әскерге қабылдануға жасы әлі жетпейтін. Сөйтіп, ол туған жылын екі жасқа ұлғайтып алады. Әскери болуды жанына жақын көрмеген Гарланд жылға жетпей тағы өзгерісті қалайды. Содан АҚШ - тың теміржол компаниясына от жағушы болып орналасады. Осы кезде тұрақты қаражат таба бастап, ол Клавдия есімді аруға үйленеді. Өкініштісі, үйленген бетте жұмысынан айрылып қалады. Осылайша, Гарланд қырық жасына дейін түрлі болмашы жұмыстардың сан түрін атқарып шығады. Оның үш баласы болады [16].
Сурет 8 .Гарланд Сандерс [17]
1950 жылдан бастап Сандерс жеке имиджін қалыптастыра бастайды. Сақал өсіреді. Көпшілік алдында тек ленталы галстугымен, ақ костюммен ғана жүреді. Өмірінің соңындағы жиырма жыл бойы ол басқа киім кимеді. Тек, қыста қалыңдау тоқыма ақ костюм кисе, жазда дәл сол стильдегі костюмнің жұқасын киініп шығатын. Бәрінің жадында ол сол қалпымен есте қалды. Бүгінде әлемнің түкпір - түкпірінде KFC мейрамханаларының логотиптерінде сол имиджімен бейнеленген (сурет 8).
Сандерстің миллионға дейінгі бес қадамы:
1. Ол атқарған жұмыс түрлері: ферма жұмысшысы, трамвай кондукторы, америкалық әскер жауынгері, ұстаның көмекшісі, паровоздың от жағушысы, соттағы заңгерлік курстардың тәлімгері, сақтандыру агенті, жүк тасушы, кеме капитаны, автокөлік дөңгелектерін сатушы және көлік жөндеуші.
2. 40 жасында өмірі өзгеріске түседі: Сандерс жеке шаруамен айналысуды ойлап, көлік жасау шеберханасын ашады. Сол жерге көлігін жасатуға келгендерге қосымша жасап сата бастайды. Ол Кентукки штатындағы Корбин бекеті еді. Бұл жол бойында ерсілі - қарсылы бағыттарда жол жүретін адам қатары таусылмайтын.
● Полковник Сандерстің лақап аты Мэл Брукстың Ғарыштық жұмыртқалар әзіл фильмінде қолданылған. Фильмнің жағымсыз кейіпкерлерінің бірі полковник Сандурз деп аталады.
● Жапон жазушысы Харуки Муракамидің Жағажайдағы Кафка романында полковник Сандерс кездесетін эпизодтар бар.
● Жапониядағы KFC алдында полковник Сандерстің ескерткіші бар.
3. 47 жасында тұтынушылар көңілінен шыға бастағанын түсініп, жеке мейрамхана ашады. Себебі, Сандерстің шеберханасындағы қуырылған дәмді тауықтары туралы аңыз алысқа тарай бастайды. Соның арқасында ол көлік дөңгелегін жөндеуді қойып, 142 орындық мейрамханасы бар қонақүйде ас дайындай бастайды. Ол мейрамхананы көпшілік Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары деп атап кетті. Кейін ол жер Гарланд Сандерстің мұражайы мен дәмханасына айналды. Келесі тоғыз жыл бойына ол тауықты дәмді қуырудың түрлі әдістерін ойлап табумен шұғылданады. 1935 жылы губернатор Руби Лафонның қолынан Кентукки полковнигі құрметті атағын алады. Ал 1950 жылы губернатор Лоренс Везербидің қолынан осы атаққа екінші мәрте ие болады. Шын мәнінде, Сандерс ешқашан әскери қызмет атқарған емес. Полковник атағы оған қоғамдық белсендігі үшін берілген. Жеке ісі дами бастағанда Гарланд қоғамдық жұмыстармен белсенді түрде айналыса бастайды.
4. 62 жасында полковник Сандерс ісі тоқырауға ұшырайды. Өйткені, оның мейрамханасы сәтті орналасқан жол торабының бағыты өзгеріп, оның тұтынушылары күрт азаяды. Сол жасқа дейін жеке мейрамханасы бола тұра, Сандерсті миллионер деу қиын еді.
Сандерс ұсынған ноу - хау түрлері:
1. Тауықты маринадтауға арналған 11 түрлі нәрсе қосылған арнайы дәмдеуіш;
2. тауықты жылдам қуырудың технологиясы. Ол әдеттегі 30 минут емес, 15 минутта жылдам әзірлеу әдісін тапты;
5. Кәсібін тоқыраудан құтқару үшін ол тауықтарын (балапандарын) басқа мейрамханаларға сата бастайды. Сөйтіп, ол Американы аралап, балапан етін дәмді қуырудың әдісін үйрете бастайды. Тапсырыс берушілерді табу да оңайға соқпады. Әуелде ол өзінің әрбір қуырылған балапан еті үшін мейрамханалардан бар - жоғы 5 цент қана алатын. Бірте - бірте полковник авторлығы үшін қаржының үлесіне ие болып отырды. Сөйтіп, ең ақыры 70 жасында миллионер атанады. Содан 60 - жылдардың басында АҚШ - та Гарланд Сандерстің бірнеше жүздеген мейрамханасы пайда болды. 1964 жылы Сандерс корпорациясын кіші Джон Браун есімді кентуккилік кәсіпкерге 2 миллион долларға сатады. Компаниясы бренд ретінде танылып, өзі соның келбетіне айналады.
Гарланд Сандерстің қуырылған дәмді тауықтарының дайындалу құпиясы туралы бәрі де білгісі келе бастайды. Бірақ, ешкім де Сандерстің құпиясын таба алмайды. АҚШ - та бірнеше аспаздық кітап авторлары Сандерстің құпиясы туралы өз нұсқаларын жазады.
Сандерстің өзі болмаса да, KFC бар. Ол 1980 жылы 16 желтоқсанда 90 жасында Кентукки штатында өкпе қабынуынан көз жұмады. Сандерс өмірінің соңғы жылдарында ғана өзіне көңіл бөле бастайды. Ауыр жұмыстан демалуды үйренеді. Саяхаттайды. Гольф ойнайды. Әйелі Клаудия екеуі Claudia Sanders' Dinner House атты жеке мейрамхана ісін жүргізеді. Қысқасы, полковник қазасынан кейін де KFC өз жұмысын тоқтатпады. Дәл қазір бұл компанияда әлем бойынша 25 мыңға жуық адам қызмет жасайды. Былтыр компанияның жылдық табысы жарты миллиард долларға жетті [17].
Burger King Corporation (орыс тілінде Бургер кинг корпорейшн деп оқылады), (NYSE: BKC) - жылдам тамақтандыру мейрамханаларының желісі, американдық компания. Штаб - пәтері Майамиде, Флорида штатында.
Burger King - нің ең бірінші мейрамханасы ең басында Insta Burger King деп аталып, 1954 жылдың 4 желтоқсанында Майами қаласының қалашығында Джеймсом Макламор мен Дэвид Эджертонмен (екеуі де - Корнельский университетінің түлектері) ашылған болатын. Макламор McDonald's мейрамхана желісіне барып, ол кезде мейрамхана Калифорния штатындағы Сан - Бернардинодағы ағайынды Дик ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz