Кәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қонақ үй және мейрамхана мекемелеріндегі кәсіпорындардағы еңбек өнімділігін басқару("Базилик" дәмді тағамдар аумағы мысалында) /»
мамандық 5В091200-«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі »
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Әлемде орын алған экономикалық дағдарыстардың толқыны біз секілді дамушы елдердің әлеуетіне салқыны тимей тұрмайды. Мұндай кезде ел ішінде қобалжу нәтижелері де орын алып жататыны жасырын емес. Бұл көбінесе экономиканың кейбір саласындағы өсу қарқынының төмендеуі мен даму деңгейінің тежелмеуіне деген тілектестіктен туындайтын жағдайлар. Бір қарағанда еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуал көңіл көншітпейтін деңгейде көрінетіні рас. Бұл қоғам арасында теріс сипаттамалардың орын алуына алып келіп жатады. Әрине, мұның бәрі тоқсаныншы жылдардағы қауырт жүргізілген реформалардың салдары. Реформалардың жеделдететілуі Қазақстанның сол кездегі эконмикасына теріс әсерін тигізді. Шаруашылық пен әлеуметтік процестерді басқару жүиесі тұйыққа тіреліп, экономикалық теңгермесіздіктер туындады. Сол кезде санаға тереңдеп сіңіп кеткен пікірлерден көбіміз арыла алмай жүрміз. Бұл жеке әңгіме, біздің айтқымыз келетіні - еңбек өнімділігін реттеуші механизмінің керектігі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Экономиканы жаңа биікке көтерудің іс-қимылы мен реформасын жүзеге асыру керек» деген сөзін әлі де зерделеу қажет. Өйткені, біздің экономикалық дамуымыз жаһандық дағдарыстың салдарымен күресіп уқыт өткізуге емес, мемлекетімізді бақуатты елге айналдырудың міндеттерін жетілдіре беруге бағытталуы тиіс. Оның бірден бір жолы - Еңбек өнімділігін арттыруды жолға қою. [1]
Әлемдік нарықтағы күрес бизнесті бәсекенің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігін көрсетеді, яғни бұл кездегі кєсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, өндірістің тиімділігін жоғарлатумен соның ішінде материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың әрбір бірлігінін қайтарымдылығын жоғарлату, негізгі өндірістік қорларды тиімді қолдану арқылы көрінеді. Бұл мєселені шешуде өндірістің тиімділігін жоғарлатудың негізгі факторы ретінде еңбек өнімділігінің тұрақты өсу қарқынын жоғарлатуды алдыңғы жолға қойды.
Кез-келген меншік формадағы кәсіпорын үшін әртүрлі құндық және натуралды көрсеткіштермен сипатталған шаруашылық әрекетінің соңғы нәтиже эффектісін ескере керу өте маңызды. Бірақ, соңғы нәтиже нақты және затталған еңбектің, оған жетудегі шығындармен салыстырмайынша, кәсіпорынның даму болашағымен ағымды жағдайына толық баға бере алмайды.
Бұл екі экономикалық категориялар бір тектес, бірақ бір ұғым емес. Өндірістің тиімділігі келесі факторлардан құрылады: нақты еңбекті үнемдеу, капиталды салымдармен табиғи реурстарды, ағымдағы негізгі және айналым қорларын үнемдеу. Кең мағынада тиімділік сөзі қоғамдық өндірістің барлық фазаларын қамтиды. Егер де нақты және затталған еңбектің ағымды жиынтық шығындары ғана алынса, бұл кезде өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен сәйкес келеді.
Өндіріс тиімділігін жоғарлатып отыру үшін, жұмыскермен өндірілген өнім материалды-өндірістік шығындармен және оған төсенетін еңбек ақыны үнемдеумен қоса жүруі қажет. Көрсетілген заңдылықтарды әрбір ағымды кезеңде іске асыру, әрбір келесі сатыда еңбек өнімділігінің өсімше қарқындылығын жылдамдату және тұрақтандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың құруын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық тамақтану саласындағы бизнестің даму тенденциясы дипломдық жұмыс тақырыбын таңдап, зерттеуге негіз болды.
Бұл жұмыстың жаңашылдығы - Қоғамдық тамақтану орнының еңбек өнімділігін арттыру бас аспаздың жұмысын жеңілдету мақсатында жаңа жабдық және ас мәзірін ұсыну
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты ол қазіргі кәсіпорынның еңбек өнімділігі жоғарлатуды басқарудың күрделі және кешенді мәселелерін зерттеу, еңбек өнімділігін жоғарлату бойынша кешенді қолданылатын ұсыныстарды тағайындау және олардың өсу факторларының барлығын қарастыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер тұжырымдалды :
- Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің маңызды критерийлері мен мазмұнын ашу.
- Кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижесіне және де негізгі капиталдың, айналым капиталының және жұмыс күшінің тиімді қолдануына талдау жүргізу.
- Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстарды қарастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша және қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үшке бөлінген.
Бірінші бөлімде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің маңызды түсініктері, олардың ішкі және сыртқы факторларының тәуелділігін және еңбек өнімділігімен өндіріс тиімділігінің өзара байланыстылығы мен өлшеу әдістемелерін қарастырады.
Екінші бөлімде еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер талданады. Үшінші бөлімде кәсіпорында жүргізілген талдаудың негізінде еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін жоғарлату бойынша кешенді ұсыныстар берілген.
Зерттеу объектісі - қоғамдық тамақтану саласы.
Зерттеу пәні - қоғамдық тамақтану саласы бизнесі.
Зерттеудің ғылыми-методологиялық негізі - Дж. Уокердің, Кристофер Эгертон-Томастың, М. И. Белошапканың, Л. А. Радченконың және т. б. еңбектері.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы - қызмет көрсету саласын тереңдете оқитын студенттерге, оқытушыларға қоғамдық тамақтану саласындағы бизнесті жүргізу қағидаларын түсініп білуге көмек көрсету, сонымен қатар осы салада қызмет ететін кәсіакер-мамандарға өз кәсібін кеңейтуге, жаңашылдық енгізуге негіз болу.
Дипломдық жұмыс кріспе, 3 бөлімді қамтитын негізгі бөлім, қорытынды 9 кесте, 3 сурет және 2 қосымшадан құралады.
Қорытындысында дипломдық жұмыстың басты тұжырымдары көрсетілген.
- ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІКәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі
Еңбек өнімділігі - материалдық өндірісте еңбек шығындары тиімділігін сипаттайтын және уақыт бірлігіне өндірілген өнім мөлшерімен, өнім бірлігі өндірісіне кеткен еңбек шығындарымен анықталатын көрсеткіш. Өнімділік деңгейі екі көрсеткішпен сипатталады: уақыт бірлігіндегі өнім өндірісі (тура көрсеткіш) және өнімді өндірудің еңбек сыйымдылығы (кері көрсеткіш) .
Өнім өнімділігі - еңбек өнімділігінің неғұрлым кең таралған және әмбебап көрсеткіші. Өнім өнімділігін анықтаудың үш әдісі бар: заттай, құндық (ақшалай) және еңбек әдістері.
Өнім өнімділігі заттай және құндық көріністе мына формуламен анықталады:
Өнім өнімділігі = тауарлық (жиынтық және сатылған) өнім көлемі/жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Өнімділікті анықтаудың еңбек әдісін жұмыс уақытын нормалау әдісі деп те атайды. Өнімділік мұндай кезде норма/сағатпен анықталады. Осы әдіс жеке жұмыс орындарында, бригадаларда, учаскелерде, сонымен катар әр түрлі өндірістен тыс өнім өндіруде қолданылады.
Еңбек өнімділігі категорияларының арақатынасына әртүрлі көзқарастар бар: бір экономистер оларды бір ұғымда деп, кейбіреулері еңбек өнімділігіне қарағанда өндіріс тиімділігін кең мағынада деп санайды, ал үшіншілері кері көзқараста.
Бұл екі экономикалық категориялар бір тектес, бірақ бір ұғым емес. Өндірістің тиімділігі келесі факторлардан құрылады: нақты еңбекті үнемдеу, капиталды салымдармен табиғи реурстарды, ағымдағы негізгі және айналым қорларын үнемдеу. Кең мағынада тиімділік сөзі қоғамдық өндірістің барлық фазаларын қамтиды. Егер де нақты және затталған еңбектің ағымды жиынтық шығындары ғана алынса, бұл кезде өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен сәйкес келеді.
Өндіріс тиімділігімен еңбек өнімділігінің өзара байланыстылығын қарастыру үшін, қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділік мәселелерін түсінудегі алғы шартарды ескеру қажет.
«Өндірістің экономикалық тиімділігі» категориясы барлық өндірістік процеспен анықталады. Экономикалық тиімділіктің өзгеруіне өндірістік қатынастар және оларды білдіретін өндірістің, бөлудің, айырбастау мен тұтынудың экономикалық заңдылықтары әсер етеді. Бірақ та экономикалық тиімділіктің динамикасына шешуші болып өндіріс процесі тура әсер етеді.
Өндіріс тиімділігі өндірістік емес салалардың қызмет ету тиімділігі мен дамуы өзара байланысты. Өндірістік емес сфераның тиімділігі өндірістің өсуіне және тиімділіктің жоғарлауына деген әсері негізінен өндіріс емес сфераның материалдық өндіріс жұмыскерлерін дамыту арқылы іске асырылады. Бұл әсер екі бағыт арқылы көрінеді:
а) еңбек күшінің сапалы көрсеткіштерін дамыту (білім, кәсіби дайындық, денсаулық жағдайы және тағы басқалар) ;
б) бос уақытты тиімді қолдану. Өндірістік емес сфераның кешенді салаларының дамуы мен камтамасыздандырылған бос уақыттың колданылу тиімділігінің деңгейін жоғарлату еңбек өнділігінің өсуіне және өндірістің тиімділігін жоғарлатуға, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлерінің жан-жақты дамуына пайдасын тигізеді.
Сөйтіп, өндіріс тиімділігі уақытты үнемдеу заңының басты формасы және категориясы ретінде ғана емес, нақты және атқарылған еңбекті, өндіріс процесін және де ұдайы өндірістің басқа да деңгейлерін үнемдеуге әсерін тигізеді.
Еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділік категорияларының сандық айырмашылығында айта кеткені жөн. Егер еңбек өнімділігі немесе өндірім өндірістік өнімнің және оны жасаумен айналысатын жұмыскерлердің санына қатынасы мен білінсе, онда экономикалық тиімділік, өндіріс өнімінің коғамдық еңбектің жалпы немесе жиынтық шығындарының қатынасымен анықталады.
Жиынтық қоғамдық өнімді жасауда еңбек шығындарының келесі түрлері қатысады: материалдық өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің нақты еңбегі; атқарылған еңбек шығындарының екі түрі:
а) материалды-өндірістік шығындар, басқаша аталатын тұтынушылық шығындар;
б) негізгі және айналымдық өндірістік табыстар, басқаша айтқанда қолданылатын немесе авансталған қоғамдық еңбек шығындары.
Еңбек процесінің нәтижесі ол нақты және затталған еңбектің күрделі арақатынасының салдары болып табылады, бірақ қоғамдық өндірістің тиімділік қарқыны бәрі-бір еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен анықталады.
Еңбек өнімділігінің өсу қарқынына әсер ететін шығындардың түрлеріне сәйкес, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын келесі коэффициенттердің динамикасының өзара байланысы ретінде: еңбектің қор қарулануымен; материалдық қарулануымен (бір жұмыскерге есептегендегі материалды-өндірістік шығындар) ; бір жұмыскерге есептегендегі еңбек ақының төленуімен көрсетуге болады. Затталған еңбек шығындарының нақты еңбек өнімділігінің қарқынына әсері әр түрлі. Еңбектің қор қарулануының өсуі, техникалық процесстің материалды-заттық көрісінің формасы ретінде және еңбек өнімділігі өсімшесінің қарқынын жылдамдататын құралы болып табылады. Осы коэффициенттердің арақатынасының заңдылығы, ол еңбек өнімділігінің өсу қарқынының, оның қор қарулануының өсу қарқынынан озуы болып табылады. Осы жағдайда ғана өндірістің өсуі негізгі өндірістік қорлардың өсуінен озып отырады. [2]
Өндіріс тиімділігін жоғарлатып отыру үшін, жұмыскермен өндірілген өнім материалды-өндірістік шығындармен және оған төсенетін еңбек ақыны үнемдеумен қоса жүруі қажет. Көрсетілген заңдылықтарды әрбір ағымды кезеңде іске асыру, әрбір келесі сатыда еңбек өнімділігінің өсімше қарқындылығын жылдамдату және тұрақтандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың құруын қамтамасыз етеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігінің арасында өзара байланыс пен өзгешеліктер анықталады, және де өндірістің тиімділігі өзгерісіндегі нақты еңбек өнімділігінің динамикасына ерекше роль беріледі.
Экономикалық тиімділіктің мәселелерін шешуде затталған еңбекті үнемдеудің маңыздылығы көптеген жұмыстарда көрсетілген. Осыған қоса заталған еңбекті үнемдеу, адамның іс-әрекеті және нақты еңбекті үнемдеуден жеке қоспай қарастырылады. Сол аралықта затталған еңбекті үнемдеу нақты еңбектің іс-әрекеті және оның өнімділігінің өсуі арқылы ғана орындалады. Затталған еңбек шығындарындағы өзгерістерді көрсететін өнімнің материалдық және қор сыйымдылығының коэффициенттерін жоғарлату немесе төмендету нақты еңбектің белсенділігінің жоғарлауының немесе төмендеуінің нәтижелері болып табылады. Нақты еңбек өнімділігінің өсу қарқынының жеткіліксіздігі өндірістің жоспарланған көлемін алу үшін жұмыс бастылықты ұлғайтуды қажет етеді, яғни елдегі еңбек балансының шиеленісуіне және еңбек күшінің жетіспеушілігінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Затталған еңбекті үнемдеу нақты еңбектің сапалы нәтижелілігі, өнімділігі және белсенділігі арқылы іске асырылады. Өз ретінде нақты еңбекті үнемдеу, затталған еңбектің сапасы мен өте жоғары өнімділіктің салдары болып табылады. Затталған еңбектің техникалық, экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері де адаммен анықталады. Сапасыз шикізат немесе жабдықтарды қолдану кезінде, өз жұмысына мүдделі, жоғары маманданған адамнан да экономикалық және әлеуметтік тиімді нәтижені тосу ойға сыймайды. Кері жағдайда да нәтиже сол қалпында қалады.
Экономикалық тиімділікті жоғарлатудың мәселелері - бұл сапалы тәртіп мәселелері, барлық жағдайларда бәрі-бір адамның өзінің “сапалылығымен”, оның білімділігімен және арнайы дайындығының деңгейімен, еңбекке қатыстылығымен еңбекке түрткі болған мотивациямен анықталады. ҒТП жетістіктерін іске асырудың экономикалық тиімді жағдайы болып ылғида еңбек күшінің ҒТП деңгейіне “сапалы” сәйкестігі шығады.
Қазіргі өндірістің сапасы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде жеке бас факторларының ролі өсуі, адамның сұраныстарына, рухани сұраныстарын кеңейту мен қанағаттандыруға оның материалдық қамтамасыздану деңгейін жоғарлатуға көңіл аударуды күшейтуді көздейді. Адамның еңбек ету және өмір сүру жағдайлары адамның дамуына және оның еңбекке деген қатынасына, ол адами фактор арқылы - өндіріс тиімділігіне әсер етеді. Осыған байланысты өндіріс бұрынғыға қарағанда, адамның материалдық немесе рухани сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған болып келеді. [3]
- Еңбек өнімділігі көрсеткіштері мен өлшеу әдістері
Еңбек әрекетінің мақсаты нәтиже алу, мысалға өнім немесе қызметті өндіру. Кез келген жұмыскер немесе олардың топтары үшін осы нәтиженің жемістілігі, яғни бір-бірлік жұмыс уақытының бірлігінде (сағат, күн, жыл) өндірілген өнім (қызмет) саны. Бұл нәтиже жоғары болған сайын, нәтиженің бір-бірлігіне шығындар сонша аз, соның ішінде бөлме үшін жалдық төлем, электроэнергия үшін төлем тағы басқалар.
Сөйтіп, еңбек өнімділігінің жоғарлауы кезіндегі өнім көлемінің ұлғаюымен қоса оған деген шығындарда төмендейді. Еңбектің жемістілігі, тиімділігі еңбек өнімділігінің көрсеткіштері арқылы өлшенеді. Еңбек өнімділігі - бұл уақыт бірлігінде жасалған жұмыс (өнім, қызмет) көлемімен өлшенетін жұмыскерлердің мақсатқа сай әрекетінің өнімділік көрсеткіші. Еңбек өнімділігінің негізгі жағдайлары:
- нақты еңбектің өнімділігі, жұмыс уақытының бірлігінде өндірілген өнімнің санымен өлшенеді;
- еңбек өнімділігін жоғарлауты жұмыс уақытын үнемдеуге әкеледі;
өнім бірлігін жасауға кеткен еңбектің аз көлемі, бірдей уақыт аралығында көп өнім бірлігін жасауға мүмкіндік береді. [4]
Еңбек өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштер, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын дайындағанда, және де олардың орындалуын талдау кезінде аса маңызды рөл алады. Жоспарлы экономика жұмысы кезіндегі еңбек өнімділігінің көрсеткіші ылғида өнім өндірісінің көлемімен байланысты болады. Бұл кезде еңбек өнімділігін жоғарлату арқылы өнімнің қаншаға өскенін орнатуға болады. Бұл өте маңызды, өйткені қызметкерлердің тұрақты немесе аз саны кезіндегі еңбек өнімділігінің өсуі арқылы өнімнің барлық өсуін қамтамасыз ету экономика дамуының магистральды бағыты болып табылады. Бұл кезде көрсетілген өнімнің өсуін еңбекті үнемдеу, арқылы, яғни еңбек күшінің өнімділік деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ету қажет. Ал басқа факторлар арқылы өнімнің қосымша өсуін алуға болады.
Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткішпен көрсетілуі мүмкін:
- өнімді өндіру - уақыт бірлігінде өндірілген өнімнің саны;
- өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы - өнім бірлігіне жұмсалған уақыт шығындары.
Келесі белгілеулер еңгізейік: өнім көлемі Q, еңбек шығындары Е, уақыт бірлігінде өнімнің орташа өндірілуі W:
(1),
(2) .
Бірінші көрсеткіш еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші ретінде шығады, осы көрсеткіштің көлемі үлкен болған сайын, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Екінші көрсеткіш кері болып табылады, өйткені осы көрсеткіштің көлемі аз болған сайын, сонша еңбек өнімділігі де жоғары болады.
Ең алдымен экономикалық есептеулерде жиірек қолданылатын уақыт бірлігіндегі өнім өндірімінің көрсеткіштеріне назар аударайық.
Еңбек өнімділігінің деңгейін анықтаған кезде өнім және еңбек шығындары әртүрлі өлшем бірліктерімен көрсетілуі мүмкін. Уақыт бірлігіндегі өнім өндіру көрсеткішінің бөлімін - өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарын қарастырайық, олар былай өлшенуі мүмкін:
- адам-сағатпен өтелген;
- адам-күнмен өтелген;
- адам-аймен, адам-тоқсанмен немесе адам-жылмен өтелген (бұл уақыт бірліктері тиесілі уақыт кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа санына эквивалентті) .
Сәйкесінше еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткіштері ажыратылады: орташа күндік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық өнім өндірімі.
Егер еңбек шығындары адам-сағатта өлшенген болса, онда бір жұмысшымен бір сағат ішінде өндірілген өнімнің орташа көлемін білдіретін өнімді өндірудің орташа сағаттық көлемін аламыз:
(3) .
Егер еңбек шығындары адам-күнде өлшенген болса, онда өтелген бір күндегі бір жұмысшымен өндірілген өнімнің орташа күндік көрсеткіші алынады:
(4) .
Еңбек өнімділігінің орташа күндік деңгейі екі факторға: өнімді өндірудің орташа сағаты және жұмыс күні ұзақтығының қолдану деңгейіне, яғни ауысылым ішіндегі жұмыс уақытының ысырабының бар болуына тәуелді (барлық себептер бойынша) .
Егер еңбек шығындары жұмысшылардың орташа тізімдік санымен өлшенсе, бір орташа тізімдік жұмысшыға есептегендегі өнімнің орташа айлық, орташа тоқсандық немесе орташа жылдық өндірім көрсеткішін алады (жұмысшылардың санының және өнім көлемінің қай кезеңге жататынына байланысты- ай, тоқсан, жыл) :
(5) .
Орташа айлық өндірім бір орташа тізімдік жұмысшымен өтелген күндердің орташа санына және орташа күндік өндіріміне тәуелді.
Келесі көрсеткіш - негізгі жұмыстағы бір орташа тізімдік жұмыскерге есептегендегі өнімді өндірудің орташа айлық, тоқсандық, жылдық көрсеткіші:
(6) .
Алдындағы еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткішімен өзара байланысын көрсетейік:
(7),
мұндағы d - неізгі жұмыстағы жұмыскерлердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлесі.
Енді алымындағы еңбек өнімділігінің тікелей көрсеткіші - берілген уақыт кезеңіндегі өндірілген өнім көлеміне қарайық. Өнімнің өлшеу бірліктерін таңдауына байланысты, еңбек өнімділігінің деңгейін өлшейтін натуралды, еңбектік және құндық әдістері бар.
Өнімділікті өлшеудің натуралды әдісі бір текті өнімдерді шығарған жағдайда қолданылады. Жұмыс көлемі тонна, метр, литр, дана сияқты натуралды өлшемдердің көмегімен анықталады.
Натуралды әдіс есептеудің қарапайымдылығы және көрнектілігімен ерекшеленеді. Бірақ әдісті қолдану шектелген: онымен әртүрлі өнім өндіріліп немесе шығарылып жатқан жерлердегі еңбек өнімділігін есептеген кезде қолдануға болмайды, мысалы тракторлар мен велосипедтер.
Натуралды әдістің бір түрі шартты-натуралды әдіс, болып табылады, онда жұмыс көлемі бір түрлі өнімнің шартты бірлігімен есептеледі. Сөйтіп, әр түрлі сыйымдылықтағы вагондар екі өстіге, әр түрлі сыйымдылықтағы консервалық банкілер шартты банкілерге, ал әр түрлі аяқ киім - шартты жұпқа айналдырылады. Шартты өлшемдерге қайта есептеу, ауыспалы бірліктердің (коэффициенттердің) көмегімен жүргізіледі.
Шартты-натуралды әдіс қолдану үшін ыңғайлы, өйткені көптеген әр түрлі тауатларды (қызметерді) өндіру (сату), ауыспалы коэффициенттік көмегімен салыстырмалы түрге келтіруге болады. Мысалы, ұнды, нанды және макаронды өнімдерді өндіруге кеткен шығындарды, нан өнімдерінің бір шартты килограмын өткізуге кеткен шығындарды, қайта есептеу коэффициенттері арқылы көрсетуге болады. Осылай түсіну шартты-натуралды әдісті еңбек әдісіне жақындатады, бұнын негізінде өнім көлемдерін, өндірістің шартты еңбек сыйымдылығымен немесе өнімді (тауарды) сатудың көмегімен есептеу жатыр. Еңбектік әдіспен еңбек өнімділігін өлшеген кезде өнім бірлігін немесе тауар бірлігін сатуғаге кеткен уақыт нормативтері қолданылады:
(8),
мұнда ЕӨ - еңбек әдісімен өлшенген еңбек өнімділігі. [5]
Еңбек әдісін артықшылығы, ол барлық жұмыстар мен қызметтерге қолдану мүмкіндігі. Бірақ бұл әдістің кеңінен қолдануы үшін әрбір жұмыс түріне уақыт нормативтері қажет, ал олар ылғида бола бермейді. Бұл әдіспен уақыт бойынша еңбек ақы алатын жұмыскерлердің еңбек өнімділігін есептеу үшін қолдануға болмайды, өйткені оларда уақыт нормалары қолданбайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz