Қонақ үйдегі клиенттерді қабылдау және орналастыру қызметтерінің мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
: 1
КІРІСПЕ: ҚОНАҚ ҮЙ КЛИЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛІМІ
5:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және орналастыру қызметі
5: 20
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қонақ үйдегі клиенттерді қабылдау және орналастыру қызметтерінің мәні
5: 24
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері
5: 32
: 2
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
5:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан қонақ үйлерінде клиенттерді қабылдау және орналастыру қызметтерінің қазіргі деңгейі
5: 46
: 2. 2
КІРІСПЕ: «Тянь-Шянь » отелінің қабылдау және орналастыру қызметтерінің жағдайын талдау
5: 64
: 3
КІРІСПЕ: ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
5:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қонақ үй клиенттерін қабылдау және орналастыру қызметтеріне әсер етуші факторлар мәселелері мен оларды шешу жолдары
5: 67
:
: 3. 2
КІРІСПЕ: «Тянь-шянь» қонақ үйінің қабылдау және орналастыру қызметтерін жақсарту тәсілдері
5: 78
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 80
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 82

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса, әлеуметтік -тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді. бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Жұмыстың өзектілігі . Қазақстанның туризм саласында келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда, кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда. Қазақстандық туризмнің стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру. Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет, сондықтан да бұл дипломдық жұмыстың маңызы өте зор.

Қазақстан жас мемлекет, ол күнделікті дамып келеді, бұл халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады. Ел EXPO-ға 2005 жылдан бері (EXPO-2005 (Айчи) қатысады, EXPO-2008 (Сарагоса), EXPO-2010 (Шанхай) . Сарагоста өткен EXPO-2008 қорытындылары бойынша «С» санаты бойынша қатысқан 140 қатысушы елдің ішінде Қазақстан павильоны сыртқы және ішкі ресімдеу критерийлері бойынша үшінші орынға ие болады.

152-Бас Ассамблеяда құпия дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның астанасы мейлінше көп дауыс жинап, Бельгияның Льеж қаласын жеңіп, ««ЕХРО» -2017» өткізу орны болып анықталды.

Осындай ауқымға және деңгейге ие «ЕХРО» секілді іс-шара біздің елімізде бірінші рет өткізіліп отыр. Астанада дүниежүзілік көрме өткізу - Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. ЕХРО» 2017 бюджеті 2013 жылдың соңында анықталады. Алайда қазір осы іс шара үшін қандай объектілер салынатыны белгілі.

Жұмыстың мақсаты: Қонақ үйдегі қабылдау және орналастыру қызметтінің жағдайын талдау және жақсарту жолдарын ұсыну

Жұмыстың міндеттері . Берілген жұмыстың мақсатына қарай келесі міндеттер орындалды:

- Қонақ үй клиенттерін қабылдау және орналастыру қызметтерінің теориялық жіктелімі қаралды;

- Қазақстан қонақ үйлерінде клиенттерді қабылдау және орналастыру қызметтерінің қазіргі деңгейі;

- Қонақ үйдің қабылдау және орналастыру қызметтерін жақсарту жолдары;

Зерттеу пәні. Қабылдау және орналастыру қызметінің технологиясы

Зерттеу объектісі . Алматы қаласындағы «Тянь-Шянь» отелі

Зерттеудің ақпараттық және ғылыми әдістемелік базасы. Диплом жұмысында шетел және Қазақстан мемлекетінің ғылыми кітаптары, диссертациялар пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚР Туризм және Спорт Министрлігінің сайты, Қазақстан Республикасының Экономика Министрлігінің Статистика комитеті мәліметтері . Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері материалдары, мерзімді ғылыми баспа материалдары енгізілді, ғаламтор сайттарының мағлұматтары және осыған қатысты т. б. деректер алынады. Жиыны әдебиет пайдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.

Жұмыстың теориялық маңызы мен ғылыми жаңалығы . Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл дипломдық жұмыст туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол жалғасын табады деген ойдамын.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан, оның ішінде бірінші тарау, үш қалаған екі тарау екі бөлімнен тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 82 бет.

1 ҚОНАҚ ҮЙ КЛИЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖІКТЕЛІМІ

1. 1Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және орналастыру қызметі

Қызмет көрсетудегі операциялық процесс және қабылдау қызметі және орналастыру функциясы. Қонақүйде қонақтарға қызмет көрсету процесін мынадай категорияларда қарастырамыз (кесте1) :

- қонақ үйге алдын-ала тапсырыс беру (брондау) ;

- қабылдау, қонақтарды тіркеу;

- қонақтарға тамақты жеткізу қызметі (номерді тазалау) ;

- қонақтарға қосымша жеткізу қызметтері;

- соңғы есептеу және саясатты безендіру.

Кесте 1 -Қызмет көрсету процесінің операциясы

Процесс
Персонал
Құжаттар
Төлемақы
Процесс: Қонақ үйге алдын-ала тапсырыс беру
Персонал: Бөлім меңгерушісін брондау немесе қабылдау қызметі
Құжаттар: Брондауға арыз. Төлемге кепілдеме.
Төлемақы: Шотқа тіркеуден бастап кіреді. Администрацияны орнықтыру
Процесс: Кездесу
Персонал: Граждық қызмет тасушы
Құжаттар: -
Төлемақы: Шайлық
Процесс: Тіркеу
Персонал: Қабылдау қызметінің администраторы, кассир,
Құжаттар: Сауалнама, орын ауыстыруға рұқсаттама, шот, визит картасы
Төлемақы: Шот бойынша: орын тарифы, салықтар, арнайы жиындар
Процесс: Негізгі және қосымша қызметтерді жеткізу
Персонал: Қабылдау қызметі, тамақтану қызмету, гараж қызметі, аниматорлар, медициналық қызметкерлер, спорттық және туристік құралдар, тігін қызметі, шеберхана
Құжаттар: Қызметтерге заказды ауызша немесе бланкты толтыру арқылы беру
Төлемақы: Сәйкес келетін шоттар бойынша қызметтерге тариф
Процесс: Соңғы есептеулер және саясатты безендіру
Персонал: Администратор, кассир
Құжаттар: Шот
Төлемақы: Шот бойынша
Процесс: Ескерту -автор мен құрастырылды [1, 26 б. негізінде]

Орындағы алдын-ала тапсырыс беру, орналасуға тіркеу, тұрғаны және көрсетілген қызмет бойынша шот, кассир және төл құжатты дайындаушы яғни «Reception»[1] .

Қабылдау қызметінің функциясы және орналастыру. Қабылдау қызметі және орналастыру қонақтардың қонақ үй жайлы ең бірінші әсер қалдыратын жағдайлары.

Қабылдау қызметі функцияларының негізгілері: қонақ үйдегі брондау, туристерді тіркеу және орналастыру, әр түрлі ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отыру.

Көп қонақ үйлерде қабылдау қызметі жұмысшылары 24 сағаттан азанғы 9 сағат арасында жұмыс істейді. Администратор жұмысын бастамас бұрын, журналды бір көріп шығу керек. Бұл журналда смен кезіндегі жағдайлар, қонақтардың қалаулары т. б. жағдайлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жұмыс алдын бос орындармен тәулікте келіп түскен арыздар туралы ақпараттармен танысу керек.

Кассир. Өз уақытындағы төлемдерді, қызметтен түскен төлемдерді т. б. жағдайларды бақылап, бухгалтерияға тапсырып отырады.

Паспорт саласының қызметшілері құжаттарды тексеріп, регистрацияда дұрыс орналасуын қадағалайды.

Қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерде брондау тәртібі.

Брондау - қонақ үйдегі номерлерге және жергілікті жерге алыдн-ала тапсырыс беру. Номерлерді брондау қызметін бөлім менеджерлері немесе қабылдау қызметі және орналастыру бөлімі айналысады. Яғни осы бөлімшелерге клиенттерден брондау туралы арыздар түсіп отырады. Көп жылдық қонақ үйде қызмет еткендер ойын-сауық жоспарларын жақсы ұйымдастыра алады. Оларға: спорттық жарыстар, сьездер, фестивальдер және т. б. Іс-шара өткізу кезінде қонақ үй орындарына сұраныс өсе түседі.

Қонақ үй жағдайы мезгілге (сезонға), жергілікті ауданның жұмыс активіне, экномикалық және политикалық ситуацияларына байланысты. Саяси жағдайдың тұрақты болмауы сол жергілікті жерге туристердің қызығушылығы төмендейді. Мезгіл кезінде қонақ үй екі жақтама брондау жұмысын жасайды.

Екі жақты брондау - бұл қонақ үйде бір мезгілде екі клиентке бір датада бірдей қызмет көрсету. Мұндай жолды таңдаған қонақ үй тәуекелге барады. Егер екі клиент бірдей келсе, қалай болады? Әрине, бұл жерде бір клиент алдын-ала тапсырыс бергенін арызбен кешіктіреді немесе келіскен күні келмей қалады. Онда тәуекелге бұған шешімін табады. Бірақ, егер екі клиент қонақ үйге бірдей келіп қалды, онда орынды бірінші келген адам иеленеді. Екінші клиентті қанағаттандыратын әртүрлі жолдар бар, яғни екі жақты брондау қызметін пайдалану. Мынандай жағдай кездескенде, яғни бір мезгілде екі клиент келі немесе турист алдын-ала брондау қызметін жасамаса, ал қонақ үйде орын жоқ болса, фирмамен байланысқа шығып, тұрғын үйлерді жалға алып, қонақ үйге жақын етіп орналастырылады. Кейде брондау бөлімі клиентке брондау қызметін басқа қонақ үйге жіберуі мүмкін. Бұл кезде қонақ үйді ауыстыру жөнінде міндетті түрде клиентке ескертіп, келісімін алу қажет.

Қонақ үй үшін, қонақтар үшін номерді алдын-ала брондаған жөн.

Қазіргі уақытта көптеген туристік фирмалар келісімді белгілі бір анықталған қонақ үйлермен жүргізгенге ұмтылады. Әдеттегідей клиенттерді әкеліп отырған туристік фирмаларға қонақ үй тұруға төленетін төлем ақыларға, тамақтануға және әртүрлі қызметтерге жеңілдік жасап отырады.

Келісімде қонақ үй мен туристік фирманың арасында белгіленеді:

- туристерді орналастыру жөніндегі арыз қандай срокты қамтиды;

- қашан және қандай мақсатпен төлемақылар жүргізіледі;

- қонақ үйде орынды немесе номерді брондау әдістерінің бірнеше түрі бар. Олар:

- жазбаша;

- ауызша;

- компьютерлік.

Әр брондауға арыз және тапсырысқа аннуляциялар тіркелуі қажет. Егер брондау жөніндегі менеджерлер тапсырысты уақытысында жоймаса, номер қате түзелмейінше ешкімге берілмей, бос тұра береді. Арыз тек қана фирмалық бланкте бекітілсе ғана номерге тапсырыс беріліп, төленеді.

Номерді брондауға арыз тастаған ұйымның міндетті түрде реквизиттері болуы керек, яғни ұйымның аты, мекен-жайы, телефоны, факс, банктегі шоттық номері.

Кез-келген жағдайда арыз келесі жағдайларда болу керек:

- күн және номер категориясы;

- қонақ үйде тұру уақыты;

- келетін қонақтың фамилиясы;

- төлем формасы (қолма-қол немесе қолма-қол емес шот, ұйымның атынан) .

Телефонда брондау қызметін пайдаланғанда клиентпен қарым-қатынас жасағанда өте ұқыпты болу керек, бұл сөйлесуден клиент өзіне қонақ үй туралы әсерін, қарым-қатынасын қалыптастырады. Клиент телефон соққанда, ол көп күтпей, яғни 5 гудок барғанға дейін алу керек.

Трубканы қонақ үй жайында ақпаратты жақсы меңгерген қызметші көтеру керек. Отельдерде телефонмен номерлерге тапсырыс алу арнайы бланктермен жүзеге асырылады. Телефонмен брондағанды жазбаша түрде көрсетілуі керек.

Компьютерде брондау жүйесі қонақ үй және клиент үшін кең көлемде мүмкіндік ашады. Әлемдік практикада компьютерлік жүйеде брондау бәріне әйгілі:

- корпоративтік сеть брондау отельдерді біріктіреді;

- басқа сеть брондаулар тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіреді.

Басқа қалада да, мемлекетте де сеть арқылы брондау қызметіне тапсырыс беруге болады.

Компьютер көмегімен брондаудың екі варианты бар: отельдің жеке интернет - страницасы болады немесе интернет - брондау жүйесінің мүшесі болады. Осы жүйеде брондау келесі түрде болады: клиент WEB-сайт жүйесіне кіріп, интернет - брондау және брондау ережелерімен танысады. Ары қарай ол қонақ үйді таңдайды. Бос орындардың берілгеніне көз жеткізген клиент міндетті ақпараттық жерді толтырып, тапсырысты e-mail жүйесі арқылы тапсырысты жібереді.

Автоматты түрде тапсырыс өңделіп, алдын-ала төлем алуға жіберіледі, ал клиент күту парағын алады. Сәйкес кепілдемені алған соң, клиенттен соңынан агенттен нақты брондау бекітілмесін алады.

Интернет клиенттерге уақытын үнемдеуге көмектеседі, яғни үйден шықпай-ақ қонақ үй туралы ақпарат алуға, қонақ үй номерлерін көруге болады. Брондау бөліміне өтініш жасағанда қонақ үй қызметшілері песрпективалық жоспарын жасайды (жылға, айға, аптаға) сонымен қатар сол күнге.

Брондау бөлімі номердің бос-бос емес екенін керек уақытында ақпарат беріп отыратын қабылдау қызметі және орналастыру бөлімімен әрдайым қарым-қатынаста болу керек. Егер ақпарат дұрыс берілмесе, онда менеджерлер дұрыс шешім қабылдай алмайды. Ал осы жағдайлар орын алып номер сатылусыз қалса, қонақ үйдің кірісі төмендеп кетеді.

Брондау, арнайы ескертудің қатаң болуы, отельге клиенттерді жіберу, хабарландыру деп аталады. Әдетте ескертуде өтініш тіркеуінің нөмірі, қонақтардың келу және шығып кету күні, тапсырыс номерінің түрі, қонақтар саны, керек кроваттардың саны, клиенттердің арнайы талаптарына сай ескертілуі көрсетіледі. Клиент қонақ үйде өздері күтпеген ситуациялардан ескертулер жасауына болады. Бірақ бұл жағдайлар әрқашан клиенттерге кепілдеме бере бермейді, өйткені, мынадай ереже бар: егер қонақ 18 сағатта келмесе қонақ үйге қажет болса брондау ол қонақтан алынып тасталынады.

Брондауға кепілдеме - бұл қонақ үйдің арнайы бекітілмесін брондалған, клиенттерге номерлерді тапсырыс бергендегі кепілдеме ету. Бұл бекітпен әсіресе қонақтардың қонақ үйге кешігіп келуде қажетті. Мұндай жағдайда номер қонақ келгенше бос тұрады. Кепілдеме резерві қонақ өзінің келмейтінін біліп, яғни номерді пайдалана алмағанда брондау күшін жоюға тырысады. Онда қонақ үй номердің бос екенін нақты анықтайды. Кепілдеме формасында басқа депозитті (аванстың) төлем болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда (мысалы, демалу кезеңінде) қонақ үйге келмегені үшін, ол қонақ үй сол келмеген мерзімі бойынша аванс алуға құқығы бар. Төлем туристік группаны орналастыруды талап етіледі[1] .

Тіркеу тәртібі және қонақтарды орналастыру

Операциялық процестің келесі бөлімі - жайғастыру-кездесулерден, тіркеулерден, кілтті беру және номерге дейін апарып салудан тұрады. Кездесудің екі түрі болады:

1) Аэропортта немесе вокзалда күтіп алу (алыс жер) ;

2) Қонақ үй алдында немесе вестибюлде (қонақ үй холы) күтіп алу (жақын жер) .

Алыс жерден қонақтарды қарсы алу келген қонақтарды қонақ үймен таныстыруға, қызмет көрсету программасын құруға, қонақ үйдегі қызмет көрсету туралы айтуға мүмкіндік береді. Мұндай кездесуде брондау қызметін келіседі. Жоғарғы кластағы қонақ үйде қонақтарды алдымен сәлемімен бірге Швейцар күтіп алады. Ірі емес қонақ үйлерде қонақтар ең алдымен оларды сәлеммен күтіп алатын администраторға яғни қабылдау және орналастыру бөліміне келеді. Егер клиент қонақ үйге бірінші рет келіп тұрмаса, онда мейлінше администратордың атымен атаған дұрыс. Бұл оң әсер қалдырады.

Көп қонақ үйлердің ережесі бойынша, администратор отырмай, мінбеде тұрып тұрады. Бұл қасиет оның қонақтарға деген қызметін білдіреді. Тіркеуге келген клиенттердің екі түрін ажыратады. Біріншісі, қонақ үйде орынды ертерек брондағандар, екіншісі, брондамағандар. Қонақ үйде клиенттерді орналастыру жөніндегі брондау қонақ үйде автоматталған болса, онда ол аз уақытты қамтиды.

Алдын-ала тапсырыс берген клиенттің брондау жөніндегі өтініші белгілі болады. Администратор өтініш номерін нақтылап, компьютерлік жүйеде модульдік және тіркеуден өткізеді. Қонақтан тек қана тіркеу карточкасына қол қою талап етіледі. Алдын-ала брондалмаған қонақтарды тіркеу процесі көп уақытты алады, кейде 5 минутқа созылады. Сонымен қатар, қонақтармен кездескенде мынадай сұрақтарды талқылау керек. Номер бағасы қанша, орналасу ақыты, төлем тәртібі. Қызмет көрсету барысында қонақ үй қызметшісі психологияны пайдалана отырып, қонақтардың төлеуге қабілетті жағдайларына байланысты басқа да сұрақтарды қояды. Қонақтан төлемге қабілетті, кепілдемесі бар кредиттік карточкалары сұралады.

Егер орналасуға рұқсат берілсе, қонақ атқарушы мен тұтынушы арасындағы тіркеу карточкасын толтырады. Анкетада қонақ өзінің тұрғылықты жерін, ұйым адресін, тұрғылықты төлемін және төлеу түрін (нақты, кредиттік карточка) көрсетіледі.

Санкт-Петербург қонақ үйінде анкета екі данада толтырылады. Бір данасын қонақ үй орталық бюроға жібереді, ал, екіншісі, қонақ үйдің құжат столында сақталады. Дұрыс толтырылмаған мекен-жай клиенттерге жолданатын материалдардың немесе қонақ үйде қонақтардың қалған затын салып жіберуге мүмкіндік туғызбайды. Сонымен қатар дұрыс толтырылған адрес төлемді алуға кепілдеме береді, яғни қонақ қызметтерге төлемей кеткен жағдайда[4] .

Күнін анкетада қате толтыру номердің сатылмай тұрып қалуына әкеледі. Ал келген қонақ тағы қалуға жоспарласа номер басқаға сатылып қояды. Нәтижесінде екі қонақтың да қанағатсыздығы туады.

Карточканы толтырған қонақ, қонақ үймен келісім жүргізе отырып, тұратынына ақша төлейді. Қонақ анкетаны толтырып болған соң, анкетаға қоақтың тұратын номерін, келу және кету уақытын жазады. Ары қарай администратор орналасуға рұқсат жазады, яғни номерді пайдалануға берген құжат. Орналасуға рұқсаттама екі данада жазылу керек (кассирге және этаждағы кезекші қызметкерге) .

Қызметке және тұрғанына қонақ төлем төлегеннен соң, оған төлем шотының екінші данасы беріледі. Қонақты тіркеуден өткізгеннен соң оның тұратынына шот жазылады. Оған номер тарифтері (орын), тұру күнінің қосындысы, брондау төлемі, қосымша қызметтерге төлем кіреді. Қонақ үйге кіру құқығы және номер кілтін алу үшін администратор визиттік картасын толтырады. Қонақ картасы бір данада толтырылады және онда келесілер болуы керек: қонақтың фамилиясы, комнатаның номері және тұру уақыты. Көптеген қонақ үйлер визиттік картасын реклама ретінде пайдаланады. Ол визиттік карточкасында қонақ үйдің орналасқанын, транспорт туралы ақпарат, сонымен қатар қосымша қызметтер: орналасуы, жұмыс сағаты жайлы ақпарат беріледі.

Құжатты безендіріп болғаннан соң қонаққа номер беріліп, багажын апаруға көмектеседі. Тіркеу кезінде багаж қонақ үйдің каридорында тұрады. Көптеген қонақ үйлерде қонақтардың багажы тұратын арнайы орналастыру орны бар. Багажды идентификациялағанда клиенттің фамилиясы бар талонды пайдаланған ыңғайлы, ал, тіркеуден өткеннен соң багажға комнатаның номері жазылады. Мұндай талонды қонақ үйге кірер алдында қонаққа есік алдындағы күзетші немесе багаж тасушы қызметші барадк. Егер талон жоқ болса, онда қонақ өзінің багажын, орналасуға құжаттамасын көрсетеді, ал, жүк көтеруші багажды қонақтың номеріне апарады. Номерде ол қонаққа комнатаның құралдарын қалай қолдану керектігін және қауіпсіздік ережесін түсіндіреді[46] .

Туристік топты тіркеу ерекшеліктері

Алдын-ала берілген тапсырыс номерге орналасуға дайындықты администратор қызметін жоспарлауға көмектеседі. Топтың келер алдын администратор дайындық картасын және орналасу номерін (брондау картасы) толтырады.

Туристік топты орналастырар алдын топтың жетекшісі администраторға туристік фирма атынан хабарлап, жібіреді (құжат, туристік топтың қонақ үйде тұруға құқықты растайтын құжат және кепілдеме, төлемі төленгені туралы) және құжатқа сәйкес топ тізімін жібереді. Администратор топ үшін брондалған комнатаның номерін хабарлайды. Әдетте, топтағы туристер екі орынды номерге жайғасады, тек жетекшіге ғана бір орынды номер ұсынылады. Барлық туристер анкета толтырып, графада келудегі мақсаты - туризм деп көрсетеді.

Администратор әрбір қонаққа визиттік карта жазады. Туристік фирмалар туристке путевкамен бірге багажға номер жарлықтарын (ярлык) береді. Жарлықтағы номер топтағы туристердің қатар санымен сәйкестендіріліп, топ жетекшісінде болады. Топтағы тізім номерімен багаж номерін салыстырған жүк тасушы турситердің комнатасының номерін анықтап, жүктерді сонда апарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қонақ үй қызметтері
«Қонақ үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру (Room Service)»
Қонақүй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау
Қабылдауды ұйымдастыру технологиясы және қонақтарды орналастыру қызметі
Қонақ үйдегі фитнес орталығы қызметі
Ұжымдық орналастыру құралдары
Қонақ үйлерде қабылдау және қызмет көрсету үдерісін классификациялау
Қонақжайлылық индустриясы және осы салада маркетингтің бүгінгі даму деңгейі
Қазақстан қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz