Келісімге мүше мемлекеттерге инвестицияларды тарту


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2-1. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА)
2-2. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ)
2-3. AСЕАН
2-4. Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін “ақ, қара” деп жіктеп, оған “капитализм”, “социализм” атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА)
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) - ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкімет-аралық тәуелсіз ұйым. БҰҰ-жүйесіне кіреді, бірақ онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас жасайды. Агенттік өзінің қызметі туралы БҰҰ бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 125 ел мүше. Ұйым бюджеті 256 млн. АҚШ долларынан астам. Атом қаруы бар мемлекеттерде (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, ҚХР) ядролық қондырғылардың бір бөлігі өз еркімен АҚХА бақылауына қойылған. Израилдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы бірқатар қондырғылар Агенттіктің бақылауынан тыс қалып отыр. 1979 жылдан бері Ұымның бас пәтері Венада орналасқан
АҚХА-ның маңызды қызмет ету салалары - атом қуатын бейбіт мақсаттарда пайдалану, осы салада тезникалық көмек көрсету, атом электр стансаларының (АЭС) қауіпсіздігін арттыру, радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру, радиоизотоптарды медицинада, т. б. адамзат шаруашылығында пайдалану. АҚХА қамқорлығымен Ресейдің, АҚШ-тың, Жапонияның және Еуропа қоғамдастығының ғылыми күштерін Халықаралық термоядролық сынақ реакторларын (ITER) жасау үшін біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. АҚХА-ның бақылау қызметін жетілдіру және кеңейту шеңберінде 1997 жылы мамырда “Кепілдіктер жүйесінің пәрменділігі мен тиімділігін арттыру” бағдарламасы қабылданды. АҚХА ядролық заттардың зиянсыз айналымы жөніндегі ақпараттар мен деректерді жинап, талдап, қорытады. Тек мемлекеттер ғана АҚХА-ға мүше бола алады.
Басқарушы органдары: мүше елдердің жыл сайын шақырылатын Бас конференциясы, 35 адамнан тұратын Басқарушылар кеңесі және ағымдағы жұмыстарды іске асырушы екі мыңнан астам қызметкері бар хатшылар тобы, соңғысын бас директор басқарадыіқі. Штаб-пәтері Венада орналасқан.
Қазақстан Агенттікке 1994 жылы мүше болып кірді. Өзін ядролық қаруы жоқ деп жариялауына және Семей атом сынақ алаңының жұмысын тоқтатуына байланысты Қазақстанның бұл Агенттіктің қызметіне қатысуының маңызы артып отыр. АҚХА 1994 жылдан бері Қазақстанда атом қуатын пайдалану саласындағы аса қажетті мәселелерді шешуге көмек көрсетіп келеді. Бұл салада заңдар мен құжатар жүйесін жасауға көмектесу, ядролық реакторлырға және ядролық-отын циклді кәсіп-орындарға сараптау жүргізу, республиканың әр түрлі ұйымдарына аспаптар мен жабдықтар түріндегі техникалық көмек жақсарды. Семей сынақ алаңында радиациялық жағдайдың қазіргі күйін анықтау мақсатында АҚХА мамандарының үш өкілдігі (миссиясы) жұмыс істеді. 1994 жылы шілдеде Алматыда Қазақстан мен АҚХА арасында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа байланысты кепілдіктер беруді қолдану туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімді дайындау мен іске асыру барысында Агенттік жағынан Қазақстанға сараптау-әдістемелік және техникалық көмек көрсетілді.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ)
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC) [1] - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.
Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдаттағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары, Ангола мен Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.
Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім
Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Алғашқы қадамы болып, 1947 жылғы АҚШ инвестициясын алдыңғы қатарлы канадалық экономика салаларына бағыттау мақсатында құрылған «Эббот Жоспары» есептеледі. 1959 жылы АҚШ және Канада арасында канадалық әскери техника өнеркәсібіне американдық стандарттарды енгізу мақсатындағы біріккен өнеркәсіп жөніндегі келісім жасалады.
Келесі қадам болып, 1965 жылғы басқа да салалардың интеграциясын қамтыған автомобиль жасау өнімдерін сатудағы либерализация жөніндегі келісім есептеледі. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы сауда-саяси бірігу идеясы 1990 жж. іске асырыла бастайды. Алғашқы кезеңде мәселе энергетикалық одақты ресімдеуге байланысты болады. Осындай идея 1980 жж. Р. Рейган мен Дж. Буш тарапынан қолдау табады.
1988 жылдың қыркүйегінде қиындық туғызған үшжылдық келіссөздерден кейін американдық-канадалық еркін сауда жөніндегі келісімге (CUSFTA) қол қойылып, бұл бойынша АҚШ пен Канада 10 жыл мерзімінде еркін сауда аумағын қалыптастыруы шарт еді.
1980 жж-ғы Еуропа және Азиядағы етек алған интеграциялық үдерістерге байланысты, НАФТА-ның құрылуы жөніндегі мәселе өзектілікке ие болады. Себебі, Еуропаның бірігуіне жауап ретінде Американың, әсіресе, Солтүстік Америкалық бөлігінің бірігуі қажеттілігі айқындалады. Алайда бастапқы кезеңдерден-ақ Мексика, Канада және АҚШ НАФТА-ның рөлі мен ықпалын әржақты позициялардан қарастырады.
1988 жылғы АҚШ пен Канада арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімді (CUSFTA) сақтай және сәйкестіре отырып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда Ассоциациясын (NAFTA) құру туралы келісім 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Бұл келісімді Латын Америкасы нарығына одан әрі қарай ену мақсатында қолданып келе жатқан АҚШ, ұйымда жетекші орынды иеленеді.
НАФТА-ның негізгі мақсаты − келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар саудасы тосқауылын алып тастау болды. Тосқауылдық шектеулердің жартысы бірден алып тасталынса, қалғандары бірітіндеп 14 жыл ішінде жойылды.
Бұл келісім 1989 жылғы Канада және АҚШ арасындағы сауда келісімінің тереңдетілген нұсқасы болды.
Еуропалық Одақпен салыстырғанда, НАФТА мемлекетаралық әкімшілік органдарды құру немесе заң жүйесін қалыптастыру мәселелерін өзінің мақсаты ретінде санамайды. НАФТА тек қана халықаралық құқық аясындағы халықаралық сауда келісімі болып табылады. НАФТА-ның мақсаттары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz