Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық мағлұмат беру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
АТ и СО
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жас отбасылармен, мүгедектермен және панасыз отбасылармен жүргізілетін
әлеуметтікжұмыстар
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І - ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні
мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Әлеуметтік жұмыс объектіс , субъектісі және қағидалары ... ... ... ... ..11
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы ... ... ... ... ..12
2.2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау ... ... ... ... ... 15
2.3 Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі ... ...22
ІІІ – ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы ... ..24
3.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік
қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге
оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. адам капиталының ролі
экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді.
192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік
банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың
үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, адам капиталына 64
%-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде
көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес.
Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-
қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді.
Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын,
әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті
әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік
қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің
әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар,
заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық
ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері,
не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде
шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері
әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан
мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға
өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет
тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-
тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі
экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу,
бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге
қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды
талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс
дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі
қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген
онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп
келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні
жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен
жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі
әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік
қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына
бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті
(Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез
келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік,
қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. өмір
сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және
әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар
мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін
де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың
әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі
болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік
жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап
тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді
болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу
белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа
жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға
белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы
әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң
тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми
сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап
етеді.
Зерттеу мақсаты: халықтың әртүрлі категорияларымен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстарды талдау және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
✓ Халықтың әртүрлі категорияларымен жұмыс істеудің мәні мен
мазмұнын ашу;
✓ Жас отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың
ерекшеліктері туралы;
✓ Мүгедектерге көрсетілетін көмектер туралы;
✓ Халықтың әлсіз топтарымен жүргізілетін жұмыстар туралы толық
мағлұмат беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан
астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді.
ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания,
Германия, Нидерланды, Швеция және Франция және АҚШ-та) қайырымдылық
ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда
болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға
мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ
ғасыр басында туындауы – адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің
нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек,
бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Мұқтаж
адамдарға біліктілі көмек көрсете алатындардың қажеттіліктері әлеуметтік
қызметкерлердің пайда болуына алып келді. Мұқтаждарға кәсіби көмек көрсету
мен адамдардың мейірімділік сезімінің дамуына үлесін қосқан қайырымдылық
қызметі де қатар жүрді.
Ежелде туындаған қайырымдылық қызмет әрқашан мұқтаждарға қайтарымсыз
көрсетілетін көмек деп қарастырылады. Бұл қызмет пен айналысатын адамдар
материалдық емес моральдық жағынан қанағаттанды. Сонымен қоса олардан
арнайы дайындықтар талап етілмеді, көп уақыттар шамасында мұқтаж
адамдарға көмек көрсетуді олар артық деп есептелді.
Мұқтаж адамдарға көрсетілетін қайырымдылық қызметі және мемелекеттік
көмектер әлеуметтік жұмыстың мүмкін болуына жағдай жасады. Шын мәнінде де,
әлеуметтік заңнама шегінде мұқтаждарға көмек көрсетумен айналысатын адамдар
қызмет етті, оларға сол қызметтері үшін материалдық сый ақы алмаса да
олардың дайындық деңгейлері өте жоғары дәрежеде болды. Әлеуметтік жұмыстың
мүмкіндікке айналуы (немесе басқа сөзбен айтқанда оның мамандық ретінде
пайда болуы) мамандар дайындаудан басталды. Мұндай дайындықтар келешек
әлеуметтік жұмыскерлер білім ала алатындай арнайы оқу орындарының
ашылуын қажет етті. Мамандарды дайындау әлеуметтік жұмыстың қалыптасуына
деген алғашқы қадам болды, одан кейінгі қадам – оның ұйымдастырушылық
құрылымын жасау. Алғашқы әлеуметтік қызметкерлер ұйымы толық дамымады.
Бірақ олар қоғамның дамуы үшін сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер
құқықтары үшін өз еңбектеріне ақы алу үшін күресті. Кез келген мамандық
сияқты әлеуметтік жұмыста өз еңбектері үшін материалдық емес сый ақы алған
мамандар жиынтығын көрсетті.
Егер әлеуметтік жұмысты екінші дүниежүзілік соғыс алдында мұқтаждарға
кәсіби көмектің қажеттілігін түсінген көптеген елдердің күнделікті өміріне
мықтап енген жаңа әлемнің танымы болды десек артық айтқандық емес.
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен
өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету
керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам
мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне
куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда
қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін
емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін
мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-
қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі
бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік
жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Осы заманғы зерттеулердің теориялық аспектілерінде әлеуметтік жұмыс
пәнаралық және интегративті сипатта көрінеді. Әлеуметтік жұмыстың дамуына
психология социологияның әсері көп, сол сияқты педагогика, психиатрия,
антропология, заң және кейбір теориялық тұжырымдамалар мысалы:
күнделіктілік теориясы әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде пайда
болып, кейіннен нақты әлеуметтік институтқа, сөйтіп тану объектісіне, түрлі
күнделікті жағдайдан ғылыми теориялық деңгейде қалыптасады. Әлеуметтік
жұмыстың әлеуметтік бағытталған теория моделінің классикалық позитивизмге
әсері сезінеді. (О.Конт, Дж.Милль, Т.Спенсер). Социологиядағы позитивизм
және әлеуметтік жұмыстың теориясы өзгермейтін заңдар қызметін және қоғам
мен адамның дамуы, табиғи процесс немесе бөлік ретінде қарастырылады.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына
белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-
әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы
тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және
әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың
өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды.
Қорғаусыздық – тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат
деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде
қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік
қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде – ол әлеуметтік қызметкерге
жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік
қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың
субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру
үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың,
қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам
қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде
барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға
бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму
кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
Әлеуметтік жұмыс тек қана әлеуметтік әлсіз топтарға
әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу ғана емес, сонымен қатар,
барлық халықпен әлеуметтік қорғау шараларын жүргізуге бағытталған.
Бұл кең мағынада әлеуметтік жұмыс бүкіл халықтың әрбір азаматына
тиісті.
Әлеуметтік жұмыс спектрі және халыққа әлеуметтік көмек көрсету,
өте алуан түрлі. Мысалы, қарт адамдарға және мүгедектерге азық-
түлік тағамдарын үйлеріне жеткізу, іс- шаралар ұйымдастыру, әр түрлі
бағыттағы күндізгі орталықтар ашу (сауықтыру, спорттық, ойын
түріндегі, ақыл-есі кем адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға
арналған және т.б.).
Халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, жалпы әлеуметтік
жұмыс, қоғамның әлеуметтік дамуын, әлеуметтік және басқада топтар
қарым-қатынасын және де олардың тұрмыс жағдайын жөндеу мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру сонымен қатар белсенді ету белгілі
бір бағыттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатымен анықталады.
Әлеуметтік басқару қоғамдағы басқару түрлерінің бірі және оның
қызметі – қоғамдық өмірге қатынасушылардың әлеуметтік жағдайын реттеу,
қоғамдық қарым-қатынастардың субъекттілері ретінде дамуын
қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-
құлықтағы адамдарға, балаларға және қарттарға, әлсіз қорғалған
тұрғындарға қолданылатын спецификаны есепке ала отырып оны
ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін,
механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет.
Сонымен қоса ең маңызды түсініктер мен категориялар:
Әлеуметтік жұмыс- мәдени, әлеуметтік және материалдық жағынан
өмір деңгейін жақсарту, адамға, отбасына немесе топ мүшесіне
индивидуалды көмек көрсету, мақсатында азаматтарға мемлекеттік және
мемлекеттік емес жәрдемдесетін кәсіби қызметтің арнайы түрі.
Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың,
мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесі.
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік қызметкерлер және жеке
мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық,
әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық
қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен
оңалтуларын жүзеге асыру қызметі.
Қиын өмір жағдайы – субъективті түрде Адам үшін қиын
қабылданатын және оның қалыпты өмір тіршілігін объективті түрде
бұзатын жағдай (мүгедектік, жасы келуіне, ауруына, жетімділігіне
байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау, бақылаусыздық, аз
қамсыздану, жұмыссыздық, отбасындағы қатаң қатынастар және
келіспеушіліктер, жалғыздық және т.б.).
1.2 Әлеуметтік жұмыс объектіс , субъектісі және қағидалары
Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай
дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар
белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс
объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен
объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті
жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік
институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.
Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді
белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы;
олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.
Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы
тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас
болып қана қоймайды – сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі
болып табылады.
Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады.
Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір
шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік
саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу
бағыныштылығымен түсіндіріледі.
Әлеуметтік жұмыс туралы айтқанда, тағы бір жағдайды ескере кеткен жөн.
Жоғарыда айтылған қызметкерлер арасында негізінен әлеуметтік жұмысты
ұйымдастырумен айналысатындар бар (оларды ұйымдастырушылар немесе
басқарушылар деп атауға болады) және де кейбіреулері тек қана міндетті
түрде әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады. Ал оларды дағдыланушы
әлеуметтік қызметкерлер деп атауға болады.

2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-
экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың
әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос
уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың
ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше)
проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес
сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін
шешімдер болып табылады.
Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты
болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау деңгейін анықтау
табылады.
Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын
аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және
орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.
15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны – 3 787 700 адам,
немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.
1-кесте. 2011-ші жылмен 2014-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың
үлесі,% (15-29)
Жылдар 2011 2012 2013 2014
Халықтың жалпы
саны,%-бен 100% 100% 100% 100%
Жастар үлесі 24,7 25,0 25,4 25,7
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кестеден халық құрылымында жастар
санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті
сипатты процестер есебінен болып отыр.
2- Кесте. Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)
2011ж 2012ж 2013ж 2014ж 2014ж-2011ж
%-бен
15-29 1431,4 1418,0 1418,7 1374,3 96,01
20-24 1288,2 1307,6 1293,6 1251,0 97,11
25-29 1153,9 1150,4 1152,7 1162,4 100,73
Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы
қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. Орта (20-24) жас тобы 5140,4
адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы
халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.
25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды.
Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24
жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-
19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін
көре аламыз.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары
немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру
қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың
болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін
мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына,
олардың тұрақсыздығына алып келеді.
Қазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында
әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті
жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне
консультациялар беру;
- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда
қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
- жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
- еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
- мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және
панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
- құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік
даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы
құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
- жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
болып табылады.
Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға
арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:
1) заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін
медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш
кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша
жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-
ағарту ұйымдарына баруға;
4) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ
отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар
түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери
қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет
көрсетулерді тұтынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани,
мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін
әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен
кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін
ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2.2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау
Еліміздегі мүгектер мен мүмкіндігі шектелген адамдар мемлекет
тарапынан арнайы көмекті қажет етеді, себебі олардың физикалық, психикалық,
интеллектуалдық мүмкіндіктері олардың қоғамда дұрыс өмір сүруіне кедергі
жасайды. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда мүгедектерді оңалту
мәселесі қолға алынды.
Қазақстанда 388,7 мың мүгедектердің барлық категориялары, соның ішінде
211 мыңы әйелдер, 49,1 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, 58,8 мың бала
күнінен мүгедектерді құрайды. Соңғы жылдары мүгедектердің санының өсуі
тенденциясы байқалады, алғашқы мүгедектік төмендеген. Бұл ерте мүгедек
реабилитациялау төменгі деңгейде екенін көрсетеді.
Сонымен бірге бірінші рет мүгедек көрсеткіш ішінде еңбекке қабілетті
жастағы мүгедектер үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. 2012 жылы бұл сан 86 %-
ды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен (3-ші кестеде
көрсетілген).
3-кесте Бірінші рет мүгедектік көрсеткіштері (жылдың басына)
2009ж 2010ж 2011ж 2012ж
1 2 3 4 5
Бірінші рет мүгедек болып танылғандардың 55,1 49,7 46,1 40,8
жалпы саны, мың адам
1000 адамға шаққандағы мүгедектер саны 3,5 3,3 3,1 2,8
1 2 3 4 5
Алғашқы мүгедектік топтар бойынша, мың адам
5,9 4,9 4,8 4,6
- І топ мүгедектер саны 33,1 27,5 25,3 23,8
- ІІ топ мүгедектер саны 16,1 17,3 16,0 12,4
-ІІІ топ мүгедектер саны
1 2 3 4 5
Алғашқы мүгедектік жынысы боынша бөлу, мың
адам 22,5 20,5 18,9 -
әйелдер 32,6 29,1 27,2 -
ерлер
Алғашқы мүгедектікті тұрғылықты жеріне
байланысты бөлу, мың адам 32,1 28,5 26,1 -
қалалық жер 23,1 21,1 19,9 -
ауылдық жер
Мүгедектердің еңбекке қабілеттігіне 44,7 41,6 39,6 35,14
байланысты саны, мың адам
Жұмыс істеуші мүгедектердің саны, мың адам 14,7 10,9 8,9 8,7
Алғашқы мүгедектер үлесіндегі еңбекке 81,1 83,7 85,9 86,0
жарамды жастағы мүгедектердің саны, %-бен
Берілген сандар мүгедектер санының ары қарай өсуі халықтың дені сау
өсімінің әлеуметтік қауіпті төмендеуге, елдің еңбек ресурстарының өсуіне
әкеліп соғуы мүмкін.
Мүгедектің еңбекке жарамды халық ішінде дамуы әлеуметтік-экономикалық,
медициналық-демографиялық және экологиялық факторлар өсуіне әсер етеді,
еңбекті қорғаудың томен деңгейі, сонымен бірге медициналық қызметтің жоғары
құны мен төмен сапасы өз үлесін тигізуде.
1-сурет Мүгедектіктің негізгі себебтері
Мүгедектің негізгі себептері – 18,6 %-ы қанайналым органдарының
ауруына байланысты, екінші жаман сапалы пайда болулар – 14,1%, үшіншіден
психикалық шалдығулар 12,1%, төртінші әртүрлі жарақаттар – 11,9%-ды
құрайды, мамандық жарақаттары мен еңбек салдарынан сырқауға ұшырау
мүгедектіктің ел бойынша 1,3%-себебі болып табылады.
4-кесте Алғашқы мүгедектік себебтерінің динамикасы (жыл басына)
Мүгедектік себебтер 2012ж. 2013ж. 2014ж.
Жалпы ауру-сырқаулар 46417 41560 38118
Еңбектегі жарақаттану 656 516 479
Профессионалды сырқау 163 111 111
Жастайынан мүгедектік 6424 6518 5524
Қазақстандағы мүгедектердің жылдамдығы 13%-ын 16 жасқа дейінгі мүгедек
балалар құрайды. Республикада қазіргі 49,1 мың мүгедек-балалар тұрады, олар
16 жасқа дейінгілер және 58,8 мыңы жастайынан мүгедектер.
Мүгедектіктіктіңбалалардың арасында күрт өсуі елдегі экологиялық
жағдайдың төмендеуіне байланысты, яғни өндірістік қоқыстардың ана мен бала
денсаулығына әсері, сонымен бірге медициналық қанағаттарлықсыз бақылау
болып отыр.
5-кесте. Мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемі,теңге
Мүгедектер категориясы І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
1 2 3 4
Жалпы сырқаттан, еңбек және профессионалдық
жарақаттан болған мүгедектік 7АЕК 4,5АЕК 3АЕК
Әскери қызметкерлер, ішкі істер 7210 4635 3090
органдарындағылардың төтенше жағдайдан
қызметін атқаруғу байланысты мүгедек болғандар
Жастайынан мүгедектер 7АЕК 5АЕК 4АЕК
7210 5150 4120
Жедел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz