Ауданның экологиялық жағдайы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 АҚЖАР АУДАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯСЫНА СИПАТТАМА . . . 4.
1. 1 Геологиясы, пайдалы қазбалары . . . 4
1. 2 Жер бедері . . . 7
1. 3 Климаты . . . 8
1. 4 Ішкі сулары . . . 8
1. 5 Топырағы . . . 12
1. 6 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі . . . 14
2 АҚЖАР Ауданның ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ . . . 19
2. 1 Ақжар ауданның тарихи-географиялық сипаттасы . . .
2. 2 Экономикалық жағдайы облыс бойынша алатын орны . . .
2. 3 Қазіргі кездегі әлеуметтік жағдайы . . .
3 Ақжар ауданның ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖАҒДАЙЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1 Ауданның қазіргі экономикалық жағдайы, келешектегі динамикалық даму жолдары . . .
3. 2 Әлеуметтік жағдайы: қадағалау және жергілікті халықтың тұрмыстық жақсарту жолдары . . .
3. 3 Ауданның экологиялық жағдайы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданның кешенді сипаттамасы» .
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, жаңашылығы мен практикалық маңыздылығы, жұмыстың мақсаты мен міндеті айтылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданның әлеуметтік -экономикалық жағдайы: табиғи қоры, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, транспорттары мен коммуникация жүйелері. Тақырыпты таңдау себебім, өзім туып-өскен өлкемнің әлеуметтік -экономикалық жағдайының кешенді сипаттамасын беру, өйткені аудан туралы мәліметтерді оқып білу әдістемелері және ондай ізденістердің жаңа формаларының даму этаптарының тәжірибелеріне ғылыми қорытынды жасау - өлкетану мәселелерінің өзектілігінің бірі. Қазіргі таңда ауданымыздың экономикалық әлеуметтік жағдайын зерттеу тәртібіндегі мәселелердің бірі.
Аудан халқының өмір сүру деңгейін жақсартуда жалақының уақытында төленуі мен жалақы мөлшерінің көбеюі өзіндік әсер етеді.
Ғылыми жаңашылығы мен практикалық маңыздылығы - ауданның әлеуметтік -экономикалық жағдайын зерттеген кезде жаңа мәселелер туындайды. Солтүстік Қазақстан облысының ішінде Ақжар ауданын бөліп жеке оқу аз көлемді территорияның орналасуын, экономикалық жағдайы облыс бойынша алатын орнын, табиғи жағдайлары мен қорларын, халқын, қазіргі кездегі әлеуметтік жағдайын және келешекте даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі ғылыми шешу жолдары - Солтүстік Қазақстан облысы алып территорияны алып жатыр. Дипломдық жұмыста осы өңірдің Ақжар ауданы бойынша шағын территорияның әлеуметтік -экономикалық жағдайын зерттеу келешекте ауданның жан - жақты меңгерілуі үшін өте қажет. Ғылыми тұрғындан зерттеу оның қазіргі ахуалын бағалап ұсыныс беру. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Ақжар ауданының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қазіргі жағдайын қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай жұмыстар істелінді, жалпы физикалық - географиялық сипаттамасы олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде табиғатта өтетін табиғи процестерді оқу мен бірге антропогендік әрікеттерге көңіл бөлінді. Өйткені, табиғат пен шаруашылық арасындағы байланысты бақылау шаруашылықтың жекеленген тұстарының өзара әрекеттесуі қаралды.
Дипломдық жұмыстың міндеті - Ақжар ауданының табиғи, экономикалық - әлеуметтік, қазіргі экологиялық жағдайын қарастыра отырып, ауданның қазіргі экономикалық-әлеуметтік мәселелерін талдау арқылы келешектегі динамикалық даму жолдарының ерекшеліктерін әртүрлі әдістермен оқып - білу арқылы қазіргі таңдағы жетістіктерін ашып көрсету. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойдым:
Табиғи жағдайын және оның элементтерін сипаттау - геологиясын, жер бедері, жер қойнауының байлығын, климатын, ішкі суларын, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың өзара әрекеттесуі және бір-бірімен байланыстылығын ашып көрсету. Оларға адамның іс-әрекеттері қосымша әсер етеді. Сондықтан табиғат пен шаруашылық арасындағы байланыс, яғни шаруашылықтың жеке тұстарының әсері көзден тыс болмау керектігін көрсету;
Ауданның әлеуметтік жағдайын қадағалау және жергілікті халықтың тұрмыстық жақсарту жолдары айқындау.
Міндеттеріне жетудегі зерттеу объектілері - Ақжар ауданының қазіргі таңдағы экономикалық - әлеуметтік, экологиялық жағдайлары жан-жақты сипаттау, мәліметтерді жүйелеу барысында келешекте даму бағытына болжам жасау, ұсыныстар енгізу.
Дипломдық жұмысты орындауда арнаулы әдебиеттер, мерзімдік баспасөздер материалдары, кәсіпорындардың есептері және арнаулы әдістемелік құрал диплом жұмысының жазылудың практикалық базасын құрады.
Диплом жұмысын келешекте Қазақстанның географиясын оқытуда, мектептерде өлкетану үйірмелерінің жетекшілеріне қосымша мәлімет беретін деректі материал ретінде пайдалануға болады.
1 АҚЖАР АУДАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Солтүстік бөлігінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы кіреді. Батыс Сібір жағалауында орналасқан.
Ақжар ауданы -облыстың шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Көкшетау облысының Ленинград және Ленин ауданының негізінде, 1997 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы болып құрылды. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан солтүстігінде орналасқан негізінен Сарыарқа жерінің солтүстік шетті. Аумағы 8, 04 мың. шаршы км. Аудан орталығы- Талшық селосы, халқы-23, 5 мың адам. (2007ж) Аудан 12 ауылдық округке, біріккен 25 елді мекеннен тұрады. Талшық селосы жазық келген аудан аумағының жер бедерінде ойпаттар мен шағын көл шұңқырлары көп. Климаты тым континентті. Ауданының оңтүстігіне қарай биіктігі 10-12м ұсақ шоқылары бар. Жер қойнауында құрылыстық материалдар қоры барланған. Халық қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының басты субъектісі мен негізгі, «табиғат-халық-шаруашылық» геожүйесінде негізгі компонент болып есептеледі.
- Геологиясы . Пайдалы қазбалары
Қазақстанның территориясының Батыс - Сібір эпигреценді тақтасы мен көне палеозойлық жыныстардың түйіскен жерінде жатқан облыс аумағы геологиялық тұрғыдан ерекше құрылымымен және ұзақ тарихи дамуымен ерекшеленеді. Облыстың жазық өңірінің негізін түйісетін Батыс-Сібір тақтамасының кристалды ірге тасы баспалдақ тәрізді келеді. Ол бірнеше салыстырма түрінде терең жарылыстармен жеке бөліктерге бөлініп шытынаған. Облыстың оңтүстік гранитті кварциті форфоритті кристалды тақтастармен құм - тастарымен гнистер тағы басқа . кристалды -магмалық және метаморфтық тау жыныстарымен ерекшеленеді. Олардың барлық жер бетіне немесе жер шамал шөгінді тау жыныстарымен жабылған. Бірақ солтүстік әсіресе солтүстік шығыс бетіндегі іргетас беті тұнба шөгінді қабаттарының астында қалған тжәне оның Петропавл қаласы тқсындағы қалдықтары 700м, ал Булаев қаласында 800м жетеді.
Кристалдық жыныстармен Октябрь, Заградов, Көкшетау, Шат, Қатаркөл, блоктары түзілген. Бұлар палеозойдың бастапқы кезіндегі басқа көне массивтермен бірге меридиан бағытындағы қатпарлар - жақпарлы ірі құралымдарды түзейді. Олар шамамен солтүстікте Петропавл қаласынан, оңтүстікте Қарсақпай тауларына дейінгі аралықта алып жатыр.
Бүкіл Солтүстік Қазақстан ірі Сарысу -Көкшетау көтерілімінің солтүстік құрылымдық элементі саналатын Солтүстік Қазақстан күмбезімен көрініс тапқан. Осы уақыттан юра кезеңінің ортасына дейін аймақ эпиплатфориалық орогенез жағдайында дамыды. Бұл орогенезде тектоник, қозғалысының жетекші формасы болып аумағы баяу кеңіген күмбезді көтерілім жатады. Онымен бірге күмбездің пайда болуы қайтадан көтерілген тау белдеуінің ерекше құрылымын түзеді. Олар :кең ойыстар, топырақтар және көтерінкі қраттар түрінде болады. Солтүстік Қазақстан күмбезіндегі қарқынды көтерілім девон мен карбонда болды және оның қалыптасқан кезі -триас-юраға келеді. Осы кезеңде күмбез ішінде және оның шет жақтарында ескі жарылымдар жаңарды және жарылымдар пайда болды. Олар пайда юболғап жерлерде гравиндер мен көтерілімдер қалыптасты. Ескі жарылым белдеміндегі Купрянов, Төменгі бұрлық т. б гравиндер жатады.
Полезой жасындағы Батыс Сібір плотформасының оңтүстік шетінде сәйкес келетін Петропавлдық Есіл маңының қазіргі аумағындағы мезокайнозой кезеңдерінде тербеліске ұшырады. Аудандық батысын бірнеше рет эпиконтинентті теңіз сулары басып отырады немесе төменгі деңгейдегі құрлыққа айналады.
Олигоценнің соңында Сарысу-Көкшетау күмбезді диаметрінің көлемі ұлғайып, гидрограф желілерімен шектеліп айқындала басталады. Солтүстік Қазақстан күмбездері негізінен, батысында және оңтүстікте Есілмен шектеседі, ал оңтүстікте Үлкен Тораңғыл, Шағалалытеңіз, Кіші Қараой, Үлкен Қараой, Теке, т. б. көлдер тізбегімен шектеледі. Ортаға тартқыш өзен аңғрлары жүйесі пайда бола бастады. Жоғарғы өрлеу қозғалысы нәтижесінде палеогеннің соңында (35-40млн. жыл бұрын) Торғай иіндісі көтеріліп, теңіз Батыс Сібірден тыста қалады, континентті жағдай қалыптасы Борки, Ольшанка селолары тағы басқа жерлерде кездеседі. Олигоцен ормандарында алып индриотерий мүйіз тұмсығы өмір сүрген. Бұл жануардың ұзындығы 7м және салмақты колонна тәрізді ұзын тұмсығы мен ұзын мойны болған. Тұңғыш рет бұл жануарды Торғай даласында В. Борисяк сипаттап жазған.
Карбондық жыныстар ашық сұр түсті құмтастардан, кейде сирек ақтастардан құрылған. Төрттік карбонды шөгінділер қаланың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Неогендік қызыл батпақтар қалдық түрінде кездеседі. Көлдің аңғарлы бөлігінің төмендеген жерлерінде палеогендік және неогеновыми шөгінділер алып жатыр /құм араласқан батпақтар, әртүрлі батпақтар. Қаланың кеңістіктері мен жазық жерлері төменгі төрттік, төрттік және қазіргі кездің аллювиальды, көлдік-аллювиальды және делювиальды шөгіділерімен жабылған. Аллювиальды шөгінділер шектеулі ені 0, 5-2 км болып Қылшакты өзенінің екі жағын алып жатыр, құрамы құмды, құмдауытты, 10-15 метрлік болып неоген-төрттік батпақтарды жабады.
- Жер бедері
Жер бедері негізінен жазық болып келеді. Жазық келген аудан аудағының жер бедерінде ойпаттар мен шағын көл шұңқырлары көп. Аудан аймағы Батыс-Сібір жазығының оңтүстік ұиырында және жарым-жарымдай Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталатын Сарыарқа аясында орналасқан. Батыс-Сібір жазығының Солтүстік Қазақстан бөлігі ылдилы жазықтықтың ішкі белдеміне ұштасады. Оның жер бедеріне, толқынды бетінің солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай жалпы еңгіштелген жазық тән. Жазық келген жер беті теңіз деңгейінен 125-200м биіктікте. Ең аз шамадағы белгілер оңтүстік-шығыс жағындағы көлдердің: Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Жантасор тағы. басқа. Көлдердің өзі тайыз болғанымен, қазаншұңқырлардың тереңдігі 40-60м.
Жазық келген жер беті теңіз деңгейінен 125-200м биіктікте. Ең аз шамадағы белгілер оңтүстік-шығыс жағындағы көлдердің: Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Жантасор тағы. басқа. Көлдердің өзі тайыз болғанымен, қазаншұңқырлардың тереңдігі 40-60м.
Батыс-Сібір жазығының шекаралық оңтүстік шетіндегі жартасты жыныстар тым тереңде жатпайтын, көбіне бірден топырақ қабатының астында болатын көне абразиялы-шоғырлы толқынды -жонды жазық болып табылады. Бірқалыпты үстіртті жазық бетінде жеке төбелер немесе аласа ( 20м-ден 30м-ге дейін) шоқылар көтеріледі. Одан да биік шоқылар сирек кездеседі. Жер бедерінің теріс формаларының арасында уақытша су жүретін саяз көлдер кездеседі.
Жер бедерінің үшінші қатпары-Көкшетау үстіртінің беті. Онда аралдық аласа таулы сілемдерде 360-400м биіктіктегі тегістелген үстірт басым, олардың кейбіреулерінің тік жартасты шыңдары 600-700м биік. Денудациямен және желге мүжіліп бет жағы ашылып қалған Көкшетаудың аласа тауларын түзетін гранитті құрам жыныстары көптеген таң қаларлықтай мүсіндерді кескіндейді. Құлаған қалдықтар мұнара тәрізді бөлек-бөлек қатпарлы жер бедерін түзеді. Өзендер аралығындағы жазықтықтарға 30-50м сұғына енген. Облыстың Есіл-Тобыл өзендері аралығының бөлігі болып табылатын жағалау бойы ескі ордың жыра-жылғаларымен күрделенген, бірақ шын мәнде көмілген көнет Суери, Кизақ, Емца өзендерінің аңғарлары байқалады. Сол жағалауға қазаншұңқырлы -жон-бұйратты жер бедері, көл шұңқырлары мен ойпаңдардың молдығы тән. Облыстың оң жағалауының жартысында Есіл-Ертіс өзендері аралығында бірқалыпты жазық бар, ол шығыс-солтүстік-шығыс бағытында жайпақ кең ойпат - Қамыстысай басып өтеді. Оң жағалауды тұйықталған қазаншұңқырлары жайпақ түпті жер бедерінде анық білінебейді, ойпаңдар сияқты. Жалпы жер бедері. Есілдің сол жағасын алып жатқан облыстың солтүстік ендігінде жалпы кеген жер бедері дамыған. Облыс аумағында оынң жалпы ұзындығы 15км-ге жетеді. Жалпы биіктігі 3-4м ден 15-18м-ге ал ені 500-1500м-ге жетеді. Олардың өстері батыс, оңтүстік -батыс шығыс солтүстік - шығыс бағытта бойлай жатыр. Қырқалардың төбесі әдетте ұзына бойы доғалдана созылған, кейде бойлық бағыта ассеметриялы келген. Жалдар көбіне көл қазаншұңқырлармен ұштасқан. Көлдердің шығыс беткейлерінен басталғандай болып және аша болып айырыла келген жалпақ ұштарымен қазаншұңқырларды қамтыған. Ұзындығы 40м-ден 2км-ге дейін биіктігі 10-5м ені 800-600м орташа қырқалар 53 пайызды құрайды.
Баяндап отырған кешенді жер бедері пішіндерін қамтитын жалдар мен көл қазаншұңқырларынан басқа оған әдетте көл қазаншұңқырының шығыс бөлігінің ортақ тәрізді жартылай шеңбер жасап жатқан көл маңындағы төбешіктер де кіреді.
Төбешіктер суайырықтары мен су жиынтықтарымен ерекшеленеді. Бірінші кезектегі (жазықтық) үстірт немесе төбелер жазықтықтан көтеріледі және палеозойлық жыныстардың түзілген. Көл аралық төбешіктер қазіргі кездегі жер беті денудатциясына жатады. Мысал ретінде, Сілеті каньонін айтуға болады. Облыс территориясында Ерейментау таулары көзге түседі. өз кезеңінде палеозойлық жыныстармен шоғырланған. Орташа биіктігі 400 - 500 м. аласа таулы өлкелердің жер бедерін алдымен беткей экспозициясын сосын жыныстық құрамына байланысты ажыратасыз. Жер бедерінің жыныстық ерекшеліктері, әсіресе кварц, альбитефирами, гранит т. б. өзгеше ерекшеленеді. Жұмсақ жыныстарға рельефке құмтасты конглометарі қиыршықтасты т. б. жатады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде Сарыарқа тау тізбегі басталады. Оларға жататын орташа таулар - Мұзбел және Ерейментау. Сарыарқа Қазақтың ұсақ-шоқылы даласы Қазақстанның таулы өлкелерінің бірі. Физикалық, географиялық және табиғаттық-климаттық жағдайынан ең үлкен аймақ. Батысында Торғай үстіртімен, солтүстік батысында Солтүстік үстірті, ал Шығысында Шығыс-Тарбағатай таулары және Оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі, ұзындығы 1200, ені 900 км. Жер бедері - шекті жазықтықтар. Солтүстігінен жіктік аумақтарға Көкшетау облысы, Қарағанды облысы, Жезқазған облыстары, ал оңтүстік батысынан Павлодар бөлігі және Семей бөлігі алып жатыр. Солтүстік бөлігінен Ақмола облысы, жер бедері негізінен, аласа таулы өлке, оларға: Ұлытау (1133м), Ерейментау (899м), Жел адыр (601м), Арғынат (575м), Шығысында Теңіз - Қорғалжын құламасы. Теңіз жазықтығымен Көкшетау үстірттің арасында Есіл және Атбасар жазықтығы алып жатыр. Аумақтың геологиялық жағдайына қарасақ, солтүстігінен Орал - Монгол геосинклин алды белдеулерінде голеозолық метоморты қатты жыныстар. Кварцит, құмтас, әктас т. б. солтүстік Ақмолалық аумақта табиғи байлықтардың мынадай түрлері кездеседі: алтын, боксит, мыс, сурьма, каолин батпағы, квасты құмдар т. б. Қырқалар мен төбелер механикалық жағынан да, жасы жағынан да әр түрлі материалдардан құралған. Көптеген қырқалар төрттік кезеңнің дерлік сарғыш-сұр құмдарымен, сазды-құмдықты корбонатты топырақтарымен бірге жабылған. Кейбір жағдайларда тығыздалған саздың түпқабаттары, кейде төрттік кезеңнен жалды шөгінділері астында жер бедерінің жалға дейінгі беткі қабаты.
- Климаты
Климаты шұғыл континентті. Континенттілік жазғы және қысқы температураларында үлкен айырмашылық бар және ылғалдануы жеткіліксіз. Ауаның ең төменгі температурасы -48С, ең жоғарысы +41С. Қысы ұзақ және суық, жазы жылы бірақ қысқа. Қаңтардағы орташа температура -17С -19С, шілдеде 19-20С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-350мм. Қар жамылғысы тұрақты және оның қалыңдығы 16-56см, қысқы кезең ұзақтығы орташа алғанда 150-155 күн. Қыс айларында боран бірнеше сағаттан бірнешен тәулікке дейін созылады. Күн ұзақтығы жыл бойында 7-ден 17 сағатқа дейін өзгереді, тал түстегі күннің жағдайы- желтоқсанда 11, 5- тан шілдеде 58, 5-қа дейін. Ұзақты күннің күн сәулесінің жоғары құлау бұрышымен үйлесуі аудан аумағына жазғы уақытта жер бедерін жақсы қыздырады, бұған сонымен қатар аздаған бұлттылық та әсер етеді. Жазда мұндай күндердің саны айына 18 күнге дейін жетеді. Солтүстік аудандарда бұлттылық 78 оңтүстікте 41 күнге жетеді. Күн сәулесінің ұзақтылығы жылына 1900-2000 сағатты құрайды. Аумақтың жылу режиміне, сонымен қатар ауа массасының циркуляциясы да әсер етеді. Жалпы алғанда ауа қозғалысы қоңыржай белдеуінің батыс желдер ағымына тәуелді оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс. Осы бағытта атмосфералық құйындар -циклондар мен антициклондар қозғалыста болады. Аудан климатының ерекше қасиеттерінің бірі - құрғақтығында. Ең құрғақ жылдар: 1955 - 1984 жылдары аралығында болған. Жалпы мерзімді кезеңде сәуір, қыркүйек айларында болатын күндер саны 14 - 20. кейбір жылдары Ақмола өңірінде қыс аяздығы қатты болады, ұзақтығы 5 - 5, 5 ай, жер бетіне қардың түсуі қараша айында басталады. 120 - 150 күн жатады, қаңтар айында аяз қысып, қатты қыс басталады. Аязды күндер - 25 ºС- тан және кей аудандарда 10 - 14 ºС- дан, 38 - 45º - тан болып тұрады. Кейбір жылдары айына 18 - 20 күн қатты аязда болады. Жер бетіндегі қардың биіктігі қалыпты жағдайда 20 - 22см болады. Қар қалың жылдары қар жамылғысының жер бетінде жатуы 130 - 140 күн оңтүстікте, ал солтүстік аудандарында 150 - 155 күндей жатады. Көктемі наурыз айының 2-ші жартысына қарай болады. Ұзақтығы 1, 5 - 2 ай, температураның 0 ºС - ден көтерілуі сәуір айының басынан басталады. Қар жамылғысының ең ерте еруі он сегізінші наурыздан бірінші сәуірге дейін, ең кіші 25 - 26 мамырға дейін созылады. Түңгі қатқақ суықтар 10 - 19 сәуірден 13 - 15 мамырға дейін созылады, солтүстік аудандарда. Көктемгі ылғалдық жылдық мөлшердің 30 % құрайды. Жазы ыстық және құрғақ ауамен 3 айға созылады маусым - шілде - тамыз. Ең жоғарғы температура (30º С- ден жоғары) шілде айында 11 - 12 күн аптаған ыстық болады. Жаздық кезеңде атмосфералық ылғал 140 мм немесе 34% жылдық мөлшерді құрайды. Жазғы жауын - шашын нөсерлі болып келеді. Күзгі уақыт қыркүйек айының басынан басталып, қазан айының соңына дейін созылады, жазғы мерзімге қарағанда біршама құрғақ тау болып келеді. Орташа температура батыстан шығысқа қарай 13 - 10 ºС өзгереді. Қыркүйек айының бірінші жартысында ауа райы күрт суытып, алғашқы қар жамылғысында түсуі мүмкін. Қыркүйек айында 31мм, ал қазан айында 41мм ылғал түседі. Аудан территориясы 4 климаттық аймаққа бөлінеді: шамалы құрғақ өлі жылы, құрғақ жылы, өте құрғақ, құрғақ жылы аймақ. Шамалы аймақ, өлі жылы аймақ ( гидро термиялық коэффицент, ГТК 1, 0) Белсенді температураның мөлшері 10 ºС - 2100 ºС жоғары болмауы керек. бұл аймаққа Балкан мен Макин аудандарының солтүстік бөліктері мен Ақкөл ауданының солтүстік бағыты кіреді. Жылы мерзімде бұл өңірде 10мм. ылғал түседі. Орташа жылдық ылғалмен қатылудың арқасында бидай өнім 60% құрайды, бұл өте жақсы көрсеткіш. 135 күннің ішінде 10 ºС жоғары температура өсімдікке өте жақсы әсер етеді. Ашық участоктарда аязсыз кезең 105 күнге созылады. Аудан территориясында қолайлы температураның арқасында, бидай, картоп, капуста т. б. мәдени өсімдіктерді өсіруге болады. Нақты қар жамылғысының жер бетінде жатуы 140 күн, биіктігі 30 - 35см, бұл дегеніміз, қосымша су қорының 90 - 95 мм. Соңғы, әрі қысқа төрттік кезеңде (1 млн жылға жуық) Батыс Сібірде біршама өзгерістер болды, яғни тау жүйелері қалыптасты, климат бірнеше рет суыды және солтүстік аудандарды мұз басаты, теңіздер батты тағы басқа. Суық климаттың жылы климатпен алмасып отыруы (мұз басу аралықтары) кезектесіп отырды. Климаттың біріңғай тербелесі нәтижесінде өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі біршама өзгерістерге түсті. Төрттік кезеңнің басында ежелгі сүтқоректі жануарлардың кейбіреулері жойыла бастады. Олардың орнын жаңа фауналық кешендер баса бастады. Алғашқы плейстоцен уақытында ең ірі жануарлардың ішінде эласмотерий болды. Оның ұзындығы 2, 5м биіктігі 2, 0м, бас сүйегінің дөңбек және күмбез пішінді маңдай сүйегінде қысқа мүйіз болды. Эмласмотерийдің қалдық сүйектері Новоникольский, Новопавлов селолары тұсында табылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz