Сабақ барысында баланың ақыл ойын жетілдіру жұмыстарын белсендіру көздерін қарастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ БАЛАЛАРЫМЕН АҚЫЛ
ОЙЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ 6
1.1 Даярлық тобы балаларымен ақыл ойын дамыту жұмыстарын
атқарушы негізгі тұлға - тәрбиеші.
6
1.2 Ақыл ой тәрбиесін дамытуға ықпал етуші күш – отбасы тәрбиесі.
8
1.3 Баланың ақыл ойын жетілдірудегі - ойынның маңызы
10
1.4 Мектепалды даярлық тобында ақыл ойын жетілдіруді ойын негізінде
іске асыру жолдары
15
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ АҚЫЛ ОЙЫН
ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
21
2.1 Баланың ақыл-ойын және шығармашылығын жетілдірудегі –
ойынның ықпалы
21
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ақыл – ойын дамытудағы
мұғалімнің ықпалы
29
2.3 Оқу үрдісінде ақыл –ой ерекшелігінің танымдық құндылығы
33
2.4 Даярлық тобы және бастауыш сынып оқушыларының ақыл
ойын дамытудағы зерттеу жұмыстары
39
ҚОРЫТЫНДЫ
62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
65
ҚОСЫМША
67
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: бүгінгі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі
кең тараған, бұл түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның ақыл ойының
қалыптасып, даму ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта
отырып-тәрбиелеу" түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар
қоғамында өмір сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз
орнын дұрыс таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс
қалыптастыра отырып, ақыл ойының даму деңгейін жетілдіру қажет. Бұл
тақырыптың маңыздылығын айқын нақтылауда мектепке дейінгі педагогикада
Ақыл-ой тәрбиесі деген тақырыпты терең зерделеу қажет. Өсіп келе жатқан
бүлдіршіннің ақыл ой тәрбиесінде сенсорлық тәрбиеге және көрнекілік,
практикалық, сөздік әдістері ойынмен тығыз байланыстыруға басты назар
аударылған. Сабақ кезінде алты жасарлардың белсенділігін, өз бетімен жұмыс
істеуін арттыруда, әсіресе практикалық әдіске ерекше көңіл бөлу сөз болды
[1]. Енбек тәрбиесіне байланысты даярлық тобында және сыныпта өзіне-өзі
қызмет ету, қоғамдық мәні бар жұмыстарға белсенді қатыстырылуы көзделген.
Дидактикалық, шығармашылық ойындар арқылы, әсіресе, сабақтан тыс
уақытта тәрбие жұмысы олардың өзін қоршаған орта туралы түсінігін
кеңейтуге, кітапты сүюге, еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке,
қарапайымдылыққа баулуға бағытталған. Алты жасарлармен жұмыс жөнінде
дайындық топтағы мұғалімдер ғылыми баяндама, рефераттар, курс жұмыстарын
қарастырады. Мынадай тақырыптарға байланысты мәселелер қарастырылуда:
- Алты жасарлардың сабақ кезіндегі психологиялық, физиологиялық және
өзіндік ерекшеліктері туралы;
- алты жасарлардың сабақ кезінде жұмыс қабілетін арттырудың жолдары
мен әдістері;
- алты-жеті жастағы тіл дамыту жұмыстары;
- жай қарапайым заттардың көлемі мен ұзындығы туралы түсінік беру;
- қарапайым арифметикалық есептер шығару арқылы алты жасарлардың ойлау
қабілетін арттыру және тілін дамыту;
- мектепке даярлауда бейнелеу өнері арқылы графикалық дағдыларын
қалыптастыру;
- алты жасарларды оқытудағы ойынның ролі;
- мектептің даярлық тобында балалардын, тәртіп мәдениетін тәрбиелеу;
- алты жасарлардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиешілерді, мұғалімдерді, кеңінен қатыстыра алты жасарлармен
мынадай жұмыстар жүргізуге болады: сұрақ, жауап, диспут, ауызша-журнал,
пікір алысу, т. б.
Студенттердің ғылыми қоғамында, ғылыми-практикалық конферен-цияларда,
үйірме жұмысында алты жасарлардын. психологиялық, фи-зиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес көрнекі құралдар, методикалық ұсыныстарға байланысты
мынадай проблемалық мәселелерге назар ау-дарылады:
-Естияр жастағыларды оқыту және тәрбиелеудің теориялық, методикалық
негізі;
- мектеп және жоғары оқу орындары реформасына сәйкес алты
жастағылармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жетілдіру;
- бала бақшаның даярлық тобындағы адамгершілік тәрбиесі;
- дидактикалық ойындар арқылы алты жастағылардың белсенділігін
арттыру, т. б.
Біздің мектепте мектепалды алты жасарлармен жүргізілетін жұмыс туралы
методикалық бұрыш ұйымдастырылған. Онда бұл тақырыпқа жазылған
баяндамалар, ғылыми-методикалық нұсқаулар, әдебиеттердің тізімі, баспасөзде
жарияланған мақалалар бар.
Жоғарыда айтылған ғылыми және методикалық бағыттағы жұмыстың барлығы,
негізінен, педагогикалық практика кезінде балабақшалардың даярлық тобында
және жалпы білім беретін мектептерде орындалады.
Балаларды мектепке даярлау туралы арнаулы курс оқылады.
Ал алты жасарларды мектепке қалай даярлау керек? Бұл тың тақырып.
Естияр жастағы балаларды жалпы даярлығы туралы сөз болғанда олардың
интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесіне назар аудару
қажет. Тәрбиеші бұл кезеңде әрбір баланың психологиялық, физиологиялық
жағынан дамуы қалай? Интеллектуалдық жетілуі тоқтап қалмай ма, тоқыраушылық
кездеспей ме деген мәселелерге көңіл аударуы керек. Бұл мәселелер еш-
уақытта күн тәртібінен түспеиді. Себебі біздер, оқытушылар, тәрбиешілер
озат тәжірибені кеңінен пайдаланып, өмір ағымына ілесіп отыруға тиіспіз.
Балалардың денсаулығы туралы айтқанда, яғни алты жасарларға
медициналық тұрғыдан қойылатын талаптарды (биологиялық дамуы, денсаулығы
қалай, бұрын әр түрлі аурулармен ауырған жоқ па, т. б.) тәрбиеші ескеруі
керек. Ең басты мәселе - алты жасарлардың психологиялық, физиологиялық
дамуының қалай екенін анықтау. Бала психологиялық, физиологиялық тұрғыдан
әрбір дыбысты қалай айтады? Керн-Ирасектің текстісі бойынша зерттеудің
қорытындысы қалай? Педагогикалық практикаға бастауыш оқыту және мектепке
дейінгі бөлімнің студенттері қатысты. Оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі
бөлім студенттері педучилищеде, балабақшаларда инспекторлық-методикалық
практикадан өтеді. Практика кезінде алты жасарлармен жүргізілетін
жұмыстарға айрықша назар аударылады.
Дұрыс сөзбен айтқанда,педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға
байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың
негізгі объектісі -баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі
мақсат - әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік
оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын
маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу.
Ойын – бала іс-әрекетінің бір түрі болғандықтан, ересек адамдар оны
тәрбиелеу мақсатында қолданады. Ойында бала тұлға ретінде дамиды, оның
әлеуметтік және тұлғалық тиімді бейімделуі тәуелді болып келетін
психикасының барлық жақтары дамиды.
Ақырғы онжылдық ішіндегі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде,
жеке дара және жас ерекшеліктерін білуде емес, балалардың жеке
сипаттамалары мен мүмкіндіктерін ескеру қажетігі ең маңызды болатыны
көрсетілген. Ал ол болса ойында ғана айқын анықталады.Бастауыш сыныпта оқу-
тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез-құлқына, физикалық
және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.
Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс
кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай
білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте
сақтау қабілетін жетілдіреді[2].
Дидактикалың ойындарға сабак, материалын тереңдетуге және бекітуге
арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалык, ойын кезінде сабақ
мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Кәдімгі мектеп жағдайында оқушының
белсенділігі сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздерінің ойларын жеткізе білу кезінде
көрінеді. Тәжірибеден байқағанымыз дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу,
ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
Диплом жұмысының тақырыбы: Мектепалды және бастауыш сынып оқушысының
ақыл- ойын дамыту жолдарының ерекшелігі
Зерттеу мақсаты: Сабақ үрдісінде түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып
және түрлі танымдық тапсырмалар негізінде баланың ақыл ойын жетілдіру.
Зерттеу міндеттері:
1. Ақыл ой тәрбиесінің маңыздылығын түсіну.
2. Ойын элементтері негізінде – ақыл ойды дамыту жолдарын қарастыру.
3.Сабақ барысында баланың ақыл ойын жетілдіру жұмыстарын белсендіру
көздерін қарастыру.
Зерттеу пәні: Даярлық сынып және бірінші сыныптарда өтілетін сабақтар.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының №2
орта мектебі.
Ғылыми болжам: Егер сабақ үрдісінде және түрлі танымдық жұмыстар мен ойын
барысында ақыл – ойын жетілдірудің барысын дұрыс , ғылыми тұрғыда тәрбиеші
– педагог біліктілікпен ұйымдастыра алса, онда баланың ақыл ойының даму
деңгейі жоғары дәрежеде болар еді.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми
әдебиеттерге теориялық талдау, мектеп құжаттарымен танысу, мектептің
жұмыс нәтижелерін салыстыру, сұрақ, жауап, әңгімелесу, отбасы
дәстүрлерін зерттеу, педагогикалық бақылау, эксперимент, математикалық-
статистикалық өңдеу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Бастауыш мектеп оқушыларының ақыл ой
қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, қайта өңдей, жаңа
жағдайларда пайдалану нәтижесінде мынадай жаңалық енгізуге болады:
Шығармашылық - өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол
сабақтан тыс, сыныптан тыс уақыттарға жылжытылмай, әр сабақта өтілетіндей
оқу бағдарламаларының, оқулықтардың мазмұнында болуы шарт. Сабақтардағы
баланың позициясын өзгертіп, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы -
табыстың бірден - бір кепілі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу жұмысының нәтижелерін екінші,
үшінші сыныптарға да пайдалануға болады
Зерттеу жұмысының құрылымы : Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан ,
әр тарау төрт бөлімнен , қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады.
1 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ БАЛАЛЫРМЕН АҚЫЛ ОЙЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. Даярлық тобы балаларымен ақыл ойын дамыту жұмыстарын атқарушы негізгі
тұлға - тәрбиеші
Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің
бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой
тәрбиесінің бұл acпeктici баланың ойлау операциясының, танымдық
процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей баланысты. 6-7 жастағы
баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты және ең алдымен
баланың өздігімен әрекеті және танымдық, белсенділігі атқарады. Ғалымдар
С.Л.Рубинштейн, Д.П.Годовикова, Т.А.Куликова, А.И.Сорокинаның еңбектерінде
6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының,
коммуникативтик сұрақтары, танымдық сипатының дамуы, танымдық белсендінінің
көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің Балабақшадағы оқыту атты
еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу әрекетіндегі танымдық
белсендігіне байланысты үш денгейге берілген теориясын басшылыққа алуды
ұсынды.
6-7 жастағы балалардың танымдық белсендінін дамыту балабақшадағы
педагоггардың үлесіне тән, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты.
Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педагог мамандарына түпкісінен білім
берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға,
практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көніл бөлуде. Оның
дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 22-бабында
(1999), Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасында (2000)
кадрларға қойылатын талаптар атап көрсетілді.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап,
дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша
педагогі өзін жәй ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және
кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың
психологиялық ерекшелігін қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген
қызығушылығы басым болып келеді [4]. Баланың өздігінен позициясы
қалыптасып және ой қажеттіліқ арқылы сипатталады: танымдық қажетілігі;
белгілі бip әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог-тәрбиешімен,
ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай
жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрган ертеңгі мектеп
оқушысы деп қарап, баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін
таным үрдістерің (түйсін, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс
бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан
осындай ерекшелікті ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші-педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруда, оның кезін ашуда басты тұлга. Kaзipri таңда
мектеп оқушыларының танымдық белсендінгін арттыру мәселесі жоғары деңгейде
шешіліп, оқытудың жаңа технологияларының енгізіп, сапалы нәтижелері
байқалып отыр. Ал балабақшада бұл өзекті мәселе қандай деңгейде шешілуде
және тәрбиеші-педагогтар қандай әдістемелер қолданып келеді деген сұрақ,
кез келген маманды ойландырады. Әрине, казіргі оқыту технологияларын
балабақшаға лайықты түрлерін ipiктеп оқу-тәрбие процесіне енгізіп,
балалардың таным белсенділігі мен балашақтағы оқу әрекетіне деген ынтасын
арттыруда маңызы зор. Кейбір, балабақшаларда жаңа технологиялар қолданылмай
жүр дегеннен аулақпыз, ойын арқылы оқыту, дамыта отырып оқыту технологиясы
қолданылып келетіндігін тәжрибе көрсетіп отыр. Ғалым С.Жиенбаеваның 6-7
жастағы балаларды қол еңбегіне баулуда саралап оқыту технологиясын қолдану
тәжірибесі де нақтылай түседі. Дегенмен, жаппай тәрбиеші-педагогтардың
балалардың таным белсендінгін дамьггуда тиімді әдістерді қолдануы өзінің
білімін жетілдіруіне тығыз байланысты. Өзінің білімін жетілдіру дегеніміз -
жеке басының кәсіби шеберлігін шындауы, педагогикалық, әрекетін
шығармашылықпен ұйымдастыра білуі.
Педагог мамандығының әлеуметтік мәні – тәрбиеленушілердің қазіргі
қоғамның өзгермелі әлеуметтік мәдениетіне беймделуіне, оларды ереже, заң
бойынша өмip сүруге жол ашып, кейін олар үшін идеяға айналдыру. Тәрбиеші-
педагогтың педагогикалық әрекеттерінің компоненттері: педагогикалық мотиві,
мақсаты А.Н.Леонтьев, қарым-қатынасы (субъект-субъект), педагогикалық
техника, біліктілігі, өз еңбегінің нәтижесінде талдауы. Мекгепке дейінгі
мекеме мамандарының кәсіптік бағыттары, педагогикалық epeжелері туралы
Е.А.Панько, Л.Г.Семушина, В.И Логинова, Р.С.Буре, К.А.Аймагамбетова, Б.О
Арзанбаева зерттеулеріндегі педагог-тәрбиешілердің қызметі,
профессиограммасы мәселелері туралы атап кеткен. Профессиограмма - бұл
ғылыми негізделген педагогтың жеке тұлғалық кәсіптік сапаларына талаптар,
дуниеге көзқарасы, жалпы мәдениеті, психологиялық-педагогикалық, арнаулы
білімі, сол сияқты педагогикалық біліктілігі мен дағдысы.
Қорыта айтканда, бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен
прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беруде, оның рухани байлығы мен
мәдениетін арттыруда танымдық белсендінілігін дамытудың маңызы зор. Басты
мәселені шешуде тәрбиеші-педагогтың орны ерекше дей отырып, терең зерттеуді
талап ететін күрделі мәселе аспект.
Ұстаз беделі, ең алдымен, өзінің жеке басының қасиеттеріне,
ұстаздық қабілетіне байланысты. Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан
мамандықтардың бірі. Білімді таратушы болды. Сол себептен мұғалімдердің жан-
жақты білімді адамдар болуы тиіс. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин Маған жақсы
мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім мектептің жүрегі дегені
мәлім Бала атаулыға ашық-жарқын қарап, мейірлене қарай білсек, оның пәк
сезімінен шықсақ, сенім артар серік табарымызға күмән жоқ. Бүгінгі күні
мектеп жасындағы балаларға жаңа технологияға сай, жаңа оқу бағдарламасымен
білім беру өзекті мәселердің бірі болып табылады. Бірақ қандай да білім
беру жүйесін алып қарасақ та оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
келелі із болып табылады. Бастауыш сыныптарға сабақ беру үшін мүғалімде
терең де, жан-жақты білім болу керек. Бастауыш мектептің негізгі мақсаты-
балалардың ойлау қабілеттерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту[5]. Оқу
әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекеті нақты жағдай
шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерді дамытады. Шығармашылық
қабілет әр баланың табиғатындағы болуы мүмкін.
2. Ақыл ой тәрбиесін дамытуға ықпал етуші күш – отбасы тәрбиесі
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық
тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеу нәтижелері осы
кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның
өзі оларга білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы
түсініктерін жетілдіріп, еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын
қалыптастыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды
отбасында тәрбиелеудің маңызы өте зор. Ата-аналардың басшылығымен баланың
өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі
қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиелеуші ортаға, айналадағы
адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады. Сәби шағынан бастап, отбасы
мүшелерімен үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасау секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу - ата-аналардың ардақты борышы.
Балбөбек бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізгі
міндеттер атап көрсетілген. Сол міндеттердің ішінде он көлемінде санай,
есептей білуге, ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыруға,
математикалық ұғымдар туралы алғашқы мағұлматтарды меңгерту ісіне,
геометриялық пішіндерді оқытуға көңіл бөлінеді. Жаңа бағдарлама бойынша 3-4
жастағы балалар тобында дөңгелек, шаршы, үшбұрыш туралы түсінік беріледі
де, 4-5 жастағы балалар тобында жұмыс түрлері біршама күрделене түседі.
Мысалы, шар, текше, цилиндр сияқты геометриялық денелермен танысады. Ал, 5-
6 жастағы балалар тобында бағдарлама бойынша үйретілетін ұғым көлемі әрі
қарай күрделеніп, үшбұрыш, төртбұрыш, цилиндр, шаршы, сопақша, дөңгелек
т.б. геометриялық пішіндер мен денелер туралы жан-жақты толык түсінік
беріледі [6].
Бағдарламада геометриялык пішінмен таныстыру, санауды үйрету, 10
көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен
өлшемдер жүргізу, сусымалы және сүйык заттардың көлемін анықтау, балалардың
көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жетілдіру, кеңістікті бағдарлай білу
дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі, төрт бөлікке бөліп үйрену секілді
мәселелерге назар аударылады.
Математикалық алғашқы ұғымдарды дамытудың мұндай бағдарламалық
мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы және басқа ұғымдарды
неғұрлым терең түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі
жетілдіру еді. Ол үшін тәрбиеші балалардың білім, дағды деңгейін, жалпы
даму ерекшелігін алдын ала анықтау қажет. Ол үшін ата-аналар төмендегідей
жұмыстарды іске асыруға тиісті.
Балаға ең алдымен математикалық түсінік отбасында беріле бастайтыны
мәлім. Сәбиіне жеміс ұсынған ата-анасы; "Құлыным, саған бір алма, бір
алмұрт берейін, екеуін де жей ғой" дейтіні үйреншікті жағдай. Осылай айта
салудан бала білім ала алмайды. Белгілі жүйеге келтірілмеген мұндай білім
мектепте математиканы тез игеру үшін де сенімді бағдар бола алмайды.
Сондықтан балабакшасында карапайым математикалық түсінікті дамытуға
бағытталған арнайы сабақтар өтіледі. Ал карапайым математикалық ұғымдарды
меңгерту жұмыстарын үй жағдайында ата-аналар атқарады. Әрине, осының бәрі
ата-аналардың мақсатты, табанды, әрі жүйелі жұмыс жүргізуін, ол үшін
біршама әдістемелік даярлығы болуын қажет етеді. Бұл айтылғандар, әсіресе,
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау ісіне тікелей қатысты [7]. Тіпті,
балабакшаға барып жүргеннің өзінде де, ата-аналар тәрбиешінің тапсыруы
бойынша жұмыстың белгілі бөлігін үйде жүргізгені жөн болады.
Ата-аналар ең алдымен бес жастағы баланың математика жайында нені
білуге тиіс екенін, олардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ үйретудің әдіс-
тәсілдерін білулері керек.
Баланың отбасындағы математикалық даярлығы дегеніміз не?
Бес жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның
санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға
талпынады.
Бұл кезенде баланың оқуға икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына
білу кабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Баланың меңгерген
білімін пысықтап, нактылай түскен жөн. Алты жаста-ақ баланың алғашкы ондық
туралы түсінігі қалыптасады. Ол 10-ға дейін санап, реттік сандарды
салыстырып; 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды атап, айта білетін болады.
Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бала апта күндерінің ретін, тәулік
мезгілдерін ажыратып, бүгін, ертең, кеше ұғымдарын сөзбен дұрыс айта білуі
керек.
Алты жастағылар әдетте балабақшаның даярлык тобына барады. Солай бола
тұрса да, оған математикалык білімді меңгеруі үшін ата-аналардың көмегі
қажет. Балалардың нені үйренгенін, нені қайталап, пысықтауы және тереңірек
меңгеруі керектігін ұдайы қадағалап отыру баланың мектепке қиналмай оқуына
берік негіз қалайды.
Бала алты жасқа келгенде 10-ға дейін жақсы санай алуы; есептеу
материалын пайдаланып, ауызша косу, азайту сияқты арифметикалық амалдарды
орындай білуі; әр түрлі шама өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы)
бойынша түрлі заттарды салыстыруы, көпбұрыштар мен басқа да геометриялық
пішіндер туралы кейбір мәліметтерді саналы түсініп, айналадағы заттарды,
дәптер мен кітап жазуларын жақсы айыруы; ай аттары мен апта күндерін атап,
сағат бойынша мезгілді анықтай білуі тиіс [8].
Бұл кезеңде баланың ойлау кабілетінде де айтарлыктай өзгерістер туады.
Оның талдау, жинақтау, корытынды жасау, өз әрекетін дәлелдей білу қабілеті
дамиды.
Баламен сабақ өткізу алдын ала дидактикалық (көрнекті) материалды
даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды,
баламен бірге серуендеу және демалу кезінде жиналған табиғи материалдарды
пайдалануға болады.Сонымен катар, иллюстрацияларды, суреттерді,
фотосуреттерді, жануарлар, кұстар, жәндіктер, көкөністер, жемістер
бейнеленген картиналарды, құрылымы әр түрлі есепшотты, геометриялық
пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек. Өлшеу үшін лента,
таяқша, банка, касық, текше сияқты материалдар қажет болды. Ол үшін
дүкеннен "Санай біл" деген ойынды сатып алуға болады, онын ішінде есептеу
таякшалары, геометриялық пішіндер, сонда-ақ сюжетті картиналар бар [9].
Біздің мақсатымыз – осы материалдарды пайдаланып, отбасында баланы санауға
қалай үйретуге болатыны жөнінде ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.

Мектепалды бала (алтыжасарлар ғана емес, әлбетте) ойын іс-әрекетіне
талпынады, ойын ол үшін өмірдің мәні болып табылады. Ойын деген не және
оған балалар неге құмар? Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін
баланың басы артық күш-қуатты жұмсап, шығындау қажеттілігімен түсіндіреді.
Алайда мұндай көзқарас: бұл басы артық күш-қуат баланың бойында қайдан жүр?
Неліктен бала ол күш-қуатты бір ойында жұмсай алмайды, сөйтіп жаңа
ойындардың бірінен кейін бірін бастап қызығып ойнай береді? Ойындардың
мұндай алуан түрлілігі оған неге қажет? Баланың бір ойында, мәселен, мысық-
тышқан ойынында, жұмсаған күш-қуаты, мысалы, оның стол хоккейінде
ойнағанда шығындаған күш-қуатқа қарағанда мүлде басқа қайнаркөз бен бағытқа
ие дегендік болып шықпай ма? — деген сұрақтарға айқын жауап бола алмайды.
Сірә, ойынның психологиялық таби-ғатын түсіндіруді осы сұрақтардын
жауабынан бастаған жөн болар, әйтпесе баланың неліктен соншалық тұрақты
табандылықпен бір ойыннан екінші ойынға кірісетіні, бір ойыншықты тастай
салып, табанда екіншісіне жармасатыны, ересек адам ойынды тоқтатып
немесе күштеп үзіп тастағанда неліктен жанжалдасатыны шынында да түсініксіз
болады. Бұл арада бізге әйгілі совет психологі Д. Н. Узнадзе негізін салған
міндеттік тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні неде?
Оның мәнін еркін баяндап бергім келеді.
Бала тумасынан белгілі бір, генетикалық жақтан бекітілген міндеттерге,
күштерге, мүмкіндіктерге ие, олардың кейбіреулері бірден немесе туғаннан
кейінгі алғашқы күндерде-ақ (анасының емшегін ему, қолдарын немесе аяқтарын
ербеңдету, дүдәмал дыбыстар шығару және т. б.) әрекетке келеді.
Баланын, жекелеген міндеттерінің оның күнделікті іс-әрекетіне қосы-
луынық осы бірізділігі, біріншіден, табиғи түрде күні бүрын белгіленіп
қойылғандығына, екіншіден, міндеттердің белгілі бір топтарының, ком-
плекстерінің дер кезінде пайда бол-уына дем беруге, олардың дамуы мен
қалыптасуына жәрдемдесуге тиісті айналадағы ортаға байланысты. Мәселен,
нәресте туа салысымен жүріп кете алмайды, ол үшін бүл күштің генетикалық
жақтан күні бұрын белгіленіп қойылған жұмыс істеу уақыты келуі керек,
алайда ол күш дамып, екі аяқпен жүру формасын алу үшін адамдық қамқорлық,
баланы іс-қимылға шақыратын, оның жығылмай түрегеп тұруына, тәлтіректемей
жүруіне көмектесіп, үйрететін қолайлы орта қажет.
Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс арқылы міндеттік күштерді
дамыту жайындағы мәселеге біз әлі ораламыз, ал бұл жерде олардың ойын
қызметіне тәуелді, байланысты екенін ғана айта кетпекпіз. Ішкі күштерде,
міндеттерде іс-әрекеттің түрткісі, даму тенденциясы болады. Ал белгілі бір
қызмет, кызметтер тобы белсенділікке айналарда бұл сәтті бала бәрінен де
гөрі ойынды қажетсіну ретінде бастан кешіреді. Ойнағым келеді шын
мәнісінде міндеттік күштердін баланы еркің іс-әрекетке бағыттайтынын
білдіреді, сөйтіп баланың, кандай ойынды тандап алғанына қарай, ол осы
сәтте қандай қызметтерді қозғалысқа келтіретінін анықтауға болады. Енді
ойнағым келмейді мәні жөнінен міндеттердің бұл тобы осы сәтте өзінің күш-
қуатын сарқып болып, уақытша демалысты талап етеді дегенді білдіреді,
бірақ бұл сәтте міндеттердің басқа бір тобы қозғалысқа келуі мүмкін, ондай
болғанда бала бірден әлгі міндеттердің дамуына бәрінен де гөрі көбірек
көмектесетін ойынға кіріседі.
Сөйтіп, міндеттік тенденцияның мәні баланын, ішкі, туа біткен күш-
терінде қимыл-қозғалыс түрткісінің болатынында, олардың өзі дамуға
тырысады, қозғалыс пен даму олардың табиғи күйі болып табылады. Ойнағым
келеді мен Ойнағым келмейді ішкі (интерфункционалдық) күштер күйін
эмоционалдық сезінуден басқа ештеңе де емес. Ойын, демек, артық-ауыс қуатты
жұмсау емес, қайта дамудың негізгі, ең басты формасы, міндеттік
тенденцияның еркін, сезімдік (спонтанды) пайда болу формасы; сөйтіп,
міндеттер мен олардың комплекстері бір-бірінен өзінің қызмет жағынан
ерекшеленетін болғандықтан, олар баланы мазмұны жөнінен әр түрлі ойындар
ойнауға мәжбүр етеді [10]. Толық түрде сәйкеспейтін ойын мен ойыншық дамуға
бейімделген күштердің қиын қызметіне жәрдемдеспейді, баланы тез мезі
қылады. Сонымен бірге ойындар мен ойыншықтар арқылы бала адам іс-қызметінің
көптеген элементтері мен түрлерін ойдағыдай меңгере алатыны да айқын бола
түседі.
Егер спонтанды қозғалыс пен интерфункционалдық (ішкі қызмет) күштердің
дамуы ойын қызметіне түрткі болатын болса, онда осынау күштердің жарыққа
шығуына, дамуы мен қалыптасуына қарай ойынды қажетсіну іс-қызметтің басқа
түрлеріне (сауық, оқу, еқбек) орын бере отырып, әлсірей түсуге тиіс екені
хақ. Шынында да мұның солай екені солай. Көптеген қызметтердің ең қарқынды
дамуы баланың 7-9 жастарында болады, сондықтан да бұл жаста ойынды
қажетсіну ерекше күшті болып, ойын дамуды басқаратын іс-әрекет түріне
айналады. Ойын арқылы баланын жеке бастық қасиеттері, оның нақты болмысқа,
адамдарға деген қарым-қатынасы қалыптасады.
Мектепалды бала міндеттік тенденциянын, әсерінен белсенді іс-
әрекетсіз, ойынсыз өмір сүре алмайды. Ойын әрекетін тоқтатып, балдыр-ғанды
баска, интерфункционалдык (ішкі қызмет) күштердіа қозғалысына қарама-қайшы
қызметке жегу оның қарқынды дамуы мен бойындағы нышандардың жан-жақты
ашылуына тежеу деген сөз. Нақ сондықтан да алты жасар адамды оқу қызметіне
мәжбүрлеу мынадай бір нәрсеге әкеп соғуы мүмкін: ол мектепті, оқуды,
кітапты, педагогтін, өзін жек көріп кетуі мүмкін.
Бұл айтылғандарға байланысты мынадай сұрақ туады: алты жасар балаларды
сонда мектепте қалай оқытып, тәрбиелеу керек, оқу-тәрбие процесінің сипаты
мен бағыты қандай болуға тиіс? Бұл сұраққа жауап беруден бұрын тұтас
алғанда бастауыш білім беруге қатысты зор маңызы бар басқа психологиялық
аспектілерді қарастырайық.
Балалық шақ деген не? Психологиялық және педагогикалық сөздіктерде балалық
шақ ұғымына анықтама берілмей келеді. Бұл аз дегенде таң каларлық жайт,
өйткені оның мазмұны туралы айқын түсінік болмай тұрып, жас психологиясының
және педагогикалық психологияның негізгі қағидаларын, сондай-ақ баланың
көптеген іс-әрекеттері мен мінез-құлқын түсіндіруге болмайды.
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір кезеңі деген сөз.
Алайда бұл жас кезеңі келесі жас кезеңдерінен несімен ерекшеленеді?
Күнделікті ұғымда балалық шак сөзі титімдей адамның қамсыз-уайымсыз
тіршілігімен байланыстырылады: егер бүлдіршін өзінің қажеттерін
қанағаттандырудан басқа ештеңе туралы ойламаса, егер ол ойыннан, ермек пен
рақаттан басқа ештеңені қаламаса, демек, онын балалық шақ күйінде
тұрғаны.
Балалық шақты, әлбетте, жас шамасынсыз елестетуге болмайды, бүл-діршін
де, әрине, үлкендердің қамқорлығы мен қорғауын қажет етеді. Сонымен қатар
әркім өзі бүлдіршіндерге қатысты алғандағы біздің қам-қорлығымыз неден
көрінуге тиіс екенін, оларды неден қорғап, сақтау керек екенін айқындап
алғаны жөн. Егер де балалык шақ ұжмақтағыдай қамсыз, рақат дәурен деген
ойды басшылыққа алып, біз балдырғанды осы күйден шығарып, нақты болмысқа
басқаша көзбен қарауға мәжбүр ететін өзгеріс атаулыға қарсы шықсақ жақсы
болар ма еді? Егер де жасанды жағдайлар арқылы біз оны осынау ұжмақ
дүниеде мүмкін болғанша ұзағырақ кідірт-сек, сонымыз баланын, пайдасына
шыға ма? Әрине, біз мұнымызбен балаға тек қана зиян келтіреміз, ал бұл
балалық шақты қорғау емес, қайта оның мәнін бұрмалағандық болады. Өкінішке
орай, кейде солай балалық жастан асқан талайлардың тағы да айтарлықтай ұзақ
уақыт бала күйінде, яғни, өзінің кешегі күнінде қалып қоятындары болады
[11]. Ал мұнда олардың өмірдің бір баспалдағымен екіншісіне дер кезінде
көтерілмей қалу қаупі бар.
Біріншіден, балалық шақ дегеніміз — қамсыз, ұжмақ өмір кезеңі емес.
Бізге, үлкендерге, біздің өмірлік проблемаларымыз тұрғысынан қарағанда
балалардың қам-қарекеті жоқ, олар тек қана ойнап, күліп қана жүретіндей
көрінеді. Мұндай түсінік дұрыс емес. Үлкендер сияқты, балалардын, өмірінде
де күрделі, шешілуі қиын, кейде шешілмейтін проблемалар көп, олар балаларды
күйзелуге, қайғыруға, қиыншылықтарды жеңуге, күресуге, қуануға мәжбүр
етеді. Балалардьщ өз арасында, балалар мен үлкендер арасында өзара күрделі
қарым-қаты-астар пайда болады. Бізге түкке тұрмайтындай көрінетін нәрсе, -
неге төбелеседі; неменеге жылайды, несіне қуанады?! - балдырған үшін тіпті
де ұсақ-түйек емес, керісінше, өмірдің мәні. Сонымен балалық шақ тіпті де
уақыт өткізу мен құлпырған өмір емес. Балаларға өмір сүру кейде қандай қиын
екенін, ол өмірдің қаншалық көп қырлы және мазмұнды екенін байқамайтын
ересек адам оларды тәрбиелеуде қате жіберуі мүмкін.
Екіншіден, нағыз балалық шақ - ілгері жылжу деген сөз, есеюдің тоқ-
таусыз процесі деген сөз. Бүлдіршін үлкен болғысы келеді. Оның күнде-лікті
өмірінің сипаты, бағыт-бағдары есеюге деген осынау талпынысты, тезірек
үлкен болғысы келу тілегін үнемі қуаттап отырады. Егер онын барлық іс-
қылығын, ойындарының мазмұнын бажайлап талдайтын болсақ, онда көпшілік
жағдайларда оның үлкендерге еліктеуге тырысатынын, өзін үлкен адам етіп
қиялдайтынын, солардың ролін ойнайтынын байқау қиын емес. Көптеген
ойындардан біз балалардың әке, шеше, дәрігер, жүргізуші, құрылысшы,
мұғалім, солдат, сатушы және т. б. болып ойнайтынын байқай-мыз.
Бүлдіршіннің өзінен кішінін, рөлінде болған жағдайды табу қиын. Балалардың
сөздеріне, айтыстарына құлақ салайықшы: олар үлкендердін көзқарасы
тұрғысынан түкке тұрмайтын мәселелерді - кубиктерден қалай үй жасау керек?
Ойыншықтарды өзара қалай бөлісу қажет? - барынша байыптылықпен талқылай
алады. Бұл кезде олар ешқандай да қамсыз емес, қайта өмірлік маңызды
проблемалар жайын ойлап мазасызданады, сондықтан бұл қам-әрекеттер де
оларды есеюге қарай жетелейді. Ойыншық немесе бала-лардың жасына өлшемдес
еңбек құрал-саймандары - кішкентай күректер, балғалар, нак осы мақсатпен
жасалады, қуыршақтарды және т. б. осыған жатқызған жөн. Ал балалардың
сұрақтары ше? Ол сұрақтардың кебіне балалық түсінік ауқымынан асып
кететінін байқау қиын ба, сірә? Үлкендер кейде өздерінің түсініктерін
болашаққа қалдырумен шектеледі: Өскенде түсінесіңі, - дейді.
Сөйтіп, балалық өмірдің мәні, балалық шақтың мәні, тезірек үлкен
болуға талпынудан басқа ештеңе емес. Бұл тенденцияны балалар өздерінің
күнделікті өмірлерінің барлық формалары: ойындар, танымдық қажеттерін
қанағаттандыру, еркеліктері, дербестік көрсету табандылықтары арқылы жүзеге
асырады.
Егер балалық шаққа осы тұрғыдан қарайтын болсақ, онда біздің ба-лалар
жөніндегі позициямызды басқаша ұғынған жөн. Олармен қарым-қатынастарымызда
біздің, сірә, олардың есеюді қажетсінуін қолдап-куаттағанығыз жөн болады.
Балаға оның әлі кішкентай екенін үнемі еске салып отыру, мүсіркеушілік,
ескерушілік көрсетіп отыру, оны шектен тыс әуектету мүлде міндетті емес.
Егер біз баламен қарым-қатынасымызда оған кішкентай деп қарамай: сенім
білдіріп, маңызды істер тапсырсақ қана, олармен санасқанымызда ғана, сол
арқылы есею процесін ол үшін сезінерліктей еткенімізде ғана бүлдіршін
жөніндегі біздін қамқорлығымыз педагогикалық мәнге ие болмақ.
Тәрбиелеудің міндеті - балалардың есеюіне көмектесу, осы жолдағы тіпті
титімдей ілгерілеуді болса да қолдап отыру. Тек солай істегенде ғана оларға
нағыз балалық шақты беруге болады. Біз көбінесе балаларға мүмкін болғанша
көбірек асыр салдырып, рақатқа бөлеп, ойыншықтар беруге, сейтіп, барлык
еңбектен, тіпті өзіне-өзі қызмет керсетуден қорғаштауға көбірек қам
кыламыз. Ондай жұмыс баланың есеюін баяулатудан, сондықтан да балалык
шақтың өзін жұтаңдатудан басқа ештеңе де емес. Әлбетте, бүлдіршінді дамыту
үшін ойыншықтарды ақылды іріктеу де, әкесімен бірге серуендеу де
айтарлықтай мәнге ие, бірақ ен бастысы - біздің оны қалай түсінетінімізде,
онымен калай қарым-қатынас жасайтынымызда, мұндай қарым-қатынастан ол
қандай сезімді бастан кешіретінінде болып табылады. Балалық шақтың қуанышы
мен романтикасы тіпті де ойыншықтар мен рақатта емес, қайта өзін және
өмірді ашуында, өзінің болашағына жақындай беруінде. Міне, сондықтан да
балалар өздерінің дербестігін баянды ететін іс-қылықтар жасайды, ойын
ойнап, өздерін үлкендер әлеміне енгізетін ойыншықтар алады және де осынау
тынымсыз, шытырман оқиғаларға, қиыншылықтар мен жеңулерге толы болашаққа
талпынған іс-қимыл біздің балаларымыздың нағыз балалық шағы да болып
табылады. 21 ғ. алты жасар балаларынын көбірек білуге, оқуға, жазуға,
есептеуге үйрену, жаңа достарға ие болу үшін мектепке барғысы келуі балалық
шақ дегеніміз есею екенінін бір дәлелі, оның мәні - неғұрлым мазмұнды,
қызықты, ақылды, дербес өмірді ажетсіну.
Ойын - өмір бейнесі. Ойын барысында баланың қиялы жүзеге асады. Бала
ойыншықтармен ойнай отырып олардың тек ойыншық екенің біле тұра, олардың
тірі санайды, түсінеді, ол пилот шын балмасада, сол рас өзін ержүрек
пилот сезінеді, өз жеңісін мақтан тұтады.
Баланың ойын барысында ересек адамдарға еліктеуі қиял жұмысымен
байланысты. Бала шындықты көшірмейді, ол өмірден алған әртүрлі әсерлерін
жеке тәжірибесімен араластырады. Ойын барысында баланың шығармашылығы
артады [12]. Ойын- баланың ақыл ой тәрбиесінің негізгі құралы болады.
Баланың балабақшада, отбасында алған білімдері, ойын кезінде практикалық
қолданып дамиды. Өмірдің әрқилы жағдайларын, ертегі және әңгімелерден алған
сәттерді бала қайта жаңғырта отырып, ол не көргенін, не естіп білгені
туралы ойланады; көптеген құбылыстардың мән мағынасы ол үшін түсінікті бола
бастайды.
Өмірден алған әсерлерді ойында жүзеге асыру – күрделі процесс.
Шығармашылық ойынды тар дидактикалық мақсатқа бағындыру қиын, ол арқылы
маңызды тәрбие міндеттері шешіледі. Балалар ойын рөлдерін өздерінің
қызығуларына, өздерінің болашақ маман болу туралы армандарымен байланысты
тандайды. Олар әлі анқау , әлі талай өзгереді, бірақ маңыздысы болып бала
қоғамдық еңбек үшін пайдалы қатысу туралы арманы. Біртіндеп ойын барысында
балада еңбек маңызы туралы, әртүрлі мамандықтар туралы жалпы түсінік
қалыптасады.
Ойын барысында балалардың ақыл ой белсенділіктері әрқашан қиыл
жұмысымен байланысты болып келеді.
1.4 Мектепалды даярлық тобында ақыл ойын жетілдіруді - ойын негізінде
іске асырудың жолдары
Қазіргі күндері адамдар арасындағы карым-катынаста ізгілік,
сыйласымдылық, жанашырлық, бір-біріне деген көмек сияқты адамгершілік асыл
касиеттердің тапшылығы жайлы айтылып та, жазылып та жүр. Адамгершілік
тәрбиенін аталмыш кқасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен
жүзеге асырылатыны белгілі. Сол әдістердін бірі қимыл-қозғалыс, ойындар деп
қарастырып, осы мәселеге кенірек тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Барішамызға
белгілі, адамнын тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен
танысуы балалық шағында өте интенсивті болады. Бұл кезеңдерге мектепке
дейінгі шақ, кіші және орта мектеп жасындағы балаларды жатқызамыз. Күннен
күнге өсіп келе жатқан жас организмнін ең негізгі қажет ететін факторы
қимыл-козғалыстар, ойындар болып табылады [28]. Яғни бала тәрбиесіне ықпал
ететін тағы да бір жол деген сөз, біздің ойымызша ол тиімді де дұрыс жол
сияқты, себебі ойын арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге
болады. Осы істің тиімділігі тәрбиешілердің, мұғалімдердің, үлкендердін
балаларға жаңа қимыл-қозғалыстар, ойындар үйрету кезінде балалардың
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оларға лайықты
ойындар тағайындауына тікелей байланысты болады.
Ата – Заңымызда Тіл туралы заңы халыкта білім беру мекемелеріне де
көп міндеттер жүктеп отыр. Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп
қоймай, өткен жолымызды, салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды, дәстүрлерімізді
мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет
емес пе?
Бұл ретте ойындардын, әсіресе ұлттык ойындардың рөлі өте зор. Оларды
қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттык, жарыстар, серуендер
кезінде жүзеге асады. Осы мақсатта қазак тілі мен әдебиеті сабактарында да
пайдаланған жөн сияқты. Себебі нақ осы пәндерде санаға көбірек салмак
түседі. Осыны болдырмас үшін өтетін тақырыпқа байланысты қимыл-қозғалыстар,
жаттығулар, жаңылтпаштар, дене тәрбиесі сергіту минуттарын ұйымдастыруға
болады.
Адам организмінің қимыл-қозғалысқа мұқтаждығын ескере отырып, сабақ
ортасында сергіту минуттарын (ұзақтығы 1-1,5 мин.) ұйымдастырса баланың
денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ матераилдарын қабылдау сапасы да
артар еді. Әр ұстаз өз сабағын қалыптасқан стандартты түрде емес, қиялын,
қабілетін пайдаланып қызықты, тартымды, әрқилы өткізсе, балалардың сабаққа
деген белсенділігі артып, сабақ сапасы жоғарылары анық.
1—4 сынып оқушыларынан қозғалыссыз үнемі ойлауды, ізденісті талап
ететін ана тілі, математика, қазақ тілі іспетті сабақтарда оқушыларға
түсетін психологиялық және физиологиялық салмақты азайту, сергіту олардың
бой жазып, сергуіне мүмкіндік жасау мақсатында бірнеше комплекс ұсынып
отырмын. Мұнда ата-бабамыздың тұрмыс-салтында жиі кездесетін іс-қимылдар,
ұлттық ойындар элементтерін пайдаланған жөн.
Жаттығулар комплексін құрастыру және пайдалану кезінде мынадай
мәселелерге көңіл бөлген дұрыс: жаттығу балаларға лайықты, көп қиындықты
талап етпейтін, мүмкіндігінше дененің барлық бұлшық еттеріне әсер ететін
болуы керек. Оларды пайдалану және өткізу барысында жоғарыдан төмен қарай
принципіне сүйенген жөн, яғни алғашқыда бас, мойын, сосын иық, қол бел және
аяк бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Ұстаздар сергіту сәттерін оқушылардың сабаққа деген ынтасы тө-мендеп,
шаршағандығы байқала бастағанда, сабактың кез келген мерзімінде
пайдалануына болады, негізінен сабақтын екінші жартысында қолданған тиімді
болады. Балалықтың канына ойын азық тектен-тек айтылмаған.
Балардың даму заңдылықтарың ескере отырып, ойынның түрлерін керек
кезінде қолдана білсек, баланың танымдық қызығушыларың, ынтасын,
белсенділігін арттырып отырамыз.
Мектепалды даярлықта ойын әдістерінің түрлері.
Ойын баласын оқытатын болсақ оны оқытудың әдіс-тәсілдері кандай
болмақ? деген сұраққа да ізденіс барысында тиісті жауап таптық. Ойын
баласын оқьпудың басты жолы - "ойын әдісі". Баланы оқытудың барысында оның
берілген информацияны қабылдауда ыждағатты, төзімі 20 минуттан аспайды.
Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әpекеті
белгілі 6ip жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан килы жолдары
қарастырылуы жөн. Оған балаларда белгілі бip жағдайла қалыптасқан ойын
жүйесін, таңдалып алынған ұлттық ойындарды, тәжірибеде кенінен қолда-нылып
жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, калай тандап, қалай пайдалану
мұғалімдер мен тәрбиешілерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Сабақта ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына жүйке
жүйесіне нускан келмейтіндей етіп оның қуанышына айналдыратындай
ұйымдастыру да мұғалім мен тәрбиешінің білім деңгейіне, тәсіліне,
шеберлігіне байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез-келгең кезеңінде тиімді
пайдалануға болады.
Ойын - оқытудын әдіс, тәсілі, құралы, әpi сабақты ұйымдастыру
формасына айналғанда ғана алты жасар бaлa үшін мектеп куаныш мектебіне
айналмақ.
Алты жасар балалардың колының бұлшық еттері мен саусақтарына
әлсіздігі, олардың арасындағы моторикасы (қарым-қатынас үйлесімділігі,
opaлымдығы меп қимылынын шапшандығы) жоғарғы деңгейде дамыған. Әр бес
саусақ адамның негізгі бес ішкі органның қызметіне қатысы барлығын
ескерсеқ (басбармак – бастың, шынашак –жүректің, сұқ саусак - асказанның,
ортан қол – бауырдың, аты жоқ саусақ -ішектін) саусактар кызметі арқылы
баланың шаршағанын басендетіп, негізгі органдар жұмысын жақсартуға болады.
Сондықтан 5-6 жасар баланы оқыту барысында мәсекерлеу әдісін
пайдаланудың мәні зор. Бала кез-келген нәрсенi өз көзімен көріп, қолымен
ұстап саусақтары арқылы сезініп (қаттылығын, жұмсақтығын, тығыздығын,
пішінін т.с.с.) он бойынан өткізгені абзал.
Математикалық қарапайым түсініктермен таныстыру барысында ойын,
мәсекерлеу әдістерін кенінен колдану талап етіледі.
Алты жастағы баланың есте сақтау қабылетінің төмендігін ескерсек әрбір
берілетін ұғым оның санасына сініп орнығу үшін сол ұғымды әртүрлі әдіспен
бірнеше рет қайталатқан дұрыс.
Сонымен алты жастағы баланың жас және психофизиологиялық ерекшелігін
ескеруде ата-бабамыздан мұра болып қалған еркіндік, сүіспеншілік, шындық,
ұстамдылық басшылыққа алғанымыз абзал.
Ата-бабамыз 7 жаска дейнгі баланы "патшадай" құрметтеген, бар
сүйіспеншілігімен мейірімін арнап армап, тәрбиеге еркіндік берген. Баланы
беттен қақпай оған ой, сөз, ic-әpeкет еркіндігін берген. Еркіндік бере
отырып қазақтын дала заңын - бағыну заңы арқылы шындық ақиқаттын- ақ
жолына бағыттап отырған.
Үлкендер астың да оң дәмдісім, нәрлісін баланың аузына тосқан.
Қариялар алдына тартылар басты құлағын, тіл, таңдайын жас балаға ұсынуы да
тіптен тегі болмаса керек. Сол аркылы баланың келешекпен зор үміт күтіп,
ecті, ақылды, өнерлі, шешен, батыл да батыр болуын меңзеген. Ақылды демекіл
10 жаска дейін баланың ішкен асының 90%-i ми жұмысын жасқартуға жұмсалатын
көpiнедi. Сондықтан мұгалімдер мен тәрбиешілер 5-6 жастағы баланын жас
психофизиологиялық ерекшеліктері жайлы, ата-апаларға жиі-жиі лекциялар окып
тәрбиенің қыр-сырын түсіндіріп, ынтымақтастыкта жұмыс icтегeн жағдайда
көптеген көкейкесті мәселелер өз шешімін тапқан болар еді тапкан болар еді.
Бала кажетті ұғымды игеру үшін жаттыктыру жұмыстарын аткарады,
тапсырманы жазба жұмыстарын орындайды. Оқулыкпен дәптердін бipre болғаны
баланын ойлау жүйесінін үздіксіздітіреді. Көз алдында салыстыра отырып ой
желісін үзбей, уакытты үнемдеуге көп ықпалын тигізеді. Дәптердін торкөзінң
77 мм. Бұл әдеттегі торкөз дәптерден әрине ipi, 6 жастагы баланын жас
ерекшелігіне сай алынып отыр.
Дәптермен жұмыс жүргізу де онда көрсетілген барлық тапсырманы барлык
бала толык орындау міндетті емес. Дәптер бетіндеп бос торкөздерді толык
толтыру да міндетті еместігін ескертіледі
Оку-әдістемелік кешенге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан келетін болсақ
теориялык деңгейдің жоғарылағанын материалдың берілуінін жүйесінің
тізбектеле сабақтасқанын, салыстыру, теңестіру, аналог бойынша қорытынды
жасау, талдау-жинактау, дәлелдеу жолдары айқындалғанын көруге болады.
ОӘК баланын ойын, оқу, коммуникативті әрекеттерін дұрыс
қалыптастыруға, оның белсенділігін, қызығушылығын, таңымын арттырып,
шығармашылығын шындауға мүмкіндік береді.
Математика оқулық дәптері интеграция ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, баланың дүниені біртұтас қабылдауына, құбылыстардың арасында
ешкандай шекара жоқ екендігіне көз жеткізеді [13].
Баланың ой-қиялы дамып, ойлау қабілетінің үздіксіз жетілуіне әсер
етеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыстар да жүйесі сақталған.
Әдістемелік нұсқауда қарапайым математикалық түсініктемелерді балаға
катан игерту керекті. Қай тапсырма қандай мақсатта берілгендігі сабақты
қалай ұйымдастырып, қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары көрсетіледі.
Мұнда нұсқауға сүйеніп тек қана осындағы әдіс-тәсілдерді пайдалан
дегеннен аулақпыз. Мұгалімдер мен тәрбиешірге шығармашылық еркіндік
беріледі. Әр сабақтын сапалы болып, онын тиімділігін арттыру - білімді,
іздемпаз, шығармашылығы шындалған ұстаздың қолында.
Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды. ұлттық-дидактикалық
ойындарда ұлттық қағидалар мен салт-дәстүрлерді, өз ұлтына тән нышандарды
қатар та-нып, байқап отырады.
Ұлттық мәдениетті баланың бойына табиғи түрде зерделеп үйрету үшін бас-
тауыш сыныптарда ерекше мән бере отырып, жан-жақты дамыған, рухани жеке
тұлға қалыптастыру әр оқытушының міндеті деп санаймын
Ойын-жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Бұл ойындар
белгілі бір іс-әрекеттерден тұрмайды. Олар оқушының белгілі бір қабілетін
жетілдіруге бағытталған. Мұндай ойындарға викториналар, сөзжұмбақтар,
жаңылтпаштар, чайнвордтар, "Кім не істеді?", "Не қалай дыбыстайды?", "Қай
дыбыстан басталады?". Осындай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор.
Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төсілген бала дұрыс оқу мен жазуға да тез
бейімделеді.
Кимыл-қозғалыс ойын белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының
барлық психологиялық қабілетін дамытады. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарынан-
"Бәйге" ойыны. Балаларды батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Міне, осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақтың үлттық
ойындарының сан қырлы тәрбиелік мәні бар. Қимыл-қозғалыс ойындарының
барысында балалардың денсаулығын ны-ғайту, жүріс-тұрысын түзеу, ептілік,
табандылық, шапшаңдық, сабырлылыққа тәрбиелеу көзделеді.
Кимыл-қозғалыс ойындар өзінше оқушының өмірге деген көзқарасының
қалыптасуына әсерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz