Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі .

Бастауыш мектептің сабақтарына қойылатын негізгі міндет - «бала тұлғасының бастапқы үйлесімді құрылуын қамтамасыз ете отырып, оның сабаққа деген қабілеттерін анықтау және дамыту. Оқыту мен тәрбиені жағымды түрткімен оқу іс-әрекетіндегі дағдыларға (оқу дағдысы, жазу, санау, шығармашылық өзін-өзі шыңдау тәжірибесі) бағдарлау керек». Сондықтанда қазіргі білім беру үрдісі оқушылардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастырылу қажет [1] .

Ә. Бидосовтың пікірінше «Дұрыс басқарылған ойын мектебі оқудан гөрі, әлем терезесін берік және кеңірек ашады. Адам тәрбиелеу, баламен бірге болу, ойын кезінде де, тек бала ересекті бақылаушы ретінде емес, өз досын көргендей болып, сол ойынды басқару маңызды» [2] .

Осыған итермелеген екі себепті атауға болады. Бір жағынан Қазақстанның бастауыш мектебінде әр түрлі оқыту бағдарламаларының көбеюі, оқушылардың ойын ойнауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға аз уақыт қалатыныны белгілі. Екінші жағынан, көбінесе педагог ойын ұйымдастыруда мазмұнын түсініп, оқушының ойын іс-әрекетінің қатал регламентін ескертіп, оны шығармашылықтан, бастамашылдықтан, қиялдаудан айырады. Шығармашылық анализ бен тәжірибені игерудің бастапқы нысаны ретінде, дидактикалық ойынды таңдау, мынадай жағдайлармен байланысты, тек ойын ғана оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, күрделі оқыту үрдісін жеңілдететін қызметін атқара алады.

Сөйтіп, бастауыш мектепте оқу үрдісіндегі математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық қабілеттері арқылы сабақты жаңаша ұйымдастыру және дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылық мәселесі қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде маңызды міндет болып табылады.

Қарастырылған тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттердің, рефераттық, курстық, дипломдық жұмыстарды талдау нәтижелері көрсеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің математка сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерін артырудың, жаңаша жолын қарастыратын арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды.

Аталған жұмыстардан белгіленген мәселенің жете зерттелмегенін байқаймыз. Математика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілеттерінің толық зерттелмеуі, осы салада бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындық дәрежесінің төмендігі арасында объективті құрылған қарама-қайшылықты шешуге бағдарланған, кешенді шаралар жүйесін жетілдіру және қолдану қажеттілігі туады.

Қазіргі заман мектебінің талаптарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде осы мәселенің жете зерттелмеуі, оның өзектілігін көрсетеді және зерттеу тақырыбын «Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» деп анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектептің оқу үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың жаңаша жолын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың педагогикалық негіздерін қарастыру

2. Матемтика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бойынша жүргізілген іс-тәжірибелерді айқындау

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардың математика сабағы

Зерттеу объектісі: Бастауыш білім берудің педагогикалық үрдісі

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптың математика сабақатарында оқушылардың ойлау қабілетін дамтытудың жаңаша жолдарын қарастырудың қолайлы жағдайларын туғызып, оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолы бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылса, онда бастауыш мектеп оқушыларының математиканы меңгеру дәрежесінің жоғарылауы туралы айтуға болады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.

Зерттеу тақырыбының зерттелінген деңгейі:

Мектепте математиканы оқыту тиімділігін арттыру мәселелері және олардың әдістемелік аспектілерімен отандық ғалымдар А. Е. Әбілқасымова [3], М. Мұсабеков, [4], Д. Рахымбек [5], М. Тәттібекова [6], А. Жакипова [7], А. Көбесов [8] және т. б. жұмыстарында танысуға болады. Математиканы оқытудың әдістемесін Т. Қ. Оспанов [9], Ж. Т. Қайыңбаев [10], А. Ергешова [11], Б. Т. Барсай [12] қарастырса, математикалық ойлау деңгейлерін А. Жакипова [13], Қ. Жарықбаев [14], Н. В. Мельник [15], Б. Тұрғынбаева [16], М. Байшуақова [17], С. Демеусінова [18], Ә. Кенеш [19], Р. Кәріпбаева[20], Т. В. Никулина [21], А. Иманқұл [22] зерделесе, математика сабақтарында жаңа педогогикалық технологияларды қолданудың жолдарын Ш. Х. Құрманалина [23], Р. М. Қоянбаев [24], Ж. М. Қоянбаев [25] қарастырған.

Зерттеу әдістері:

- Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттер, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар, баспасөз көздері (Бастауыш мектеп, Қазақстан мектебі, Бастауыш білім), ағылшын тілі оқулықтары, оқыту бағдарламалары мен оқыту әдістемелері, педагогикалық құжаттар негізінде жасалған теориялық талдау жасау.

- Бастауыш сатыда ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану жұмыстарының озық тәжірибелерін зерделеу.

- Сабақ барысында бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдердің іс-әрекетіне педагогикалық бақылау жасау, мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, статистикалық әдістер.

Зерттеудің базасы. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Е. Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебі.

Диплом жұмысының құрлымы:

Диплом жұмысымыз кіріспеден, екі тaрaудaн және жaлпы қорытынды мен пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

Диплом жұмысымыздың бірінші тaрaуы «Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың педагогикалық негіздері» деп aтaлып, ондa тaқырып турaлы жaрық көрген әдебиеттерге шолу және тaлдaу, сондaй-aқ зерттеудің психологиялық-педaгогикaлық негіздерін бaяндaлaды.

«Матемтика сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бойынша жүргізілген іс-тәжірибелер» aтты екінші тaрaудa, оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін қалыптастырудағы ерік жігердің іс-тәжірибедегі сапалық жолдaры қaрaстырылды.

Қорытындыдa 1-2 тaрaудa aлынғaн нaқты нәтижелер тұжырымдaлaды.

Әдебиеттер тізімінде тaқырыпқa бaйлaнысты психологиялық, педaгогикaлық және әдістемелік әдебиеттер тізімі берілген.

1 математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамытуДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті ойлау қабілетін дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Сондықтан, қазігі кезде мұғалімдердің алдына қойған мақсаты жан-жақты дамыған, ой шеңбері үлкен, сөздік қоры мол, ойлау қабілеті кең жеке тұлғаларды тәрбиелеу болып отыр. Сол себептен біз ең алдымен ертеңгі болашағымыз, бүгінгі жас ұрпақтарымызға жан-жақты білім беріп, олардың ойлау қабілеттерін әртүрлі тәсілдермен дамытуымыз қажет.

Ойлау барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Ол әртүрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары - пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Сондықтан, біз ең алдымен осы мәселелерге тоқтала кетуіміз қажет.

Пікір дегеніміз - құбылыстар арасында өзара байланыс орнату. Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп. Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі де нандырғысы келсе, адам оны өзі негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады [26] .

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл - индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады. Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ, ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін. Ең бастысы - бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі - практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы-бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді [27] .

Теориялық ойлау - ойлау процесінің ең күрделі түрі. Адам алдында тұрған проблемалар егер мәселен, теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдаланып шешу талап етіледі. Мұндай әрекеттер өте күрделі ойлау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, бастауыш сынып оқушысына оқыған шығармасының әдеби каһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі керек. Мұндай әрекет теориялық ой арқылы жүргізіледі, сондықтан әрекеттің түріде теориялық талдау деп аталады. Теориялық ойлардың жоғары формалары - заңдарды ашу, ғылыми болжамдар жасау, күрделі өндірістік процесті жоспарлау міндетті түрде практикадан шығады да құрамына азды-көпті жалпыланған елестерді енгізеді [28] .

Әр адам соның ішінде бастауыш сынып оқушысы да бірқатар ерекшеліктерге, темперамент, мінез-құлық және жас ерекшеліктерге ие. Жеке адамдық ерекшеліктер адамның барлық танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың субъективтік факторы - адамның зейіні қандай екеніне байланысты. Мәселенің өзіне аударатындығына, олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай сезімге болатындығынан, шешімді қалай және қай бағытта іздейтіндігінен, сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс береді.

Субъективті фактордың рөльі ойлауды адамның айрықша қызмет ретінде қарастырғанда айқынырақ көрінеді. Қызмет адам орындайтын және белгілі бір ақылға қонымды мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі. Қызмет белгілі түрткісінен туады. Еңбекпен бірге оқушының практикалық қызметіне ене отырып, оған саналы, күрделі, бағыт-бағдарлы және жасампаз сипат беретін ойлау да пайда болды.

Ақыл-ой қызметінің айрықша эмоциялық-еріктік жақтарының қосылатындығы болып табылады.

Адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі формада орналасады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына жұмылдыратын түрткі, мотивтер.

Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір әжептеуір қиын мәселе шешуге мәжбүрлік болуы мүмкін. Көп жағдайда адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді [29] .

Біз қорытынды ретінде оқушының ақыл-ойының әлі күнге дейін еске алынбаған мүмкіншілігіне көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін бастауыш мектептегілер тым жас болғандықтан, таным процестерінің, әсіресе ой әрекетінің әлі қалыптаспаған, жетілмеген шақтары бар. Осылай деу зерттеулерге сүйеніп отыр. Бірақ біз адамның менталитеттік немесе ақыл жасының ортасы үш жас дедік. Ал мәселенің шын мәні осылай жетіспеген кемшілік бар деудің себебі неліктен? Осы мәселені тексеріп қарағанда бұл жастағылардың ой-өрісінің әлі күнге дейін еске алынбаған және тауысып бітпеген мүмкіншілігі бар екені анықталады. Бұл жәйіт мына сияқты деректерге негізделеді:

- Біріншіден, әлеумет қоғамның алға өріс алдына қарай 7-11 жастағы бастауыш сынып оқушылары тиісті байланыс құралдары (телевизор, радио т. б. ) арқылы түрлі жаңалықтарды естіп, өзінің сол мағлұматтарға орай байлығын көбейтіп, осының нәтижесінде үлкендерге күтпеген сұрақтар қойып отырады.

- Екіншіден, қазіргі бастауыш сынып оқушыларының мүмкіншілігін өткен дәуірлердегі осы жастағылармен бірден-бір теңестіруге болмайды. Оған бүгінгі кезде 3-сыныптан бастап баланы шет тіліне, не алгебра, геометрия сабақтарына оқыту тәжірибелері дәлел бола алады. Осы жәйіттерге сүйеніп, кіші оқушының әлі толық аңғарылмаған, бүгінгі күнге дейін тексеріліп бітпеген оқуға деген қабілеті бар дейді. Осыны бастауыш сыныпта еске алған жөн [30] .

Жоғарыда айта кетілген қағидаларға сүйене отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту теориясына сай мүмкіндіктерін толық қамтуға байланысты жүргізілген жұмыстар да аз емес. Осы проблеманы зерттеушілер Б. Тұрғынбаева басқарған топ көптеген жылдар бойы Алматы мектептерінде жүргізген оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға байланысты эксперименттеріне сүйене отырып, оқушылардың таным процестерін дамытуға үлкен үлес қосатын оқулықтар және дидактикалық материалдар жасалған. Бастауыш сыныптар осы бағдарлама бойынша төрт жыл жұмыс жасады. Оның нәтижесі әр мектепте әр түрлі жүріп жатыр. Жұмыс сапасы мұғалімнің жаңа бағдарламаны меңгеруі, оны қолдану әдістемесін толық түсінуі, балаларды дамыту тәсілдерді тиімді пайдалануға даярлығы үлкен үлесін қосады [31] .

2004-2005 оқу жылынан бастап мектепалды сыныбына бес жасқа келген балалар қабылданады. Олардың таным процестерін дамыту және мектеп бағдарламасын меңгеруге даярлау әдістемелері әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектеп психологі алдында тағы бір күрделі проблема туғанын атап өту керек.

Бастауыш сыныптарда оқыту барысында оқушылардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқарларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т. б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-оқыту барысында оқушылардың ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы болады.

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауды дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz