Банктің пайдасын басқаруды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
4
Кіріспе. . .: I.
4: Банктің пайдасын басқарудың экономикалық негізі . . .
7
Кіріспе. . .: 1. 1
4: Банктің пайдасын басқарудың мәні және негізгі бағыттары . . .
7
Кіріспе. . .: 1. 2
4: Банктің пайдасының негізі және оның қолданылуы . . .
16
Кіріспе. . .: 1. 3
4: Коммерциялық банктердің пайдасының қолданылуын басқару стратегиясы . . .
27
Кіріспе. . .: II.
4: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесіндегі банктің пайдасын талдау
32
Кіріспе. . .: 2. 1
4: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесінің тиімділігін бағалау . . .
32
Кіріспе. . .: 2. 2
4: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның пайдасын талдау . . .
39
Кіріспе. . .: 2. 3
4: Банк қызметінің негізгі бағыттары . . .
49
Кіріспе. . .: III
4: Банктің пайдасын басқаруды жетілдіру
55
Кіріспе. . .: 3. 1
4: Банктің пайдасын басқаруды ұйымдастыру. .
55
Кіріспе. . .:

3. 2

3. 3

4:

Банктің пайдасын арттыру жолындағы тәуекелдер . . .

Банктің пайдасын қолдануды жетілдіру жолдары . . .

64

68

Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
4: 74
Кіріспе. . .: Пайдалынған әдебиеттер тізімі . . .
4: 76
Кіріспе. . .: Қосымшалар . . .
4: 78

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда назарды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискалды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударылады деп көрсетілген [1] .

Жалпы коммерциялық банктің қаржылық жағдайын анықтауда банктің негізгі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды, табыстылығы мен өтімділігін талдау қажет.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктің ресурстарын талдау барысында негізгі бірнеше мәселе қарастырылады:

- банктің табысының деңгейі, оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдануға жеткіліктігі;

- табыстардың үрдісі, қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеу мүмкіндігі;

- табыстардың тұрақтылығы, егер нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің жоғарлаған немесе төмендеген жағдайында ол тұрақты болып қалу мүмкіндігі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу дәрежесі. Коммерциялық банктің қаржылық нәтижелерін қалыптастыру, оның табыстары мен шығыстарының ерекшеліктері және оны тиімді реттеу мәселелеріне экономикалық ғылыми әдебиеттерде, С. Б. Мақыш, Е. Хамитов, Қ. Қ. Ильясов және экономистер өздерінің ғылыми еңбектерінде көп көңіл бөлген.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктері бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктің ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын талап етеді.

Диплом жұмысы тақырыбыың өзектілігі. Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, коммерциялық банктердің пайдасын басқару белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, «табыстылық» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктің пайдасын басқару деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.

Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банктің пайдасын басқару проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.

Сондықтан коммерциялық банктердегі табыстылықты басқару бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.

Дамыған елдерде банктің пайдасын басқаруды өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады. Банктің пайдасын басқару ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.

1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикаға пара - пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.

«Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш - қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта - теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша - несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.

Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктің пайдасын басқаруды зерттей отырып, банктің даму бағыттарын ұсыну, банктің пайдасын қалыптастырудағы проблемаларды шешу және қаржылық нәтижелерін реттеу бағыттары мен ғылыми-тәжірибиелік ұсыныстары қарастырылды.

Ал дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • банктің пайдасын басқару түсінігін қарастыру;
  • шетел мемлекеттеріндегі банктің пайдасын басқару тәжірибесін зерттеу;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банктің пайдасын басқаруды талдау.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында қаржылық-экономикалық, экономика-статистикалық, жалпы диалектикалық, салыстырмалы-статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: коммерциялық банктердің пайдасын оқып-үйрену, сондай-ақ олардың банк процесінде қолданылуы. Сонымен қатар олардың одан әрі қолданылуын және пайдасын өсіру мақсатында банктік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ұсынылған.

Зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде банктердің пайдасы мен оның қолданылуы тәжірибелері қарастырылады.

Зерттеу объектісі Қазақстан Халық банкінің пайдасы мен оның қолданылуы болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізінде диплом жұмысын жазу барысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері мен статистикалық деректері, отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдар да жарияланған банктің білікті мамандарының еңбектері және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның мәліметтері пайдаланылды.

Жұмыстың тәжірибелік негізі. Қазақстан Республикасының Қазақстан Халық Банк АҚ-ның кіріс және шығыс операциялары қарастырылды. Бұдан басқа автордың банктің пайдасын тиімді басқару жөніндегі ой-пікірлері ұсынылды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, жалпы мәліметтерден, экономикалық, басқармалық талдаудан қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде банктің табысы мен шығысының мәні мен негізгі түрлері, олардың ерекшеліктері қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Халық Банкі мысалында банктің қаржылық нәтижелеріне, оның ішінде негізгі қаржылық көрсеткіштері мен нәтижелеріне талдау жасалған.

Үшінші бөлімде банк пайдасын қалыптастырудағы проблемалар мен оларды шешу жолдары ұсынылған. Жұмысты зерттеу нәтижелері қорытындыда қарастырылған.

1 Банктің пайдасын басқарудың экономикалық негізі

  1. Банктің пайдасын басқарудың мәні және негізгі бағыттары

Қазақстанда 1996 жылдың аяғына қарай банк жүйесінің кризисі пайда болды. Банктің капиталының жеткіліктілігінің 20-25% төмен коэффициентте болды және 13 банкте теріс капитал болды. Бұл мағлұматтар банктің пайда болған жағдайда дұрыс бағыт таба алмағандығын және банктің пайдасын басқару әдістерін білмегендігін көрсетеді. Дамыған елдерде банктің пайдасын басқару өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.

Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «маркетинг» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.

Банк пайдасын басқару - тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк пайдасын басқару жүйесі бір-бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады:

- пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау;

- банктің пайдасын табыстары мен шығыстарын жоспарлау;

- банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәсілдерін қолдану;

- банк пайдасын ағымдағы әдістерін анықтау.

Банк пайдасын басқаруға біріншіден, әртүрлі бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден, қазынашылыққа қатысады; үшіншіден, банк бухгалтериясы; төртіншіден, банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады.

Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің пайдасын бағалау жатады.

Оның тәсілдеріне мыналар жатады:

- банк табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;

- банктің табыстары мен шығыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау;

- қаржы коэффициенттері негізінде банк қызметінің нәтижелерін бағалау;

- банк табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

- несие бизнесі;

- дисконттық бизнес;

- сақтау бизнесі;

- банктік кепіл хат беру қызметі;

- бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;

- салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;

- басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;

- дәстүрлі емес қызметерді көрсету бизнесі.

Несие бизнесі екі элементтен тұрады: клиенттерге ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит түрінде болуы мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз нысанында табыс түседі [2] .

Дисконттық бизнес төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнесінің түріне факторинг операциясы жатады.

Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:

1) сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін клиенттің пайызы;

2) факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы.

Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия нысанындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Траст келісімшарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс тіркелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады [3] .

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерден тұрады:

1) банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;

2) оларды нарыққа сату;

3) кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бизнестен түсетін табыстар төмендегідей көзден құралады:

1) өзінің және басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан;

2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілген

кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия.

Банктің кепіл беруі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі нысанда берген кепіл хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл хатын беруі мүмкін [4] .

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай нысандарда табыс алуға мүмкіндік береді:

1) комиссиондық сыйақылар:

- шот ашқаны үшін;

- шотты жүргізгені үшін;

2) белгілі бір мезгіл ішінде белгіленген комиссия;

3) айналымнан алынатын комиссия:

- шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;

- шотты жабу үшін;

- қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін;

4) банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы пайыздық қалдық үшін алынатын пайызды;

5) дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып үйреткені үшін алынатын табыстар.

Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

1) пайыздық табыстар;

2) банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;

3) басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айыппұлдар, өсімақыла) .

Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін.

Несиелік пайыз - пайыздық табыстың басты сөзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.

Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

- несие нысанына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы;

- несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;

- несие мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ

мерзімді ссудалар бойынша пайыз;

- несие түріне байланысты овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы;

- операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;

- есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура.

Комиссия - банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге бөлінеді:

- тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;

- тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттар.

Коммерциялық банктің активтері төрт топқа бөлінеді:

1) касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

2) берілген несиелер;

3) бағалы қағаздарға жұмсалатын инвестициялар;

4) банктің ғимараты мен жабдықтары.

Актив жеке немесе заңды тұлғаның негізгі қаражат материалдық өндірістің қосалқы қор ақшалай қаражат қаржылай жұмсалым. Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігіндегі бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Активтік банктік операциялар өзінің формалары мен тағайындауына қарай әртүрлі болып келеді [5] .

Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

- несиелік операциялар;

- инвестициялық операциялар;

- депозиттік операциялар;

- қаржылық операциялар;

- басқадай операциялар.

Кейбір әдебиеттерде банк активтерін олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай төрт топқа бөледі:

1) алғашқы резервтер - бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер;

2) екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма қол ақшаға айналдыруға болады;

3) банктік активтердің маңызды бөлігі - банктің несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды;

4) инвестициялық портфель - инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

Банктің пайдасын басқарудың негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банктің пайдасын басқарудың жалғыз ғана мақсаты болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз.

Банктің пайдасын басқарудың басты бағыты - банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі.

Банк менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табу керек. Банктің пайдасын басқарудың негізін қалаушы жағдай - алдына қойған мақсатын анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау.

Банктің пайдасын басқару банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі ғылыми басқарудың әдістеріне негізделген. (Қосымша-1)

Банктің пайдасын басқару ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк менеджментінде көрсетіледі.

Банктің пайдасын басқарудың құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан, талдау, реттеу және бақылаудан тұрады. Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен өлшейді, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен іске асырады. [6]

Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік, пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті жоспарлар құру болып табылады.

Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары болып табылады:

  • Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын бағалау. Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы, несиелер, пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандық коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орнын алатынын көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық жұмыстардың нәтижесі нақты банктің даму стратегиясын дайындауға көмек береді;
  • Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал, депозиттер, банкаралық несие) . Талдау банк ресурстарының жеке баптарын классификациялау, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу, оларды динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау банктің депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;
  • Банктің өтемпаздығын бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен салыстыру, көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне әсер еткен факторларды көру үшін жасалынады. Талдаудың материалы өтемпаздықты басқару ауданында банктің стратегиясын және тактикасын анықтауға көмек береді;
  • Банктің пайдасын бағалау баланстың мағлұматтарын бағалау және пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады. Талдау кезінде банктің пайдалылығы мен пайдасын білдіретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану тиімділігі, банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді. Осы талдаудың негізінде банктің пайдалылылығын басқару механизмі жасалынады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Банк табыстарын талдау
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Мерзімді салымдар банкі
Коммерциялық банктердің қызыметі
Банк пайдасы мен табыстылығы
Банктердің ішкі тәуекелі туралы
Банктік тәуекелдер
Қызметкерлерді басқаруды жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz