Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:

1 Коммерциялық банктердің операцияларының теориялық негіздері

1. 1 Коммерциялық банктердің операцияларының мәні мен мағынасы

1. 2 Коммерциялық банктердің актив операциялары және оларды басқару басқару

1. 3 Коммерциялық банктің пассив операцияларын басқару әдістері

3: 5
Кіріспе:

17

22

Кіріспе:

2 Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқаруды талдау («БТА Банк» АҚ мысалында)

2. 1 «БТА Банк» АҚ-ның қаржылық жағдайы мен операцияларын талдау

2. 2 Банктің актив операциялар қоржынын қаржылық басқаруын талдау

3:

30

38

Кіріспе:

3 Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіру жолдары

3. 1 Банктік операцияларды тиімді басқаруда шет елдік тәжірибелерді қолдану

3. 2 Банк операцияларын тиімді басқару бағдарламасының жүзеге асырылуы

3. 3 Банк операцияларының өтімділігі және оған ықпал етуші факторларды наықтау

3:

47

54

57

Кіріспе: Қорытынды
3: 64
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 67

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі . Екінші деңгейлі банктердің актив және пассив операцияларын дамыту тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің экономикадағы жүйедегі орнымен анықталады.

Кез-келген елдің қуатты экономикасы, оны өрге сүйрейтін өз заманының талап -тілегіне сай, қауқарлы қаражат жүйесі болуы шарт. Қазіргі нарықтық, бәсекелестік заманында қайсы елдің банктерінің деңгейі биік болса, сол ел ғана өз тәуелсіздігін сақтап, өз жұртының келешегін баянды ете алуы мүмкін.

Коммерциялық банктердің халыққа көрсететін қызметтері, шағын және орта бизнеске берілетін несиелер, лизингтік операциялар, ипотекалық несиелендіру операциялары экономиканы тұрақтандыруда және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда маңызды роль атқарады. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер қаржыларын жұмылдырып, еліміздің экономикасын дамыту мақсатында үлкен жобаларға инвестициялар жасалынуда. Қазақстанның коммерциялық банктері өздерінің клиенттеріне көптеген операциялар мен қызмет түрлерін көрсетіп, өздерінің табыс базасын кеңейтіп, рентабельдік пен бәсекелестікті көтеруге тырысуда.

Банктік қызметтің жаңадай дамып жатқан информациялық технологияларға көңіл аудармаса банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Осы себебтен банктер өздерінің қызметтеріне және қызмет түрлеріне үлкен көңіл аударлады. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің экономикадағы ролі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеп, ары қарай дамуын талап етеді.

Қазақстан Республикасының елу дамыған елдердің қатарына қосылу үшін банк жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойылады. Бұл дамыған елдердің банктер арасындағы бәсекеге шыдауға қажетті іс-әрекеттер жасауды талап етеді. Осы аталған міндеттер мен мақсаттар екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтер нарығының мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын зерттеу жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын зерттеуге Ғ. С. Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Мельников В. Д., Ильясов К. К., Шарипов К. А., Зейнельгабдин А. Б., Худяков А. И., Юрченко Т. В., Лаврушина О. И., Рафалович Л. А., Долан Э. Дж., Ефимова Л. Г. сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.

Қазіргі көптеген ішкі және жаһандық факторлардың әсерінен банктік жүйе тез өзгеріп отырады. Біріншіден, екінші деңгейдегі банктер, дәстүрлі банктік операциялардан басқа, жаңа көптеген қызметтер мен операциялар жүргізеді. Олардың қызметтері қаржы нарығының барлық сегменттерін қамтиды. Екіншіден, қазір екінші деңгейдегі банктердің жаһандық және ұлттық экономикадағы ролі мен маңызы өте зор. Жалпы ұлттық экономиканың дамуы осы банктік жүйенің жағдайына байланысты. Сондықтан оның қазіргі даму бағыттарын зерттеу және болашағын болжау өзекті мәселелердің біріне жатады.

Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық қызметтерінің даму бағыттарын зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларын талдау арқылы қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер жүзеге асырылады ;

- банктің операцияларын теориялық негіздерін зерттеу;

- банк өтімділігін қамтамасыз ететін факторларды айқындау;

- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын және банктік операцияларын басқару әдістерін талдау;

- банктің қызметтер нарығының негізгі даму бет алысын анықтау;

- банктің қаржылық операцияларының пайда болған қиыншылықтарды анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың объектісі - «БТА Банкі» АҚ.

Дипломдық жұмыстың пәні - коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары.

Дипломдық жұмыстың жаңашылығы. 2008-2010 жылдар аралығындағы банктің активтерін басқаруды талдау және оны болашақта көтеру жолдарын жақсарту үшін пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және номативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық материалдары, банк ісіне арналған оқулықтар мен әдістемелік материалдар, баспасөз бетінде жарияланған мақалалар қолданылды.

Дипломдық зерттеу жұмысының әдістері - дипломдықжұмысты зерттеу барысында келесі әдістер: салыстырмалы, аналитикалық, диалектикалық, тарихи, логикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің операцияларының теориялық негіздері сипаттаған.

Жұмыстың екінші тарауында «БТА Банк» АҚ мысалында коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқаруды талдау талдау жасалған.

Жұмыстың үшінші тарауында коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіру жолдары қарастырған.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Коммерциялық банктердің операцияларының теориялық негіздері

1. 1 Коммерциялық банктердің операцияларының мәні мен мағынасы

Екінші деңгейлі банктердің қызметі - бұл табыс табу және нарықта өндіру мақсатынан маркетингтік ізденістер негізінде құрылған мамандандырылған интеллектуалдық өнім. Банктік қызметтер - жеке персонификациялы күрделі формалары бар қызмет. Жалпы банктік қызметтердің келесі ерекшеліктері бар: қателеспеушілік, сақтықсыздық, жинау қабілетсіздігі және қызметтердің тұрақты сапасының кепілдігі [8, 35 бет] .

Сондықтан, банктік қызметтер сферасы қызмет көрсетудің жоғары тәуекелді сферасы болып табылады. Банктік қызметтердің ерекшелігі және тәуекелділікті куәландыратын фактор болып, олардың халықаралық маштабта тарихи құрылған патенттік қорғаныссыздық саналады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Банктік қызметтік тағы да бір ерекшелігі-есептеу обьектілерінің көпшіге емес, сонымен қатар, есептеу мәселелерін қиындата түсіретінін, оларды өлшеудің бірліктердің көптігінде.

Екінші денгейлі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Банктің клиентпен орнататын қатынастарынан анықтау үшін «банктік өнім», «банктік қызмет көрсету», «банктік операция» деген түсініктерге анықтама беру керек. Банктік қызмет көрсету-клиент қажеттілігін қамтамасыз ету түрі, банктің клиентке қызмет көрсету нәтижесі.

Банктік өнім - құжаттар түрінде банктің клиенттерге қызмет көрсету. Банктік операция-мақсаты, уақыты және орны бойынша банк қызметшілерінің жиынтық іс-әрекеттері. Осы түсініктердің айналысын төмендегі сызба арқылы сипаттауға болады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Екінші деңгейлі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Сурет 1 Екінші деңгейлі банктіңқызметтері мен операциялары [2]

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер береді инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
  • тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың
  • инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
  • клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ; екінші денгейлі мәмілелерді қаржыландыру, сондай - ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;

банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету [9, 145 бет] .

Ұлттық Банкінің арнайы лицензиялары бар болса, бантер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асырады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтер көрсету ( инкасация ) .

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

  1. уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
  2. экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
  3. қолма-қолсыp есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  4. инвестициялық қызмет;
  5. клиенттерге басқа да қаржылық қызметтер көрсету.

Уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау-екінші деңгейлі банктердің алғашқы дәстүрлі - базалыққызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капитал банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі-біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын депозит түрінде жинақтайды. Осы жағдайда оларды тиімді басқарады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарзды қарыз алушыға үсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Осылайша екінші деңгейлі банктердің дәстүрлі-базалық қызметтерінің бірі-жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.

Екінші денгейлі банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады. Несиелік операциялар-несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк қарыз алушы ретінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше, несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

Екінші денгейлі банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша-қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ;

Қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілмеген; банктің роліне байланысты (несие беруші және қарыз алушы) активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік клиентті және басқа банкті несиелеу; пассивті-Орталық банктен және басқаЕкінші денгейлі банктерден банкаралық несие алу) [10, 95 бет] .

Несиелендіру мақсатына байланысты-негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушыылқ мақсаттарға арналған қарыздар.

Несиелік операциялар басқа да белгілері бойынша жіктеле алады: қарыз алушының түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушының түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және тағы басқаларға.

Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық, қолма-қол және қолма-қолсыз деп бөлуге болады. Мұндай жіктелу негізінде формалды белгілер жатқанын атап кету керек.

Екінші денгейлі банктердің келесі қзметі-қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.

Қома-қолсыз есеп айырысу-есеп айырысу формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айрысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді.

Қазақстан Республикасында есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы Ұлттық Банк болып табылады.

Ол мынандай қызметтерді орындайды:

  1. қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізеді;

2) барлық екінші деңгейлі банктер үшін біртұтас әдістемелік негіздебіріңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;

3) есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін жасау және унификациялау.

Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші шотқа несиелік аударымдар (жироесеп айырысулар) . Чектер бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу-тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады. Банкаралық есеп айырысу жүйесін ұйымдастырудың негізгі приципі-бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру болып табылады:а) Екінші деңгейлі банктер арасында тікелей есеп айырысуды, б) Ұлттық Банктің ЕКО-да ашылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы банкаралық есеп айырысуы.

Екінші деңгейлі банк өздерінің ведомствалық мекемелер арасындағы есеп айырысу формасын өздері анықтауға құқылы, қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге асыруды таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесі қайта ұйымдастыру негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі: біріншіден, жеке және заңды тұлғалардың есеп айырысу формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын енгізу. екіншіден, банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.

Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының (операциялардың) негізгі үш тобын айтуға болады: чек және вексель арқылы инкассалық операция, аккредитивтер арқылы есеп айырысу және аударым операциялары.

Екінші деңгейлі банктердің төртінші дәстүрлі-базалық қызметі- инвестициялық қызмет. Жалпы инвестиция дегеніміз-халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шет елде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары-жеке және заңды тұлғалар, мемелекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Бұл екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметіне қатысты. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп банктердің салыстырмал ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығ бар.

Қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағыны қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде-несие берушіден, яғни банктен болады. Тағы бір айырмашылығы-несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушының арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты- қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар-арнайы түрде рәсімделген қаржылы құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және екінші деңгейлі болады (вексельдер, чектер) .

Банктердің экономикадағы рөлін олардың атқаратын операциялары анықтайды. Екінші денгейлі банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту), актив (қаражаттарды орналастыру), комиссиялық-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Екінші деңгейлі банктердің пассив операциялары - өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және өзге де қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларға қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.

Пассив операцияларына мыналар жатады:

  • салым қабылдау (депозиттер) ;
  • клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспонден-банктерге) ашу және оларды жүргізу;
  • өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттар) ;
  • банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
  • репо операциялар;

еуровалюталық несие алу [11, 84 бет] .

Банктік капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі.

Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк төменгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс елдерінің екінші денгейлі банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн. ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивиденттері және пайда есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Онң мөлшері жарғ қорына байланысты процентпен белгіленеді.

Бөлінбеген пайда шоты деген-ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі Екінші денгейлі банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында.

Екінші денгейлі банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер болып бөлінеді. Басқарылатын ресурстар банкке тартлған мерзімдік депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.

Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтардан құрылады.

Салым (депозит) - ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушы туралы ақпарат
Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту
Банк актив операцияларын басқару
Несие операцияларының сипаты
Банктің актив операцияларын басқару
Қазақстан Республикасындағы банктерді қолдау
Банктердің халықаралық операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz