Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық қарым қатынас ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих - педагогикалық институты

«ПСИХОЛОГИЯ » кафедрасы

Қорғауға жіберілген күні: « » 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі : Р. Р. Бирюшев.

УСИНОВА АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАЕВНА

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық

қарым - қатынас

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушысы: Болатбекова. Н. Ж.

Көкшетау 2007ж.

Мазмұны Кіріспе . . . 3

I. Жеке тұлғаның қалыптасуының сипаты

1. 1. Жеке тұлғаның қалыптасуы туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері . . . 8

1. 2. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуындағы өзін -өзі тану . . . 18

1. 3. Жеке тұлғаның дамуындағы өзін - өзі бағалаудың рөлі . . . 27

ІІ. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы негізгі тұлғаның бірі - мұғалім.

2. 1. Мұғалім мамандығының тарихи аспектісі және педагогикалық әрекеттің субъектісі . . . 34

2. 2. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби дамуы . . . 48

2. 3. Педагогтың оқу үрдісіндегі педагогқа лайықты сапалар . . . 55

Тәжірибелік жұмыс. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық қарым қатынас ерекшеліктері . . . 58

Қорытынды . . . 77

Қолданған әдебиеттер . . . 79

Кіріспе

Қазақстан Республикасы қоғамының тарихи дамуында өркениеттілікке бағыт алу кезеңінде тұр. Елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық, рухани, мәдени өзгерістер тәрбие, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты.

Мұнда тәрбие, білім беру негізіне әлемдік және отандық тәрбие, білім беру тәжірибесі, сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық өркениеттік қазыналарды алу көзделініп отыр.

Осыған орай бүгінгі таңда жас ұрпақты жеке тұлға етіп дамытуда жаңаша көзқараспен қарау, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру басты нысанаға айналуда.

Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу - тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті. Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын тәрбиелеудегі басты нысана - адамның адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу. Бұл педагогика ғылымының адамгершілік идеясы болуы керек деп есептейміз.

Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке адамның дамуы үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс.

Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр Сондықтан оқушыны өзінің белсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып отыруға үйрету аса маңызды Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру үшін мектепте оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным әдістерімен таныстыру керек

Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесі Білім заңында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейкестіленіп отырЗаңда осы заманғы білім беру жүйесінің басымдық міндеттері тұлғаның рухани және физикалық мүмкіндіктерінашу, адамгершіліктің берік негіздерімен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады деп көрсетілген

Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды адамдық деңгейге көтеру(Әбунасыр әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қадырғали Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати т. б. ) қазақ ғұламаларының тәлім - тәрбиелік идеяларынан басты орын алған.

Мәселен, Әбунасыр әл Фараби өзінің «Әлеуметтік- этикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Бақытқа баратын жолды көрсету» атты т. б. трактаттарында. Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып үйренуге, тынымсыз ізденуге, өзін - өзі жетілдіруге шақырады» - деген. Сондай - ақ ой алабы Абай өзінің барлық еңбектерінде адамның адамдық қасиеті, «толымды адам, адам бол» концепциясын ұсынған. Адам бойында қалыптасатын ең құнды адамдық қасиеттерді талаптылық, еңбексүйгіштік, терең ойлылық, адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, ұлттылық, әділділік, имандылық, табандылық, сенімділік, ұлтжандылық, әдептілік т. б. дәріптеген. Бұл қасиеттер- ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан адамның тұтастық тұлғасының негізі. Осыған орай еліміздің жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған кезеңінде адамзаттың асыл адамдық мұраларын жас ұрпақ бойына дарыту басты міндет болып саналады.

Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі ертеден - ақ дәлелденген. Бұл туралы психолог, педагог ғалым Л. С. Выготский өзінің зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам- әлеуметтік ортаның негізгі бір құрамды бөлігі деп есептейді. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып қалған, еш нәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым - қатынаста болатындығын айта келіп, орта адам үшін әлеуметтік орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесімен табиғи ықпал жасайды деген пікірді ұсынады. Л. С. Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар қарым - қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше өзгерлігі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола алатындығын дәлелдейді.

Сонымен Л С. Выготский әлеуметтік орта көптеген әр түрлі қырларымен, құрамды бөліктерімен үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып отыратын динамикалық прогресс деп тұжырымдайды. Бұл пайымдаудан адамның ортамен қарым - қатынасы жай ғана қарым - қатынас емес, белсенді іс - әрекетті сипатта болатындығын. Сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі адамның дамуына үйлесімді бола бермей, қарама қайшылықтарда да өмір сүретіндігін аңғаруға болады.

Әлеуметтік - мәдени ортаның болашақ ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызы туралы әлемдік деңгейдегі көптеген ғалым- педагогтар, соның ішінде 20 - 30 жылдардағы қазақтың ұлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, кеңестік дәуірдегі көрнекті ғалымдар Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко т. б. сөз етіп, жеке тұлғаның қалыптасында ортаның ықпалына зор мән берген. С. Т. Шацкий педагог пен ортаның өзара байланысы туралы былай дейді: Педагогикалық еңбек қоршаған ортамен байланысты болады. Сондықтан бала мектепте оқығанда екі ортада, екі бағытта тәрбие алады. Бір жағынан, орта да оған ықпал жасайды. Ал екі ортаның мүддесі, бағыты бала тәрбиесінде көп жағдай сай келмейді. Мектеп бір бағытта үйретіп жатса, ал орта оған қарама - қайшы бағытта ықпал етеді. Сондықтан сол ортада не болып жатқанын біліп, араласып отыру керек. Жас ұрпақ бойында жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы, мектеп, ауыл- аймақ, кітапхана, жоғары оқу орны, театр, кино, ғылыми көпшілік ұйымдар, теле, радио хабарлары, туристік - спорттық мекемелер, көше, достары, құрбы- құрдастары әсер етеді және әрбір жеке адам үшін оны қоршаған басқа адамдар әлеуметтік орта болып есептеледі. Бұлардың бәрі қосылып, жас ұрпаққа ықпал жасайтын әлеуметтік - мәдени орта әрбір жасөспірімнің балалық кезеңінен бастап тұтас тұлғалық бейнесінің болуына, өмірлік көзқарасына, дүниетанымына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Адамның бойында жақсы адамгершілік қасиеттердің болуы, өнер -білімді игруі, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Халқымыз «Ұстазы жақсы-ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса тәрбиеге байланысты қасиеттерi үздiксiз және бiртұтас бiрлiкте жүзеге асырылады, іске қосылады дамып, жетiлiп отырады.

Өнер-білім халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы.

Халықтың рухани мәдени дәрежесін көтеру, жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдық қатынастар мен саяси экономикалық саладағы өзгерістер тәуелсіз елдің білімді ұрпағын қайта тәрбиелеу қажеттілігін туындатады.

Тақырыбы: Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым - қатынас

Зерттеу мақсаты : Оқыту, тәрбиелеу әрекеттестік жағдайындағы мұғалім мен оқушының педагогикалық қарым қатынас ерекшелігін тереңірек зерделеу.

Зерттеу міндеттері: 1. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым қатынас ерекшеліктері туралы ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.

2. Балалардың ұжымдағы және отбасындағы оқушының өзіндік орны.

3. Жеке тұлғаның қоғамдағы орны қызығушылықтары.

4. Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым қатынасты зерделеу үшін тестерді, сауалнамалар қолдану.

Зерттеу обьектісі: Тұлғаның қалыптасуындағы мұғалімнің педагогикалық қарым қатынас ерекшелігі

Зерттеу пәні: Тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушының қарым қатынас жолдары, әсер ететін жағдайлар.

Ғылыми болжам : Егер жеке тұлғаны қалыптастыру барысында мұғалім мен оқушы арасында туындайтын педагогикалық қарым қатынас ерекшелігін біліктілікпен сараптай білсе, онда қалыптасатын тұлғаға педагогикалық - психологиялық тұрғыда толық оқыту мен тәрбие үрдісін жүргізуге болады.

Зерттеу әдістері : Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар.

I. Жеке тұлғаның қалыптасуының сипаты.

1. 1. Жеке тұлғаның қалыптасуы туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттық, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл -ой, ерік - жігер, мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз- ол оның өзіне тән мінез - құлқындағы, іс- әрекеттегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой - пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой- пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын- пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреудің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым қатынасында байқалады.

Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік дағдыларын меңгерумен шұғылданатынын ескеруғе де тура келеді. Жеке тұлғаның ой - санасының, білім - көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеументтік ортаның отбасы мүшелерінің, жолдас - жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде «Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез- құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси - экономикалық, діни т. б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек» - деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір - біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ал адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай - ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой - пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір - біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық - этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым - қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса «Жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін- өзі саналдыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл - ойдан туындайды. Адамның ақыл - ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін - бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен» деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін - өзі бағалауға да, өзінің іс - әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қаситтермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңеле сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс - әрекет жасауға да қабілетті.

Жеке тұлғаға тән қасиет- ақыл, ес яғни өмірді өзінің сана- сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.

Жеке тұлғаның есте сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға олардың оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс - әрекетін, мінез - құлқын, сана - сезімін байытады, толықтырады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін- өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс- әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетене айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген ұлы ақын Абай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз » - текке айтпаса керек. Адамның санасы, есі оның ішкі ой - сезімімен тығыз байланысты. «Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни адам өз бейнесін өзі жасаушы. Тұлға жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының орындалу ғана емес, оның ерік - жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі, ерік - жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бастық қасиеттерін іске асыру. Адам ойына келген іс - әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ, адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл - парасат таразысына салып; осы істі іске асыру жөн бе, қисық па, басқалар оған қалай қарар екен- деген ойға қалады. Олай болса ерік- жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Ерік- әлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс - әрекетті іске асыруда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп, «мың ойланып, жүз толғанып» барып іске асырып, кейін кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр - топыр іске асырып, опық жеп те жатады. Осының бәрі адамның ерік, жігер күшінің типіне байланысты. Сонымен бірге, тұлға дегеніміз сезімнің, жердің, ішкі күйініш - сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы: стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың қызбалығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып біреулердің солқылдап жылауы немесе шегі қатып күлуі әр жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқа шығуы.

Алайда әр тұлғаның эмоционалдық сезім дүниесі әр түрлі. Біреу жауыздықты көріп отырып айғайлап бақырып, ішкі сезімнің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып көгеріп - сазарып тас - түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоционалдық сезімін ұстай білу еркіне байланысты құбылыс.

Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.

Әрине, бұл қасиеттер жеке дара адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте кешенді түрде алып қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір - бірімен жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік «менін» айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің - табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерінен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады.

Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған - туысқандары мен жора - жолдастарының да, ауыл- аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз. Яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.

Ж. Аймауытов өзінің «Абай» журналында жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында. Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата- ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара- бара адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысында әсер қалмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңілді, сауықшыл ел - жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бір медресе. «Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек» - дейді.

Ұлы ойшыл Абайдың «Әркімді заман өсіреді» деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстығы саяды.

Адам мінезіне тән қасиеттер- әсерленушілік сезімімен бірге оның түпсіз құмарлығы да болып саналады. Оның ауқымы өте кең:

Ол мейірімділік пен опасыздықтан басталып, аспандағы және жер бетіндегілердің бәріне, мәңгілік діни ырымдарға құштарлықты қамтиды. Адамзаттың құмарлығын ашуға арналған мыңдаған көркем шығармалар, философиялық және діни трактаталар, публицистикалық

эсселер бар. Адам жанына көсемдік, үстемдік пен жауыздық, көре алмаушылық пен қызғаншақтық, билік құмарлық пен сараңдық, тағы басқа сияқтылардың бәрі тән. Тіршілік атаулы бүкіл әлемдік құмарлыққа негізделген. Онсыз адам баласының күйініш- сүйініші болмақ емес.

Құмарлық күшті, ауқымды, күйреткіш немесе әлсіз, қалғыған болып келеді. Көбінесе ол адамдарды күйретуге қабілетті, оның бүкіл өмір жолын өзгетуге әкеп соқтырады. Біздің құмарлығымыз басқаларға ееркше әсер етіп, өлгенін тірілтіп, өшкенін жаңдыруы мүмкін. Құмарлық жақсы болсын, жаман болсын өмір сүреді. Сүйіспеншілік пен қызғаншақтық, жақсылық пен жамандық өмірде егіз жүреді. Мысалы:

Дездемонаны құлай сүйген Отеллоның оны өлтіріп тынуы осы асқан құмарлықтын, ғашықтықтың әсері. Немесе «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның Төлегенді өлтіруі, оның Жібекке деген сүйіспеншілігінен туған құмарлықтын нәтижесі. Әсіре құмарлық жақсылыққа да, жауыздыққа да апарып соқтыруы мүмкін.

Адам жаратылысынан білмегенді білуге құмар. Білімге құмарлық та қызуғушылық туғызып, адамға білмегенді біліп, тынғанша жәй таптырмайды. Әсіресе, әйелдердін құпияны білуге деген құмарлығы ерекше. Л. Толстойдың «сырыңды жасырам десең жарыңа айтып көр, жарты әлем білетініне мен кепіл» деуі осыны мегзейді.

Балада да білмегенді білуге деген құмарлық күшті болады. Ес білмейтін баланың қолына ұстағанның бәрін аузына салып тістеп, сорып немесе ойыншықты қиратып ішін ашып көруге құмартуы, бала бойындағы іштен туа құпияны білуге деген инстинкттік құмарлықтың әсері.

Әдетте бала жаны құпияны білуге құмартып тұрады. Егер балаға бірдемені істеме, бүлдірме десең ол әдейі бүлдіруге, істемегенді істеуге тырысып бағады. Жалпы, адам баласына тән құмарлық, білмегенді білуге, табиги жасырын сырдың құпиясын ашуға деген ынталылық адам физиологиясының ішкі сырына тән қасиет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас психологиясы пәнінен дәрістер
Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің қарым- қатынас стилінің әсері
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің құрастырушы компоненттеріне ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып конспект жасаңыз
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz