Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Инновацияның жалпы мазмұны және классификациясы.
1. 1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері . . . 8
1. 2. Инновациялық қызметтің шетелдік озық тәжірибесі . . . 21
1. 3. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
ерекшеліктері . . . 28
2. Казпочта АҚ-ң инновациялық қызметі.
2. 1. Казпочта АҚ-ң қысқаша сипаттамасы . . . 34
2. 2. Казпочта АҚ-ң қызметінің экономикалық-қаржылық талдауы . . . 36
2. 3. Казпочта АҚ-ң инновациялық қызметін талдау . . . 50
3. Қазақстанның инновациялық қызметін жетілдіру жолдары.
3. 1. Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары . . . 54
3. 2. Казпочта АҚ-ң ииновациялық қызметін жетілдіру шаралары . . . 67
Қорытынды . . . 76
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 79
Қосымшалар . . . 80
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі экономикадағы инновациялық басқаруды жетілдіруді ғылыми зерттеу процестері заманға сай дамып келеді. Әсіресе мемлекетіміздегі өндіріс салаларында жаңа индустриалды инновациялық экономиканы ендіру процестеріне ықпал жасау мәселелерін зерттеу өте өзекті.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық) ;
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т. б.
Инновациялық факторларды кәсіпорынға енгізу арқылы жалпы ішкі экономикасын ынталандырып, тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды.
Өңір экономикасының сипаттамалық ерекшелiгi оның технологиялық даму және инновациялық әлеуеттер салалары деңгейлерiнiң өзара едәуір алшақтығы болып отыр. Инновациялық даму Бағдарламасы ғылым мен техниканың үздік жетiстiктерiн пайдалану негізінде экономика салаларын әртараптандыру арқылы және дамудың шикiзаттық бағытынан шегiну арқылы облыстың ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бiрегей аймақтық саясат жүргiзуге және қалыптастыруға бағытталған.
Инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы кәсіпорынның жалпы көлеміндегі экономикалық үлесінің артуына әсер етеді.
Зерттеу объектісі. Қазпочта акционерлік қоғамы. 2003 жылы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Почта туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикада пошта-жинақ жүйесін дамыту жөнінде мемлекеттік саясаттың жол басшысы болып Ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» акционерлік қоғамы белгіленді. АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ жалғыз акционері болып табылады.
Зерттеу дәжірибесі. «Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-жылдарында И. Шумпетер енгізді. Шет елдік зерттеушілер Э. Дж. Долан, Я. Корани, П. Хейне, П. Ф. Друкер, Н. Г. Менкью, Г. Хоскинг, Й. Шумпетер, В. Леонтьев және т. б. өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты .
Атақты экономист Г. Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:
1) Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын
болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді және аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.
2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге
бағытталған.
3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар әлемдік тәжірибеден өткен
және екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [6] .
Доул-Бейлидің «Федералды патенттік саясат туралы», С. Уайлдердің «Технологияларды жіберу туралы»(1980, 1986), «Бәсекеқабілеттілік пен технологияларды жіберу туралы»(1988), «Критикалық технологиялар туралы», «Американдық технологияның артықшылықтары туралы», «Технологияларды мемлекеттік жіберу туралы»(1995) . АҚШ-та инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясатты анықтайтын 20-ға жуық федералды заң мен актілері бар.
Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің мақсаты --инновациялық қызметтің аясында мемлекеттік саясаттың ролін анықтау, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік тұржыдан негіздеп зерттеу және индустриялық-инновациялық бағдарламалармен, басымдылықтарын, нарықтық тетіктерін, стратегиясын саралап ұсыныстар беру.
Диплом жұмысының міндеті. Көзделген мақсатқа орай, дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- Индустриялық-инновациялық қызметтің экономикалық мазмұнын теориялық тұрғыдан зерделеу;
- индустриялық-инновациялық бағыттағы қызметтердің қалыптасуы мен ерекшеліктерін, бұл қызметті қаржыландыру тетіктерінің жаңару және даму мәселелерін қарастыру;
- инновацияларды басқаруға қатысты мәселелерді нақтылау, инновациялық қызмет жүйесіне қойылатын талаптарды үйлестіру;
- инновациялық қызметті басқару үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану қажеттілігін негіздеу;
- инновациялық жобаларды дайындауда кәсіпкерлік қызметті белсенді жүргізу мүмкіндіктерін айқындау.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы. инновациялық қызметті кәсіпорында жетілдіруге жағдай жасау мақсатында аймақтық бағдарламаларда дайындау кезінде қолдануға ұсынылады. Ұсынылып отырған индустриалды инновациялық өндірістерді басқаруды жетілдірудің бағыттары көрсетілген шаралар Қазақстан Республикасының инновациялық экономиканың даму процесстеріне ықпал етеді. Индустриалды инновациялық өндірістерді басқаруды жетілдірудің бағыттарын дамытуды жүзеге асырудың дүрыс жолдарын іздестіре отырып, олардың экономикалық тиімділігін артыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде диплом жұмысының ғылыми жаңалығын айқындайтын келесі ғылыми әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды:
- Кәсіпорында инновациялық технологияның жаңаша қалыптасуы мен инновациялық технологияны басқаруды қамтамасыз етудің жағдайларын анықтау;
- ғылыми-тәжірибелік негізінде инновациялық өндірістерді басқаруды жетілдіруду арқылы иновациялық экономиканы дамытудың жолдары жасалынды;
- Қазақстан Республикасында инновациялық өндірістерді басқаруды жетілдірудудің экономикадағы тиімділігін анықталынып енгізілді.
- инновациялық қызметтің теориялық мазмұны мен ғылыми негіздері, қазіргі экономикалық жағдайдағы факторлары мен алғы шарттары айқындалды;
- Қазпочта акционерлік қоғамының инновациялық даму жағдайына талдау жасалып, өзекті мәселелерді шешудің нақты бағыттары қарастырылды;
- инновациялық қызметті жетілдірудегі негізгі бағыттар мен басымдылықтары, іске асыру жолдары ұсынылды;
- Инновацияның жалпы мазмұны және мәні, белгілері және түрлері
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін, «innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т. б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық (новизна) . Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және теуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
- Жаңалығына байланысты:
- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
- жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
- жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
- Қолданылуына байланысты:
- өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
- технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
- әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
- нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
- Шығу көздеріне байланысты.
- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
- тұтыну инновациялары;
- инвестициялық инновациялар.
- Масштабына байланысты:
- күрделі инновациялар;
- жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.
Инновациялық процестің негізгі кезеңдері.
Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды коммерциализациялау процесі.
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден, ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалықтың, инновациялықтың, өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельді-реттілік түрдегі жүзеге асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан бастап оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы инновациялық процесс жаңа табыстарын алудан және , жаңа технологиялардан, өнім және қызмет түрлерінен, өндірістік, қаржылық, әкімшілділік немесе басқа сипаттағы және басқа интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінен тұрады.
«Изменение характера инновационного процесса» атты еңбегінің авторы Рой Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960 жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші буынына, бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады.
1-сурет. Инновациялық процестің бірінші буыны
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желілік-тізбектілік модель, бірақ нарық маңыздылығына тіреледі және қажеттіліктерге ҒЗТКЖ әрекет етуді. (2-сурет) .
2-сурет. Инновациялық процестің екінші буыны
Үшінші буын: 1970 жылдардың басы ─ 1980 жылдардың ортасы. Түйіндес модель. Маңызды түрде бірінші мен екінші буындардың қиыстырылуы технологиялық қабілеттер мен нарық қажеттіліктері мен мүмкіндігіне байланысты. (3-сурет) .
3-сурет. Инновациялық процестің үшінші буыны. Инновациялық процестің интерактивті моделі
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және сыртқы көлденең және тік байланыстарға назар аударуымен ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар, стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады. [6]
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесі жаңа ғылыми білімдерді алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады. ФЗ-ның мақсаты ─ құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың даму заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке бөлінеді.
Теоретикалық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарда, жаңа түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс табады. Іздестірушілікке негізгі міндетті қамтитын идеялар мен технологиялардың жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдістерін экспериментальдік тексерумен және дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да, сонымен қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік ұйымдардағы жоғары ғылыми білікті персоналдарында жүргізіледі.
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен байланысты болып келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп аталады.
Тәжірибелі-конструкторлық және конструкторлы-жобалау жұмыс кезеңдері жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық жобалауды, жұмыстық конструкторлық құжаттамалауды шығаруды, тәжірибелі нұсқаларды сынауды және жасауды қарастырады.
Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) техникалардың, материалдардың, технологиялардың жаңа нұсқаларын жасау үшін қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қолдануда көрініс табады. ТКЖ ─ бұл ғылыми зерттеулердің қорытынды сатысы және зертханалық жағдайлар мен экспериментальдық өндірістерден өнеркәсіптік өндіріске өзгеше түрде өтуі. ТКЖ-ға мыналар жатады: инженерлік объектінің белгілі конструкциясын өңдеу, жаңа объектінің нұсқаларын және идеяларды өңдеу, технологиялық процестерді өңдеу.
Инновациялық жобаның күрделілігіне байланысты (жаңа өнім түрін меңгеру және өңдеу) инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін міндеттер әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды меңгеру және өңдеу кезінде ғылыми-зерттеулер жұмыс нәтижелерінің жүйелік интеграциясы жүзеге асады.
Бастапқы кезеңдегі жұмысты атқарушылары болып ғалымдардың шығармашылық ұжымдары, ЖОО-дың, университеттердің, институттардың, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлі-техникалық жұмысшылары табылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесінің тәжірибелік жұмысын жасау нарықтық кезеңде жүзеге асады, бұл нарыққа енгізуді, нарықты кеңейтуді, өнімнің жетілуін және төмендеуін қамтиды.
Өндірістің алдын алу сатысында тәжірибелі және экспериментальды жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге қажетті экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге, жасауға, жөндеуге бағытталған.
Өнеркәсіптік өндіріс сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың сұранысымен анықталатын, материалданған жетістіктердің ғылыми-техникалық өңдеудегі тікелей қоғамдық өндірісі. Екіншісі ─ жаңа өнімді тұтынушыға жеткізу.
Инновациялық процестің ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен аяқталмайды, яғни жаңа өнімнің нарықта бірінші пайда болуы және қызмет көрсетуі. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарату (диффузия) шаралары бойынша жаңалық әбден жетіледі, тиімдірек болады, бұрын белгілі болмаған тұтынушылық қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа нарық пен қолдану саласына және жаңа тұтынушыларға жол ашады. Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін өнімдерді жасауға, қызмет көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас ортада жүзеге асатын: оның бағыттылығы, қарқындылығы, мақсаттары әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.
Инновациялық ортаның әр түрлі деңгейлерінде пайда болатын диффузды процестердің мәні жаңалықтар мен жаңалық енгізудің тепе-теңдік күйде таралуының ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдық-экономикалық қызметтердің іскерлік циклмен және қызмет көрсету сферасымен анықталады. Соңында диффузды процестер қоғамдық өндірістегі жаңа технологиялық тәртіптерге басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге экономиканың құрылымдық қайта құрылуы жүзеге асады.
Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу.
Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
- инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және өлшенеді;
- өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және т. б. әсер түрлері қарастырылады;
- кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
- әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
- әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
- инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
- алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру кезінде пайда болатын нәтижелер әр түрлі деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі деңгейді қарастыруға болады: микро және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни кәсіпорын деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім жасауды, енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау жүйелерін, есептеуді және т. б. қарастырады. Бір кәсіпорын деңгейінде жүзеге асатын кешенді жобалар сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік бағалауды айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып табылатын ірі кәсіпорындар туралы айтылған. Макродеңгейге әр түрлі саладағы кәсіпорындар мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық жобалардың кешендерін жүзеге асыру нәтижелері жатады. Салалық немесе халықшаруашылық бағытындағы инновациялардың іске асуы кезінде пайда болатын әсерлер макродеңгейде бағалануы және өлшенуі керек.
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері болып табылады.
4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер түрлері бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына техникалық әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері анықталуы керек. Мысалы, техникалық инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік, тезқозғалғыштық, уақыт мерзімдік және т. б. берілген сипаттамалар жүзеге асуы мүмкін. [28]
Басқарушылық инновация сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы, шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл есептеулерін көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т. б. жатқызуға болады. Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау зерттеушілердің, инженерлердің, технологтардың және инновацияның объектісі бойынша басқа мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет, әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады. Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім қабылдау сатысында инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін және инновацияның жүзеге асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын экономикалық әсерлерден айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы баламаларын таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын қызметтерінің нақты жағдайларын қоса алғанда, таңдалған баламаларды жүзеге асырудағы нәтижелерді бағалау үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz