Банктің несиелік саясатының қағидалары


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі
1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және қалыптастыратын негізгі факторлары 5
1. 2 Несиелік саясатты құрып жүзеге асырудың шетелдік тәжірибелері 18
2. « Казкоммерцбанк » АҚ-ның несиелік саясаты және
оны жүзеге асырудың ерекшеліктері
2. 1 Несиелік саясат және оны жүзеге асырудың нәтижелері, оларға талдау жасау 22
2. 2 Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету тәртібі 54
3. Банкаралық бәсеке жағдайында несиелік саясатты жетілдіру жолдары
3. 1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік саясаты 69
3. 2 Несиелік саясаттың дамыту және банктің несиелік портфелінің сапасын көтеру жолдары 93
Қорытынды 99
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 101
Кіріспе
Қазақстан өз егемендігін алғаннан соң, нарықтық қатынастарға көшіп, экономикасын осы бағытпен дамытты. Бастапқы жылдары экономикамыз тұрақсыз болып, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі жоғары болды. Шет елден инвесторлар тарту мен еліміздің каржы жүйесіне жаңа заң талаптарын енгізу арқылы экономиканы қиын жағдайдан алып шықтық. Банк жүйесі сол кезде қаржы жүйесінің тұрақсыз сегментінің бірі болды. Көптеген банктер тез арада құрылып, әртүрлі себептерге байланысты банкрот болып жатты. Егемендіктің бастапқы жылдары елімізде 200 ден аса банк болса, қазіргі таңда яғни экономикамыз тұрақты, банк жүйеміз дамыған жағдайда елімізде 35 банк қызмет жасайды. 1996 -1998 жылдарға дейін банктер қаржылық жағдайының тұрақсыз, ұлттық банктің талаптары мен халықаралық стандарттар талабына сай келмей қысқарса, 1998 жылдан осы күнге дейінгі уақыт аралығында банктер бәсеке жағдайынан қысқарды. Еліміздің банк жүйесі көптеген елдерге үлгі болатын қаржы жүйесінің дамыған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және тұрғынарға қаржылық-несиелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымның дамуында ерекше маңызды рөл ойнайды. Несиелік-қаржылық механизмнің тиімді әрі үздіксіз қызмет етуіне жеке шаруашылық бірліктердің уақытылы қаражат алуы ғана емес, елдің тұтас экономикалық даму қарқыны да тәуелді болып келеді. Несиелік жүйенің қызмет ету механизмі оның құрылымының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының, несиелеу формалары мен әдістерінің және несиелік есеп айырысу қатынастарының өзгерісіне қарай үнемі түрленіп отырады. Сондықтан Ұлттық Банк банктерге клиентураға несиелік есеп айырсу қызметтерін көрсету функцияларын коммерциялық қағидалары негізінде орындауға қатысты ерекше талаптар қояды, оларға өздерінің клиенттерінің шаруашылық іс-әрекетіне қызмет көрсетуге байланысты барлық несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялар жатады.
Нарықтық экономикаға адекватты тиімді ақша-несиелік қатынастарды құру ғасырлар бойына қалыптасқан несиелеу, есеп айырысу және ақша айналымының жоғалтылған объективті қағидаларын жаңғырту жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін. Жаңа банктік механизмді құру өркениетті әлемде қабылданған және нарықтық құрылымдардың тәжірибесіне сүйенетін коммерциялық банктердің қызметтерін қалпына келтіруді талап етеді. Несиелік ресурстар нарығында заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыра отырып, коммерциялық банктер олардың көмегімен халық шаруашылығының қосымша айналым құралдарына қажеттілігін қанағаттандырады, ақшаның капиталға айналуына септігін тигізеді, тұрғындардың тұтыну несиесіне деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес диплом жұмысының тақырыбы республика экономикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін несиелеу тұрғысынан да, коммерциялық банктерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету үшін де өзекті мәніне ие болады. Несиелік саясат сенімді несие алушыны, несиенің көлемі мен мерзімін таңдауға қатысты шешімдерді қабылдаудың жалпы бағыттарынан тұрады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік саясаттың рөлін айқындаудан және оны үнемі жетілдіру қажеттілігінен тұрады. Банктер үнемі өзінің несиелік саясатын нарықтық жағдайлардың өзгерісіне байланысты қарастырып отыру қажет. Осыған байланысты диплом жұмысының мақсаттарына нақты бір банктің несиелік саясатының «әлсіз» тұстарын анықтау және проблемалық несиелердің алдын алу мен банкке несиелік қаражаттардың қайтарылмай қалуын болдырмауға қатысты шараларды жетілдіруге көңіл аудару кірді. Осы аталған мақсатқа сай алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:
- қоммерциялық банктің несиелік саясатының түсінігі, мәні, мазмұны және оны жасау қағидалары;
- «Казкоммерцбанк» АҚ-ның несиелік саясатының мақсаты, міндеттері және процедуралары мен ережелері;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясатын жетілдіру жолдары.
Дипломдық жұмысымның зерттеу объектісі болып « Казкоммерцбанк » АҚ-ның несиелік саясаты алынды. Ал зерттеу мәселесі ретінде несиелік саясаттың мазмұны мен оны жетілдіру жолдары қарастырылады.
Дипломдық жұмысымның теориялық әдістемелік негізіне : «Банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР заңы, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның ережелері, статистикалық мәліметтері, отандық және шетелдік экономист ғалымдардың: Сейтқасымов Г. С., Лаврушин О. И., Давлетова М. Т., Панова Г. С., Рид Э., Коттер Р., баспасөз беттерінде жарық көрген еңбектері, интернет мәліметтері алынды.
1. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның банктіңқаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі.
1. 1. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты және оның қалыптастыратын негізгі факторлар
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында алғанда, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат - бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын белгілейді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуы тиіс:
- Нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- Несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- Нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- Оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады;
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- Несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын;
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің кешенді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау) .
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.
Несиелік нұсқаулықтар мен стандарттарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз молшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді;
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуеклдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.
Банк қызметкерлерін несиелік саясатпен таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты;
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұсқаулықтары;
Сондай-ақ аталмыш үш құжат ерекше бір құжатта - «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
- несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша) .
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т. б. жатады.
Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритмін анықтайтын іс-әрекеттер кезегін суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері корсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
- Несиелік талдау және аудит болімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау;
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.
Банктің несиелік стратегиясы мыналарды қарастырады :
- Банктің тәуекелдерді оларды түбегейлі талдағаннан кейін ғана алуы;
- Тәуекелдерді болдырмау;
- Несие, активтердің және пассивтердің сапасын жақсарту және негізгі капиталға инвестицияларды қысқарту үшін белсенді жұмыстар жүргізу;
- Несие беру туралы шешім тек кепілді бағалаудың негізінде ғана емес, сонымен қатар болашақтағы ақшалай ағындардың есебінен және несие алушының табыстылығымен, және ұсынылған жобаның түбегейлі құқықтық сараптау нәтижелері негізінде де қабылданып отыруы керек;
- Тәуекелдерді азайту мақсатында несие алушылардың қызмет түріне, салаларына және несиенің көлеміне қарай несиелік портфелді дифференциациялау;
- Тәуекелдерді қабылдаудың нәтижесінде банкті үлкен шығындарға алып келуді болдырмау. Түсетін табыстар тәуекелдің жалпы сомасын жабу керек;
- Несиелік комитетпен несиелік тәуекелдің шектерін орнату және оларға бақылау жасау;
- Компаниялардың халықаралық ұйымдардан алған несиелік рейтингті.
Ішкі несиелік саясатты жүргізетін негізгі мүше - банктің Несиелік комитеті болып табылады. Ол банктің Басқармасымен анықталған және директорлар Кеңесімен бекітілген міндеттер ішінде қызмет атқарады. Банктің Несиелік комитеті несие, гарантия беру, аккредитивтер ашу және филиалдардың Несиелік комитеттеріне және шетелдік қаржы институттарының несиелік желілеріне қызмет көрсету үшін құрылған органдарына несиелік қызметке қатысты басқа да сұрақтары бойынша шешімдерді қабылдауға шектелген міндеттерді анықтайды. Несие беру бойынша шешім, қаржыландыруға ұсынылған проектілердің банкпен жүргізілетін толық сараптаудың нәтижесінде қабылданады. Түбегейлі талдауды қажет ететін кейбір проектілерді, Банктің Несиелік комитеті, несиені сараптау мен басқаруға және жобаларды талдау үшін жауап беретін тәуелсіз сараптаушыларды тартып, мамандар топтарын қалыптастырады. Несиелеу, несие беру процедурасы, несиелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша сұрақтарды, құжаттарды дайындау мен өткізумен байланысты негізгі қызметтерді, негізінен коммерциялық департаменттер, несиелік басқармалар мен бөлімдер және басқа да банктің құрылымдық бөлімшелері атқарады.
Несиелік саясат несиенің бағасы мен валютасы сияқты несиелеудің басты шарттарын анықтайды.
Несие бағасы нарықтағы сыйақы ставкілерінен қалыптасуынан(басқа қаржылық институттармен ұсынылатын мүдделерден), банк активтері мен пассивтерінің экономикалық құндарынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландыру ставкасына, несиеленетін жобаның мазмұнына және басқа да факторларға байланысты қалыптасады.
Сыйақы ставкісі (мүдде) Несиелік комитетпен, Басқарма немесе директорлар Кеңесімен оларға анықталған құқ шегінде анықталады және ол Несиелік келісім-шартта көрсетіледі.
Несие валютасы. Банктің несиелік тәуекелдерді басқару ұстанымдарына сәйкес, ол берілетін несиенің валютасын өзі анықтайды. Банк несиелері ұлттық валютада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің валюталық баламада фиксацияланған курсымен ұсынылады, сонымен қатар шетел валютасында, негізінен АҚШ долларымен беріледі.
Несие валютасы қаржыландырылатын жобаның мазмұнына және ағымдағы (болашақтағы) валюталық нарықтың жағдайына байланысты Несиелік комитетпен анықталынады.
Банктің несиелік саясатын оптимизациялау қағидалары және белгілері. Банктің несиелік саясаты қағидаларының арақатынасы арнайы зерттеуге арқау болмаған. Онымен қоса, қоғамның экономикалық дамуының күшіндегі заңдары жүйесін, олардың әрекет ету шарттары, көрініс алу мен қолдану формаларын ғылыми тану - бұл несиелік процесті жетілдірудің туынды алғышарттарының бірі ретінде бізге аян.
Несиелік саясаттың қағидалары несиелік процестің негізі болып табылады, демек, оларды толық билеген сайын, коммерциялық банктің оның өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ету позициясынан алғанда іс-әрекеті тиімді бола түседі.
Несиелік саясаттың астарынан оны жасау мен тәжірибеде жүзеге асырудың негізгі шарттарын, солардан туындаушы ережелерін түсінеміз.
Несиелік саясат макроэкономикалық деңгейде орталық банктің мемлекеттік несиелік саясатына және әрбір нақты коммерциялық банктің несиелік саясатына ортақ қағидаларды түсіндіреді.
Банктің несиелік саясатының қағидалары бір жағынан несиелік қатынастар субъектілерінің өз іс-әрекеттерінің озық нәтижелеріне деген қызығушылығын ынталандырады және несиелік саясатты жалпы халық шаруашылығы ауқымында жүзеге асыруда зор мәнге ие. Банктің несиелік саясатының негізгі міндеті несиенің оның мәніне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, несиелік саясат оның қағидаларын жүзеге асыру тәсілі ретінде көрініс табады. Солайтұра несиелік саясаттың сапасы ең алдымен оны шарттаушылардың принциптерін орындау дәрежесімен анықталады.
Банктің несиелік саясатының маңызды жалпы қағидалары несиелік саясаттың ғылыми негізделуі, оптималдығы, тиімділігі, сондай-ақ оның элементтерінің тұтастығы мен ажырағысыздығы болып табылады, себебі тек өмірдің объективті реалилері мен субъективті факторларды ескере қалыптасқан ғылыми негізделген несиелік саясат қана мемлекеттің, банктің (институционалдық құрылым ретінде), оның персоналы мен клиенттерінің (соның ішінде тұрғындардың) мүдделерін толыққанды өрнектеуге мүмкіндік береді. Осылайша, тек қана ғылыми негізделген саясат өзінің белгілі бір даму сатысында банк алдына қоятын мақсаттарға едәуір сәйкес келеді. Демек, тек қана ғылыми негізделген саясат банк (орталық та, коммерциялық үшін де) үшін оптималды, едәуір тиімді әрі қалаулырақ болады.
Табыстылық, пайдалылық (себебі әрекет ететін әрбір банктің мақсаты барынша мүмкін жоғары пайда табу болып саналады), қауіпсіздік және сенімділік коммерциялық банктің несиелік саясатының арнайы қағидалары болып табылады (себебі банк табысты кез-келген бағамен емес, ол өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын нарық реалийлерін ескеріп табуға тырысады) .
Осылайша, несиелік саясаттың қағидаларының жүйесі 1-кестеде көрсетілген. [124-128]
1-кесте
Банктің несиелік саясатының қағидалары
- ғылыми негіз
- оптималдық
- тиімділік
- бірлік, несиелік саясат элементтерінің ажырағысыз байланысы
- табыстылық, пайдалылық
- қауіпсіздік, сенімділік
Осылайша, несиелік саясат критерийлерін, коммерциялық банктің тиімді несиелік саясатының критерийлерін бағалау проблемасы туындайтыны сөзсіз. Клиентке қатысты икемді нұсқаны таңдауға - банк экономистерінің тиімді жұмысы мен жемісті жұмыс алғышарты және олардың іс-әрекетін бағалауы негіз болады.
Несиелік байланыстарды реттеудегі мүмкіндіктердің кең кешені несиелік саясаттың оптималды нұсқасы проблемасын дүниеге әкеледі.
Осылайша, коммерциялық банктің оптималды несиелік саясатын жалпы банктің шығыстарын жабуы және белгілі пайда, таза табыс табуын қамтамасыз ететін саясат деп айтуға болады (табыстылық қағидасы) . Онымен қоса, банктік қызметтегі табыстың немесе тіптен шығындардың жоқтығын тиімсіз несиелік саясаттың нәтижесі деп қарастыруға болмайды. Банктің несиелік саясатын жасау стратегиялық және тактикалық мақсаттардан туындайтыны белгілі. Шынында, банктің қызметіндегі жалпы және оның несиелік саясатының ішінара басымдылықтары банктердің несиелік операцияларының қауіпсіздігін, сенімділігін, табыстылығын қамтамасыз етумен сипатталады. Жалпы, коммерциялық банктің несиелік саясатының осы қағидаларын ұстануын оптималды, тиімді несиелік саясаттың критерийлері ретінде санауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz