Мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін арттырудың басқа тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер. ………3

Анықтамалар . . . . ……. 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1. Қазіргі кезде жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін арттырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

1. 1 Креативтілік феноменологиясының педагогика және психология ғылымдарында дамуы . . . 12

1. 2 Жас мұғалімдерде креативтік қабілеттерін арттыру моделін жүзеге асыруда технологизацияның маңыздылығы . . . 37

1. 3 Жас мұғалімдердің дивергенттік ойлау қабілетін дамыту және оларды педагогикалық қолдау мәселелері . . . 56

2. Жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін диагностикалау жолдары

2. 1 Жас мұғалімдердің креативтілігін диагностикалау әдістері . . . 65

2. 2 Мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін арттырудың басқа тәсілдері . . . 85

Қорытынды . . . 90

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 93

Нормативтік сілтемелер

[1] Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы

[2] Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010.

[4] Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»

[27] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелері»

Анықтамалар

Креативтілік рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен субъективтілік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде шығармашылық қабілеттігінен көрінетін сапалық қасиет. Тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті.

Креативтілік жеке тұлғалық-құндылық жасаушы категория ретінде адами руханилықтың бөлінбес қыры және жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, оның өзін-өзі өзектендіруінің мәнді өзегі болып табылады, жеке тұлғадағы бар білімдердің көптүрлілігінен қаншалықты көрінсе (ережелер мен заңдарда көрінетін әлеуметтік бекітілген стереотиптер ретінде), мәселені қабылдағыштығымен, сезімталдығымен, жаңа идеяларға қажет және жаңаны жасау мақсатында тұрақталған стереотиптерді бұза алатындығымен немесе өзгертуге бейімділігімен, өмірлік мәселелердің ерекше, күтпеген шешімдерін табуымен көрінеді.

Креативтік мәдениет - жас мұғалімдердің әлеуметтік, әрекеттік және шығармашылық мәнін креативтік мәдениет ретінде анықтау қасиеті. Креативтік мәдениет қалыптастыру үрдісін құру мен жүзеге асыруда тұлғаға оның мақсаты, субъектісі, нәтижесі және осы үрдіс тиімділігінің басты өлшемі ретінде бағдар алуда тұлғалық тұрғы басшылыққа алынады. Аталмыш тұрғы негізінде дамыту, жетілдіру үрдістері тұлғаның шығармашылық қалыптасуы, өзіндік жетілуіне жағдай жасауы үшін қажет болады

Интеллект сана мазмұнының ерекше формасы ретінде феномендік тұрғыда түсіндіріледі. Ол қоршаған орта талаптарымен, табиғи жағдайлармен өзара әрекетке түсетін бейімделу ретінде генетикалық тұрғыда қарастырылып, әлеуметтену үрдісі, сондай-ақ тұтастай мәдениеттің әсері ретінде әлеуметтік-мәдени тұрғыда түсіндіріледі. Интеллект мақсатқа бағытталған оқыту өнімі ретінде білім беру тұрғысында, ақпараттарды өңдеудің қарапайым үрдістерінің жиынтығы ретінде ақпараттық тұрғыда, түрлі деңгейдегі таным үрдістерінің жүйесі ретінде функционалды-деңгейлік тұрғыда түсіндіріледі.

Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.

Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ыкыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Тұлғалық даму дегеніміз - қарым-қатынастарды қозғалысқа келтіретін тұлғалық жетілудің сапалық өзгерістері, тұлғалық «ядро». Өзінің өткен өміріне қатынасы мен болашаққа бағытындағы сапалы өзгерістер тұлғалық дамуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі анықтау- креативтілік қабілетті дамыту негізі.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖОО- жоғары оқу орны

ББД- білім, білік, дағды

К І Р І С П Е

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан өркениетінің дамуы нәтижесінде білім, ғылым саласында көптеген ғаламдық өзгерістер орын алды. Қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, жаңа заманға сай технология түрлерін меңгерген, өз бетінше ізденетін, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті тұлғаларды қалыптастырып, тәрбиелеу- қазіргі педагог мамандардың міндеті. Сондықтан, осындай мәселелердің шешімін табуда жас мұғалімдердің шығармашылық және креативтілік қабылеттерін дамыту жолдарын іздеу мәселесінің маңыздылығы артып, өзектілігі айқындалып отыр.

«Қазақстанның 2030 даму стратегиясы», «Білім беру» Заңы мен т. б. нормативтік құжаттарда осы айтылған мәселелерге басты назар аударылған.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында: «қоғам мен мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы ретінде алынып, оның негізгі мақсаты- мемлекет, қоғам, жанұя алдында жауапкершілікті сезінетін, адамгершілігі, мәдениеті жоғары, еркін, ерікті, Заңды және Конституцияны, өзінің және басқа азаматтардың құқығы мен еркін құрметтеуші, қоғамдық топтардағы, діни, этникалық, ұлт, әртүрлі нәсілдерді, халықтардың, адамдардың арасында ынтымақтастыққа және өзара түсінушілікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген [1] .

Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және креативтілік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өресі биік білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық даму деңгейін айқындайды. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа білім беру философиясы және білім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі білім керек [2] .

«Оқытушы адам баланы оқыту үшін оқыту ғылымын жақсы білуі қажет»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі ең басты мәселе- өз орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын оқытушы тұлғасын қалыптастыру. Бұл дегеніміз - білім беру саласында жаңа идеяларды және жаңаша оқыту технологияларын толық пайдалану. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасып, ғылымда баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда. Кәсіби шеберліктің жоғары түрі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау. Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу- білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс, қабілеттерін қалыптастыру ісіне үлкен ықпал етеді. Оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу дегеніміз- жеке түлғаның дарындылығын жетілдіру, креативтілігін дамыту. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуда, креативтілігін дамытуда мұғалімнің қызметі маңызды орын алады

Шығармашылық үрдісті зерттеу XVII-XVIII ғасырларда бастау алды. 30 жылдардан бастап бұл аумақта жаңа әдістерді жүзеге асыру байқалады. Пайымдау мен кеңестер орны шаруашылық әрекетті жүзеге асыруда шығармашылық үрдістер, нақты әрекеттер жиынтығын көрсетуге тырысты. Қазіргі кезде шығармашылық бойынша әдебиеттер ондаған әдістер ұсынады. Осы әдістердің барлығын екі топқа бөлуге болады:

  1. адамның креативті және эвристикалық қабілеттерін күшейтуге бағытталған;

2) адамның логикалық-талдау әрекетіне бағытталған

Креативтілікті қалыптастыру мәселесінің шығу тарихын зерттеу шығармашылық қызығушылық мәселелерін шешу тәсілдерін адаптивтік және инновативтік, ал ойлаудың өзін дивергенттік және конвергенттік деп бөлген Уильям Даффа (XVIIIғ. ) еңбектерімен де байланысты.

«Креативтілік» сөзі латының creare деген сөзі, ол тудыру, жасау, шығару дегенді білдіреді. Креативтілік білуге құмарлық және зерттеушілік мінез-құлықпен қатар жаңа түйсікті іздеу- жаңа бір нәрсені жасау және өз әрекетін түрлендіруге тілек білдірумен тығыз байланысты.

Ғылыми тұрғыдан алғанда креативтілік әртүрлі теориялық және эксперименталдық зерттеулерде айқындалатын өте қиын, көпдеңгейлі, ерекше құбылыс ретінде қарастырылады. Шығармашылық қабілеттердің алғашқы зерттеле бастауынан біздің заманымызға дейінгі зерттеушілер креативтілік феноменін әртүрлі концепцияларда түсіндіріп берген. Креативтілікті зерттеумен 3. Фрейд, К. Роджерс, Дж. Гилфорд, Э. Торренс, Р. Стернберг, Т. Амабайл, А. Маслоу, Ф. Баррон, Д. Харрингтон, Р. Мэй және т. б. шетелдік ғалымдар айналысқан.

Орыс ғалымдарының ішінен креативтілік қабылетін В. Н. Дружинин, А. В. Брушлинский, Д. Б. Богоявленская, С. Л. Рубинштейн, Н. С. Лейтес, Б. Г. Ананьев, Б. Г. Теплов, К. К. Платонов, А. Г. Ковалев, И. И. Ильясов, Н. Б. Шумакова, В. И. Панов, М. А. Холодная, В. С. Юркевич, И. В. Калиш, Д. Б. Богоявленская, A. M. Матюшкин, С. Медник, В. Ф. Вишнякова және тағы басқа көптеген ғалымдар зерттеген.

Қазақстандық ғалымдар ішінен К. М. Нағымжанова, Н. С. Нұрғазиева, А. Ж. Аяғанова, А. С. Мұстояпова, Омарова Р. С. , Таубаева Ш. Т. және т. б. атсалысты.

Осыған қарамастан креативтілік түсінігін шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғылыми зерттеулердің бірінде де нақты анықталған және бекітілген деп айту қиын.

Креативтілікті зерттеуге арналған барлық зерттеу жұмыстарын екі бағытқа бөліп қарауға болады. Олардың біріншісін креативтілікті әмбебап танымдық-шығармашылық қабілет деп қарастыратын тұжырымдамаға арқа сүйеген зерттеулер құрайды. «Танымдық» бағыт өкілдері креативтілікті, интеллект, когнитивтік қабілеттер мен нақты жетістіктерді зерттейді. Бұл бағыт өкілдері: Дж. Гилфорд, С. Тэйлор, Э. Торренс, С. Медник. Бұл ғалымдардың жұмыстарында интеллектуалдық таным процестерінің жаңа идеяларды тудырып, қалыптастыруға әсер ететіні көрсетіледі.

Екінші бағыт өкілдері креативтілікті адамдардың жеке тұлғалық ерекшеліктері деп қарастырады. Бұл топқа Ф. Баррон, А. Маслоу, Д. Б. Богоявленская кіреді. Олардың еңбектері «шығармашыл тұлғаның портретін» салумен, оған тән жеке мінездемелерді айқындаумен, креативтіліктің жеке тұлғалық, мотивациялық және әлеуметтік мәдени белгілерін анықтаумен айналысады [3] .

Зерттеу мәселесіне сәйкес шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі жеке тұлға бойында креативтілікті қалыптастыру мәселелерін зерттеп, саралай келе, еңбектерде берілген анықтамаларға сәйкес: креативтілік- жаңа тәсіл-амалдармен жүзеге асырылған шығармашылық ағыны, продуктивтілікке апарар жол, жаңа өнімдердің пайда болуы, жаңа байланыстарды табу қабілеті, жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы, жаңаны тану мен жасауға ұмтылушылық, жаңалықтарға жеткізетін ақыл-ой әрекеті деп түсіндіріледі.

Көптеген зерттеулер креативтілікке әр адамда бар психологиялық креативтілік механизмдер және шығармашылық әлеует қарайды. Бірақ, әр адамда әр түрлі сан мен сапада кездеседі, сондықтан проблема деңгейі даму сатысына және байқау мүмкіндіктерін қарастырады. Креативтілік табиғатын ашу эксперименттік тұрғыдан талдау негіздеріне сүйенеді дей отыра, А. В. Морозов бірінші топқа жалпы психологиялық және тұжырымдамалық бағыттылықты (С. Л. Рубинштейн, 1941; К. Дункер, 1965) жатқызады және креативтілік тұлғаның зияттылық және тұлғалық ерекшеліктерінің кешені, проблеманы өз бетімен шешетін, жаңа соны идеялардың туындауы және проблеманы қалыптан тыс шешуі деп бағалайды. Бұл топтағы психологтар шығармашылық психологиясының әдіснамалық негізін, оның заңдылықтарын және шығармашылық іс - әрекеттің механизмін зерттейді.

Екінші топты сараланған психологиялық типтегі шығармашылықты эксперименттік - эмпирикалық зерттеу, тұлғаның шығармашылық іс - әрекетінің мінездемесі мен қабілеттілігін айқындауға бағыттайды. Креативтілік - жаңа өнім немесе шығармашылық ойлау нәтижесі (К. Тейлор, В. А. Терехов, О. Тихомиров) деп көрсетеді. Басқа зерттеулерде шығармашылық процестің басымдылық нәтижесі жаңаны ойлап табу (А. Арнгейм, А. В. Брушинский) . Бұл Р. Арнгейм еңбектерінен айқын байқалады. Оның пікірінше: «шығармашылықты сол нысанмен бақылауға болмайды, ол өндіретін нәтиже. Креативтілік - ол білімнің толық ашылуы, эвристикалық іс - әрекет деген атқа ие болады»- дейді.

Креативтілік мінездемесі белгілі бір өнімді немесе кәсіби іс - әрекет пайда болатын психологиялық белгілер кешенінен тұрады. Дж. Гилфорд әртүрлі қабілеттерді креативтіліктің бірліктері ретінде қарайды.

Егер креативтілік мәселесін қарым - қатынас арқылы қарастыратын болсақ, субъект - пән (шығармашылық процесс), сондықтан бұл жерде өнімді ойлау процесінің зерттелуіне тереңірек тоқталу керек (А. В. Брушлинский, И. П. Калошина, О. К. Тихомиров) .

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе, креативтілік педагогикалық - психологиялық тұлғаның категориясы екендігіне дау тудырмайды, креативтілік анықтамасын нақтылауда даулы жағдайлар кездеседі. Креативтілік дивергентті ойлау (Дж. Гилфорд, О. К. Тихомиров) жеке зиятты белсенділік (Д. В. Богоявленская, Л. Б. Ермолаева - Томина) немесе тұлғаның біріктірілген сапасы (Я. А. Пономорев) .

Ғалымдардың әр көзқарасы терең дәлелденген және мойындауды қажет етеді. Дегенмен, жоғары оқу орындарының кәсіби педагогикасы мен (креативті андрогогикада) оның сапалық көрсеткіштері мен негізгі байқау деңгейлері анық емес. Егер креативтілік аталған ұстанымдардың бірімен ғана айқындалатын болса, оның зерттеу проблемалары ауқымы тарылып, біржақты ғана қаралар еді. Әсіресе, білім беру жүйесінде тек нәтиже алу ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі шығармашылықты басқару мен ұйымдастыру барысында тұлғаның шығармашылық әлеуеті және тұтас креативтілік дамуы керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тұлға категориясы ретінде, креативті оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін ашу аса маңызды.

Демек, креативтілік ұғымына қатысты ғылымда бар кейбір көзқарастарды қарастыра келе, олардағы ортақ нәрсе: әрбір адам шығармашылыққа қабілетті, белгілі бір гипотетикалық қасиеттерге ие деген тұрғыдан түсіну қажеттігі туындайды. Ал мұғалімнің міндеті осы қасиеттерді дамыту болып табылады.

Сонымен, креативтілік- әрбір жеке тұлғаға тән танымдық қабілеті мен оның интеллектуалдық, жеке тұлғалық ерекшеліктер кешені және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты. Әрбір индивидтің түрлі сан мен сапада өлшенетін әлеуетін анықтау мақсатында жүргізілген педагогикалық, психологиялық зерттеулерде олардың шығармашылық, креативтілік деңгейіне басты назар аударылады.

Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады [4] .

Осындай мәселелердің шешімін табу үшін жас мамандардың креативтілігін дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалады.

Сонымен, ғылыми зерттеулерге жасаған талдау ұсынылып отырған проблеманың педагогика ғылымында күні бүгінге дейін мақсатты түрде жете қарастырылмағанын дәлелдейді. Осы мәселелердің шешімін іздестіру зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты «Жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін арттыру» деп атауға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жас мұғалімдердің креативтік мәдениетін жетілдіру қажеттігін көрсетіп, оны арттыру жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Зерттеу тақырыптарына сай ғылыми, педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, талдау, сараптама жасау;

2. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет әдіс-тәсілдерді белгілеу;

3. Жас мұғалімдерде креативтілік қабылетін қалыптастырудың түрлі формалары мен дамыту моделін әзірлеу;

4. Жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін диагностикалық анықтау жұмыстарын өңдеу;

Зерттеу объектісі: мектептің жас мұғалімдер ұжымы

Зерттеу пәні: жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін қалыптастыру жолдары, формалары.

Зерттеу болжамы. Егер жас мамандардың креативтілігін ЖОО қабырғасында ғана емес, жұмыс орнында да арттыруға жағдай жасап, өз міндеттерін шектеулі стандарттар бойынша ғана емес, шығармашылықпен атқаруға мүмкіндік жасалса, креативті қолайлы орта қалыптастырып, тәжірибелі мамандар тарапынан жас мұғалімдерге педагогикалық қолдау көрсетілсе онда жас мамандардың кәсіби-танымдық білімі мен креативтілігін дамыту мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені тек креативті ұстаз ғана рухани өрісі кең, танымдық деңгейі мен кәсіби біліктілігі жоғары, білімді де білікті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы:

1. Жас мұғалімдердің креативтік мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды.

2. «Педагогтың креативтік мәдениеті» ұғымының мағынасы мен мазмұны нақтыланды.

3. Жас мұғалімдердің креативтік мәдениетін арттыру әдістемесі мен моделі дайындалды.

4. Мектеп мұғалімдерінің креативтік мәдениетін қалыптастыруға ұсыныстар көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері :

1) адамның танымдық қызметінің мәні туралы іргелі философиялық қағидалармен,

2) құбылыстардың өзара байланыстары мен сабақтастығының логикалық қағидаларымен,

3) зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми-педагогикалық еңбектермен, 4) кәсіби педагогикалық сапалар мен мұғалімдердің креативтік мәдениетін арттыру идеяларымен,

5) білім берудің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік тұжырымдамаларымен анықталады.

Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино селосының Балкашино орта мектебі. Зерттеуге орта мектептің жас мұғалімдері: қазақ тілі мен әдебиеті, математика, география, тарих пәндерінің мұғалімдері, бастуыш сыныптар мұғалімі мен психолог маман қатысты.

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, сауалнама (Д. Джонсонның мұғалімдерге арналған сұрақнамасы мен Рензуллидің креативтілікті анықтауға арналған сұрақнамасы), тест (Е. Торренстің креативтілікті анықтау тесті, С. Медниктің вербальды креативтілікті диагностикалау тесті, Е. Туниктің шығармашылық ойлау қабылетін анықтауға арналған тесті), сұхбаттасу мен әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жүргізу.

Зерттеу мәселесінің қазіргі кезде бағалануы. Зерттеу жұмыстары барысында оқушылардың креативтілік қабылеті оларға білім беретін мұғалімдердің креативтілігіне тікелей байланысты екені анықталды. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін жас мұғалімдердің креативтік қабылеттерін анықтап, оны жетілдіріп, дамыту өте маңызды.

1 тарау. Қазіргі кезде жас мұғалімдердің креативтілік мәдениетін арттырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

1. 1. Креативтілік феноменологиясының педагогика және психология ғылымдарында дамуы.

Креативтілік білуге құмарлық және зерттеушілік мінез-құлықпен қатар жаңа түйсікті іздеу- жаңа бір нәрсені жасау және өз әрекетін түрлендіруге тілек білдірумен тығыз байланысты. «Креативтілік» сөзі латының creare деген сөзі, ол тудыру, жасау, шығару дегенді білдіреді. Соған сәйкес креативтік- дамитын, өзінде шығу мен мақсатты сақтайтын процесс.

Креативтік адам пайда болғаннан бастап болса да, бұл феномен әсіресе соңғы бесжылдықта ерекше өнерге жатқызылып, тек данышпандыққа тән деп санап, тылсым күшке теңестірілді.

Креативтіліктің көрқырлылығы ашылды: адам әрекетінің қанша түрі болса, оның сонша түрі болады, адам табиғаты (дене, психикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық және т. б. ) қанша алуан болса, сонша аспектісі бар және олар барлық жас кезеңдері мен барлық мәдениетте болады.

Креативтілік ұғымы мен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне педагогтар, психологтар, ғалым-әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл мәселенің қарастырылуы ғасыр қайнарларынан бастау алғандығын философтардың (Аристотель, Сократ т. б. ) еңбектерінен көреміз, олар жаңа білімді игеруде ой қорытындысының логикалық алгоритмін құру арқылы жетуге болатынына тоқталады [5] .

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар да дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне танымдық, қызығушылық, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Психология ғылымындағы «креативтілік» бағытты зерттеуді келесі шетелдік ғалымдар: Дж. Гилфорд, Э. Г. Юдин, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, М. Розенберг, Э. Эриксон, М. Уоллах, Д. Халперн және т. б. жүргізді. Алайда, И. М. Верткин, А. Н. Лук, Я. А. Пономарев, Н. Г. Фролов, Э. Г. Юдин, М. Г. Ярошевскийлердің атап көрсеткеніндей, креативтілікті зерттеу айтарлықтай нәтижелі болған жоқ.

Креативтілік мәселесіне арналған бүгінгі күні бар теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау нәтижесінде бұл феноменнің құрылымы мен мәніне деген бірыңғай түсінік берілмегендігі анықталды, ғалымдар, зерттеушілер, психологтар мен педагогтар өздерінің зерттеулерінде креативтілік ұғымына әртүрлі анықтамалар береді [6] .

Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріндегі креативтіліктің бар түсініктемелері мен анықтамаларын талдай, жалпылай келе: креативтілік- жаңа тәсілмен жүзеге асырылған ізденімпаздық ағыны, жаңа байланыстарды табу қабілеті, жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы, жаңа өнімдердің пайда болуы, жаңаны тану мен жасауға бейімделу, жаңа нәтижелерге жеткізетін ақыл-ой әрекеті, тәжірибенің жаңа құрылымға тасымалдануы деп түсіндіріледі [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту әдістері
Білім берудің құрылымы
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz