Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР:

АНЫҚТАМАЛАР:

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР:

КІРІСПЕ 7

1 ҚР-НЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 10

1. 1 Агросектордағы экономикалық дамудың критерийлері мен

көрсеткіштері 10

1. 2 Ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа

интеграциялануының ғылыми негіздері 17

1. 3 Ауыл шаруашылығының халықаралық қаржылық

есептілік стандартын қолдану өрісі және оның болашағы 23

2 . ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫ 32

2. 1 Қазақстан Республикасының аграрлық секторы 32

2. 2 Қазақстандағы инвестициялық - қаржылық жоспарлау

мәселелерінің даму жолдары 44

3 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ

ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 50

3. 1 Ауыл шаруашылығы экономикасындағы инвестициялық

жағдайды жетілдіру жолдары 50

3. 2 Қазақстандағы экономикалық дамуды инвестициялық қамтамасыз

етудің өзекті мәселелерін шешу жолдары мен реттеу механизмдері 53

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

ҚОСЫМША 68

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР:

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары;

Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңдар;

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бойынша статистика жөніндегі Агенттіктің статистикалық көрсеткіштері;

Қазақстан Республикасының Ата Заңы;

«Қазақстан - 2030. Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және игілігі» Стратегиясы;

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспары, Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

Қазақстан Республикасының Астық туралы Заң;

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Мемлекеттік бағдарламалар: 2003-2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» Мемлекеттік бағдарламасы;

АНЫҚТАМАЛАР:

Амнистия - адамдардың белгісіз бір тобын мемлекет басшысының немесе жоғарғы өкілетті органдағылардың шешімімен қылмыстық жазадан босату.

Конъюнктура - қалыптасқан экономикалық жағдай, әлемдік шаруашылықтың, ел, аймақ шаруашылығының, тауарлар рыногінің белгілі бір кезеңдегі жағдайын бейнелейтін көрсеткіштердің жиынтығын сипаттайтын уақытша ахуал.

Потенциал - қандай да болсын міндетті шешу үшін, белгілі мақсатқа жету үшін пайдаланылуы мүмкін қайнар-көздер, мүмкіндіктер, құралдар, қорлар, белгілі бір саладағы жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүмкіндіктері.

Стимул - (лат. stimulus - мал айдайтын үшкір таяқ, піскіш) индивидтің психикалық күйлерінің динамикасын туындататын (реакция деп белгіленеді) және оған себептің салдарға қатынасындай қатынаста болатын әсер.

Тенденция - көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс, қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт біреуге танылатын идея, ой.

Брокер- қор, тауар, валюта биржасында делдалдардың міндеттерін орындайтын тұлға немесе фирма.

Нау-Хау - ағыл. know xow - қалай екенін білу. Көпшілік біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдалана алатын ерекше технологиялар, білімдермен қабілеттер.

Ретроспекция - лат. retro - артқа, spectare-қарау. Өткенге көз жүгірту, артта қалған оқиғаларға үңілу.

Бюрократия - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы;

ЖІӨ - Жалпы Ішкі Өнім;

ХҚЕС - Халықаралық Қаржылық Есептік Стандарты;

ЖӨ - Жалпы Өнім;

АӨК - Агро Өнеркәсіптік Кешені;

РӘҚ - ресурстық әлеуеттің құны;

НӨҚ - негізгі өндірістік қор құны;

МАҚ - материалды айналма қор құны;

ЖР - жер ресурстар;

ЕР - еңбек ресурстар;

СР - су ресурстар;

Ттқ - ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік критерийі;

Тк - экономикалық тиімділік, келтірілген шығындарды есепке алынған;

Таш - ауыл шаруашылығындағы тиімділіктің жалпы көрсеткіші;

Іжө - жалпы өнімнің 1 га жерден түсімінің индексі;

Іөш - өндірілген өнімнің құндық бірлігіне өндірістік шығынның индексі немесе эталон көрсеткіші

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе. Аграрлық секторды дамыту мақсатында соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көптеген жағдайлар көрсетіліп, аграрлық салаға мемлекеттік реттеулер, бағдарламалар жасалды. Бізге «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет еді.

Осы еңбекте аталған іс-шараларға тоқталып, олардан қандай нәтиже шыққандығы туралы, әліде болса аграрлық сектор мемлекет тарапынан қандай қолдауларды қажет ететіндігі туралы сөз болады.

Алдағы уақытта Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруде бұл мәселе туралы тереңірек ойланып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айырықша талаптар қойылатын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамшылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айырықша назар аудару қажет. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де, атап айтқанда агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек.

Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына Жолдауында да ауыл шаруашылығына қатысты мәселелердің бүгінгі күні өзектігіліне қатысты көп мәселелерді қозғады.

Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:

Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;

Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарту керек.

Биылғы жолдауында Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 10 міндеті мен 30 бағытын атап көрсетті. Осы 30 бағыттың ішінде төртінші бағытта мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру туралы сөз етті. Бұл жерде «ҚазАгро» ұлттық холдингі жұмысына жаңа қадамдар енгізіліп, ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру туралы негізгі міндеттер жүктелді [1, 18] .

Мiне осы жоғарыда айтылған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін дәлелдейдi.

Тақырыптың ғылыми жаңашылдығымен тәжірибелік маңыздылығы:

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, автормен Қазақстан Республикасында инвестиция саясатын қолдауға бағытталған негізгі шараларды ұсынуынан тұрады.

Ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының

қазіргі қоғамға сәйкестігі мен оның рөлін анықтау барысында келесідей жаңашылдықтарды көруге болады. Мысалы:

- қазіргі Қазақстандағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының жағдайларын көрсету, оның қайшылықтары мен жетістіктерін ашу- жұмыстың басты нәтижесі болып табылады;

- деректер негізінде бұған дейінгі инвестицияда қарастырылмаған мәселелердің кейбір тұстары біршама жүйеленеді;

- Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының негізгі саласы келтіріледі;

- болашақтағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының көмек ретінде әзірленген бағдарламаларға тоқталып өтіледі.

Тәжірибелік маңыздылығы-бұл ғылыми еңбекте ауыл шаруашылығын жақсартуды, экономикалық даму көрсеткіштері, әлемдік нарыққа интеграциялануы, ғылыми негіздері қаржылық жоспарлау мәселелері қарастырылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:

Тақырыптың мақсаты ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының негізін жүйелі әрі обьективті зерттеу арқылы оның белгілі бір жүйеге келуіне әсер ету. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:

- ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарына байланысты заңдар, нормативтік актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, мақалаларды т. б. деректердің барлық түрлерін жинап, салыстырып-саралау негізінде оның алатын орнын мүмкіндігінше нақты көрсету;

- ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының даму тарихын жан-жақты ашып көрсету, Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының кемшіліктерді нақты айқындау;

- Шет елдерінің ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарын салыстыра отырып мұндағы жетістіктерді қарастырып назарға алу.

Зерттелу дәрежесі: Өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың теориялық және практикалық мәселелеріне экономикалық әдебиеттерде үлкен назар аударылып отыр. Жүйелі түрде өтпелі кезеңдегі еліміздің аграрлық саясаты толық зерттеліп талданды деп айту шындыққа сәйкес келмейді. Мәселенің жеке сауалдары белгілі деңгейде зерттелуде. Кейінгі жылдарда аграрлық мәселелерді, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуда мемлекеттік реттеу мәселелерін өтпелі кезеңде басқа қырынан талдау, оның ерекшеліктерін қарастыру ғылыми әдебиеттерде кең орын алуда. Аграрлық саланы мемлекеттік реттеу мәселелері түрлі дәрежеде Ресей ғалымдары Л. И. Абалкиннің, А. Е. Киселевтің, А. Е. Булатовтың, О. К. Ястребованың, М. Д. Мацкуляктың еңбектерінде, сондай-ақ Қазақстандық ғалымдар Г. А. Қалиевтің, В. В. Григоруктың, Р. Ю. Куватовтың, Т. А. Есіркеповтың, Я. Ә. Әубәкіровтың, Н. К. Мамыровтың, Е. Б. Жатқанбаевтың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарының қалыптасуы мен даму кезеңдері мен құрылымы. Зерттеу пәні-жаңа замаңда Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық инвестициясын талдау және жетілдіру жолдарын мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері: нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер қолданылды.

Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және қорытындылау әдістері.

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ҚР-НЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

1. 1 Агросектордағы экономикалық дамудың критерийлері

мен көрсеткіштері

Экономикалық әдебиеттерде ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мәселелерінің методологиясы және тиімділік критериін анықтау және есептеу әдістемесіне іргелі еңбектер арналған. Бұл еңбектердің көпшілігіне тән ерекшеліктері, оларда шығындардың арақатынасы деп түсіндірген, ал шығындар пайдаланылған, яғни трансформация болған өндірістік ресурстардың бір бөлігі соның ішінде табиғи және өндірісте тікелей қатыспағандары бар.

Дамыған капиталистік елдердің ірі экономист-ғалымдарыныңең еңбектерін терең оқығанда әсіресе П. Самуэльсонның және басқалардың еңбектерінде төмендегідей тұжырымдама жасалған: өндірістің экономикалық тиімділігін анықтауда методологиялық және әдістемелік негіздерін зерттеуде ресурстар арқылы жанасу өндірушілердің де, нарықтық қатынастың да талаптарына жауап береді. Мұның негізгі себебі әрбір тауар өндіруші кәсіпкерлік іс-әрекетті бастамас бұрын өзінің өндірістік әлеуетін алуға тырысады, иелігіндегі ресурстарды есепке алады, олардың сандық және сапалық параметрлерін анықтайды. Осы жолмен пайдаланылатын ресурстардың оңтайлы вариантының комбинациясы қабылданып өнім өндіруге барынша шығындар бөлігін төмендетуге, әлеуетті пайда массасына қол жеткізуге әрекеттенеді. Бұдан туындайтын ой-пікір кәсіпкерлікті ұйымдастыруда осы механизмді қолданып тауар өндіруші өзіне тиімді критерийді таңдап алуға мүмкіндік алады, өз өндірісінің экономикалық тиімділік көрсеткішін анықтайды.

Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігін арттырудың негізгі мүмкіндіктерінің біреуі бұл материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану.

Критерий дегеніміз - энциклопедиялық түсінік бойынша сол көрсеткішке негіздеп баға беруге, анықтауға немесе жіктеуге болатын белгі, баға беру өлшемі. Критерий- қойылған мақсаттардың сипатына қарап екі бағытта анықтайды: максимум және минимум. Мақсатты критерийлерді максимум бағытта анықтау дұрыс және тиімділікті анықтауға кең қолданылады, ал минимум бағыты өндіріс үрдісінің ресурстық (шығындар) бөлігіне тиісті. Ауыл шаруашылығы өндірісінің әрбір кезеңінде, ұйымдық-құқықтық түрлерінде, бірлестіктеріне өткенде критерийлер саны артады. Басқару жалпы тиімді болу үшін сол жүйеге әрбір кезеңнің, заңды тұлғаны басқарудың қосалқы жүйелері бірлессе, сол кезеңге нақты талаптар қойылып басқару механизмі тиімді болатындығы сөзсіз.

Ресурстар өндірісті ұйымдастырудың материалдық негізі және оған тікелей араласып өзінің бөліктерін дайын өнімге айналдыратын болғандықтан тиімділік массасы сол ресурстарды пайдалану деңгейіне байланысты, оған тек минимум сипаттағы критерий тиесілі. Осыған байланысты соңғы жылдары ресурстық әлеуетті құндық есептеу әдісі кеңінен қолданылып жүр, яғни өндірістік үрдіске қатысқан өндірістік ресурстың интегралдық көрсеткіші. Экономикалық әдебиеттерде ұсынылып жүрген ресурстық әлеуетті сандық есептеулер әдістерінің арасынан іс-тәжірибеде пайдалануға маңызы бары, бұл құндық негізде ресурстарды бағалау және қосу арқылы абсолюттік мөлшерін анықтау болып табылады.

Мұның теңдеуі төмендегідей:

РӘҚ=НӨҚ+МАҚ+ЖР+ЕР+СР+ЕРу=Ері=(1, 2, 3, . . . , m) ; (1)

Бұнда

РӘҚ- ресурстық әлеуеттің құны, теңге;

НӨҚ- негізгі өндірістік қор құны, теңге;

МАҚ- материалды айналма қор құны, теңге;

ЖР- жер ресурстар құны, теңге;

ЕР- еңбек ресурстар құны, теңге;

СР- су ресурстар құны, теңге;

Рj- J түрінде ресурс, і- агроқұрылымында, аумақта, салада.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігінің формуласындағы ресурстық есептеулердің механизмінде бөлім әдістемелігі және әдісі кең қолданыла бастады. А. Кассирдің зерттеуі бойынша: «жерді құн бойынша бағалауды бірлестіріп есептеу мақсатқа лайықты мәселе, сондықтан оған оң көзқарас керек» Өндірістің тиімділік теңдігіндегі бөлімі сол бірлестірілген сомаға тең болады. Бірақ тиімділікті қалыптастыруға қатысатын өндірістік ресурстардың интегралдық көрсеткіштері барлық негізгі ресурстар түрлерінің мөлшерін көрсетуі керек. Бұл көрсеткішке тек қана өндірістік негізгі қорлар еніп қана қоймай, барлық материалдық айналма қорлар және жер, еңбек ресурстары кіреді. [12; 48б]

Қорытындылап айтқанда, өндірістік ресурстардың интегралдық көрсеткіші барлық ресурстардың мөлшерін көрсетеді. Бұл жерде А. Кассиров суармалы жердегі ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі ресурстары- су ресурстарын есепке алмаған, ғалымдар пікірі бойынша, бөлімнің жалпылама көрсеткішіне агроөнеркәсіп кешенінің ресурстарына қосымша олардың төлемдерін қосу керек деген (суға төлем, несие пайызы, т. б. ) . А. Гусевтің ұсынысы тиімділік теңдігінің бөлімін анықтау үшін ауыл шаруашылығына арналған пайдаланудағы негізгі қордың өндірістің тиісті кезеңіне(бір жылдық) келтіру жолымен, яғни келтірілген шығындар әдісін қолдану дұрыс.

Өқ+Кн*Қнқ; (2)

Бұнда

Өқ- агроқұрылымның ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құны, мың тг ;

Кн - күрделі салымның тиімділігінің нормативтік коэффициенті, ол 0, 15-ке тең;

Қнқ - ауыл шаруашылығына арналған негізгі қордың орташа жылдық құны, мың тг.

Теңдіктің бөлімінде А. Гусев жердің бағасын есепке алмаған, бірақ егістіктің табиғи құнарлығының балл-бонитетін қолданып ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігіне пайдаланып төмендегі теңдікті ұсынған:

Ттқ=Тк*Бп; (3)

Бұнда

Ттқ- ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік критерийі;

Тк- экономикалық тиімділік, келтірілген шығындарды есепке алынған

(Өқ+Кн*Қнқ) ;

Бп - агроқұрылымдағы егістіктің құндылығын ғалым Г. А. Жмуров өндірістің экономикалық тиімділігін анықтаудың индекстік әдісі арқылы ұсынған:

Іжө

Таш = =100; (4)

Іөш

Бұнда

Таш - ауыл шаруашылығындағы тиімділіктің жалпы көрсеткіші;

Іжө- жалпы өнімнің 1 га жерден түсімінің индексі;

Іөш- өндірілген өнімнің құндық бірлігіне өндірістік шығынның индексі немесе эталон көрсеткіші.

Ауыл шаруашылығы өндірістің экономикалық тиімділігі проблемаларын зерттеуші ғалым-экономистер критерийді өндірістің нәтижелік көрсеткіштерімен теңестіреді. Бізге белгілі болғандай, өндірістің көрсеткіштері нақтылық және нәтижелік болып екіге бөлінеді. Нақтылық көрсеткіштер үшін соның ішінде ресурстық әлеуетке біздің пікіріміз бойынша мақсатты сипаттағы бір ғана критерий бар, ол өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің бірлігіне ресурс шығындарын азайту. Бұл көрсеткіштер сыйымдылық сипаттағы көрсеткіштерге бөлінеді: қор сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, қуат сыйымдылығы, жер сыйымдылығы т. с. с. Бұл көрсеткіштер тиісті нәтижелік көрсеткіштердің кері мөлшерін және нақты пайдаланылған ресурс түрінің қайтарым деңгейін көрсетеді: қор қайтарымы, еңбек қайтарымы, еңбек өнімділігі.

Қорыта келгенде, кеміту критерийлерінің мұндай бөлінуі сыйымдылық нәтижелік көрсеткішті анықтауда қолданылады, ал жоғарылату нәтижелік көрсеткіштерді пайдалану жолымен өндірісте ресурстар қайтарымының деңгейі анықталады.

Біздің пікіріміз бойынша, ауыл шаруашылық өндірісінің және оның экономикалық тиімділік критерийлерінің екі бөліктен құралатындығы және қолданылғаны дұрыс.

Ауылшаруашылық критерийі- халықтың азық-түлікке қажеттілігін толық көлемде және бәсекеге қабілетті ассортиментте қанағаттандыру, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығында өндірілген шикізатпен қамтамасыз ету. Бұл тұжырым қазіргі экономикалық саясаттың негізгі мақсатына толық жауап береді. Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің критерийі шаруашылық іс-әрекетпен максимум тиімділікке жету, өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің есептеу бірлігіне минимум тұрақты ресурс шығын арқылы серпімді даму табатын кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісін қамтамассыз етіп, өндірістік және экономикалық әлеуетті жоғарылату барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелердің негізін қалау талапқа сай болады.

Тиімділік көрсеткіштердің оның критерийлерінен айырмашылығы олар нақты санды мәнге ие, олар жалпылама және жекеленген болып бөлінеді, ауыл шаруашылық өндірісінің үрдісіне жалпы және жекеленген ресурстардың түрлерін пайдалану тиімділігін көрсетеді. Яғни, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділікті оның ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерімен сипатталады және олардың интегралдық көрсеткіші-ресурс әлеуеті болып табылады. Ресурстық әлеуеттің аболюттік сомасының есептеулері тиімділік көрсеткіштерін ауыл шаруашылығының көп укладты құрылымында пайдалануға мүмкіндік туғызады: акционерлік қоғамда, өндірістік кооперативте, серіктестікте, шаруа қожалығында. Алдымызға қойылған мақсатқа және міндеттің сипаттамасына қарай барлық пайдалануға жататын ресурстар әлеуетінің экономикалық ресурстар жүйесін төмендегі топтарға бөлуге болады:

- ауыл шаруашылығының ресурстар әлеуетінің пайдаланудың жалпылама көрсеткіші;

-ауыл шаруашылығы салаларының: өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, агроқұрылымдардың ресурстар әлеуетінің тиімділік көрсеткіштері;

-ауыл шаруашылығының және оның салаларында пайдаланылатын ресурстар әлеуетінің түрлерінің құрамын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.

Өндірістің ақырғы нәтижесі ретінде ресурстық әлеуетті пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін жалпы, тауарлы, ақырғы өнім, жалпы және таза табыс ұсынылады. Ауыл шаруашылығында нақты қол жетімді ресурстарды және өндірістің жағдайын есепке ала отырып техонлогиялық карта және шығындар нормалары анықталады, осылардың негізінде жер бірлігі көлеміне шаққандағы ресурстар, жиынтық ресурстар әлеуетін бекітеді. Онан соң алынатын өнімнің мөлшеріне қарап ресурстық әлеуеттің нормативтік деңгейі анықталады. Өндірісті ресурстық қамтамассыз етуде баланстық әдістің маңызы бар, әсіресе көп укладты жаңа агроқұрылымдар: акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары үшін, себебі бұл агробизнестің басты объектілері болып отыр. Сондықтан осы мәселелерді зерттеу барысында: ауыл шаруашылығы ресурстық әлеуетін қалыптастыру, критерийлерді және олардың экономикалық тиімділігін таңдауда нарықтық қатынас жағдайында тауар-ақша қатынастарының қызметтерінің ерекшеліктерін есепке алу керек.

Тауар-ақша қатынастарын жетілдіру деңгейінің негізгі көрсеткіші шаруашылық жүргізу нәтижесінде алынған пайданың салмағымен өлшенеді, бұл көрсеткіш сатылған өнімнің (көрсетілген қызмет) құнымен оның коммерциялық өзіндік құнының айырмасына тең. Маркетинг нарықтық қатынасқа тиісті тәсіл ретінде тікелей өндіріске байланысты емес шығындарды есепке алады: жарнамалық патент және лицензия алу үшін шығындар. Бұл көрсеткіштер өндірістің шығыстары есебінде өзіндік құн құрамына енеді. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген шығыстардың көзі қосылған еңбекпен жаратылған қосылған өнім болады.

Егер шығыстарды m әріпімен белгілесек, онда өнімнің өзіндік құнын мына схема бойынша жазуға болады: С+У+m. Тиімділіктің жеке бір көрсеткіші бұл рентабельділік, бұл көрсеткіш пайданың (таза табыс) өндірісте пайдаланылған ресурстарға яғни өндірістік негізгі қорлардың құнының арақатынасымен анықталады.

Ғалым Г. Жмуровтың пікірі бойынша, «тиімділік көрсеткішінде шығындар және ресурстар қосылып бірлескен түрде қолданылады, бұл көрсеткішті қалыптастыруда ағымдағы өндірістік шығындармен бірге ресурстардың негізгі түрлері де қатысуы керек». Мұндай әдісті қолдану нақты көрсеткіштердің салыстырмалылығын, бір өлшемділігін қамтамассыз ету керек. Экономист Г. Марьяхина ресурстық тәсілді қолдай отырып былай деген: «ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің интегралдық көрсеткіші ретінде пайда нормасын пайдаланған дұрыс, яғни пайданың жұмсалған ресурсқа қатынасын. Ал қоғамдық өндірістің әртүрлі деңгейде экономикалық тиімділіктің жалпылама көрсеткіші жалпы табыстың барлық жұмсалған ресурстың, жердің құнын қоса алғанда бірлігіне есептеу жолымен анықталады» . Бірақ автор барлық ресурстарды бір өлшем бірлігіне келтіру туралы пікір айтпаған[12; 49б] .

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің өлшемдер жүйесінде шығындармен қатар ресурстық тәсілін қолдану жөн болады. Оыс тұрғыдан ресурстық әлеует көрсеткіші тиімділік формуласының бөлімінде қолданылады, себебі оның барлық элементтері әлеуметтік есептеулермен анықталған: бір өлшемдерде, салыстыруларға жататын көрсеткіштер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Экология мен экономиканың қатынасы
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары
Қазақстанның табиғат жағдайлары
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz