Инверсияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару анализі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Инверсия - грамматиканың зерттеу объектісі және оның

қызметтері . . 6

  1. Инверсияның стилистикалық және эмоционалды-бағалау

қызметтері . . . 6

1. 2 Ағылшын және қазақ тілінде сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің

орын тәртібі 9

2 Аударманың грамматикалық және синтаксистік

аспектілері . . . 19

2. 1 Аударма трансформацияларының түрлері . . 19

2. 2 Ағылшын тілінен аударма нәтижесіндегі синтаксистік

трансформациялар . . . . . . . . 24

  1. Инверсияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару анализі …. . ……… . . . …. . 28

Қорытынды 61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 63

Кіріспе

Аударма адам қызметінің, іс-әрекетінің бір түрі. Ал іс-әрекет - субъектінің болмысқа қарым-қатынасын белгілейтін ұғым. «Аударма» - көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның, жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді.

Аударма әдебиеттің тілі - бір тілден екінші тілге ауыстырылған семиотикалық таңба-белгілердің жиынтығы емес; коммуникативтік мақсаты бар тұтас құрылым. Аударма әдебиеттің тілі де төл тілдегі нұсқалар сияқты ақпарат беру, эмотивті (қабылдаушыға әсер ету) қызметтерін атқарады. Осыған қоса аударма әрқашан да синтаксис ұғымымен өзара байланысты болып келеді.

Синтаксистік құрылыс функцияларының аудару кезінде жеткізу ерекшеліктерінің маңызы зор. Синтаксис, яғни коммуникативтік бірліктердің ұйымдастырылуы, тілдік тәжірибенің қоғамның басқа мүшелеріне берілуіне айтарлықтай қызмет етеді.

Ағылшын тіліндегі сөз тәртібінің қазақ тіліндегі аудармада ең жиі қайталанатын қателердің бірі - сөз тәртібінің бұзылуы. Бұл ұғымды басқаша инверсия деп атаймыз, яғни сөйлем ішінде сөз тәртібінің бұзылуы. Сондықтан ағылшын тіліндегі сөз тәртібінің қазақ тіліндегі сөз тәртібімен салыстыру орынды болып саналады. Инверсия мәселесі грамматикада да, стилистикада да қарастырылады.

Бұл жұмыстың өзектілігі ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару үрдісінде сөйлемдердегі сөз тәртібінің ерекшеліктерін анықтау. Қазақ тілінде ағылшын тіліне аудару мәселелері жайлы мағлұматтары бар оқулықтардың жоқтығынан аударма үрдісі барысында қиыншылық тудырады. Бұл жұмыс арқылы аударма кезінде инверсияның қазақ тіліне қандай жолдармен берілгенін меңгеруге болады. Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі инверсия өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жұмыс жаңалығы қазақ және ағылшын тілдегі көркем әдебиет шығармалары арқылы инверсияның салыстырылып-салғыстырылуы жаңа ғана өріс алумен анықталады. Сөйлем құрамының өзгерісін, қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі қиыншылықтарды қарастырады және ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару трансформацияларын анықтап, оны орыс тіліндегі аудармасымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты - ағылшын тілінен қазақ тіліне инверсияны аудару ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыс мақсатына сәйкес келесі міндеттер туындайды:

  • Инверсияны грамматиканың объектісі ретінде және оның қызметтерін зерттеу;
  • Ағылшын және қазақ тілінде сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібін салыстыру;
  • Аударманың грамматикалық және синтаксистік аспектілерін қарастыру;
  • Инверсияның ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін салыстырмалы әдіс негізінде қарастыру.

Зерттеу объектісі - көркем әдебиет шығармаларындағы инверсияның аудармасы (Теодор Драйзердің «Аяулы Керри» шығармасын аударған Қ. Мәдібаеваның шығармасы бойынша)

Зерттеудің пәні -ағылшын тілінен қазақ тіліне инверсия аудармасының ерекшеліктерін анықтау.

Теориялық маңыздылығы зерттеу барысында инверсияның тілдік сипаты теориялық мәселелері қарастырылады. Инверсияның қазақ тілі мен ағылшын тілдегі түрлері мен қызметтері зерттелінеді. Олардың ерекшеліктері, мағына түзудегі маңызы және бағалауыштық мәселелері көрсетіліп сараланады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін аударма теориясының дамуына үлесі қосылады. Берілген теориялық нәтижелерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі сөйлем құрамының өзгеру ерекшеліктерін зерттеу барысындағы алдағы теориялық жұмыстарда қолдануға болады.

Практикалық маңыздылығы бұл жобаның көмегімен жоғары оқу орындарда аударма теориясы пәнінде инверсияны меңгеруге болады және қазақ тілді мектептерде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сөйлемдерді аудару анализінің жұмысы шығармашылық аударма және аударма теориясы сияқты курстарда және қазақ топтарында грамматика курстарын оқыту кезінде қолданыла алады.

Диплом жобасының құрылымы кіріспеден, бірінші, екінші, яғни теориялық және практикалық бөлімдерден және қорытындыдан құралған.

Кіріспе бөлімінде диплом жұмысының мақсаттары, міндеттері, жұмыс өзектілігі, зерттеу объектісі мен теориялық және практикалық маңыздылықтары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде инверсия ұғымына түсінік беріледі және синтаксис туралы мағлұмат және ағылшын және қазақ тілдеріндегі орын тәртібі туралы айтылады.

Екінші бөлімде аударма ұғымына жалпы түсініктеме беріледі, оның түрлері мен трансформация түрлері анықталады және қазақ және ағылшын әдебиет шығармаларындағы инверсияны аудару ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері қарастырылады (Теодор Драйзердің «Аяулы Керри» шығармасын аударған Қ. Мәдібаеваның шығармасы бойынша)

Қорытынды бөлімінде жасалған жұмыс нәтижелері беріледі.

  1. Инверсия - грамматиканың зерттеу объектісі және оның қызметтері

1. 1 Инверсияның стилистикалық және эмоционалды-бағалау қызметі

В. Г. Адмони сөз тәртібінің эмоционалды қызметін ерекшелей отырып, негізгі мағынаны бастапқы сөз тәртібінің «өзгерген» формасымен орындалатын синтаксистік бірліктердің жоғары эмоционалды мазмұнының құрылуында қарастырады. «Бастапқы» және «өзгерген» түсініктерінің оппозициясы көптеген авторлардың еңбектерінде кездеседі, бұл европалық рационализімінің идеясымен байланысты әдетғұрпымен түсіндіріледі. Тілдің синтаксисі әрқашан икондық нормалармен қақтығысқа түседі, бұл нормалардың бұзылуын емес, ал олардың жетілмегенін көрсетеді. Осы күнгі грамматиктер ағылшын тіліндегі сөз тәртібінің дұрыс және бұрыс етіп бөлінуінен қашқақтайды [7, б. 89] .

«Дұрыс, бейтарап, эмфатикалық емес» және «бұрыс, ерекше, эмфатикалық» сөз тәртібі туралы пікірлер (И. Р. Гальпериннің терминдері) әрқашан тіл мамандарын ойландыратын. «Риторика»ғылымының пайда болған кезінен бастап ғалымдар сөйлем мүшелерінің орналасуының мәселесін зерттеп келеді. Алғашында «жалпыға танылған» сөз тәртібі жай ғана назарға алынды, содан соң грамматика сөйлем мүшелері арасындағы байланысты қарастыра бастады, яғни «сөйлем мүшелерінің синтаксистік байланысы», ал содан соң стилистика «жалпыға танылғанның ауытқуларын» қарастыра бастады және тілдегі олардың мағыналарын анықтады [19, б. 37] .

И. Р. Гальперин өзінің «Ағылшын тілінің стилистикасы жайлы очерктері» атты еңбегінде ерекше нәрселермен айналысатын ғылымның қызметтерін анықтайды. «Тілдің стилистикасы синтаксистік ерекше құралдарын және айтылымдардың ерекше ұйымдастыруын құратын синтаксистік стилистикалық тәсілдерін зерттейді» [19, б. 49] .

Инверсия «нормадан ауытқушылық» бола отырып, стилистиканың зерттеу объектісіне кіреді. Стилистика тілдегі оның әсерін қарастырады. Грамматиканың өзі инверсияны сөйлем құрылымының грамматикалық ережелерінің бұзылуы ретінде қарастырады. Грамматика сөйлем мүшелерінің қайсысы ерекшеленетіндігін бейнелесе, стилистика осы сөйлем мүшесінің ерекшеленуі қандай әсер беретінін бейнелейді. Шындығында, инверсия мәселесі грамматикада да, стилистикада да қарастырылады. ”Only then have I made up my mind to go there” сияқты сөз тіркес грамматика курсында стилистикалық инверсия деп, ал стилистика курсында грамматикалы инверсия деп аталады. Сондықтан кейбір анық грамматикалық ауытқуларды қате деп айту қиын. Бұл жерде грамматика стилистика мен оның қызметтерімен есепке алыну керек.

Көптеген стилистердің «…нормадан ауытқуды қате деп қарастыруға болмайды”» сияқты пікірі үйлеседі. Осындай ауытқуларда кейкезде автордың жеке шығармашылық мәнері бар екендігі есептеледі. Егер осындай ауытқулар әртүрлі жазушылардың жеке шығармашылық стилінде жиі қолданылса, олар тіл стилистикасында орын алып, типке келтірілуі мүмкін, содан соң ауытқулардың белгілі нормаларын пайдалануы арқылы грамматикада да орын алады. Сонымен, синтаксисте грамматика мен стилистика арасындағы байланысты көрсету оңай емес.

Синтаксистік ресімдеу тиісті түсіндіруді талап етеді, әйтпесе тәсілдің өзі сапасын жоғалтады. Түпнұсқалық шығармашылық жұмыстарда инверсияның қолдануында әрқашан айтылымның мақсаты негізделеді. Talent Mr. Micawber has; capital Mr. Macawber has not (Dickens) сөйлемінде толықтауыштар talent және capital басында орналасқан. Мұнда кейбір қызықты кездер байқалады: егер бұл сөз тәртібін кәдімгі сөз тәртібімен салыстырсақ, бастауыш (Mr. Macawber) берілген болып келеді (give) ; толықтауыштары (talent, capital) және баяндауыштары has және has not хабарланатын болып есептеледі (new) . Кәдімгі сөз тәртібінде баяндауыштар әдетте екпінсіз қалыпта болып, ешқандай логикалық эмфазаға ие болмайды. Барлық логикалық ерекшеліктің күші толықтауышқа түседі. Инверсиялық сөз тәртібінде баяндауыш та, толықтауыш та жаңа, хабарланатын болып келеді, өйткені толықтауыш бірінші орынға қойылғандықтан, ал баяндауыш айтылымның соңғы элементі ретінде ол екпінді болып келетіндігінде.

Бұл әсіресе жолдың соңғы орнында орналасатын баяндауыштары бар поэтикалық шығармаларда кездеседі. Осылайша, тек стилистикалық түрде қарсы қойылатын talent және capital ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар has және has not ерекшеленеді [19, б. 40] .

Инверсияның жалпы стилистиклық қызметі әсіресе үлкен мәнмәтіннен байқалады. Қазіргі ағылшын тіліндегі инверсия сөйлем мүшелерінің әртүрлі орналасуларына ие. Біз И. Р. Гальпериннің сөйлем мүшелерінің орналасу тәсілдерін пайдаланамыз [19, б. 34-36] :

1 кесте - Сөйлем мүшелерінің орналасу тәсілдері

1. толықтауыш + қалған сөйлем мүшелері

2. анықталатын сөз + анықтауыш

3. баяндауыш + бастауыш + қалған сөйлем мүшелері

4. пысықтауыш + бастауыш+ қалған сөйлем мүшелері

5. пысықтауыш + баяндауыш + бастауыш

Бірінші: толықтауыш сөйлем басына қойылады

Екінші: анықтауыш анықталатын сөзінен кейін тұрады (анықтауыштың орны), мысалы: with fingers weary and worn.

Үшінші: а) баяндауыштың атаулы бөлігі бастауыштың алдында тұр: A good generous prayer it was (M. Twain)

б) баяндауыштың атаулы бөлігі жалғаулық етістігінің алдында тұр және екеуі де бастауыштың алдына шығып тұр: Rude am I in my speech (Shakespeare)

Төртінші: пысықтауыш бастауыштың алдында орналасқан: Eagerly I wished the morrow. My dearest daughter at your feet I fall.

Бесінші: пысықтауыш пен баяндауыш бастауыштың алдында орналасқан: In went Mr. Pickwick (Ch. Dickens) Down dropped the breeze.

Барлық жоғары айтылған ағылшын тіліндегі инверсияның жағдайлары оның әртүрлі қызметтерін орындай алады.

Жоғарыда айтылған мысалдарда инверсия, біріншіден, грамматикалық қызметті атқарып тұр, өйткені ол тілдің «бейтарап» құрылымын бұзады. Грамматика ағылшын тіліндегі сөйлемнің мүшелерінің «ерекше» орналасуын қарастырады, яғни ол бұл «ауытқушылықты» тіркейді. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұндай грамматикалық “ауытқуларды” қате деп тануға болмайды. Грамматика тек оларды назарға алып, сөйлем мүшелерінің орналасуын грамматикалық анықтамалармен атайды.

Сөз тәртібі «әдеттегі, дұрыс» құрылымының өзгерісі кезінде тыңдаушы бұл сигналды алады да бұл сөйлемді немесе айтылымды ерекшелейді. Сонымен, инверсия өзіне тиесілі басқа қызметтерді орындай бастайды, яғни келесі эмоционалды бағалау қызметін қарастырсақ:

А. Бастауышты белгілеген кезде:

1. Баяндауыш салт етістіктермен белгіленсе (to be, to live, to remain, to stand, to lie, to come, to run и т. б. ), толық инверсия қолданылады;

а) There құрылымы бар сөйлемдерде (әдетте to be етістігімен) :

There is nothing there. There came S repeated knocking at the door.

б) There құрылымы жоқ сөйлемдерде (әдетте мекен пысықтауыштармен басталған) :

In the corner stood & table set for three. Beside me sat a man.

2. So және neither сөздері бар эллиптикалық құрылымдарында жартылай инверсия қолданылады:

Bill was tired after the bull-fight. So was I.

Б. Предикативті белгілеген кезде:

Предикативті мүше + жалғаулық етістік + бастауыш

Strange is the heart of woman.

Бірақ: Terrible it had been!

В. Толықтауыш пен пысықтауышты белгілеген кезде:

Бірінші орынға толықтауыш пен пысықтауыш қойылады:

а) Келесі мағыналармен :

Болымсыздық: never, nowhere, not a word және т. с. с.

I looked in all directions. ., but no house could I make out (Ch. Dickens) . Never had he read fiction with such keen zest as he studied those books. Everything was always in its place, and nowhere could you see a speck of dust. Only by a jerkiness in his movements and by the scuffing of his heels could it be seen that he was old. Only as he closed the door did he remember he had said nothing of his decision. Little did we think that we were never to see him again (Ch. Dickens) . Many bargains had he picked up there. Many a time in the course of that week did I bless the good fortune.

б) қозғалыс бағдарын білдіретін үстеулер және to go out, to come in етістікті тіркестер компоненті болатын үстеулер. Олардың бірінші орынға қойылуы жылдам немесе күтпеген қозғалыстың мағынасын береді.

Егер бастауыш зат есіммен берілсе, онда толық инверсия орын алады; есімдікпен белгіленсе, инверсия орын алмайды. :

Up went the steps, bang went the door, round whirled the wheels, off they rattled (Ch. Dickens) [21, б. 57-59] .

2 кесте - Инверсияның қолданылуы

Толық инверсия қолданылады:
Толық инверсия қолданылады:: А) баяндауыш салт етістіктермен белгіленсе
Толық инверсия қолданылады:: В) there is құрылымында
Толық инверсия қолданылады:: Жартылай инверсия қолданылады:
Толық инверсия қолданылады:: А) so және neither сөздері бар эллиптикалық құрылымда
Толық инверсия қолданылады:: В) предикативті белгілегенде

1. 2 Ағылшын және қазақ тілінде сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі

Синтаксис термині тілдің синтаксистік құрылымы және оны зерттеу ретінде анықталады. Синтаксис ұғымының әрбасқа анықтамалары бар. Бірінші анықтамасына келетін болсақ, синтаксис сөз тіркестерін зерттеп қарастырады, екіншісі бойынша синтаксис сөйлемді зертейтін тіл білімінің саласы. Алайда бұл екі анықтаманы бөлек қарастырғанда әрбіреуі жеткілікті толық емес. Егер бірінші анықтаманы алатын болсақ, онда келесі бір сөзден тұратын сөйлемдерді («Өрт!», «Кеш», «Fire!» және т. б) қайда жатқызуға болады деген сұрақ туады. Осылайша екінші анықтама бойынша сұрақтар туындайды. Шынымен де тілде сөз тіркестерінің құрылуының белгілі ережелері бар. Мысалы, ағылшын тілінде ауыспалы етістік пен зат есіммен тіркесі бар. Бұл тіркестер белгілі бір мағынаға ие және әрекет түрін білдіреді. Алайда сөз тіркестер өздігінен сөйлемдерді құра алмайды. Мысалы:

To read a book - кітап оқу

Reading a book - кітаптың оқылуы

Reading a book - кітап оқып отырған

/I/ read a book - (Мен) кітап оқыдым

Read a book! - Кітап оқыңыз! Және т. б

Соңғы екі мысал сөйлем болып келеді. Синтаксистік зерттеуге сөйлем болып табылмайтын, бірақ құрамдарында белгілі сөз тіркестері бар тіл бірліктері жатады. Сонымен, синтаксис сөз тіркестерін, сөйлем құрамын зерттейтін тіл білімінің саласы [2, б. 48-49] .

Синтаксис грамматиканың саласы ретінде екі бөлімге бөлінеді:

1) сөздердің грамматикалық құрылуының амалдарын және сөз тіркестерін зерттеу; 2) сөйлем құрылымын зерттеу;

Жоғарыда айтылғандай кез келген сөз тіркесі сөйлем болып табылмайды, өйткені ол аяқталған бір тиянақты ойды білдірмейді.

Сөйлем құрылымы үшін етістіктің жеке формасы немесе предикативті формасы болуы шарт. Етістіктің мұндай түрі тек қана ағылшын тіліне ғана тән емес, сондай-ақ барлық еуропалық тілдерге де тән. Етістіксіз құралған сөйлемдер қысқа болып келеді және белгілі бір ойды айтып жеткізу қиын. Етістіктің предикативті формасының маңыздылығы оның іс-әрекетке қатынасын толығымен білдіреді. Бұл қатынас келесі үш негізгі бағытта байқалады:

  1. Етістіктің предикативті формасы айтылған ойдың болу- болмауын, қажеттілігін көрсетеді: Were it only true! Бұл шындығында болып шықса ғой!, бірақ It is true Бұл рас.
  2. Бұл предикативті формасы айтылған ойдың белгілі бір шаққа жататынын көрсетеді (өткен, осы және келер шақ) : He lives here Ол осында тұрады, He lived here Ол осында тұрды, He will live here Ол осында тұратын болады.
  3. Етістіктің предикативті формасы айтылған ойдың қандай жақта айтылып тұрғанын көрсетеді (1, 2 және 3жақ) [2, б. 51-53] .

Сөз тәртібі табиғи тілдің айтылуында маңызды рөл атқарады. Белгілі тілге

тән компоненттер тәртібінің ержелері қолданылады. «Қандай да болсын тілдің сөз тіртібі мәселесі-сол тілдің синтаксисінің негізгі мәселесі, яғни ол кірпіш-сөздерден тұратын ең кіші бірлігі-сөйлемнің «тірегі» [8, б. 35] . Айтылымның мағынасына әсер ететін ағылшын және аудармадағы позициялық өзгерістерді анықтау және салыстыру қажет. Әсіресе сөздердің функционалдық құбылыстарына назар аудару керек. Бекітілген негізгі функцияларды, яғни себебі сөз тәртібінің анықталуы мәселесі белгілі тілдің сөз тәртібіне тән негізгі функцияларға байланысты.

Сөйлемдегі сөз тәртібінің қызметін баяндамастан бұрын, сөз тәртібі мәселесін әлемдік ғылымда дамуына көмегін тигізген зерттеулерді атап өту керек. Көп уақыт бойы тілдің синтаксистік типология мәселесі, және сөз тәртібінің типологиясы назарсыз қалды. Грамматикалық түсіндіруінде басты орын тілдің морфологиялық ерекшеліктеріне берілді. Сөз тәртібінің типолгиясын зерттеуге арналған жұмыстар бертін пайда бола бастады (ХХғ І жартысында) . Тіл білімінің осы бөлімінде алғаш зерттеулерді бастағандарға В. Шмид. Л. Теньер, Дж. Гринберг және олардың ізбасарлары А. А. Холодвич, В. М. Алпатова, Ю. В. Рождественскийлерді жатқызуға болады.

Ағылшын тіліндегі сөйлем мүшелерінің арасындағы грамматикалық байланысты анықтау құралы болып табылады. Jack loves Jill. - Jill loves Jack сөйлемдерінде ағылшын сөйлемнің құрылымына тән сөз тәртібінің арқасында, бірінші мысалда “Jack”, екінші мысалда “Jill” бастауыш болады. Себебі олар етістіктің алдында тұр, ал тура толықтауыш етістіктен кейін ораласқан сөз болады, яғни бірінші мысалда “Jill”, екіншісінде - “Jack” [8, б. 35] .

Аналитикалық тілдерде ағылшын сияқты тілде грамматикалық принцип алдында орналасқан. Ағылшын тіліндегі сөз тәртібі грамматикалық түрде бекітіледі [4, б. 97-98] .

«Ағылшын тілінде баяндалудың бейтарап формасында қарапайым сөз тәртібі - бастауыш, баяндауыш және содан кейін тұрлаусыз сөйлем мүшелері болатыны белгілі, бастауышы әдетте берілген (given) болады, ал содан кейінгі мүшелер жаңаны (new) хабарлайды. Бірақ ағылшын тілінде бірінші орынға басқа сөйлем мүшелері тұратыны және бастауыштың басқа орынға ауысатын кездері белгілі»

Сөз тәртібі әртүрлі қызметтерді атқарады. Оның негізгі үш қызметі бар:

  1. Грамматикалық қызметі белгілі синтаксистік қатынастардың анықтауындағы сөз тәртібінің қызметі.
  2. Сөз тәртібіндегі лексикалық бастауыш пен лексикалық баяндауышты айқындау қызметі.
  3. Экспрессивті-стилистикалық қызмет.
  4. Комуникативтік қызмет.

Сөз тәртібі бірнеше қызметті атқара алады, бірақ ол қызметтердің біреуі негізгі болады. Сөз тәртібі сөйлемдегі сөздердің арасындағы қатынастарды көрсете алады. Мысалы, “ You must do it carefully ” - « Сіз осыны мұқият істеуіңіз керек » сөйлемінде және “ You must carefully do it ” - « Сіз мұқият осыны істеуіңіз кере к» сөйлемінде де carefully үстеуі do етістігімен байланысты, бірақ бұл байланыстың дәрежесі сөйлемдерде әр басқа. Бірінші сөйлемде назар әрекеттің сапалығына аударылады, carefully үстеуінің етістікпен байланысы еркін. Екіншісінде берілген сөзге ерекшк назар аудармaса, бұл байланыс тығыз болады, do етістігіне екпін түседі де, ал үстеу оны айқындап тұрады [2, б. 62] .

  1. Грамматикалық қызмет келесілерді кірістіреді:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Ырықсыз етістің топтастырылуы
Аударманың грамматикалық мәселелері
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу
Қаржы терминдерін аудару тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz