Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Белгілер мен қысқартулар . . . 5
Кіріспе . . . 6-9
1 . Жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіруде психологиялық
қызметті ұйымдастырудың негізгі мәселелері.
1. 1 Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері . . . 10-17
1. 2 Мектептегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен даму тарихы.
. . . 18-23
1. 3 Педагог-психологтың білім беру жүйесінде алатын орны.
. . . 24-28
2. Жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдірудегі педагог-психологтың кеңес беру жұмысының іске асу жолдары
2. 1 Мектеп психологі қызметіндегі психологиялық кеңес берудің маңыздылығы . . . 29-34
2. 2 Психологиялық кеңес берудің кезеңдері мен түрлері.
. . . 35-56
2. 3 Психолог қызметіндегі психологиялық кеңес беруді іске асыру жолдары . . . 57-80
Қорытынды . . . 81- 82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 83-84
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] Қазақстан Республикасының білім беру заңы. //27 шілде, 2007 ж.
[2] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. // Алматы -2005.
[3] Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. 1 ақпан, 2010 жыл.
Анықтамалар
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет дегеніміз - елдің білім жүйесінің компоненттерінің бірі.
Тәрбие - қоғам талаптарына сай жеке адамиың дүниеге ғылыми материалистік козқарасын, мінез-құлықтық, эстетикалық және т. б. қасиеттерді қалыптастыруды, қоғамның белсенді мүшесін етіп даярлауды көздейтін арнайы мақсат қойып ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
Дау-дамай - (латын тілінен аударғанда conflictus -« қақтығыс») - қарама - қарсы көзқарастардың, қызығушылықтардың, тілектердің қақтығысы; асқыну қаупі бар келіспеушіліктердің, дау, ұрыс;
Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз - баланың, ересектер қоғамында оның толық та тең праволы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы.
Кикілжің дегеніміз - екі немесе одан да көп жақтардың қарама-қарсы пікірлерінің бағыттарының, мүдделерінің қайшы келіп қалуы.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты
НЛБ - Нейролингвистикалық бағдарлама
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе.
Білім беру «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтық негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. [1]
Қазіргі кезде психология ғылымында қарым-қатынастың дамуы - күрделі, көпқырлы және көпдеңгейлі процесс, бұл психикалық процестер мен адам даралығын зерттеуде қолданылатын нағыз қажет тәсілмен бірдей. Бұл мәселені өңдеу тек қана арнайы психология пәндеріне ғана емес, жалпы психология теориясының дамуындағы маңызды кезең болып саналады. Психикалық процестерге қатысты барлық кешенді түрдегі мәселелерді зерттеу қазіргі кезде сапалы, жаңа түрдегі «субъект-субъект» ретіндегі қарым-қатынаспен яғни, адамдардың бірлескен іс-әрекет жағдайында өтілуі керек.
Қазақстандық психолог Х. Т. Шерьязданованың еңбегінде қарым-қатынас баланың қалыпты психикалық дамуының маңызды факторы және ажырамайтын факторы ретінде қаралады.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ. Б. Жарықбаев былай деген: «Адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғынуда оның бағытын көрсететін компоненттермен қатар әлеуметтік орта, білімі, нақтылы кәсібі және т. б. танымдық ерекшеліктерін де толық меңгеруімізді талап етеді». [2]
Мектеп психологі жұмысының табысты болуы, оның теория мен практиканы шебер ұштастыра біліп, оқушы мен ұстаздың арасындағы, оқушылардың өзара қарым-қатынасы, оқушы мен ата-ананың т. б. байланыстарды тиімді түрде жолға қойып, дұрыс сараптама жасап, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының ырғағына оң ықпал етуімен, көптеген жағдайлар байланысты бола түсуде.
Психологиялық қызмет көрсетуге қажеттілік әлеуметтік ортада өмір сүруге қиналып жүрген адамдарға сүйеніш болу жолдарын іздеуден басталған. Қазіргі кезде жетім және тастанды балалар аз емес. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашкы кезде балалар үйінде және мектеп интернаттарда тәрбиеленетін балаларға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейіріміне бөлене алмай, жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы: Тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын зерттеген психологтар А. Г. Асмолов, А. А. Бодалев, Ф. Е. Василюк, Б. А. Вяткин, В. В. Давыдов, И. В. Дубровина, Ю. М. Забродин, В. А. Иванников, Ю. С. Сэрд. У. В. Ульенкова т. б. анықтады.
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды деп анықталады. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер: Р. Баярд, Т. В. Драгунова, А. Е. Личко, М. Кле, Л. С. Выготский, П. М. Якобсон, А. В. Запорожец т. б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап кеткен.
Психологтың кеңес беру мазмұны әлі толық анықталмаған. И. В. Дубровинана мен Л. И. Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру жолдарын көрсеткен.
Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып. Ол маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған проблемаларды бұрынғы тәжірибелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға жол берілмеуі керек.
Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде жасаған қорытындысы, яғни, әр бір дені сау адам өз басындағы туындаған проблеманы шешуге шамасы жетеді, тек оған дер кезінде дұрыс бағыт бағдар көрсету керек. Міне психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы. [3]
Кеңес кезінде психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде (кеңес өткізе отырып) клиенттің проблемасын шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс.
Психологтың кеңес әңгімесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады. Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі төмендігі жағдайларға байланысты.
Клиенттің басына түсіп отырған проблемасы қиын болған жағдайда, оны бір екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес.
Берілген кеңес клиенттің проблемасын түбегейлі шеше алмай, кеңесшінің қосымша көмегі қажет болады.
Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік емес адамдарда жиі кездеседі.
Көп жағдайда психологқа орта деңгейдегі физикалық психологиялық тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді. Өмірдің әр түрлі кезеңінде өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады. Ал кейбір адамдар бұндай жағдайда өзін өзі жақсы сезінбейді немесе шаршайды, яғни олар психологиялық ауруға шалдықпайды.
Психология ғылымы адамдардың практикалық іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер ететіндігін негізге ала отырып жұмыс жасау керектігі белгілі. Мектеп психологінің басты жұмыс бағыты - психологиялық кеңес бере білу, оны барынша тиімді де сауатты ұйымдастыра білу, осы арқылы ұжымның арасында сенім мен құрметке ие болу - дейтін болсақ, аталған деңгейге жету үшін атқарылатын жұмыстар да ұшан-теңіз болмақ. Осы тұрғыда аталған мәселені шешудің жолын қарастыру мақсатында алынып отырған тақырып барынша өзекті деп білеміз.
Аталған тақырыпты Батыстың психолог ғалымдары өткен ғасырлардан бастап қарастыра бастаған. Атап айтқанда психоанализдің негізін салушы З. Фрейд, аналитикалық психологияның негізін салған К. Г. Юнг, индивидуалды психология ілімінің авторы Адлер, рационалды - эмотивті терапия жолын негіздеуші А. Лазарус және тағы басқа Батыстың психолог ғалымдарына қоса, ресейлік-кеңестік психолог ғалымдар Ю. Е. Алешина, Г. С Абрамова, Р. С. Немов қатарлы психолог-ғалымдар аталған тақырып бойынша біршама еңбектер қалдырған. Біз жұмысты жазу барысында аталған авторлармен қатар В. В. Овчарова, И. В. Дубровина, Н. Ф. Талызина қатарлы авторлардың біз қарастырған мәселелер төңірегіндегі теориялық талдауларын негізге алғандығымыз белгілі.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бірі психологиялық кеңес беру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдірудегі педагог-психологтың кеңес беру жұмысының ерекшеліктері» деп анықтадым.
Зерттеудің мақсаты: Психолог қызметіндегі жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіруде психологиялық кеңес берудің мәнін ашып, түрлерін көрсетіп, кеңес берудің өткізу кезеңдері мен ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері, білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау;
- мектеп психологі қызметінде психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру және алатын орнын көрсету;
- жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіруде психологиялық кеңес берудің кезеңдері мен түрлерінайқындау;
- психолог қызметіндегі психологиялық кеңес беруді қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Психологиялық кеңес беру үрдісі.
Зерттеу пәні : Психолог қызметіндегі психологиялық кеңес беру жолдары.
Ғылыми болжамы: Егер де, жеткіншектер арасындағы қарым- қатынасты анықтап, жүйелі түрде психолог тарапынан психологиялық кеңес берулер ұйымдастырылып, өткізілсе, онда оқушылар арасындағы қарым-қатынастары жақсы болып, білім сапасыда көтерілер еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, психология, әлеуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы, білім саласындағы мемлекеттік құжаттар.
Зерттеудің ғылыми жаналығы мен практикалық мәнділігі:
- Жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері, мектептегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен даму тарихы теориялық негізделді.
- Психологиялық кеңес берудің түрлері мен кезеңдері айқындалды.
- Психологиялық кеңес берудің жеткіншек арасындағы қарым-қатынасын жетілдірудегі маңыздылығы көрсетілді.
- Психолог қызметіндегі психологиялық кеңес берудің іске асу жолдары белгіленді.
- Зерттеу жұмысымызда берілген ақпараттар мен мәліметтерді психолог өз жұмысында қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, байқау, бақылау, диагностикалық зерттеу, жаттығулар, тест, сауалнамалар, тренинг.
Зерттеу базасы: Астана қаласы, № 4 кәсіптік лицей, 9-сынып.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Жеткіншектердің қарым-қатынасын жетілдіруде психологиялық қызметті ұйымдастырудың негізгі мәселелері
1. 1 Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек шақ - адамның бала кезінен бозбалалық жасына дейінгі өмірінің кезеңі, яғни 11-12-ден 14-15-ке дейінгі жас аралығын қамтиды. Бұл периодта жеткіншек өзінің дамуында үлкен қадам жасайды: онда бұрын қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа білімдер мен саналы көзқарастар қалыптасып, өзіменен де, өзгелермен де қақтығысқа түсе отырып тұлғалық сезіміне ие болады.
Байсалды кіші мектеп жасынан кейін жеткіншек кезеңі қарқынды да күрделі болып көрінеді. С. Холл оны «дауылды және қысымды» кезеңі деп текке атамаған. Бұл кезең шынында да өте жылдам қарқынмен жүреді, әсіресе көптеген өзгерістер тұлғасының қалыптасу аймағында көрінеді. Жеткіншектің басты ерекшелігі оның тұлғасының тұрақсыздығы болып табылады. Өсіп келе жатқан баланың мінез-құлқы мен мінезіндегі қайшылықтарды анықтай келе қарама-қайшы қырлар, талпыныстар, тенденциялар бір уақытта көрініп, бір-бірімен талан-тартыста болады. Анна Фрейд жеткіншектік шақты былай суреттеген: «Жеткіншектер ерекше өзімшіл, өзін қызығуға тұрарлықтай, үлгі тұтуға болатын жалғыз ғана пенде ретінде көрінеді, сонымен қатар өмірінің басқа кезеңдерінде қазіргідей адалдылық пен өзін-өзі құрбандық етуге бара алмайды». [4]
Жеткіншекке тән көптеген тұлғалық ерекшеліктердің ішінен онда қалыптасып келе жатқан ересектік сезімі мен «Мен концепциясын» ерекше бөліп көрсетеміз.
Бала есейіп келе жатыр дегенде оның ересек адамдар қоғамында өмір сүруге дайындығы болып жатыр және де сол өмірдің тең құқылы мүшесі дегенді білдіреді. Әрине, жеткіншекке физикалық та, әлеуметтік те, психологиялық та жағынан ересек адам болуға әлі де алыс. Ол объективті түрде ересектер өміріне араласа алмайды, бірақта ересектермен бірге теңқұқылы болуға талпынады. Жаңа позициялары әр түрлі сфераларда көрінеді, көбінде сырт келбеттері өзін-өзі ұстауларында.
Ересектерге ұқсағысы келуі тек оған сай киіну мен өзін ұстанумен шектелмейді. Демалу, қыдыру, романтикалық қатынастар жағынан да ұқсауға тырысады. Кездесулерді, хат жазуды, би кешіне барудың өзінде ересектерге сай істейді.
Бірақта балаға жаңа қатынастар жөнінде сабақ алу және әр түрлі рөлдерде ойнай білуге үйрету пайдалы болып келеді. Шынымен де жеткіншек тұлғасының қалыптасуына әсер ететін құндылықтар да бар. Бала ғылымның немесе өмірдің қандай да бір аймағымен айналысуға қызығушылық танытса және өзін-өзі жетілдірумен терең айналыса бастағанда ересек адамның интеллектуалды әрекеттеріне ұқсап келеді. Немесе жанұясына қамқорлық көрсету, күрделі немесе күнделікті мәселелерді шешуге көмектесу, жанұя мүшелеріне, мысалы: кіші інісіне, апасына, анасына көмектесу сияқтылар. Бірақта жеткіншектердің кейбіреулері ғана моральда сана сезімінің жоғарғы деңгейіне жете алады және де тағыда азғантайлары өзгелер үшін жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті. Біздің уақытта әлеуметтік инфантильділік әлдеқайда кең таралған.
Сыртқы, объективті ересектік көріністермен қатар ересектік сезімі де туады - жеткіншектің өзіне ересек адам сияқты қарауы, өзіне қандай да бір мөлшерде ересек адаммын деп елестеуі, сезінуі. Бұл ересек болып келгісі келудің кіші жеткіншек жасының орталық жаңа қалыптасуы деп аталады.
Жеткіншектік жас - ол баланың жанұясымен қатынасын жаңа көзқарас бойынша бағалау кезеңі. Өзін тұлға ретінде көргісі келген онда күнделікті өмірде оған әсерін тигізіп отыратындардан, соның ішінде бірінші кезекте туған жанұясына қатысты алыстау қажеттілігі туындайды. Жанұясына қатысты алыстау сырт көзге негативизммен көрінеді, яғни кез келген ұсыныстарға, кеңестерге, сезімдерді білдіруге қарсы шығу. Негативизм - алыстау механизмінің алғашқы формасы, сонымен қатар жеткіншектің өзінің қайталанбас «Менің» белсенді түрде іздестіруінің басқы қадамы болып табылады. [5]
Балалық шағында бала отбасының ажырамас бір бөлшегі болып келеді. Бала кезінде жанұялық «Біз» оған тиесілі болған алғашқы топ ретінде қабылданады. Ата-анасын, туған-туыстарын, оған тиесілі дүниені, жанұялық дәстүрлер мен өзара қарым-қатынас стильдерін бала тұрмыс-тіршіліктің өзгермес бір бөлігі ретінде қабылдайды. Бірақта, жеткіншек өмірлік тәжірибесін жинай келе өзінің туған жанұясынан мүлдем бөлек басқада жанұя түрлері болатындығын аңғарады. Сонымен қатар онда өз жанұясына қатысты екендігін көрсететін тегінен құтылу сияқты қажеттілік туындайды. Ол өзінің «Менің» жанұялық «Бізбен» ажыратып өзіндік тұлғалық сезіміне ие болғысы келеді. Сондықтан жеткіншек өз жанұясының дәстүрлері мен құндылықтарына сын көзбен қарай бастайды. Ал жанұясының өзі болса оған қатысты бұрынғыдай көзқараста болады.
Бірақта жеткіншектік жасында баланың өмірлік жағдайы қаншалықты өзгеріп кетсе де, оның жанұяға деген тартылысы мен қажеттілігі маңызды болып қала бермек.
Жоғарыда атап өткендей, жеткіншектік шақ - баланың жыныстық пісіп жетілуі мен психологиялық есеюінің күрделі кезеңі. Өзіндік санасында маңызды өзгерушіліктер көрінеді: ересектік сезімдері пайда болады, яғни, өзін ересек адаммын деп сезінуі көрінеді. Әліде ересек болмасам да, тым болмағанда ересек адам сияқты көрінсем екен деген құштарлық сезімі туады. Өзінің жаңа құқықтарын табанды түрде келтіре отырып, жеткіншек өз өмірінің көптеген сферасын ата-ана бақылауынан шеттетіп, олармен қақтығысқа түседі. Эмансипацияға деген талпынысынан басқа жеткіншекке құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу деген күшті қажеттілік тән. Яғни жеткіншектік жас - ол жеткіншектің өзінің құрбы-құрдастарымен қатынасын бағалай түсетін кезеңі.
Л. С. Выготскийдің пікірі бойынша: «Жеткіншек тұлғасының құрылымында тұрақты, нақты, өзгермес ештеңе жоқ». Тұлғалық тұрақсыздығы қарама-қайшы ойлар мен әрекеттер тудыртып, жеткіншектер жан-жақты болып, құрдастарынан қалыспай топ ішінде ерекшеленіп көрінгісі келмейді, басқалардан адалдықты талап етіп достарын жиі ауыстырады. [6]
Жеткіншектік жаста құрбы-құрдастары арасындағы жетістіктер әлдеқайда жоғары бағаланады. Олардың араларында даму деңгейі мен тәрбиесіне байланысты өзіндік ар-намыс кодексі қалыптасады. Әрине, жалпы алғанда бұл ережелер мен талаптар ересектер қатынастарының бір үлгісі ретінде алынған. Бірақта, мұнда тепе-теңдік қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі болып келгендіктен, ережелер мен талаптардың әрбір бөлігіне әрқайсысының қалай қарайтындығы және орындалатындығы бақыланып отырады. Жеткіншектік шақта ең қорқыныштысы жалғыздық пен құрбы-құрдастары арасында қажетсіз болып қалу. Жеткіншекте толымсыздық сезімі туындап, мазасыз болады.
Жеткіншектік жаста ересек адам болып көрінгісі келу сияқты мінез-құлықтар өзара әрекеттесудің кейбір «ересектік» түрлерін игеруге итермелейді. Әрине, оған жынысының қарқынды түрде дамуы мен өздерін үлкендермен салыстырулары әсерлерін тигізбей қоймайды.
Жоғарыда аталып кеткен факторлар ұл балалар мен қыз балалардың өзара қарым-қатынастарының өзгеруіне әсерін тигізеді: яғни олар бір-бірлеріне қарама-қарсы жыныс өкілі ретінде қызығушылық таныта бастайды. Осыған орай олар үшін сырт келбетінің қаншалықты тартымды екендері маңызды бола түседі.
Жоғары сыныптағы жеткіншектерде екі жыныстың арасындағы қарым-қатынас әлдеқайда ашық болады. Өзге адамның алдында ашыла білу сияқты қасиет өзге адамның уайымдары мен әрекеттерін ажыратып, оны түсінгісі келу сияқты сезімдердің оянуынан, өзара симпатияның болуынан туындайды.
Жеткіншек нақ осы шақта өмір сүрсе де, ол үшін өткен өмірі мен болашағы маңызды болып келеді. Оның сана-сезімінің әлемі өзі жайлы, болашағы жайлы аяқталмаған теорияларға толы. Ол болашаққа жарқын көзқараспен қарай бастайды. Ол есейе келе ересек адам позициясын ала бастайды. Оның өзіне жеке қатысты ойлар менен армандар маңызды болып келеді: мамандық таңдау, болашақта үйлену жайлы ойлар, тағы да басқалары ол үшін маңызды болып, ол оны жүзеге асыруға талпынады.
Жеткіншек жанұядағы тәрбиеленушілерге еліктеп, ата-анасының жылдар бойы жинақталған тәжірибелерін бойына сіңіру арқылы қалыптасады. Әр жанұядағы бала саналы түрде өзіне деген психологиялық әсерлерін қоршаған ортамен байланыста және өзімен жасты балалармен қарым-қатынас барысында игереді. Сондықтан жеткіншек үшін жанұя әлеуметтік институт ретінде тәрбиенің алғашқы көзі болып табылады. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz