Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шоман Гулайна

Жетім балалар үйіндегі балаларға педагогикалық- психологиялық
көмек көрсету жолдары.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050103 ─ Педагогика және психология

Көкшетау - 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді

Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.а. _______________ Крамаренко Борис Васильевич

(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жетім балалар үйіндегі балаларға педагогикалық-
психологиялық көмек көрсету жолдары.

Мамандығы: 050103 ─ Педагогика және психология

Орындаған:_______________ Шоман Гулайна

Жетекші: _______________ Академиялық доцент
Ж.К.Мукутова

Көкшетау - 2011

Мазұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-6

1. Жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетуді
қалыптастырудың негіздері

1. Қазақстан Республикасында жетім
балаларға көрсетілетін қамқорлық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-24
2. Жетім балалар мәселесін зерттеген
ғалымдарға
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..24-28
3. Жетім балаларды әлеуметтендіру
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .28-39

2. Жетім балаларға педагогика-психологиялық көмек көрсетудегі тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстар

2.1 Жетім балалар үйіндегі балаларға
педагогикалық-психологиялық көмек
көрсету жолдарының деңгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40-45
2.2 Жетім балаларға педагогикалық
психологиялық қолдау көрсету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46-52
2.3 Жетім балалармен өткізілетін
түрлі деңгейдегі
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.52-57
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...58-60
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .61-64
Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық
себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім
балалар саны артуда.
Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу
үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз
ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология,
әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында
көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен
педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-
анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы
көпшілікті толғандыруда.
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-
қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке
жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың
сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн
сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға
мiндеттi деп ҚР бала туралы заңында жазылған. [1]
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында "білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен
практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін
қажетті жағдайлар жасалуы қжет" деп көрсетілген. Бұл міндетті шешуде
адамгершілік құндылықтар негізінде білім беру арқылы оқушылардың бойында
дүниетанымдық қөзқарас, этикасын, адамгершілік білімділікті, адами қарым-
қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады.[2]
Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың: жеке тұлға ретінде дамуына,
баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін
барынша толық дамытуға;адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды
құрметтеуге;ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және
құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық
құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;баланы еркін
қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-
азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және
діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен
достықта болу рухында дайындауға; қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге
тиіс екендігімен келіседі.[3]

Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогін даярлаудың
үздіксіз педагогикалық тұжырымдамасында (Астана, 2005ж), болашақ педагог
маманына мынадай талаптар қойылады: өзінің болашақ педагог ретіндегі
мүмкіндіктерін объективті бағалап жетілдіруге үйрену, мамандыққа қажетті
күшті, осал және маңызды сапаларын білу, солар арқылы Қазақстан
Республикасының білім сапасын көтеруге және 50 дамыған елдер қатарына
енуге өзінің үлесін қосу қажеттілігі туралы айтылған. [4].

Тәрбиеннің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына
дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының
азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері
танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби,
интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетілуіне оңтайлы жағдай
жасау.

Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетумен ары қарай дамуына ықпал
етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық
қызығушылығын, олардын шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге деген
икемділігін өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын,әлеуметтенуін
барынша дамыту биімділігін қалыптастыру [5].

Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін
білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы
ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас
ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің
прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның
қазіргі даму кезеңінде білім беру негізгі рөл атқарады [6].

Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік
қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке
салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масылдықты,
жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады.
Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және
әлеуметтендіру, бейімдеу ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды
әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне,
тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау,
педагогика-психологиялық көмек көрсету қазіргі педагогика іліміндегі мұндай
өзекті мәселені шешуге себеп болады.
Қазіргі уақытта республикамызда мемлекет жәрдеміне мұқтаж балаларға
көмек беруге арналған 660 интернаттық мекемелер бар. Оларда 79 мыңнан астам
балалар тәрбиеленіп жатыр. Олардың ішінде жалпы және санаторлық үлгідегі
мектеп-интернаттарда – 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда – 15 096
бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған
балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда – 12 574 бала, мүмкіндіктері
шектеулі балаларға арналған оңалту мекемелерінде – 12 599 бала, девианттық
мінез-құлықты балаларға арналған ерекше тәрбиелеу жағдайларын қажет ететін
балалар мен жасөспірімдерге арналған мектеп-интернаттарда–884 бала, отбасы
үлгісіндегі балалар ауылында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйінде
– 247 бала тәрбиеленуде. 1991 жылы небәрі 42 балалар үйі болса, қазір
олардың саны 70-ке жетіп отыр. [19,130]
Мұндағы мақсат жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар
мәселесіне арналған жетім балаларды дербес өмір сүруге үйретуге қолғабыс
етудің жолдарын іздеу болып табылады. Жетім балалардың барынша нәтижелі
тұлғалық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасауға болатын, олармен жұмыс
жасаудың ерекше әдісін табу аса қажет. Бірақ та, заманауи психология-
педагогикалық әдебиеттерде жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан
балаларға педагогика-психологиялық көмек көрсету тұрғыдан қолдау көрсету
мәселесі көп зерттелмеген, дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігі де
осында.
Педагогика-психологиялық көмек көрсету нәтижесі, қоғам талабын
қанағаттандыратын әлеуметтену үдерісі болып табылады. Бірақ та, бұл үдеріс
жетім балаларды әлеуметтендіруде өзіндік қиындық туғызады. Көптеген
теориялық деректерді талдау барысында қазіргі жағдайда жетім балаларға
педагогика-психологиялық көмек көрсету жүйесінде жетім балалар
тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап
айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-
тәрбиелеушілік.
Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың
әлеуметтік статусына сай емес, педагогика-психологиялық көмек көрсету
тиімділігінің төмендігі яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды
қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың
қажеттігі туындайды. Біздің ойымызша олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар,
содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.
Оларға педагогика-психологиялық көмек көрсетуде қиыншылық тудыратын
себептерге тоқталар болсақ, олар бейімделу деңгейлерінің,
белсенділіктерінің, құзыреттіктерінің, құндылықтарының қалыптасуы
төмендегідей болып отыр. Оларға педагогика-психологиялық көмек көрсетуде
әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы
тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға педагогика-
психологиялық көмек көрсету өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру
педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі
болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың
бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың
шеңберіндегі педагогика-психологиялық көмек көрсету байланыстардың тұйық
жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әсері барынша
кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам
мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен
заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында мәдени
тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас
тапшылық болып қалады.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың
шеңберіндегі педагогика-психологиялық көмек көрсету байланыстардың тұйық
жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әсері барынша
кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам
мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен
заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында мәдени
тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас
тапшылық болып қалады.
Осы айтылғандар жетім балаларға педагогика-психологиялық көмек көрсету
мәселесін зерттеген төмендегідей ғалымдардың еңбектерін атауға
болады:Е.М.Рыбиновский Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, Дж.Боулби,
И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василькова және т.б. ТМД елінде
Л.И.Божович, И.В.Дубровина, М.И.Лисина, А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых сияқты
ғалымдардың жұмыстары. Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын
Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, Л.К.Керимов, Ш.Е.Жаманбалаева, балаларды
қолдаудың кешенді және тұлғалық тәсілдерін дамыта түскен ғалымдар
В.И.Слободчнков, Л М.Щипицена, Ж.Ы.Намазбаева, А.А.Тынышбаева,
Х.Т.Шерьязданова.
Демек, жетім балалардың жеке тұлғасына қойылатын қоғам талаптары мен
олардың жеке тұрғыдан қалыптасуына қоғамдық ортаға толық тартылмауы мен
педагогика-психологиялық көмек көрсету іс-шараларының ерекшеліктерін
ескере отырып дипломдық жұмысымның тақырыбын Жетім балаларға педагогикалық-
психологиялық көмек көрсетудің жолдары деп таңдадым.
Зерттеудің мақсаты: жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек
көрсетудің жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу және олардың тиімді етудің
ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
–жетім балалардың педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдары
негіздерін анықтау;
– Жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің
жолдары ұғымының мәнін ашу;
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдары
шарттарын айқындау;
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдары
туралы ғылыми-әдістемелік жүйені даярлау және эксперимент жүзінде
тексеруден өткізу.
Зерттеудің нысаны: жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек
көрсету жолдарының үдерісі.
Зерттеудің пәні: жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек
көрсетудің жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер:
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің
жолдарын теориялық тұрғыдан негізделсе;
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің
жолдары ұғымының мәні ашылса;
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдары
анықталса;
– жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдары
тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, жүйелі түрде жетім балаларды оқыту,
тәрбиелеу үдерісіне ендірілсе, онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-
өзі құрметтей алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі
белсендендіретін тұлға қалыптасады, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам
талабы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Жетім балаларға
педагогикалық-психологиялық көмек көрсетудің жолдарын қалыптастырудағы іс-
әрекеттің диалектикалық қағидалары, қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму
заңдылықтары, философия, психология, педагогика, мәдениеттану, әлеуметтану,
физиология, ғылымдарының ілімдері. ҚР-сы Конституциясы, ҚР Білім
туралы заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
нормативтік-құқықтық құжаттары, БҰҰ Балалар құқығы туралы конвенциясы, ҚР
Бала құқығы туралы заңы, ҚР Отбасы типті балалар ауылы (деревня) және
жастар үйі туралы заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы
қарарлары мен бағдарламалары және басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу
әдістемелік құралдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен қазіргі кездегі бағалануы:
Осы айтылғандар жетім балаларға педагогика-психологиялық көмек көрсету
мәселесінің терең, толық өз дәрежесінде зерттелмегенін айқындайды.
Соңғы кезде бұл мәселені зерттеген ғалымдарды атайтын болсақ олар:
Ю.В.Василькова, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, М.И.Лисина, А.М.Прихожан,
Н.Н.Толстых және т.б.
Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов,
В.В.Трифонов, Л.К.Керимов, Ш.Е.Жаманбалаева, балаларды қолдаудың кешенді
және тұлғалық тәсілдерін дамыта түскен ғалымдар В.И.Слободчнков, Л
М.Щипицена, Ж.Ы.Намазбаева, А.А.Тынышбаева, Х.Т.Шерьязданова сияқты
ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды жоғары оқу
орындарында, колледждерде әлеуметтік педагогтар, психологтар, яғни
педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру жүйесінде кадрларды
қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында, жетім
балалар тәрбиеленетін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға болады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерге теориялық талдау жасап, зерттеу,
жүйелеу, жетім балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету
мәселесін талдап, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, байқау,
эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Ақкөл балалар үйі балалар үйі.
Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Нормативтік сілтемелер:
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1]. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан

Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат

[2] Қазақстан Республикасының білім беру заңы. 27 шілде, 2007 ж.

[3] Бала құқықтары Конвенция, 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады.

[4] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Алматы -2005.

[5] Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие

тұжырымдамасы. Білімдегі жаңалықтар, №1, 2010, 11-20б.

[6] Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан. – 18.06.2010,9-
10б.

Анықтамалар:

Жетім – Х-ХІҮ ғасырларда кедей шаруа балаларын атады
Жетім – ХІҮ -ХҮІІІ ғасырларда ата- анасы жоқ балаларды атады
Жетім – ХІХ-ХХІ ғасырларда ата-анасы немесе шешесі (әкесі) қайтыс болған
18 жасқа толмаған бала
Таза жетім – Ата – анасы қайтыс болған балалар
Әлеуметтік жетімдер – дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты ата-
аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар.
Патронаттық тәрбиелеу - бұл балаға қатысты қамқоршы (қорғаншы)
міндеттерінің бір бөлігін қамқоршылық және қорғаншылық органдарында сақтай
отырып, мемлекеттік қорғауға зәру, патронат тәрбиешінің отбасына
тәрбиелеуге берілген баланы орналастыру нысаны.
Бөбек- республикалық қайырымдылық балалар қорының
SOS Қазақстан - Қазақстандағы Халықаралық балалар қайрымдылық қоры
негізіндегі балалар қалашығы
SOS-киндердорф Интернационал - Австралиядағы Халықаралық қайрымдылық қоры

Патронат тәрбиешілер-әлеуметтік сала бойынша жұмыс істеп жатқан үкіметтік
емес ұйым мамандары ата-анасыз қалған балаларды жекелеген отбасыларына беру
Әлеуметтену – латын сөзінен шыққан socialis - қоғамдық тұлғаның қа-
лыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар,
тәжірибесі
Депривация – баланың отбасының жоқтығынан туындаған, дамудың орны
толмайтын жетімсіздік тұстары

Қысқартулар:

ЮНЕСКО – Халықаралық ұйым
ЮНИСЕФ – Халықаралық балалар ұйымы
АСПЕРА – Арал балалары мен олардың аналарына көмек беру жөніндегі
бағдарлама
ҚР -Қазақстан Республикасы
АҚШ- Америка Құрама Штаты
БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

І. Жетім балаларға педагогика-психологиялық көмек көрсетуді қалыптастырудың
негіздері

1.1 Қазақстан Республикасында жетім балаларға көрсетілетін қамқорлық

Қазақстандағы жетімдер саны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында
Ресейден кейін екінші орында тұр. Осыған орай елімізде жетім балаларға
қомқорлық жасау мемлекеттің назарынан тыс қалған емес. Бұл тұрғыдан алғанда
Қазақстан республикасы жетім балаларға үлкен қамқорлық жасап келеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша
(2005 жылғы 14 шілдедегі шығыс №2166-5-741502-4-1) Республикада 79000 бала
660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий
түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы
интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата
анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 12
574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала,
ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез
құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы
үлгісіндегі балалар ауылдарында -281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар
үйлерінде - 247 бала. [8]
Жоғарыда келтірілген деректерден байқағанымыздай, отбасы үлгісіндегі
балалар мекемелерінде барлығы 528 бала тәрбиеленуде, бұл интернат
мекемелерінде тәрбиеленуші барлық балалардың тек 0,67 %-ын ғана құрайды. Ал
мемлекетке 2003 жылы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің алдында елдің
есебін бергеннен кейін отбасы үлгісінде үйлердің және отбасы қамқорлығы мен
тәрбие берудің басқа да балама түрлерінің санын арттыруға және күшейтуге
ықпал ету ұсынылған болатын. Аталған деректерге сүйене отырып еліміздің
үкіметі, білім және ғылым министрлігі жетім балаларға қамқорлық жасау
мақсатында төмендегідей іс-шараларды жоспарлап отыр.
- мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кепілдік берілген, жалпыға
бірдей қолжетімді тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мен
конкурстық негізде тегін техникалық және кэсіптік, орта білімнен кейінгі
және жоғары білім беруді;
- балаларға тегін медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандырудың
ең төменгі нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етуді;
- он бес жасқа толған балалардың кәсіби бағдарлау, қызмет саласын
таңдау, жүмысқа орналасу, еңбегінің қорғалу, еңбегіне ақы төлену құқығын
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кепілді
қамтамасыз етуді;
- балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, оларды әлеуметтік корғау, соның
ішінде туылуы мен тәрбиеленуіне байланысты, балалары бар азаматтарға
мемлекеттік жэрдемақы төлеу жолымен кепілді материалдық қолдауды қамтамасыз
ету, сондай-ақ өмірлік қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік
бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды;
-Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге
құқығын қамтамасыз етуді;
- балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның ішінде
төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сондай деп
танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды білікті заң
көмегін көрсетуді қамтиды. [8]
Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар олардың өмір сүру
жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескеріле отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті мемлекеттік
басқарудың органдары қосымша әлеуметтік стандарттар белгілей алады.
Тиісті білім беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы
денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де
мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздеріне ұсынылған қызмет
көрсетулердің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарға сәйкестігін
мезгіл-мезгіл бағалап отыруға, құқығы бар.
Өкінішке орай аталған іс-шаралар толыққанды жүзеге аспағандығын
жоғарыдағы деректер толық көлемде орындалмағанын жэне осы бағыттағы жұмысты
күшейту қажет екенін аңғару қиын емес.
Мәселен, жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және
әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тэрбиеленуде. Мұндай
мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның
табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға
әкелуі мүмкін. Интернат мекемелерінің қызметкерлері уақыттың шектеулілігіне
және балалар санының көптігіне орай әр балаға тиісті көңіл бөлуге
қабілетсіз.
Сонымен қатар интернаттық мекеме жағдайларында баланың әлеуметтік
дамуы біртекті қарым-қатынас ортасымен шектеулі және нақты шектелген
тәрбиеленуші, оқушы сияқты өзіндік рольдік орындары бар. Ал балаға табиғи
жағдайларда қажетті бағыт-бағдар алу үшін әлеуметтік рольдердің тұтас
спектрін игеру қажет. Барлық балалар үйлерінде тұру жағдайлары ұқсас: ортақ
жатын бөлмелер, ойын бөлмесі, асхана, ванна жэне т.б. Нормативтердің
осындай ұқсастығы және ортасының біртектілігі жағдайларында баланың жеке-
даралық танытып, өздігінен даму мүмкіндіктері жоқ.
Балалардың лайықты өмір сүруінің неғұрлым жайлы нысаны олардың табиғи
жағдайларда, яғни отбасы жағдайларында дамуы болып табылады. Бүгінгі күні
Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз калған балаларды
азаматтардың отбасыларына берудің эр түрлі нысандары бар. Осындай
нысандардың ішінен тұру жағдайлары отбасылыққа неғұрлым жақын халықаралық
және ұлттық бала асырап алуды, қамқоршылық пен қорғаншылықты, патронаттық
отбасыларын, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін, балалар ауылдарын бөліп
атауға болады.
Патронаттық тәрбиелеу - бұл балаға қатысты қамқоршы (қорғаншы)
міндеттерінің бір бөлігін қамқоршылық және қорғаншылық органдарында сақтай
отырып, мемлекеттік қорғауға зәру, патронат тәрбиешінің отбасына
тәрбиелеуге берілген баланы орналастыру нысаны.
Жетім балалар саны артқан сайын Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы да
арта түседі. Осы орайда, әлеуметтік сала бойынша жұмыс істеп жатқан
үкіметтік емес ұйым мамандары ата-анасыз қалған балаларды жекелеген
отбасыларына беру керек дейді. Қазіргі кезде оны патронат тәрбиешілер деп
атайды. Негізі, бұл жүйенің біздің елде жұмыс істей бастағанына біраз уақыт
болып қалды. Мамандар бұл жүйені ары қарай дамыту қажеттігін айтады. Бұл іс-
эрекет те жетім балаларға қомқорлық жасаудың бір амалы болып табылады.
Енді патронат тәрбиешілерге толығырақ тоқталсақ. Барлық талапқа сай
келетін кез келген азамат патронат тәрбиешісі бола алады. Ал бала асыраудың
мерзімі заңмен бекітілетін келісімшартқа сай белгіленеді. Басқа елдердегі
балалар үйі мен патронаттық жүйені зерттеген мамандардың деректеріне
жүгінсек, олар патронаттық жүйенің балаға да, Үкіметке де қолайлы екеніне
көз жеткізген. Ондай тәрбиешіге берілген бала да қараусыз қалмайды, арнайы
құрылған комиссияның бақылауында болады. Қазіргі таңда елімізде ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған 1928 бала патронат тәрбиешілердің қолына
берілген. [10]
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды имандылыққа тәрбиелеу,
еңбекке баулу жэне олардың жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету мақсатында
бүгінгі күнде республикада 29 отбасылық үлгідегі балалар үйлері мен 6
балалар ауылы жұмыс істейді. Асыраушысынан айырылған балалардың бағып-қағу
немесе оларды бүгінгі заман талабына сай жағдайда тәрбиелеу, яғни оларға
білім беру, денсаулығын нығайту мақсатында мемлекет тарапынан мол
мүмкіндіктер жасалып отыр. Соның өзінде бұл мәселе толық шешімін табар
емес.
Әрбір баланың дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды
дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайын мемлекет толыққанды жасалуын
әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етуі қажет.
Бұл орайда үкіметіміз ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың
әлеуметтік және азаматтық құқығын қорғау мақсатында заңдар қабылдады. [3,
314]
Аталған заңдарды алып қарастырсақ:13-баптың баланың мүліктік құқықтары
жайлы:
Әрбір баланың өзі тапқан табысқа, өзі сыйға немесе мұра ретінде алған
мүлікке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген
мүлікке меншік құқығы бар.
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады десе, 14-бап
бойынша баланың тұрғын үйге құқығы жайлы:
1.Әрбір баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес
түрғын үйге құқығы бар.
2.Жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу,
емдеу және басқа да мекемелердегі баланың тұрғын үй-жайға меншік құқығын
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған
жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес тұрғын
үй-жай алуға құқығы бар.
3.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның ішінде жетім
балаларды оларға басқа үй-жай берілмейінше олар тұрып жатқан тұрғын үйден
шығаруға болмайды- деп анықтауы мемлекет тарапынан көрсетілетін
қамқорлықтың заңмен бекітілгендігін көрсетеді.
Сонымен қатар15-баптағы баланың білім алуға құқығы бойынша: Әрбір
баланың білім алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының білім туралы
заңдарына сәйкес оған тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
және конкурстық негізде тегін техникалық және кэсіптік, орта білімнен
кейінгі және жоғары білім алуға кепілдік беріледі.-деп 1тармағында
көрсетсе, қалған тармақтарда:
Тегін жалпы орта білім немесе техникалық жэне кэсіптік білім алғанға
дейін баланы мемлекеттік білім беру мекемесінен шығару, шығарудың жалпы
тәртібін сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете
отырып қана жүргізілуі мүмкін.
Арнаулы педагогикалық тәрбиені қажет ететін кемтар балаларға
мемлекеттік бюджеттен белгіленген стандарттар деңгейінде олардың білім
алуына кепілдік беретін қосымша қаражат береді.
Мемлекет балалардың білім алу кезеңінде әлеуметтік қорғауды қажет
ететіндерінің күтіп-бағу шығынын толық немесе ішінара көтереді. Олардың
білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.- деп көрсетеді.
Аталған заңда балалардың еңбек ету құқығын да көрсетіп, он төрт жастан
бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және өсіп-
жетілуіне, дене бітіміне, имандылығына және психикалық жай-күйіне зиян
келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар
екендігін анықтаған. Бұл оайда баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және
(немесе) еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым
салынады.
Баланың мемлекеттік көмекке құқығы бойынша ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде жетім балалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттік қамсыздандырылуда
болады, эрі Мемлекеттік органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған эрбір
балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей
материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етеді- деп мемлекеттік
қамқорлықты нақты анықтап заңмен бекітті.
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тәрбиесіне
қамқорлық қашанда бүкіләлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық
құжаттарда (Бала қүқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі
Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау және оларды дамыту
Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Әлем
мәдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. және т.б.) қоғамда бала құқықтарының
үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып,
тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда
хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей
маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тәрбие мақсаттары,
принциптері және мазмұны БҰҰ білім, ғылым және мәдениет бойынша Бас
конференциясының Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік және бейбітшілік
рухындағы тәрбие және адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу
рухындағы тәрбие жөніндегі ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.)
жарияланды. Сонымен бірге бұл шешім Еуропалық Кеңес мүшелері
-мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № 8 (85)7 адам құқықтарын мектепте
оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ Бас
Конференциясының ұсыныстарында тәрбиеге былайша анықтама берілген: тәрбие-
ұлттар мен халықаралық қауымдастық шеңберінде және олар игілігі үшін жеке
тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз дарынын, қабілеттерін және білімдерін
саналы түрде дамытуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамдық өмір процесін
аңдатады. Бүл процесс қандай да нақты шарамен шектеліп, тоқтап қалмайды.
Мәселен, бұл қүжаттың III бабында (4-6.) тәрбие мазмұнының негізгі
принциптері және аса маңызды мәселелерін:
- барша халықтарды, олар мәдениетін, өркениетін, құндылықтары мен
өмір салтын әлыстың мәдениетімен бірге және өзге адамдар мәдениетін түсіну,
құрметтеу;
- халықтар мен ұлттар арасындағы күннен күнге ұлғайып бара жатқан
ғаламдық өзара тәуелділікті сезіну;
- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар мен халықтардың өз құқықтарын ғана
емес, сонымен қатар бір-біріне жүктейтін міндеттерін де аңдау;
- халықаралық ынтымақтастық және қызметтестіктің қажеттігін түсіну
және т.б. деп нақты көрсеткен.
Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тәрбиенің
адамгершілік рухындағы тәрбиемен, бейбітшілік бағытындағы тәрбиемен, мәдени
аралық тәрбиемен өзара байланысты болатынын әрі бұлардың бэрі отандық және
әлемдік ұлыстар мәдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса
насихаттайды.
Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат - бұл Бала құқықтары
жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл Конвенция ресми түрде
бекіп, қабылданды.
Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету,
даму, қорғану және қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз
ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың жалпы
адамзаттық мәдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік -инабаттық
қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын
гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу және әлпештеу, оның ой-
пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау және осылардың бәрін ізгілік
тәрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала
тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік
Декларациясы және оны іске асыру әрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында
ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сәйкес Республикалық бағдарлама
түзіліп, С.Назарбаева бастаған Бөбек қоры және балалар қамқорлығын өз
міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция және БҰҰ-ның басқа да тұғырлы
құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мәні – білім және тәрбие
толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын және негізгі
еркіндіктерін құрмет тұтуға бағытталуы болып табылады. [9]
Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары.
Бала- тең құқылы тұлға. Ол өмір сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден,
қатал қарым - қатынас және эксплуатациядан қорғануға, сондай ақ толық
отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата -
аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз
етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек
алуға құқығы бар.
Кедейшілік жағдайында өскен және жетім баланың психологиялық және
физикалық денсаулығы нашар, үлгерімі төмен басқа балалармен қарым - қатынас
жасауға мүмкіншілік жоқ болады.
Осы ретте Республикамыздағы Халықаралық Бөбек қайырымдылық қорының
тындырып жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат. Республикалық Бөбек
қайырымдылық қоры алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда Республикалық Бөбек
қайырымдылық қоғамдық балалар қоры Қазақстан Республикасының Әділет
Министрлігінде тіркелді. [13,141]
Қазақстандықтардың болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында аналық
жүрекпен, ұлтжанды сезіммен жұмыс ісету парасаттылық пен ақниеттілікті
қажет етеді- дейді республикалық Бөбек қайырымдылық қорының президенті.
Содан бері бұл қор Республика жеткіншектерінің дұрыс қалыптасуы, дамуы
жолында өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді.
Оның негізгі мақсаты- әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы
балаларға, олардың ұлтына және дініне қарамастан көмекке мұқтаж ұл-
қыздардың жағдайын жақсартуға қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен
үкіметке жәрдемдесу. Әсіресе, ата- ананың аялы алақанына зәру жетімдерге,
экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру- сырқау және жалпы мүгедек
балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына басты бағдар еткен.
Қордың құрылтайшылары мемлекеттік және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар,
әлемдегі іскер адамдар, банктер мен коммерциялық құрылымдар.
Олардың әрқайсысы Қазақстан балалары және олрадың болашағы үшін
қаржылай, заттай көмектесіп, елдің болашақ азаматтарының аяғынан тұрып
кетуіне жәрдем беруде.
Бөбек халықаралық балалар қоры осы он жыл ішінде ауыз толтырып
айтуға тұрарлық жұмыстарды жүзеге асырып, аталмыш қор халықаралық деңгейге
көтерілді, тағдыр балалардың бәріне бірдей қуаныш сыйлап отырған жоқ.
Еліміздегі он мыңнан аса жетім, төрт мыңнан аса дене бітімі және ақыл есі
кем балалар бар. Семей, Қызылорда облыстарындағы әрбір үшінші сәби өлі
немесе кемтар болып өмірге келеді. Арал маңындағы бүлдіршіндердің 87 пайызы
дымкес. Әрине мұндай фактілер баршамызды алаңдатып отырғаны аян. Бұл таңда
Бөбек республикалық қайырымдылық балалар қорының ең басты қызметі
мынадай: [13]
-балаларлы тәрбиелеу мен дамытудағы жанұя принципінің озық идеяларын
тарату, отбасыларын сақтауға балалар үйіне көмек көрсету;
-Қазақстанда халықаралық беделді ұйымдардан көмек алу мақсатында
қызмет көрсетіп, шет елдегі балалар құқы жайлы халықаралық конвенция
тәжірибесін зерттеу;
-салауатты өмір салты бағдарламасын енгізу медициналық мекемелерге
көмектесу Республикалық орталы балалар сауықтыру орталығы құрылысының
аяқталуына атсалысу:
-экологиялық апат аймағынан келгендерге гуманитарлық көмек көрсету;
- дарынды балаларды қолдау, Айналайын деп аталатын алғашқы
халықаралық фестивалін өткізе отырып, қордың талантты балаларды қолдайтынын
әйгілеу.
Осы күндері Қазақстанның барлық аймағында Бөбектің бастамасымен
құрылған балалар қорлары жұмыс істеп жатыр. Алматыда осы қордың
ұйымдастыруымен өмірге келген Рухани және мәдени даму салоны жұмыс
істейді. Бұл жерде халыққа танымал белгелі адамдармен кездесулер, балалар
өнерінің көрмелері мен қайырымдылық шараларын өткізу сияқты бірқатар игі
істер жүзеге асырылуда. Қор Алматыда тұнғыш рет жетім балаларға арналған
жанұя тектес балалар қалашығын қолдауды өзінің басты міндеті деп санап,
SOS Қазақстан балалар қалашығы ашылды.
Ол Австралиядағы Халықаралық SOS-киндердорф Интернационал қорының
қайрымдылық көмегі арқасында іске асты. Бөбектің қолға алған тағы бір -
мәселесі ол тастанды сәбилер тағдыры. Бұлардың көпшілігі әдетте некеден тыс
туылған балалар. Қор осындай тастанды балалар тәрбие алатын Үміт үйі атты
балалар мекемесін ашты. Олар әзірге Алматыда, Шығыс Қазақстанда ғана бар.
Бұл үйдің ерекшелігі де сол - анасының сәбиді мүлдем тастап кетуіне жол
берілмейді. Онымен келісім шартқа келеді, және сол келісімнің құпиялығы
сақталады.
Анасының баласын асырап - бағуға мүмкіндігі келмесе сәбиін уақытша осы
Үміт үйінде қалдыра тұрады. Ал жағдайы оңалғаннан кейін баласын кез
келген уақытта өз қолына алуына мүмкіндік жасайды. Бұл бала тұл жетім боп
өспеуіне себепкер болумен бірге ананың да сәбиінен айрылмауына көмектеседі.
Бөбек қайрымдылық қоры балалар үйінен шыққан жеткіншектерге мүмкіндігінше
қол ұшын беруге, көмектесуге тырысады. Сондықтан ол жастардың оқуға
түсуіне, жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай біршама жеңілдіктер жасауға
жәрдемдесуде. Жергілікті балалар қорлары да қол қусырып қарап отырған жоқ.
Тағы да бір үлкен мәселе, ол - өнерлі балалардың талабын ұштау мақсатында
Айналайын фестивалін өткізу де осы.
Бөбек қайрымдылық қорының бастамасымен дүниеге келген еді. Одан
кейін Шығыс маусымы фестивалі де қордың қолдауымен өтті.
Қор әсіресе, Семей, Арал сияқты экологиялық зардап шеккен аймақтардағы
жеткіншектердің жағдайын оңдауға көп көңіл бөліп отыр. Айта берсе мұндай
игілікті істер мол. Бөбек қайрымдылық қоры еліміздегі балалар
ауруханаларына дәрі -дәрмек пен қажетті дәрігерлік құралдар, Жедел жәрдем
машиналары, Арал өңірінде тұратын балалардың денсаулығын түзеу мақсатында
жылжымалы диогностикалық орталықты сыйға тартқан. Ал американдық таңдаулы
дәрігерлер қордың қаржыландыруымен 60 баланың жүрегіне өте күрделі операция
жасаса, Алматыдағы хирургиялық орталыққа құны 1 миллион АҚШ доллары
медициналық құралдар бөлген. [16]
Балалар денсаулығының қалыпқа келуі, алаңсыз өмір сүруі үшін Бөбек
қайырымдылық қоры Алматы Қаласының маңындағы 140 орындық балалардың
республикалық емдеу - сауықтыру орталығының құрылысы үшін де 22,5 миллион
АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, жобаның іске асуына айрықша қамқорлық
көрсетті.
Қор назарынан Қазақстандағы балалар үйлері мен мектеп- интернаттары да
сырт қалған емес. Балалар мекемелері мен табысы аз отбасылары үшін киім-
кешектер, аяқ- киімдер, қажетті оқу құралдары мен компьютерлер, ойыншықтар
берілді.
Республикалық Бөбек қайрымдылық қоры халықаралық деңгейде жұмыс
істейді. Қазақстан балалар құқығын қорғау Конфенциясына қол қойып, енді
біздің балаларымыз өз жерінде кез -келген өркениетті елдердің ұландары
секілді халықаралық нормада өзін өзі қорғай алатын болады. Соның негізінде,
қор Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы қоғамдық ақпараттар департаментіне
мүше болып, дүние жүзілік балалар қорының қайырымдылық шараларына қатысуға
мүмкіндік алған. Бұл оның қайырымдылық акцияларын халықаралық деңгейде
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай- ақ Бөбектің қатысуымен Біріккен
Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Республика Үкіметі ынтымақтастық жағдайға
жұмыс істеу үшін келісім шартқа қол қойған. Соның бір нысаны қор
Президентінің Париждегі ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің балалар құқығын қорғау
жөніндегі халықаралық форумына қатысып, Швейцариядағы ЮНИСЕФ- тің Еуропалық
конференциясына қатысып, сондай ақ тұнғыш рет Бөбек пен ЮНИСЕФ арасындағы
бірлескен мемлекеттік деңгейде Арал балалары мен олардың аналарына көмек
беру жөніндегі АСПЕРА бағдарламасының қабылдануы болды. [16]
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін ЮНИСЕФ жағы 20 миллион доллар
мөлшерінде қаржылай көмек көрсетті. Осындай жемісті еңбегінің нәтижесінде
С.А. Назарбаева 1996 жылы бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, ал 1998
жылы Қырғыз Республикасының Боорукер (қайрымдылық) қоры мен ЮНЕСКО кеңесі
оған Мээрман Әне- 98 (Мейірбан Ана) атағын беру туралы шешім шығарды.
1998 жылдың ақпанында Қырғыз елінен Алматыға арнайы келген делегация
Бөбек қорының президентіне Мээрман Әне- 98 атағын табыс етті.
Біздің елімізде балалар үшін тек қана белгілі бір атаулы күндерге орай
емес, күнделікті, сағат сайын да қамқорлық жасалып келеді. Тіпті көптеген
қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық қызметінің өзі
де жағдайды өзгерте алар емес. Осыған байланысты халықаралық Бөбек
балалар қайрымдылық қоры қазақстандықтарға өзіміздің жас отандастарымыздың
балалық бал дәуренінің қызығын көріп білуіне көмектесейік деген үндеу
тастады.
Бүгінде жетім балалар үйіне ата - анасынан қапылыста айырылып қалған
балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге байланысты тұл жетім
атанғандардың саны басым. Бұл табаны тайғақ әкелер мен без бүйрек аналардың
көбеюінің салдары. Мұны қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан. Өзі
туған баласын өзекке тепкендер мен дүниеге әкелген ұрпағына жауапсыз
қарағандарды біздің заң көбіне ата аналық құқығынан айыруымен ғана шектеп
жатады. Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында Алматыда SOS-
Қазақстан, балалар қалашығы ашылды.
Шет елдегі балалар қоры жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асуы.
2001 жылы 23 маусымда Астанада SOS-киндердорф Интернационал халықаралық
қорының қамқорлығымен еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды.
Балаларға, әсіресе жетім, панасыз қалған сәбилерге мемлекет тарапынан
үлкен қамқорлық көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз. Өйткені өз
болашағын ойлаған қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын
жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда екінші рет Халықаралық SOS-
Киндердорф Интернационал қорының қолдауымен ашылып отырған жетім балалар
қалашығы сондай ізгіліктің белгісі- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
SOS-Киндердорф Интернационал халықаралық қорынын президенті Гельмут
Кутин мырза Астана қаласының жетім балаларының жаңа қалашығы ашылған 23
маусым-бүкіл әлемде SOS-Кндердорфтың туған күні ретінде тойланатындығымен
өз кезегінде көпшілікті хабардар етті. Ол сонымен бірге- Астанадағы балалар
мекенінің дүниеге келуіне SOS- Қазақстанның көмегінін ауқымды болғандықтан,
Қазақстан басшысы мен мемлекеттің бірінші ханымы қалашық құрылысына жәке
қаржылай үлес қосқандығын атап өтті. Мұндағы он екі үйде бір жарым жастан
он төрт жасқа дейінгі жетімдер тәрбиеленуде.
Қазақстан үкіметі мен SOS- Киндердорф Интернационал қоры арасында
1994 жылы қол қойылған бірлескен қайырымдылық қызметі туралы келісім
шеңберінде Алматыда балалар қалашағы дүниеге келді. Бұл балалар қалашағын
қаржыландыру мақсатында қор құрылды. Қазақстанда іргесі қалана бастаған
айтулы қор Австралиядағы халықаралық SOS-Киндердорф Интернационал
қорының бір тармағы. Олай дейтініміз, еліміз әлем халықтарының ішінде 125-
ші мемлекет болып тұнғыш рет жетім балаларға арналған осындай қор ашқан.
[23]
Ал SOS- Киндердорф Интернационал қорының тарихы тіпті сонау 1949
жылдан басталады. Оның негізін қалаған Герман Гмайнер еді. Дәрігерлер
даярлайтын университеттің студенті болып жүрген Г.Гмайнер соғыс кезінде әке
шешесінен айырылып, үйсіз күйсіз қараусыз қалған балалардың аянышты
тағдырларын көріп, өзі оқып жүрген оқуын аяқсыз қалдырды. Сөйтіп,
жетімдіктің ащы да кермен дәмін татқан балалардың басын біріктіріп, олар
үшін қалай да оңтайлы жағдай туғызудың жолдарын қарастыруға кіріседі. Ол ең
алдымен, өзіне дейін жетім балалар үшін не жасалды, өзге мемлекеттерде
қандай қайырымдылық шаралары қолданылуда деген сауалдарға тиянақты жауап
іздейді. Бұл жөніндегі түрлі теориялар мен тұжырымдарға жүгінді. Бұдан соң
Г.Гмайнер австралиядағы Тироль ауданының басшыларына жолығып, тұрғындарды
түгелдей жиып, мәселенің жай жапсарын түсіндіреді.
Бұл жетім балалар үшін жасаған еңбегінің ең таза, адами, әр алғашқы
қадамы болды.Зұлмат соғыс халықтың әлеуметтік тұрмысын, жағдайын ауырлатып
кеткенімен, әркім өзінің шама шарқынша қолдарынан келген көмектерін көрсете
бастады. Осындай там - тұмдаған қолдаулардың нәтижесінде Инсбургке жақын
жерде алғашқы үйдің қабырғасы қаланды. Өздерінің көрсеткен жәрдемінін
нәтиже бергеніне көздері жеткен халық енді бар жинаған ақшаларын үйіп
төгуге дейін барды. Міне, қыруар еңбек пен төгілген тердің арқасында
дүниеге келген балалардың әлгі қалашығына ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті.
Кейіннен Еуропа мемлекеттерінде, содан соң бірте- бірте Азия елдерінде,
соның ішінде алғаш рет Корея осындай балалар қалашығы ашылды. Бұдан соң
балалар қорлары Африка, Латын Америкасы мен АҚШ- та құрылды. Жетім балалар
қорлары қай жерде құрылса да олардың көздеген мақсаттары біріктіріп,
қамқорлық көрсету.
Халықаралық қорлардың ауқымды жұмыстары арқасында елімізді SOS-
Қазақстан балалар қалашықтары бой көтерді. Қор Қазақстанға сай ұлттық бояу
белгілерімен ерекшеленуі тиіс деген пікірлер басшылыққа алынды. Жалпы
халықаралық қор өзін- өзі қаржыландырады. Бұл халықаралық SOS-Киндердорф
Интернационал қорының ұстанған басты қағидасы. [23]
Біздегі жетім балалар қалашағын да осы халықаралық қор қаржыландырды.
SOS-Қазақстан балалар қалашығында қызмет ететін тәрбиешілердің өз
ережелері бар: тәрбиеші аналар зейнеткерлікке шығатын кезде оларға екі
түрлі құқық беріледі. Бірінші, олардың қалашықта қалуы екіншісі мұнда
жұмысқа келгенге дейінгі тұрған үйіне, туған туыстарына оралуы, сонымен
қатар жұмысқа қабылдану кезінде де қойылатын шарттар бар: алдағы өмірінде
тұрмысқа шықпауы, жалғыз басты болуы, баласының болмауы, яғни өзін жетім
балалардың тәрбиелеуге арнауы.
Балалар қалашығында барлық жағдай тіпті мектеп бітіргендерге де арнайы
жағдайлар жасалған. Мұнда балалардың өзге балалар үйіндегідей ортақ
тәрбиешісі болмайды, әр баланың өз еркінде оларды бөлек үйде кәдімгі ата -
анасы бар балалардай тәрбилейді. Аналардың басты міндеті тек бала
тәрбиесімен айналысу ғана. Асырап алған балаларын өсіріп, кәмелетік жасқа
жеткізу олардың міндеттері. Ал олардың бүкіл жағдайын жасау балалар
қалашығы міндетім деп санайды.
Алматы қаласының Ақсай - 4 ықшам ауданында 4 -аудиториялар мешіт-
медресе салынды. Осы мешіт құылыстарымен қатар Алматы қаласындағы 167- ші
орта мектеп қазақ араб мәдени ағарту орталығына айналды. Онда компьютер мен
араб тілін оқыты үйрететін тұрақты жұмыс істейтін 4 айлық курс
ұйымдастырылған. Қапшағай қаласында 100 жетім ұл баланы, ал Қаскелеңде 70
қыздар бағып қағатын осы қайырымдылық қоғамының интераты жұмыс істейді. Бұл
балаларды тамақтандыру, киіндіру және білім беру шығындарын, оқытушылары
мен күтіп қараушы 53 қызметкердің жалақысын осы Абу - Даби қайырымдылық
қоғамы өз мойнын алған.Интернатта оқып -тәрбиеленушілердің жасы 7- 14 жас
аралығындағы балалар. Осы істеліп жатқан игілікті істеріне қоса, бұл қоғам
жыл сайын ораза кезінде ауыз бекіткен мұсылмандарды әр кеште ауыз аштырады,
жетім балаларға киім кешек, азық - түлік үлестіреді. Ал құрбан- айт кезінде
жетім жесірлерге ірі қара мен қой сойып, етін үлестіріп, 18 мың доллардың
азық - түлігі мен киім- кешек қоса таратылды. Әл - Фараби атындағы
Қазақстан мемлекеттік Ұлттық университетінің шығыстану факультетінің
студенттеріне компьютер сыйға тартты. [8,143]
Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғамдық хабар департаментінін
Мүшесі, ЮНИСЕФ тің балаларға көмек қорының кеңесшісі мәртебесіне ие.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар бағдарламаларын үйлестіруге тікелей
қатысқан. Бейбітшілік жаршысы деп танылып, көптеген сыйлықты иемденген.
Бұл оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі өзекті мәселелер
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланы асырап алу тәртібі
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері
Пәндер