Жергілікті бюджет түсімдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1 Жергілікті бюджетті қалыптастыру мен атқарылуының теориялық негіздері
3:
Кіріспе:
  1. Жергілікті бюджеттің мәні мен экономикалық маңызы
3: 6
Кіріспе: 1. 2. Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
3: 11
Кіріспе: 1. 3. Жергілікті бюджеттің атқарылу процесін басқару
3: 18
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2 Жергілікті бюджеттің атқарылуын Ғ. Мүсірепов атындағы аудан мысалында талдау
3:
Кіріспе: 2. 1. Ғ. Мүсірепов ауданының экономикалық мінездемесі
3: 27
Кіріспе: 2. 2. Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің атқарылуын талдау
3: 29
Кіріспе: 2. 3. Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуын талдау
3: 39
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3 Тұрақты экономикалық өсу жағдайында жергілікті бюджетті қалыптастыруды жетілдіру жолдары
3:
Кіріспе: 3. 1 Бюджеттің кіріс бөлігін бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арқылы ұлғайту 3. 2 Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудың басты әдісі ретінде салық салуды жобалауды жетілдіру
3:

48

51

Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 58
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 61
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қосымша
3:

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиіс екендігін сипаттайды. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс. Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: - «жергілікті бюджетті басқару» түсінігіне қатысты негізгі теориялық дәлелдеулер жүйелендірілді; - жергілікті бюджетті жоспарлау үдерісінің мәні айқындалып, оның әдіснамалық негізіне сипаттама берілді; - мемлекет тарапынан тікелей басқарудың тиімділігін арттыру үшін аймақтың дамуына қажетті өкілеттіктерді, қаржы көздерін бөлудің қажеттілігі дәлелденді; - бюджетті орталықсыздандырудың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері сараланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын жергілікті бюджетті қалыптастыру мен дамыту барысында зерттеудің нәтижесінде жасалған тәжірибелік қорытынды мен ұсыныстар деңгейінен көруге болады. Дипломдық жұмыста келтірілген ұсыныстар, зерттеулер нәтижелері мен тұжырымдарды мемлекеттік бюджетті басқаруда және халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу іс-шараларын жүзеге асыруда, орта және қысқа мерзімді мемлекеттік немесе аймақтық даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ, тәжірибе жүзінде баяндалған материалдарды Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі және қаржылық ағымдарды мемлекеттік реттеу мәселелерімен айналысушы қазақстандық ұйымдар мен ведомствалар өз қызметтері барысында қолдануына болады. Тақырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Қазақстанда қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Соңғы он жылда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті басқаруды қалыптастыру және оны дамыту бойынша зерттелген ғылыми жұмыстар баршылық. Соның ішінде аймақтық экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Осы аталған бағыттарда қазақстандық ғалымдар Я. А. Әубәкіров, М. Б. Кенжегузин Н. Ж. Бримбетова, К. Б. Бердалиев, Г. Н. Дугалова, Р. Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е. Б. Жатканбаев, Ж. И. Ихданов, К. Е. Кубаев, Г. Ж. Қарақұсова, К. С. Мухтарова, Б. М. Мухамедиев С. С. Оспанов, С. М. Өмірзақов, К. А. Сағадиев, Г. Н. Сансызбаева, А. Н. Тулембаева, Ө. Қ. Шеденов және басқа да отандық, шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жан-жақтылы баяндалған. Олардың ғылыми еңбектерінде аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, аймақтардың дамуын басқарудағы қаржы ресурстарының алатын орны жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жергілікті бюджетті қалыптастыру көздерін және шығындалу бағыттарын зерттеу, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарын талдау және жергілікті бюджетті қалыптастыру мен атқарылу процесін жетілдіру жолдарын іздестіру. Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

  • мемлекеттің бюджет жүйесіндегі жергілікті бюджеттің ұғымын және мәнін анықтау;
  • жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын зерттеу;
  • аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарын талдау;
  • бюджетаралық қатынастардың қазіргі жағдайын талдау негізінде орын алып отырған мәселелерді айқындау және жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оларды шешудің жолдарын ұсыну;
  • жергілікті бюджетті жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар жасақтау. Дипломдық жұмыстың пәніболып жергілікті бюджетті қалыптастыру мен атқарылу үдерісі мен оны басқару барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы табылады. Дипломдық жұмыс нысаныретінде Ғ. Мүсірепов ауданының жергілікті бюджет қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану барысындағы қатынастар алынды. Дипломдық жұмыстың әдістемелік және экономист-ғалымдардың еңбектерінде баяндалған жергілікті бюджетті жоспарлау, басқару мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Зерттеу жұмысына, сонымен қатар, жергілікті бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері, Үкіметтің, Ғ. Мүсірепов ауданының экономикалық мәселелер жөніндегі қаулылары мен шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, әдістемелік, анықтамалық мәліметтер тартылды. Жұмыста ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі, Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетеньдерінің мәліметтері, Ғ. Мүсірепов ауданының статистикалық деректері пайдаланылды.

1 Жергілікті бюджетті қалыптастыру мен атқарылуының теориялық негіздері

1. 1 Жергілікті бюджеттің мәні мен экономикалық маңызы Бюджет - бұл салықтар, жиналымдар, басқа да міндетті төлемдерден, капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін табыс, салықтық емес және заңда көрсетілген басқа да түсімдер есебінен құралатын және мемлекеттің өз қызметтерін орындауын қамтамасыз етуге арналған, заңмен бекітілген, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: біріншісі, басқарудың екі буынды жүйесімен (орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады (Сурет 1) .

Сурет 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [4]

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын. Бүгінде қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады. Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс. 1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді; 1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер - селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі едәуір бәсеңдеді. [6; 339] Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді. Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айрықша мәнділікке ие болып отыр. Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде. Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі. Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді. Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді: - Билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру; - Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу. Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомстваға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражатының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады. Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді. Дамығын нарықтық экономикасы ба елдерде биліктің жергілікті органдардың бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60 пайызын қайта бөледі және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрап, кеңейтуде маңызды рөл атқарады: - олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады) ; - жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады; - тұтынудың қоғамдық қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттерінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды. Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді: 1) Дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру; 2) Қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билік пен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру. Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді. Қаржы қатынастарының әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс. Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады. Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықта болатын бірыңғай шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Аймақтық ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады. Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай - күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік - шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді. Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады. Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидщаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік. Оперативтік - шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50% кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бекітіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу «фискалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады. Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік құрылымдар) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар ауларылатын мәселелер мыналар:

  1. мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;
  2. басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;
  3. әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;
  4. биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;
  5. билік пен басқарудың жегілікті органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;
  6. мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттарды жұмсауға бақылау жасаудың нысаны. Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға салынатын салық) белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиісді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады. Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына Қазақстанға сәйкес «фискалдық регионализмге» ауыстырылуы мүмкін. «Бюджеттік реттеу» аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін беру жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты «бекітілген» және «реттеуші» кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей тұрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған. Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи тұлғаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік-аумақтық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті маслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

1. 2 Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет кірістері
Бюджет жүйесінің принциптері
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
Мемлекеттік бюджет туралы ақпарат
Мемлекеттік бюджеттің мәні
Қаржы нарығының жаһандануы
Бюджет табыстарының есебі
Мемлекеттің қолындағы бюджет қаржысын орталықтандырудың қажеттігі
Салықтар мен төлемдердің экономикалық мәні
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және оны жұмсау мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz