ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Жергiлiктi бюджеттердiң мәнi, кiрiстерi мен шығыстары . . . 5
1. 2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы . . . 14
1. 3 Жергілікті бюджетті қалыптастыратын негізгі салық түрлерінің
мінездемесі . . . 29
2 КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫН ЖӘНЕ КІРІСТЕР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН
ТАЛДАУ
2. 1 Кірістер жоспары түсімінің орындалуын талдау . . . 33
2. 2 Қала бюджеті шығыстарының орындалуын талдау . . . 46
3 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Салалардың кластерлерін дамыту арқылы жергілікті бюджеттің
түсімін арттыру мүмкіндіктері . . . 52
3. 2 Салық жүйесіндегі кейбір мәселелерді оңтайландырудағы
ұсыныстар . . . 57
3. 3 Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы тұрғындарға салынатын
салықтың жетілуі . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
ҚОСЫМШАЛАР . . . 68
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет - жалпы категория қаржылардан айырмашылығы бар жеке экономикалық категория. Ол қаржылардан басқа деңгейдегі абстракциямен әр түрлі дәрежедегі қаржылық байланыстармен ерекшеленеді. Мемлекет шапшаң дамитын салаларды, әлеуметтік мәдени шараларды іске асыру үшін, жалпы қоғамдық масштабтағы шараларды өткізу үшін, қорғаныс сұрақтарын шешу үшін, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін орталықтанған құралдарға мұқтаж. Сонымен мемлекеттік бюджеттің болуы кеңейтілген қайта өндірудің мұқтаждықтарына мемлекеттік табиғатымен функцияларына байланысты. Мемлекеттік бюджетке қойылған көптеген міндеттер мен мақсаттарды орындауға ат салысатын, аймақтық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысатыны жергілікті бюджет.
Қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестiгi мен рөлiн арттырып отыр. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергiлiктi органдар қызметiнiң аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы мәселелерді шешуде едәуiр дербестiкке ие бола бастады. Жергiлiктi қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнi жалпымемлекеттiк қаржыға ұқсас.
Жергiлiктi қаржының рөлi, оның кұрылымы мен бағыты бүтiндей билiк пен басқарудың жергiлiктi органдарына жүктелiнген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкiмшiлiк-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергiлiктi қаржының жай-күйi әрқашанда, бiрiншiден, елдiң жалпы экономикалық жағдайына, екiншiден, тиiстi аумақтардың экономикалық әлуетiне, үшiншiден, билiк пен басқарудың жергілiктi органдарының құқығы мен мiндеттерiн белгiлi бiр дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттiк заңдардың деңгейiне, төртіншiден, билiктiң жергiлiктi органдары кұзырының дәрежесiне байланысты болады.
Зерттеу заты. «Бюджеттiк бөлінiс» салықтар мен алымдардың әр түрлi деңгейдегi бюджеттерге түсуiн нақты шектеумен ерекшелендi. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергiлiктi бюджетке қалдырылды. Бұл әкiмдердiң жергiлiктi қазынаны толтыруға, әлеуметтiк вексельдердi шешуге деген ынтасын арттыруға септiгiн тигiзгенi сөзсiз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн алынатын айыппұлдар республикалық және жергiліктi бюджеттер арасында тепе-тең бөлiнетін болды.
Осыған байланысты түрлi деңгейлердегi бюджеттер арасындағы бюджеттiк уықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттiк мүдделерiн теңестiру туралы мәселе айрықша мәнділiкке ие болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмi iздестiрiлуде. Міне, осының бәрін біз Көкшетау қаласының жергілікті бюджетінен іздеу саламыз.
Зерттеу тақырыбының өңделгендік деңгейі. Дипломдық жұмыста Қ. Р. Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылғы Жолдауы, қалалық әкімшіліктің жыл сайынғы есептік мәліметтері, «Қаржы-қаражат», «Банки Казахстана» журналдары, Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаевтың «Қаржы» оқулығы, Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және өндіріс департаментінің берілгендері және де т. б. мәліметтер қолданылған.
Осыдан дипломдық жұмыстың мақсаты мен маңызы жергілікті бюджеттің жалпы мәнімен, оның ерекшеліктерімен танысу болып табылады және де жергілікті бюджетті ұлғайтудың негізгі жолдарын аша отырып, сол аймақтағы тұратын тұрғындардың әл-ауқатын, қоғамдық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру деп есептейміз. Осыған орай елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халқына жолдауында айтылғандай: «Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомотиві» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет» [1] .
Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:
- жергілікті бюджет туралы жалпы түсінік;
- Көкшетау қаласы бойынша шығындардың қолданылуын және кірістер жоспарының орындалуын талдау;
- жергілікті бюджетті ұлғайту жолдары.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны Көкшетау қаласы бойынша жергілікті бюджет, негізінен жергiлiктi бюджет - ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгiн жергiлiктi басқару органдары өздерiне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесiндегi қаржы қатынастарының жүйесi. Жергiлiктi бюджет мемлекеттiң қаржы жүйесiнің маңызды құрамды бөлiгi болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне мәселе орталығына қатысы бойынша отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері жатады. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік актілер, және де жоғары да аталып кеткен кәсіпорынның мәліметтері және зерттеу барысында автордың өзімен жиналған мәліметтер қолданылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалық және практикалық мәні қойылған міндеттерді тұтастай және комплексті негізінде шешуге, инновациялық қызметті жетілдіруді ынталандырушы теориялық және практикалық ұсынысты өңдеу - көкейкесті мәселені шешуімен қорытындаланады.
Зерттеу нәтижесі қорытындыда жинақталған.
- ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІКЖергiлiктi бюджеттердiң мәнi, кiрiстерi мен шығыстары
Жергiлiктi қаржыда билiк пен басқарудың жергiлiктi органдарының
сан қырлы қызметiнiң қаржы базасы болып табылатын жергiлiктi бюджеттерге маңызды рөл берiледi.
Жергiлiктi бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндiк жасайтын және билiк пен басқарудың жергiлiктi органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететiн экономикалық қатынастардың жиынтығы [2] .
Жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру мен пайдалану өндiрiс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда:
кәсiпорындар меп мемлекет арасындағы, меншiктiң барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салаларының кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерi арасындағы, бюджет жүйесiнiң буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнiм құнының қозғалысын бiлдiредi.
Жергiлiктi бюджеттердің экономикалық мәнi олардың мынадай арналымында көрiнедi:
- билiк пен басқарудың жергiлiктi органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
- бұл қорларды жергiлiктi деңгейдегi инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергiлiктi бюджеттер қазіргі кезде билiк пен басқарудың жергiлiктi органдарының сан қырлы қызметiнiң негiзгi қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестiгiн нығайтады, шаруашылық қызметiн жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетiн кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерiн ашып пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Сонымен бiрге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттiк бөлiнiс және әлеуметтiк жеңiлдiктердiң орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрiнiсiн тапқан. “Бюджеттiк бөлінiс” салықтар мен алымдардың әр түрлi деңгейдегi бюджеттерге түсуiн нақты шектеумен ерекшелендi. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергiлiктi бюджетке қалдырылды. Бұл әкiмдердiң жергiлiктi қазынаны толтыруға, әлеуметтiк вексельдердi шешуге деген ынтасын арттыруға септiгiн тигiзгенi сөзсiз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем, табиғатты қорғау туралы заңарды бұзғаны үшiн алынатын айыппұл республикалық және жергiліктi бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетіні белгілі болды [3] .
Сөйтiп, жергiлiктi бюджеттер жергiлiктi деңгейдегi экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыруда елеулi рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрiнедi. Жергiлiктi бюджет арқылы мемлекеттiк бюджет қаражаттарының басым бөлiгi әлеуметтiк инфрақұрылымға жұмсалады.
Дүниежүзiлiк және отандық тарих жергiлiктi шаруашылықты дамытудағы, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердi абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтiк сфера мекемелерiн ұстаудағы жергiлiктi (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейдi.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде билiктiң жергiлiктi органдарының бюджеттерi мемлекеттiң бүкiл қаржы ресурстарының 30-дан 60 пайызын қайта бөледi (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т. б. ) және аймақтың өндiргiш күштерiн, бүкiл әлеуметтiк сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:
- олар арқылы өндiрiстiк ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлiгi өтедi (жергiлiктi өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлiктi және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады) ;
- жергiлiктi бюджет арқылы өндiрiстiк емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтiп, қоғамдық өндiрiске жанама ықпал жасалады;
- тұтынудың қоғамдық (әлеуметтiк) қорларын бөле отырып, жергiлiктi бюджеттер жұмыс күшiн ұдайы молайтуға мүмкiндiк туғызады [4] .
Қазақстан Республикасының жергiлiктi бюджетiнiң құрамы облыстық
бюджеттердi, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерiн қамтиды. Қазiргi кезде Қазақстандағы жергiлiктi бюджеттер кiрiстерi мен шығыстары бойынша мемлекеттiк бюджеттiң қаражаттары көлемiнiң 50 пайыз аралығын кұрайды. Олар мемлекеттiк бюджеттiң құрамды бөлiгi болып есептелмейдi, республикалық бюджетпен бiрге қоғамның мемлекеттiк бюджетiнiң жиынтығын құрайды.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрiнде екi тенденция қатар өмiр сүредi:
1) дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негiздердi дамытудың анағұрлым ортақ процесiн қамтып көрсетiлуi ретiнде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдiстерiнiң жүйесiн орталықтандыру;
2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билiкпен басқарудың жергiлiктi органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.
Екiншi тенденция жергiлiктi органдардың жергiлiктi жағдайларға жуықтығымен дәлелденедi.
Қаржы қатынастарының әкімшiлiгiн жүргiзудiң қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкiндiгi болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгiлi бiр қаржы қатынасы немқұрайлы бақылауға берiлсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.
Дүниежүзiлiк қаржы теориясы мен практикасы жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес бөлiгi ретiнде жұмыс iстейтiндiгiн айқындайды. Бюджеттің дербестiгi деп аймақтық басқару органы бекітiліп берiлген кiрiс базасының негiзiнде бюджеттің көлемiн, баптар бойынша кiрiстер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерiн өзi анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негiзiнде жүзеге асырылады.
Басқа жағынан аймақтар белгiлi бiр матасушылықта болатын бiрыңғай шаруашылық кешеннiң бiр бөлiгi болып саналады және одан тыс өмiр сүре алмайды. Аймақтық ұдайы өндiрiстiң мазмұны мен сипаты бүкiл қоғамдық ұдайы өндiрiстің дамуының негiзгi заңдылықтарымен анықталады.
Сондықтан басқарудағы орталықтың қажеттiгiн орынды, өндiрiстiң нақтылы жай-күйiмен шарттасылған шектерде қажет етедi. Аймақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттiк бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кiшi болса, бұл дербестiктiң көрiну шегi де аз болады, яғни шешiмдер қабылдауда орталыққа тәуелсiз еркiн болады. Оның үстiне аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының қазіргi деңгейi, бюджеттiк өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңiнiң күрделiлiгi республика жергiлiктi бюджеттерiнiң көпшiлiгiнiң нақтылы дербестiгi туралы айтуға мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан әлеуметтiк инфрақұрылымды халықты әлеуметтiк игiлiктердiң кепiлдiктi минимумымен қамтамасыз ететiн мөлшерлерде қаржыландыру үшiн қаражаттардың жеткiлiктiлiгi кағидаты жүзеге асырылуы тиiс. Әрбiр әкімшiлiк-шаруашылық бiрлiгi дербестiгiнiң бiр оңтайлы деңгейi болуы тиiс, бұл деңгейдiң талабы осы аймақтық экономикалық мүдделерiнiң ең жоғары мүмкінiдiкті iске асыруда болып келедi.
Аймақтардың экономикалық дербестiгiнiң маңызды шарттарының бiрi оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту, табиғатты қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепiлдiктi көздерiн жасау болып табылады.
Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергiлiктi негiздердiң оңтайлы үйлесуiн анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы орталық, оны iске асырудағы дербестiк.
Оперативтiк-шаруашылық дербестiгi жергiлiктi буында шығыстардың 50 пайыздан кем емесiн жабатын кiрiстердiң оқшауланылған, бекітiлiп берiлген жүйесiн жасауды, бюджетке ұзақ мерзiмге кiрiстердiң қатаң бекiтiлiп берiлуiн қажет етедi.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу “фискалдық федерализм” теориясы негiзiнде жүзеге асырылады.
Теорияның мәнi мынада. Бүкiл мемлекеттiк шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттiк секторына кiретiн барлық кәсiпорындар, мекемелер және әкiмшiлiк құрылымдар) көпдеңгейлi жүйе болып келедi, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:
1) мемлекеттiк секторды басқару деңгейлерiнiң оңтайлы саны;
2) басқару деңгейлерiнiң арасында өкiлеттiктердi оңтайлы бөлу;
3) әлеуметтiк шығыстарды неғұрлым тиiмдi қаржыландыру деңгейi;
4) билiктiң жергiлiктi органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкiметтiң араласу дәрежесi;
5) билiк пен баскарудың жергiлiктi органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншiктi қаражаттардың үлесi;
6) мемлекеттiк экономиканың барлық деңгейлерiнде қаражаттарды жұмсауға бақылау жасаудың нысаны.
Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергiлiктi органдарының орталыққа қаржылық тәуелдiлiгiн азайтуға бағытталған. Бұл жергiлiктi бюджеттердiң ғана емес, сонымен бiрге жалпы мемлекеттiк бюджеттiң де тапшылығын төмендетудiң жолы, жергiлiктi әлеуметтiк проблемаларды шешудегi нақты дербестiкке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттiк салықтарға үстемелер өндiре алу немесе меншiктi салықтарды (экологиялық мүлiк салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға салынатын салық) белгiлеу жөнiндегi оларға құқық беру есебiнен жетедi. Бұл орайда жергiлiктi органдар қаражаттарды тиiмдi пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестiгiнен айыратын орталық бюджеттен жүргiзiлетiн трансферттiк қаржыландыру қысқарады.
Басқа елдердегi аумақтық басқаруды дамытудың тәжiрибесi басқаруды орталықсыздандырудың ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтiк және экономикалық проблемаларын шешуде билiктiң жергiлiктi органдарына кең құқықтар берудiң қажеттiгiн қолданды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымының мәнi сақталған кезде «фискалдық регионализмге» ауыстырылуы мүмкiн.
«Бюджеттiк реттеу» аумақтық деңгейге өздерiне жүктелген функцияларды толық орындауы үшiн меншiктi кiрiс көздерi жетiспеген кезде жалпымемлекеттiк салықтар мен кiрiстерден түсетiн түсiмдердiң бiр бөлiгiн беру жолымен жүргiзiледi. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтарға бөлудiң күшi жойылуына байланысты «бекiтiлген» және «реттеуші» кiрiстер мен салықтар терминдерi пайдаланылмайды дей тұрсақ та, субвенциялар, бюджеттiк алынымдар, есеп айырысу бойынша берiлетiн қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттiк реттеу процесi сияқты iс жүзiнде кiрiстердi бекiтiп беру әлі де сақталынып отыр.
Қазақстан Республикасында жергiлiктi бюджеттер коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген; мүлiкпен және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң меншiгiндегi өзге де мүлiкпен бiрге әкiмшiлiк аумақтық экономикалық және қаржылық негiзiн құрайды; түсiмдер мен бюджет тапшылығын Үкiметiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті маслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.
Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттерiне қаражаттардың түсу көлемi мен құрылымына елдегi экономикалық ситуация: қаржы-бюджет саясаты, өндiрiс дамуының аймақтық деңгейi, оның кұрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуi және т. с. с. сан алуан факторлар әсер етедi.
«Қазақстан Республикасының бюджет кодексiне», «Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер республикалық бюджеттiң түсiмдерiне ұқсас және мыналарды бiрiктiредi:
1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерi;
2) салықтық емес түсiмдер (коммуналдық меншiктен түсетiн түсiмдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар каланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен түсетiн түсiмдер; жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алулар өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi; осы мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар; жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер) ;
3) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер) ;
4) жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.
Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Дамудың казіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері құрап отыр.
Түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтсе де, орта есеппен, олар түсімдердің 20% құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың бюджеттерінде әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 50 пайызға дейін барады [5] . Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты. Осы жағдайда республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің шешілмеген мәселесі сондай-ақ олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары (тұрғын үй шаруашылығы, мәдениет шығармашылық мекемелері, коммуналдық инфрақұрылым - су құбыры, көлік, тазалау қызметі және басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл залалды болып табылады және жергілікті бюджеттер қаражаттарының едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды кәсіпорындар немесе шамалы кіріс әкелетіндері берілді.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау) ; басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ресми трансферттер, республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер, жергілікті атқарушы органдарға қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.
Жергілікті қаржы-қоғамдық өнімнің ақша нысанындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын қамтиды. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне кірістірілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
«Қаржы технологизмінің» тұғырнамасы мынаған сүйенеді: бюджет үрдісін регламенттеу, бюджет саласындағы институттардың өзара іс-қимылының тәртібін анықтау үрдісі, олардың билік өкілеттілігін үйлестіруі және жауапкершілігі болып табылады. Жергілікті қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары мен нақты «ойын шарты» негізіндегі тиімді іс-әрекетінің стартегиясына жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі өз күшіне енгеннен бері ретке келтіру жүзеге асырылып, мемлекеттік қаржы жүйесінде оң үрдістерге қол жеткізілді.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz