Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті

Мұрат Қайрат Едігеұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Солтүстік Қазақстан облысының «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС-де жасымық дақылының өндіру жағдайы және оның өнімділігін жоғарылату жолдары.

КӨКШЕТАУ 2014

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

С. Сәдуақасов атындағы аграрлы-техникалық институты

«Өсімдіқ шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Өсімдіқ шаруашылығы және

мал шаруашылығы өнімдерін

өндіру технологиясы»кафедра

меңгерушісі С. Қ. Мемешов

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы:

Солтүстік Қазақстан облысының «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС-де жасымық дақылының өндіру жағдайы және оның өнімділігін жоғарылату жолдары.

Мамандығы: В5080100 - «Агрономия»

Орындаған: Мұрат Қайрат

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы, а/ш. ғ. к. : Аужанова М. А.

Көкшетау 2014

Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
: 4
: 1
Мазмұны: Жасымықтың халық шаруашылығында маңызы, ботаникалық - биологиялық сипаттамасы (Әдебиетке шолу)
: 6
:
Мазмұны: 1. 1 Жасымықтың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы
: 7
:
Мазмұны: 1. 2 Жасымықтың морфо-биологиялық ерекшеліктері
: 14
:
Мазмұны: 1. 3 Жасымықтың сорттық белгілері, Қазақстандағы жасымық сорттарының сипаттамасы.
: 19
: II.
Мазмұны: «Атамекен - Агро Шүқыркөл» ЖШС-нің шаруашылықтың географиялық орналасуы, өндірістік сипаттамасы.
: 21
:
Мазмұны: 2. 1 Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайлары
: 21
:
Мазмұны: 2. 2 «Атамекен- Агро -Шұқыркөл» ЖШС -не жалпы өндірістік сипаттама
: 26
: III.
Мазмұны: ЖШС «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» жасымық дақылының өндіру жағдайы және оның өнімділігін жоғарылату жолдары
: 29
:
Мазмұны: 3. 1 Жасымық өнімділігін жоғарылату үшін бағдарламалау элементтерін қолдану
: 29
:
Мазмұны: 3. 2 Жасымық егістігінде ауыспалы егістің рөлі
: 32
:
Мазмұны:
  1. Топырақ өңдеу жүйесі
: 34
:
Мазмұны:

3. 4 Тұқымды себуге дайындық

: 37
:
Мазмұны:
  1. Себу науқаны
: 37
:
Мазмұны: 3. 6 Себілген дақылды күтіп баптау
: 40
:
Мазмұны: 3. 7 Өнімді жинау
: 46
: IV.
Мазмұны: «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС-нде жасымық өсірудің экономикалық тиімділігі
: 49
: V.
Мазмұны: Еңбекті қорғау
: 54
: VI.
Мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау
: 61
:
Мазмұны: Қорытынды және ұсыныстар
: 65
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
: 66
:
Мазмұны: Қосымшалар
: 68

Кіріспе

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға баса назар аударды. Стратегиялық құжатта: «Ауыл шаруашылығы тауарларына өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет: егістік алаңын ұлғайту, өнімділікті жаңа технологиялар еңгізу есебінен едәуір көтеру» делінген. Белгіленген мақсаттарды жүзеге асырудың бірінші қадамы - «Агробизнес-2020» бағдарламасы болды.

Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясында - азық-түлікке, әсіресе, астық өнімдеріне жаһандық сұраныс артуына байланысты еліміз әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болуы және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, ал осы межеге жету үшін егістік көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа технологияларды енгізу есебінен оның түсімін елеулі көтеру қажеттілігі көрсетілген.

Еліміздің азық-түлік кауіпсіздігін камтамасыз етуде оның экологиялык кауіпсіздігін ескере жүргізу үшін ауыл шаруашылығымен айналысушылардың егіншіліктің негізін жақсы білулері керек Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі халықтың ауыл шаруашылығы тауарларына деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық тамақ және жеңіл өнеркәсіптерді дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.

Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық мүмкіндік береді.

Жасымық дақылы сорттарының кейбір құнды белгілері. Жасымық дақылы тез піседі, дәрумендерге бай, мал азығында қолданылады. Алайда бұл дақылды өндіруде басты мәселе шашылып қалуға төзімсіздігі. Дәндерінің шашылып қалуы өнімді төмендетеді. Қазіргі кезде жатып қалуға төзімді, шашылып қалуға төзімді сорттар шығарумен жұмыстар жүргізілуде. Алайда жасымық өніміне бұл белгілер ғана әсер етпейді. Дақылдың құрылымдық элементтерін қалыптастыруыда өнімге әсер етеді. Осы бағытта Дон ҒЗИ-ында жасымық сорттарына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына асбұршақтың 4 сорты алынды. Стандартты сорт ретінде Сармат сорты алынды. Флагман, Белус, Норд сорттары да зерттеу жұмыстарына қолданылды. Нәтижесінде сорттардың өнімділігі анықталып, өнімді құрайтын құрылымдық элементтердің өнімге әсері етуі анықталды. Бұл зерттеулерден кейін егістік жасымықтың құрылымдық элементтерін қалыптастыруы селекциялық құнды белгілер екені анықталды.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан ауыл шаруашылығында бұршақ дақылдарының алар орны ерекше. Өйткені бұл дақылдар ақуыз мәселесін шешумен қатар топырақты азотқа байытуға таптырмас тыңайтқыш бола алады. Бұл тақырып аясында «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС-нің жасымықты өсіру технологиясымен таныстырып, өз жобамды ұсынбақшымын.

Жобаның мақсаты ақуыз мөлшері жоғары және өнімділігі жоғары мал азықтық және дәнге өсіру жобасын әзірлеп шаруашылыққа өнімін небір өсіру үшін қолданатын бағдарламалар ұсыну.

Жобаның міндеті ұсынылатын бағдарламаны шаруашылықта сынау. Технология бойынша тәжірибе танабында небір эксперимент жүргізу.

Жасымықты мал азығына және тыңайтқышқа таптырмас дақыл екендігін дәлелдеу. Жасымық ақуыз мәселесін шешуге, мал азығына қолдануға, жасыл тыңайтқыштар ретінде топырақты азотқа байытуға таптырмас дақыл.

Жаналығы «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС-нің орманды-дала зонасында алғашқы рет жасымықты өсіру технологиясының жаңа дәстүрлі емес әдістері әзірленді.

Практикалық манызы Мал азығына оның сабаның және топаның пайдаланады. Сабан құрамында 14 % дейін ақуыз және қорлы қоректік заттары шабындық шөптерімен тең келеді, (1 кг сабанда 0, 5 а. ө) . Жасымық сабанында 6-10% ақуыз болады, ал топанында ақуыз мөлшері көп ( 18 %), бұл көрсеткіш сұлының дәнінен және қарабидай жемінен қарағанда артық. Жасымықтың сабаны мал азықтық құңдылығы бойынша көптеген дақылдардан артығырақ. Жасымықты сатып алу құны асбұршаққа қарағанда екі есе жоғары.

Дипломдық жобаның құрылымы және көлемі. Дипломдық жоба 64 беттен, 17 кестеден, 4 суреттен, 3 фотосуреттен, 40 әдебиет атауларынан, сондай -ақ онда кіріспе, 6 тарау, қорытынды, өндіріске ұсыныс, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар бар. Қосымша кестеден, фотосуреттерден тұрады.

  1. Жасымықтың халық шаруашылығында маңызы, ботаникалық - биологиялық сипаттамасы (Әдебиетке шолу) .

Алайда өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында А. И. Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының сол кездегі директоры, ВАСХНИЛ-дің корреспондент мүшесі М. Қ. Сүлейменов ауыспалы егіс зертханасы деректерінің қорытындысы бойынша егіншілікті таза сүрі жер танабынсыз-ақ жүргізудің мүмкін екендігін дәлелдейтін жаңа тұжырымдама ұсынды. Ол тұжырымдамада Солтүстік Қазақстан аймағындағы құрғақ далалы өңірлерде егіншілік мәдениеті өте жоғары деңгейде болғанда, жаздық жұмсақ бидайды бір орында үзіліссіз ұзақ өсіруге болатыны ғылыми деректерге сүйене отырып дәлелденді.

Қазіргі таңда еліміз нарықтың экономика бағытын таңдап, нәтижесінде жер қатынастарында қолайлы өзгерістер жасалынып, жер жекеменшік иелігіне көшті және ұзақ мерзімге жалға берілді.

Өкінішке орай, елімізде нарықтық қатынастар жағдайында жаңадан құрылған фермерлік (қожалық) шаруашылықтарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және үлкен астық өндіруші компанияларында ғылыми негізделген ауыспалы егістерді танаптарда орналастыру жүйесінің сақталмауы әсерінен астық дақылдары көлемінің өсуі біршама орын алуда және тек қана дәнді дақылдарды егіп өсіру өңірде тиімді болмай тұрғаны байқалуда[3] .

Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады. Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол (39%) . Сары бәрі бұршақ дәніндегі белоктың мөлшері 36 пайызға, ас бұршақ дәнінде - 24 пайызға тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі - олардың белоктары тез қорытылып, организмге жақсы сіңеді. Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 пайыз, мал азықтық бұршақтікі - 87 пайыз, ал жасымық пен ас бұршақ дәніндегі белоктың сіңімділігі 85 пайызға тең. Белокпен қатар дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде майлар мен А, В, Д, Е, С, тобындағы витаминдері бар. Осындай қасиеттерінің арқасында дәнді бұршақты дақылдар тамақ өнеркесібінде кеңінен қолданылады. Тіпті, дәндерінде белок мөлшері көп, сіңімділігі жоғары болғандықтан бұршақ дәні етке пара-пар деп есептеледі. Дәнді бұршақты дақылдар құнды мал азығы, өйткені олардың дәнінде, сабағында, жапырағында жеткілікті мөлшерде белок және мал азықтық өлшем бар. Дәнді бұршақты дақылдардағы мал азықтық өлшемінің мөлшері мынадай: май бұршақтың 100 кг дәнінде 138, сары бұршақта - 112, мал азықтық бұршақта - 109, ас бұршақта - 117, ал олардың көк балаусасында осыған сәйкес 21, 15, 18, 16 мал азықтық өлшем болады.

Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы бос азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок түзіп қана қоймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.

Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг 400 кг-на дейін азот жинайды, яғни олар топырақтың құнарлылығын арттырады.

Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез пісіп, танапты ерте босатады. Бұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауылшаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл[2] .

Дәнді бұршақты дақылдар пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді, атап айтқанда: тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ, үрме бұршақ, ноқат), мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка, мал азықтық бәрі бұршақ, мал азықтық бұршақ), техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ), аралас пайдаланылатын дәнді бұршақтар (жасымық, ноғатық) және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын дәнді бұршақтар (алколоидты бәрі бұршақ) .

Дәнді бұршақты дақылдардың тағы да бір пайдаланылатын жері аралық дақыл ретінде себілуі. Республика дәнді бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі әр гектардан 10, 4 центнер, ал жалпы түсімі 33, 2 мың. тонна болды.

Дәнді бұршақты дақылдар сабақтарының өсуіне қарай әр түрлі болады. Мысалы, мал азықтық бұршақтың, бәрі бұршақтың, ноқаттың сабақтары тігінен өседі және мықты келеді, сондықтан олар піскен кезде жатып қалмайды, ас бұшақ, үрме бұршақ, жасымық сабақтары шырмалып өседі , сопдықтан оларды жинау қиынға түседі.

Дәнді бұршақты дақылдардың белсенді өсетін уақыты бүрлену, гүлдену кезеңі. Дәнді бұршақты дақылдардың көпшілігі - олар жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде шанақ қабы ашылып, дәні шашылып қалады, яғни дер кезінде жинап алмаса, егіннің өнімі төмендейді.

  1. Жасымықтың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы

Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Шыққан отаны Гималай және Гиндукуш аймақтары болып есептеледі. Жасымық біздің жыл санауымыздан 2 мың жыл бұрын екпе дақыл есебінде танылған. Қасиетті Құранда 54 өсімдік түрі сөз болады. Олардың арасында сарымсақ, пияз, жасымық, арпа, сұлы, зімбір, асқабақ, қарбыз, т. б. бар. Оны гректер, римдіктер, египеттіктер, славяндар ертеден қолда өсірген. Ірі тұқымды жасымықтың шыққан ортасы Жерорта теңізі, ұсақ тұқымды түрі- Ауғанстан мен Иран елдері, солардан дүние жүзіне тараған болып саналады.
Қазір жасымық Канада, Индия, Турция, США, Австралия, Непал, Китай, Сирия, Иран, Бангладеш, Эфиопия, Марокко, Пакистан, Россия, Мексикада елдерінің көбінде өсіріледі. Егіс көлемі көп елдерге - Ресей, Египет, Испания, Румыния, Чехославакия және Чили мемлекеттері жатады. Россияға жасымық 14-ші ғасырда әкелінген. Қазіргі кезде бұрынғы одақ көлемінде оның 50-60 мың гектардай егістігі бар. Ол көбінесе Россияның Орталық Қаратопырақты аймақта, Арменияда, Украинада, Татарстанда, Батыс және Шығыс Сібірде себіледі.

Келесі елдер ең активті импортерлер болып саналады: Бангладеш, Египет, Шри-Ланка, Колумбия, Испания, Алжир, Судан, Германия, Италия, Пакистан. Жасымықты қай жаққа шығаруға пайдалы, сол жақтарға сатуғада болады: Оңтүстік-Шығыс Азия және африка континентінің солтүстік елдеріне. Бұл жақтарда сұраныс әрдайым және бағасы да жоғары болады. Сонымен қатар оны ішкі базарларға жеткізуге болады. Жасымықтың әр түрлі мақсатта қоректенуге, пайдалылығына байланысты жиі сауда орындарында сатыла бастады, олар негізінен ресейдің өнімдері.

Жасымық бағалы тағамдық және малазықтық дақыл. Оның тұқымында 36%-ға дейін ақуыз (орташа 30, 4%), 2% май, 60% азотсыз экстрактивті заттар, 2, 5-4, 5 % күл, 2, 5-4, 9% жасұнық бар. Жасымық дәні өте өте жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Оның әсіресе ірі дәнді тәрелке тәрізді сорттарының маңызы зор. Қоректілігі, пісу және дәмдік сапасы асбұршақтан асып түседі. Ұсақ дәнді жасымық - мал мен құстарға тамаша құнарландырылған жем. Жасымық сабаны ұсақ, жұмсақ және малазықтық сапасы бойынша шалғындық шөппен тең, онда 14%-ға дейін шикі ақуыз болады. Жасымықтың топаны да жақсы жем., онда ақуыздың мөлшері 18% жетеді. 100 кг пішенге 18, 5-22, 3 малазықтық өлшемнен және 4, 4-4, 9 кг қорытылатын протеиннен келеді. 12-15% ылғалдылықтағы пішенінде 16-20% протеин, 10, 2-16, 2% - ақуыз, 2, 1- 3, 1% май болады.

Жасымықтың агротехникалық маңызы да көп көңіл бөлуді қажет етеді. Ол басқа бұршақ дақылдарындай күздік және жаздық астықтарға жақсы алғы дақыл. Өнімділігі асбұршақтан төмен, бірақ жоғары агротехникада жақсы өнім бере алады.

Жасымық біздің жыл санауымыздан 2 мың жыл бұрын екпе дақыл есебінде танылған. Оны гректер, римдіктер, египеттіктер, славяндар ертеден қолда өсірген. Ірі тұқымды жасымықтың шыққан ортасы Жерорта теңізі, ұсақ тұқымды түрі- Ауғанстан мен Иран елдері, солардан дүние жүзіне тараған болып саналады. Қазір жасымық Европа, Азия, Африка, Латин Америкасы елдерінің көбінде өсіріледі. Егіс көлемі көп елдерге - Ресей, Египет, Испания, Румыния, Чехославакия және Чили мемлекеттері жатады.

Әлемдегі егіс көлемі 1 млн гектар болса, соңғы жылдары оның көлемі ұлғая түсуде. Біздің еліміздегі егіс көлемі 70 мың гектар шамасы, орташа әр гектардан алынатын астық өнімі 13 ц, бірақ алдыңғы қатарлы шаруашылықтар, тәжірибе мекемелері 20-25 ц өнім алуда. Жасымықтың бағалылығына қарамастан кең тарамауының басты себебі- сабағының аласалығынан өнімін механикалық әдіспен жинау қиын, әрі өсіру технологиясының жетілдірілмегенінен.

Жасымық егісінің ауданы Канадада өзінің орташа өнімділігі 15 ц/га және дәнінің бағасының жоғарылығы әсерінен 1 млн. га жетті. Жасымықты 4-7 см тереңдікте себеді. Атмосфералық азоттың жақсы фиксикациясы үшін міндетті түрде тұқымды түйін бактерияларымен инокуляциялау қажет, бірақ бізде бұл шара атқарылмайды. Жасымық егістерін комбайн жұмыстарына қолайлы жағдай жасау үшін бесінші торап фазасында тығыздайды. Көктеу фазасынын кейін ыстық күндері тырмалау шарасын жүргізеді. Өнімді жинауда цилиндрдің немесе ротордың айналу жылдамдығы төмен болған кезде, универсалды мотовиланы, сабақ көтергіштерді, қалқымалы хедерді пайдаланады.

Жасымық - дәнді - дақылдар тобына жататын біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Отаны -Оңтүстік-Батыс Азия деп саналады. Жасымық - ерте заманнан өсіріліп келе жатқан дақыл, оның тұқымы тас дәуіріндегі үңгірлерден табылған. Жасымық түрлері өте көп. Бір гектар жерден 15-30 центнерге дейін өнім алынады. Жасымықтың құрамындағы ақуыз асқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан тұрады. Жасымық құрамында аскорбин қышқылы көп - 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1, 5-2 есе артық.

Құрамы. Жасымық белоққа өте бай дакыл. Оны дәнге, көк балаусаға, пішенге және сүрлемге өсіреді. Дәні өте бағалы құрама жем, онда белок мөлшері (30%) ноқаттан, асбұршақтан жоғары. Лизин мен метионин мөлшері жағынан барлык бұршақ тұқымдасынан жоғары. Және де онын дәнінде көмірсулары, витаминдер, В 1 , В 2 , РР және С көптеп кездеседі. Малға және құсқа құрама жем ретінде жасымықтың қалдықтарын да пайдаланады. Жасымықтың көк балаусасы мен пішені өзінің құнарлығы жағынан ерекшеленеді. Малдар онымен сүйсініп қоректенеді. Оның тұқымдарын тағам өнеркәсіптерінде ақуыз өнімдерін, шұжық, консервлер, кейбір кәмпит сорттарын, печенье дайындауда қолданады. Тұқымдарының дәмдәк сапасы жоғары және оны тағамда тек қана жаңа және консервіленген түрлерінде қолданады.

Пішенінде белок мөлшері 18-20% дейін және қоректілігі жағынан жоңышқаның пішенінен кем түспейді. Мал азығына және де жасымықтың сабанын және топанын пайдаланады. Онда белок мөлшері 12-15% дейін болады. Жасымық бағалы тағамдық және малазықтық дақыл. Оның тұқымында 36%-ға дейін ақуыз (орташа 30, 4%), 2% май, 60% азотсыз экстрактивті заттар, 2, 5-4, 5 % күл, 2, 5-4, 9% жасұнық бар. Жасымық дәні өте өте жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Оның әсіресе ірі дәнді тәрелке тәрізді сорттарының маңызы зор. Қоректілігі, пісу және дәмдік сапасы асбұршақтан асып түседі. Ұсақ дәнді жасымық - мал мен құстарға тамаша құнарландырылған жем. Жасымық сабаны ұсақ, жұмсақ және малазықтық сапасы бойынша шалғындық шөппен тең, онда 14%-ға дейін шикі ақуыз болады. Жасымықтың топаны да жақсы жем., онда ақуыздың мөлшері 18% жетеді. 100 кг пішенге 18, 5-22, 3 малазықтық өлшемнен және 4, 4-4, 9 кг қорытылатын протеиннен келеді. 12-15% ылғалдылықтағы пішенінде 16-20% протеин, 10, 2-16, 2% - ақуыз, 2, 1-3, 1% май болады. Жасымықтың агротехникалық маңызы да көп көңіл бөлуді қажет етеді. Ол басқа бұршақ дақылдарындай күздік және жаздық астықтарға жақсы алғы дақыл. Өнімділігі асбұршақтан төмен, бірақ жоғары агротехникада жақсы өнім бере алады. Бидай, сұлы, арпа егістерін қысқарту көзделген, ал жасымық, рапс, зығыр, ноқат және қыша егістерін жоғарылату көзделіп отыр. 2009 жылы жасымық басқа дақылдардың ішінде батыры аталды, себебі оның ауданы 1 млн/га жерге жеткен болатын. Осы жылы жасымық өзінің шарықтауын жалғастыруда - фермерлер бұл дақылдың егістерін 33, 3% ұлғайтуды болжамдап отыр және оның себу аудның 1. 3 млн. га жеткізуді болжамдап отыр. Жасымық американдықтарды да жаулап алуда. Осыдан екі жыл бұрын олар бұл дақылды сеппейтін. Өткен жылы американдықтар жасымық егістерін 88% дейін ұлғайтқан еді, ал осы жылы тағыда 23% көтеруді көздеп отыр.

Құрғақшылық аудандарда өсірілетін дақылдардың ішіңде жасымықтың әлемдік нарықтағы бағасы жоғары болып келеді. Біздің аймақта ол он жылдай өсірілуде, бірақ қазір тек қана мөлдектерде; бұған аз көңіл аударылды. Он жылдың ішінде бұл дақылмен ешкім қызыққан емес, әйтседе түрік кафелеріндегі жасымықтың сорпасы бізге ұнайды. Тек осы жылы ғана көпшілік жасымық тұқымдарын іздестіруде. Ал егер кімде-кім осы дақылмен он жыл бұрын айналысса, бүгінде елімізде ең сәтті фермер болатын еді.

Сонымен қатар, өзінің тамыр жүйесінің тереңге кетуі әсерінен жыртылмайтын қабаттардан макро және микро элементтреді сіңіре алады, ертеде жырту қабатынан шайылып кеткен элементтерді, және тамыр өсетін қабаттарға қайтадан әкеледі, сонымен қатар топырақ суларын ластануданнудан сақтандырады.

Барлығымызға белгілі, организмге серотиннің жетіспеуі жабығуға әкеледі, бұл қорқынышты жағдай: жасымық триптофан - аминқышқылының көзі болып табылады, ол адам организімінде серотонинге айналады.

Жасымықтың дәнінің әр гектардан өнімі 10-14 ц. дейін. Көк балаусасының әр гектардан өнімі 80-150ц. ал пішенінің өнімі -34-40ц/га дейін болады.

Жасымық дәнінде 35% белок, 60% крахмал, 2, 5% май болады. Дәнінен жарма, ұн, т. б. жасайды. 1 га-дан 15 - 25 ц дән жиналады. Жапырағы мен сабағын және ұсақ дәнді сортының дәнін малға азық ретінде пайдаланады.

Бұршақ тектес өсімдіктердің бір түрі - жасымық бұрыннан бері пайдалы, емдік қасиеттерімен белгілі. Алайда жасымық біздің елімізде үлкен танымалдыққа ие емес, біз оны күнделікті рационымызға қоспаймыз. Мүмкін сіз де оның пайдалы қасиеттерін білмейтін боларсыз?

Жасымық бұршағының құрамында бізге күш пен энергия беретін көмірсулар көп болады. Соның арқасында жасымықтан жасалынған тағамдар өте тойымды. Оның құрамында ағзамызды құрайтын бөлшектер - ақуыздар өте көп.

Жасымықтың 60 пайызы осы ақуыздарға тиесілі. Сол себепті жасымық ет сияқты ақуызы мол тағамға балама бола алады. Сонымен қатар жасымықтың ақуызы ағзамен жеңілірек қабылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Мал азықтық бақша дақылдары
Асбұршақ
Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Шалғындық және жайылымдық мал азығын өндіру
Ноқат - маңызды дәнді бұршақ дақылы
Алғы дақыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz