Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН
ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
1. 1 Заң бойынша адам құқығы және құқықтық мәдениет
1. 2 Жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау жолдары
1. 3 Жастарға құқықтық тәрбие берудің теориялық мәселелері
2 Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы
мінез-құлҚЫНЫҢ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРЫ
2. 1 Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлық
ауытқушылықтары мен оларды жою және алдын алу жолдары
2. 2 Жастардың девианттық мінез-құлқын реттеу
2. 3 Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы
3 Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың
әлеуметтік мәселесі
3. 1 Құқық бұзушылықтың әлеуметтік-құқықтық аспектілеріне
талдау жүргізу
3. 2 Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу
және құқық бұзушылықтарды алдын алу
3. 3 Маскүнемдік пен қылмыстың қайталануын болдырмау
3. 4 Есірткі қылмыстары мен нашақорлықты қадағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің тақырыбының өзектілігі. Жастар арасындағы құқық бұзушылығын, ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық топтардың арасынан салыстырғанды, екінші жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлықтың ауытқушылықтарын анықтау;
- жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесін зерттеу.
Зерттеудің объектісі. Жастардың девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік алғы шарттарының барлығының себептері, ол Қазақстан Республикасында өндірістік қатынастағы адамдардың теңдігі мен материалдық жағдайларындағы теңсіздігі арасындағы қарама-қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы экономиканың әлсіз дамуы объективтілігі мен тұтыну заттарындағы теңсіздік мәселесі жастардың өзіндік материалдық жағдайлары мен бірден-бір себептері және қоғамнан алатын жақсылықтары өздерінің қажеттіліктерін әр түрлі жолдармен қанағаттандыруға белсенді ете түседі.
Зерттеудің пәні. Девиантты мінез-құлықты құқық бұзушлық жастармен әлеуметтік - педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі, оны жан-жақты талдау.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Жастар арасындағы құқық бұзушылықты көптеген ғалымдар зерттеп, талқылап отырады. Искаков Г., Ғазизов Н., Сембаев А., [6], Сапарғалиев Ғ., Ибраев А., [7], Бабаев С., Оңалбек Ж., [9], Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р., [10], Ғабитов Т. Х., [12], Жоламан Қ., Мұхтарова А., Тәукелев А., [13], Маханбетов А. Ә., Еізбаева Р. С., [15] .
Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау; жастарға қоршаған ортаның әсерін зерттеу, ата-аналар, достарының тигізетін әсерлеріне талдау, бақылау, сауалнама жүргізу, әңгіме, жобалау, алынған мәліметтерін сандық жағынан сараптап, қорытындылау. Жұмыста баяндау, реабилитациялау технологияларын сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- жастардың дамуына әлеуметтік ортаның әсерінің теориялық негіздері айқындалып, «әлеуметтік орта», «жастардың дамуына әлеуметтік ортаның әсері» ұғымдарының мәні нақтыланды;
- жастардың дамуына әлеуметтік ортаның әсерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары айқындалды;
- жастардың әлеуметтік ортасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық технологиясы жасалынып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.
Диплом жұмысының тәжірибелік базасы. Қазақстан Республикасы "Көкшетау қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" мемлекеттік мекеме.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, деңгейі, әдістері, дипломның ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.
Бірінші тарауда - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауын қарастырады.
Екінші тарауда - жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі зерттеледі.
Үшінші тарауда - жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез-құлқының ауытқушылықтарын нақтылайды.
1 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
1. 1 Заң бойынша адам құқығы және құқықтық мәдениет
Адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңына жəне еліміздің басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес балаға тумысынан жазылған жəне мемлекет оған кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының басты ерекшелігі адам құқықтары мен бостандықтарының əркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi жəне олардан ешкiм айыра алмайды деп танылуында. Адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияға сəйкес танылады жəне оларға кепiлдiк берiледi (12 бап) . Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабының 1 бөлімінде неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттiң қорғауында болады, ал осы баптың 2 бөлімінде балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу - ата-ананың етене құқығы əрі мiндетi деп көрсетілген. ҚР Конституциясының «Адам жəне азамат» атты 2 бөлімінің баптарына талдау жасасақ, құқықтық демократиялық мемлекеттің басты өлшемі адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы болатынын көруге болады. Мұндай мемлекеттің түпкі мақсаты жеке адамның мүдделерін тіршілік қарекетінің барлық салаларында қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, жеке адамның, оның құқықтарының басымдылығы, бостандықтары мен заңды мүдделері Қазақстан Республикасында қорғалатын басты құндылыққа айналып отыр. Балалық шақты қорғау саласында көптеген мемлекеттер негізге алып, жұмысын ұйымдастырып отырған халықаралық маңызы бар басты құжат - Бала құқықтары туралы конвенция - халықаралық стандарттағы құқықтық құжат болып табылады. Ол баланы толық құқықты жеке тұлға ретінде таниды. Конвенцияның негізгі идеясы баланың мүдделерін барынша қамтамасыз етуге негізделеді. Конвенция ережелері негізгі төрт талапқа саяды, олар балалардың тіршілік жасау, өсіп-өну, қорғалу жəне қоғам өміріне белсене араласуын қамтамасыз ету құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс. Конвенцияда балалар ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы деп тұжырымдалған. Бала БҰҰ Жарғысында жарияланған мұратты мақсаттар: бейбітшілік, адамгершілік, төзімділік, бостандық, теңдік жəне тілектестік рухында тəрбиеленуі тиіс. Осындай қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз ету мақсатында Конвенцияға қатысушы мемлекеттер барлық тиісті заңнамалық, əкімшілік жəне басқа шараларды қабылдауға міндетті. Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенцияның талаптары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» (2002), «Білім туралы» (2007), «Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» (2004) Заңында, басқа да заңдарда, Президент жарлықтарын- да, Үкімет қаулыларында, басқа да мемлекеттік билік пен жергілікті ақтарушы органдардың актілерінде заңанамалық тұрғыда бекітілген. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына сəйкес мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды жəне балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мəнi бар жəне шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, əлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тəн құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тəрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенеді. Осы Заңның 6 бабына сəйкес балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мыналар:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
3) бала құқықтары кепiлдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;
4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани жəне имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық жəне бейбiтшiл сезiмдердi тəрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дəстүрлерi, ұлттық жəне əлемдiк мəдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкiндiктерiн ашуға жəрдемдесу;
5) кəмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мəдениетiн қалыптастыру жөнiндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады жəне:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
2) балаларға толымды тəрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды, оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi əлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге жəне сақтауға;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген [1] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz