Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Амренова Айнагүл Қыдырмақызы
«Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары»
Дипломдық жұмыс
Мамандық 050102 Бастауыш сыныпты оқытудың әдістемесі және педагогикасы
Көкшетау 2010
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. к. Крамаренко Борис Васильевич
қолы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: « Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары»
Мамандық 050102 Бастауыш сыныпты оқытудың әдістемесі және педагогикасы
Орындаған: Амренова А. Қ
Жетекшісі: аға оқытушы Пазылова Г. Ш
Қорғауға рұқсат етіледі
Көкшетау 2010
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар мен қысқартулар . . .
Кіріспе . . .
1. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері
1. 1 Бала тілінің даму тарихына шолу . . .
1. 2 Сөйлеу әрекетінің психологиялық - физиологиялық тілдік сипаттамасы . . .
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін психологиялық факторлар . . .
1. 4 Кіші жастағы оқушылардың диалогтың және монологтың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері . . .
2. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
2. 1 Монологтік және диалогтік сөзге үйретуде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары . . .
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары . . .
2. 3 Эксперименталдық iс-тәжiрибеде қолданған жұмыстардың нәтижелерi . . .
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] Қазақстан Республикасы /ҚР БМЖБМС 2. 003-2002 /жалпы орта білім берудің бастауыш сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер. Алматы: 2002.
[2] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы 2005.
[3] 2011-2020 жылғы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
[4] Білім заңы
Анықтамалар мен қысқартулар
Тіл дегеніміз-сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.
Тіл - коғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-катынас жасайтын құралы, коғамдагы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі
.
Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры.
Диалогтық сөйлеу дегеніміз-екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтік сөйлеу дегеніміз - бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.
Іскерлік ойындар - оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл.
« Технология » сөзін грек тілінен аударғанда, «шеберлік, өнер және заң, ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал әрекеттерді қамтиды.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі
«Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
- Дүниетаным қабілеті жоғары;
- Дарынды өнертапқыш;
- Ізденімпаз, талапты;
- өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
Осындай жеке тұлғаны субъект ретінде дамытып, қалыптастыру керек.
Ғалым А. В. Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, «Субъект -аса жоғары белсенділік, біртұтастық , автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік барысы болып табылады».
«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру», -деп 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту: тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру. «Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды» деген халқымыз.
“Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейілінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс”.
Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде [1] .
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Қазақ тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А. Шахнарович, Л. Щерба, Е. Кубрякова, С. Канцельсон, Т. Аяпова т. б. А. Шахнарович, бала тілін жан-жақты зерттеудің қаншалықты маңызды және керек екендігін білдіреді. Л. Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз - үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», - деген. Т. Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі - баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - дейді. Тіл білімін зерттеуде көптеген мәселені шешу жолын XX ғасырдың өзінде-ақ Ф. Де Соссюр бала тілінен іздестіру керек деп айтқан. Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу - адам баласының сөйлеу әрекеттерінің дамуы және қалыптасу ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Кіші жастағы балалардың, ең алдымен, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Себебі, олардың сөйлеу әрекеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қалыптаса бастайды. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипап-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болады. Егер адамның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекетін, соның ішінде диалог және монолог арқылы сөйлеуін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын (диалог және монолог арқылы) қалыптастыру әдістемесі бүгінгі күнге дейін әлі толық зерттелген жоқ. Бір жағынан, оқушылардың тілін дамытатын мұғалімдеге арналған ғылыми әдістемелердің жоқтығы өз алдына қиындық туғызады.
Оқушылардың тілін дамытуға байланысты түрлі қазақ, шетел ғалымдары өз пікірлерін білдірген.
Тіл дамытуда қандай тілдік материалдарды пайдалануға болады, яғни бұл мәселеде пікір айтқан ғалымдарды мынадай топқа бөлуге болады:
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу (В. А. Малаховский, П. О. Афанасьев т. б. ) ;
б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану (А. М. Пашковский, А. Б. Шакиров, т. б. ) ;
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу (М. Н. Петерсон, М. А. Рыбникова т. б. ) .
Бұл мәселе жөнінде казақ ғалым-әдіскерлердің пікірлерінде де бірізділік жоқ. Т. Әбдікарімова бастауыш сыныптарда оқушы тілін дамыту мәтінмен жұмыс жүргізу қажет және «Ана тілі» оқулығымен тікелей байланысты жүргізілуі тиіс деп біледі.
Бала тілін дамытудың теориялық негіздері жайында көптеген тұжырымдар мен пікірлер айтқан әдіскер ғалым С. Рахметова тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары. Әдіскердің пікірінше, бұл жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыстырыла, қатар алып жүруі тиіс.
X. Арғынов тіл дамыту жұмыстарына: әңгіме құрастыру, шығарма, мақала, күнделік жаздыруды жатқызады. Тіл дамыту жұмыстары тіл туралы мәлімет, қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы тақырыптарына байланысты жүргізіледі. Олар мәтін талдау, әр түрлі жазба жұмыстарын орындау, әңгімелесу т. б. түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзіне асырылады», - дейді.
Сол себептенде біз дипломдық жұмыс тақырыбын былай деп алдық: «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары»
Зерттеудің мақсаты:
- Кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыруға қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау
Зерттеу пәні: . Кіші жастағы мектеп оқушысының сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру жолдары.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында бақылау, талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, Э. Ф. Замбацявичене методикасы , «10 сөз есте сақтау методикасы», «Вербальды қиял» әдістемесі, « Мюнстенберг» әдістемесі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практиканың маңыздылығы:
- қазақ тілі сабағында кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;
- оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда, белсенді әдіс ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі және диалогті оқыту технологиясы, интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади технологияларының маңыздылығы айқындалды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскер ғалымдар қолдана алады.
Зерттеу базасы: зерттеу проблемасына сай ғылыми педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, сатаптама жасау.
1. 1. Бала тілінің даму тарихына шолу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz