Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 4
Анықтамалар . . . 5
Кіріспе . . . … . . . 6
1. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушылардың шығармашылық тұлғасын дамытудың ғылыми
педагогикалық мәселелері және психологиялық жақтары … . . . ………. . 10
1. 2 Оқыту үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудың ерекшеліктері ……… . . . . . . 19
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін оқу процесінде дамыту, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру……. . 27
1. 3. 1 Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының
танымдық іс-әрекетін дамыту . . . ………. 37
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүргізген зерттеу жұмыстары мен нәтижелері
2. 1 Оқушылар шығармашылығының қызметтік іс-әрекетін
зерттеудің барысы мен нәтижесі . . . 47
2. 2 Оқушылардың шығармашылығын дамыту
қабілеттерін зерттеудің алғашқы кезеңі . . . 57
2. 3 Оқушылардың шығармашылығын дамыту
қабілеттерін зерттеудің қорытынды кезеңі . . . …. ……. . 61
Қорытынды . . . …. . 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 67
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы (2007), [19; 42 бет]
2. Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандарты [ бет]
3. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы [20; 22 бет]
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес бекіткен бірнеше тұжырымдамалар мен стратегиялар:
- Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы
- Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (1995), [ бет]
- «Қазақстан-2030» стратегиясы
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
АНЫҚТАМАЛАР
Инсайт (ағыл. inәight - түсіну) - 1) неғұрлым жалпы мағынасы - бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 2) стандартты жағдайда-кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғыну; 3) психотерапия - біреудің бұрын аңғармаған психикалық күйін түсіну немесе білу; 4) еске түсірмей - ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйенбей, бір нәрсені жаңадан дұрыс аңғару; 5) гештальт психологияда - проблемалар сол арқылы шешілетін процесс.
Қажеттілік - 1) организмнің күйін жақсартатын бір мұқтаждық күй.
Қажеттілік мұнда базалық немесе биологиялық болуы мүмкін; 2) организмнің ішкі күйі; бір затқа немесе іске мұқтаж болу. Қажеттілік ейде түрткі, стимул, тілек, ұмтылу сияқты ұғымдарға синоним ретінде қолданылады.
Ойлау - ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі.
Психика - 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті; 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі;
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғарғы деңгейі.
Стресс - кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психофизиологиялық күй.
Үйрету - сыртқы және ішкі іс-әрекет пен мінез-құлықта болатын белгілі бір мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін тәсіл. Мақсатқа сай өзгерістердің бәрі бірдей үйрету бола бермейді.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» [1] деп атап көрсетті.
Демек, аталған жолдауда стратегиялық міндеттердің бірі білім, ғылым беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай бастауыш сынып оқушыларының «шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған» сапалы білім беруді талап етеді. Ендеше, бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, кеңейтуде, танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу мәртебесі-қазақ елінің мәртебесі. Өйткені, балаларға білім мен тәрбие беріліп, осы өмірге бейімдеп қана қоймай, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сақтап қалу бүгінгі мектептердің өзекті мәселесі болып отыр. Демек, бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға басты назар аударуымыз қажет. (норматвтік сілтеме 2)
Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда мұғалімі берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс.
Осыған орай, қазіргі кезеңде Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру-Бастауыш сынып мектептердегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Еліміздегі педагогика және психология саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - оқушының дүниетанымдық үрдісте шығармашылық қабілеттерін дамытуда жеке тұлғасының дамуы. Өзіндік жұмыс, өз бетімен білім, білік дағдыларды
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдары Тұрғынбаева Б. А, Құдайбергенова К. С, Сабыров Т. С, . Хмель, Тьипэи Н, Құдайқұлов М. А, Төлеубекова Р. К, Молдабекова М. С т. б ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мәселесі арнайы толық зерттелген емес.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыруда, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігі туындап отыр.
Осыған орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың жеткіліксіз қарастырылуы, менің дипломдық зерттеу тақырыбымды «Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары» деп таңдауыма себепші болды.
Зерттеу нысаны . Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды оқу сабақтарында қалыптастыруды ұйымдастыру
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыруда теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасап, оқу-тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда моделін құру.
3. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып философияның дүниетанымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, дүниетанымның диалектикалық теориясы; қоғам, мектеп, жеке тұлғаның өзара байланысы, тұлғалық-бағдар теориясы, әлеуметтік орта теориясы, іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, оқу үрдісін басқару теориясы негізге алына отырып Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту іс-әрекеттерін оқу үрдісінде бақылау; оқушылардың шығармашылық жұмыстары, бақылау жұмыстары, шығарма, баяндама, т. б. талдау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; арнайы курстар өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін нақты статистикалық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің бастауыш сыныбы, 2011-2012 оқу жылы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру мектеп мұғалімдеріне әдістемелік бағдарлама жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Бастауыш сынып сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қалыптастырудың әдістемесі жасалынды;
- Бастауыш сынып сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырудың теориялық тұжырымдамалары, әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
- Бірінші сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру ұғымының мәні:
- Бірінші сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкіндік болатынын деңгейлері:
- Қазіргі кезеңде бірінші сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесінің мазмұны мен нәтижелері:
- Бастауыш сынып сынып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырудың педагогикалық шарттар негізделеді: оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиясын қолдану, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы, Бастауыш сынып сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастыруда қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімдеу.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер, тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараттары жайлы қысқаша мағұлмат берілді.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрып, онда оқушыларының шығармашылығын қалыптастырудың жұмыстарын ұйымдастыру педагогика-психологиялық теория негіздері зерттелумен қатар, практика жүзінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырудың маңыздылығы мен алатын орны жайлы зерттеулер жасалды.
Ал қорытынды бөлімінде зерттеу, сараптау нәтижесінде оқушыларының Бастауыш сынып сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырудың жаңа жолдары мен әдістерін көрсеттік.
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді дағдыларды меңгеретін, кайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине, оқушыларының шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген.
Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі [1. 48]
В. В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және кабілеттілігіне байланысты» деп есептеген [2. 101] . Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздык, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын. дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады» [3. 135] .
Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылған.
Бір нәрсені жасауға тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері оның әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі [2, 101] .
Бастауыш сынып сынып мектепте шығармашылық қабілеттіліктер оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі-«оқуға құштарлық, ынталылық» [2, 103] жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды.
В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді [4. 5] . Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В. В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте ғалым тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді.
[5. 67] . Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырында көрінді. В. И. Слободчиков оқушы өміріндегі басты оқиға - «өзіндік менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін-өзі өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну» деп есептейді [6. 297] . Бұл мағынада оқушының шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын қалыптастыруға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған.
Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В. И. Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: «Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы» [6. 303] .
Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты - оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталуы қажет.
Шығармашылық әрекет оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл факторларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды ескерген жөн. Мысал ретінде Ю. Г. Юдиннің ұсы-ныстарын келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын кабілеттіліктерін Ю. Г. Юдина мына түрде қарастырады: [ 14]
1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру. т. б.
2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу [9. 37] .
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі. [7] .
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшалар да болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттіктерінің белгілері. Осы орайда А. Н. Лук өз еңбегінде "Адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты"деген пікір айтады. [8] . Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
- тасымалдай білу;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш жалқаулық, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қай-шылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселесінің бірі - оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысыида оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үрдісті А. Н. Лук бес кезеңге бөледі: [58]
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы, Инсайт.
5. Нәтижені жан-жақты тексеру.
Ал көрнекті француз математигі Ш. Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі: [59]
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б. А. Тұрғынбаева өз диссер-тациясында шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады: [44]
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде
бала бойында әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады.
Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық танымдық ой-қиялды қалып-тастырса еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет бары-сында көрінеді. Ә. Ә. Сағымбаев ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, өзінің кандидаттық диссертациясында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады. [57]
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы;
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;
Педагогикалық:
- мұғалімнің баланың белсенділігін қолдамауы;
- баға қоюдағы әділетсіздік;
- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі:
- жалқаулығы.
Физиологиялық:
- денсаулығының нашарлығы [19] . Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен
оқушының тығыз байланысы болуы мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуте болады:
а) пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркіи жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық көп мазмұндылық шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;
б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді. Білім берудің классикалық жүйесінде оку бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті (білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту т. б. жұмыстар) әдістеріне негізделген.
Жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен кездескенде тығырыққа тіреліп қалады.
1. Шығармашылық ұғымының сипаттамасы, бөліктері "шығармашылық" сөзінің төркіні "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте "шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет" деп түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л. Выготский "шығармашылық, " деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі Я. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды. [ 11]
Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастама-шылдық, белсенділік" ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, темендегідей қорытындыға келдік: шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz